Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 20:43, доклад
Ортадан тепкіш насостар – бұл кеңінен таралған насостардың бір түрі. Ол салқын және ыстық суды, сарқынды суларды, агрессивті немесе тұтқырлы сұйықтықтарды, судың ұсақталған тас көмірмен, золамен, грунтпен, шлакпен және торфпен қоспаларын беруге арналған.Ортадан тепкіш насос күрделі гидравликалық қондырғы болып табылады, онда қысым мен сұйықтықтың ортадан қабырғасына қарай айдалуы бір немесе бірнеше қалақшалардың (жұмыс дөңгелегі) айналуы есебінен жүзеге асады. Насос айдайтын сұйықтық ортадан тепкіш күштер әсерінен қозғалады, сондықтан да насостардың бұл түрін осылай атаған.
Ортадан тепкіш насостар –
бұл кеңінен таралған насостардың
бір түрі. Ол салқын және ыстық суды,
сарқынды суларды, агрессивті немесе тұтқырлы
сұйықтықтарды, судың ұсақталған тас
көмірмен, золамен, грунтпен, шлакпен
және торфпен қоспаларын беруге арналған.Ортадан
тепкіш насос күрделі гидравликалық
қондырғы болып табылады, онда қысым
мен сұйықтықтың ортадан
Жасайтын қарқынына байланысты ортадан тепкіш насостар былай бөлінеді:
Айналу жылдамдығына қарай
жылдамжүрісті, қалыпты және жайжүрісті
ортадан тепкіш насостар деп бөледі.
Біліктің орналасуына байланысты көлденең
немесе тік насостар болады. Жұмыс
дөңгелегіне сұйықтықты біржақты немесе
екіжақты жеткізуге болады. Екінші
әдісті екі еселі сору әдісі деп
атайды. Дөңгелек санына байланысты насостардың
екі түрін қарастырады –
Стандарттау насос түрлерінің санын қысқартуға, олардың дайындату бағасын төмендетуге мүмкіндік жасайды және насос бөлшектерін (барлық бөлшектері қалыптандырылған) өзара алмастыруға кепілдік береді.
Стандарт бойынша насостың әрбір типтік өлшеміне марка белгіленген. Марка – насостың шартты түрде қысқартылған атауы. Маркаға кіреді: кіріс келте құбыр диаметрінің 25 есе қысқартылған өлшемі; насос типін білдіретін әріп (К – консольді; Д – екі жақты сору; М – көпсатылы спиральді; МД - екі жақты кірісті дөңгелегі бар көпсатылы спиральді; МС – көпсатылы секционды және т.б.), жылдам жүрістілік коэффициентінің он есе қысқартылған өлшемі.
Көпсатылы насостардың маркасының оң жағында көбейту (×) таңбасынан кейін сатылар саны көрсетіледі. Мысалы, 10М – 8×8 – кіріс келте құбыр диаметрі 250 мм (10×25) және жылдам жүрістілік коэффициенті ns=80 (8×10) болатын сегіз сатылы (×8) сперальді насос (М).
Ортадан тепкіш насостар резервуардан, жинағыштардан, ашық суқоймалардан су беру үшін, саяжай бөлiмшелерін, жеке меншік үйлерді сумен қамтамасыз ету үшін кеңінен қолданылады. Суға енгізілетін насостарды құдықтан немесе ұңғымалардан 200 метр биіктікке дейін су беруге қолдануға болады. Жоғары қуатты ортадан тепкіш насос асханада және ваннада су қажеттілігін толық қамтамасыз етеді, сонымен қатар оған ыдыс жуатын және кір жуатын машиналарды, газды қазандық негізінде жұмыс жасайтын жылыту жүйелерін, сужылытқыштарды, суару жүйелерін жалғауға болады. Ұңғымаларға арналған насостар үйді таза сумен қамтамасыз етсе, фекальді және сусіңіргіш насостар үйдегі, сонымен қатар жертөледегі су басулар мен ластықтарды айдау мәселелерін шешуге көмектеседі.