Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 17:27, реферат
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241 Жарлығы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 47, 523-құжат
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдің экологиялық тұрақты дамуы жөніндегі мемлекеттік шаралардың кешенін айқындау мақсатында қаулы етемін:
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2004 - 2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.