Металкерамикалық материалдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2015 в 18:05, реферат

Краткое описание

Металкерамикалық қатты қорытпалар ретінде металдық кобальттағы вольфрам,титан және тантал элементтерінің карбидтерінің қатты ерітінділері қолданылады. Кескіш аспаптар дайындауда қатты қорытпалар, ұнтақты металлургия әдісімен түрлі пішіндерде және өлшемдерде дайындалған, пластиналар түрінде қолданылады. Пластиналар алдын ала престеліп, 1500-2000 ºС температура аралығында біріктіріліп, пісіріледі.

Вложенные файлы: 1 файл

материалтану.doc

— 66.00 Кб (Скачать файл)

Металкерамикалық материалдар

 

Металкерамикалық қатты қорытпалар ретінде металдық кобальттағы вольфрам,титан және тантал элементтерінің карбидтерінің қатты ерітінділері қолданылады. Кескіш аспаптар дайындауда қатты қорытпалар, ұнтақты металлургия әдісімен түрлі пішіндерде және өлшемдерде дайындалған, пластиналар түрінде қолданылады. Пластиналар алдын ала престеліп,  1500-2000 ºС температура аралығында біріктіріліп, пісіріледі.

Металдарды кесу үрдісінде қатты қорытпаларды қолдану кесу жылдамдығын 2-4  рет арттыруға мүмкіндік береді.

Қатты қорытпалар үш топқа бөлінеді: бір карбидті – вольфрамды, екі карбидті -  вольфрамтитанды, үш карбидті – вольфрамтитанталды.

Қатты қорытпалардың таңбалануларындағы К әрпі кобальт элементінің толық мөлшерін көрсетеді, соңғы әріптер материалдың құрылымын сипаттайды: О – ерекше ұсақ түйіршікті құрылым; М – карбидтердің ұсақ түйіршікті құрылымы; В – ірі түйіршікті құрылым.

Қатты қорытпалардан дайындалған пластиналардың ыстыққа төзімділігі 800-1000ºC, қаттылығы HRC 86-92, кесу жылдамдығы 800 м/мин. Бұл пластиналар кескіш аспаптардың денелериіне дәнекерлеу арқылы немесе механикалық жолмен бекітіледі. Пластиналық қасиеттерінің төмендігі – металкерамикалық қатты қорытпалардың кемшілігі болып табылады: құрамындағы кобальт элементінің мөлшерінің азаюы немесе титан карбидінің көбеюі пластикалық қасиетін нашарлатады. Сондықтан, қңделуі қиын материалдарды өңдеуге немесе кесу тереңдігі үлкен алғашқы қңдеуде құрамында кобальт мқлшері көп қатты қорытпалардан дайындалған аспаптарды таңдаған дұрыс.

Вольфрамды ұатты қорытпаларының (Вк тобы) – пластиналық қасиеті жақсы болғандықьын, өте морт материалдарды, шойындарды, титан және түсті металдар негізгіндегі тозуға төзімді қорытпаларды және кейбір металемес материалдарды өңдеуге қолданылады.

Вольфрамтитанды қатты қорытпалар (ТК тобы) – пластиналық қасиеттері жақсы жұмсақ материалдарды, көміртекті және легірленген болат қорытпаларын өңдеуге қолданылады.

Вольфрамтитанталды қатты қорытпалардың (ТТК тобы) беріктігі және тозуға төзімділігі жоғары болғандықтан, аустенит тобындағы өңделуге қиын болаттарды, болат соғылымы мен құймаларды өңдеуге қолданады.

Металкерамикалық қатты қорытпалардың қасиеттері және қолданылуы

 

Маркалары

Қатты лығы,

HRC

И,

МПа

Ыстыққа төзімділігі, ºС

               Қолданылуы 

1

2

3

4

5

                                          Вольфрамды қатты қорытпалар

 

ВК3

  

   89,5

 

1100

 

  800-850

Сұр шойынды, түсті металдар мен қорытпаларды, металемес материалдарды таза өңдеу үшін; шышыларды кесу үшін

 

ВК3-М

   91,0

1100

  800-850

Қатты, легірленген және ағартылған шойындарды, шынықтырылған болаттарды таза өңдеу үшін

 

ВК4 

   89,5

1400

  800-850

Шойындарды, түсті металдар мен титан қорытпаларын алғашқы қңдеуге,тесіктерді зеңкерлеуде, бұрғылауда жіне кеңейтіп бұрғылауда қолданылады.

 

ВК6

    88,5

1500

  800-850

Сұр шойынды, түсті металдар мен қорытпаларды алғашқы және жартылай таза өңдеде, тұтас беттерді жартылай таза фрезерлеуде қолданылады.

 

ВК6-М

 

  90,0

 

1350

 

  800-850

Коррозияға және ыстыққа төзімді аустенит тобындағы болаттар мен қорытпаларды жартылай таза өңдеуде, шынықтырылған шойындарды және қатты қоланы аз жылдамдықпен өңдеуге қолданылады.

 

ВК8

 

87,5

 

1600

 

 

  800-850

Беріктігі және ыстыққа төзімділігі жоғары, өңделуі қиын болаттарды, титан қорытпаларын динамикалық соққылар жағдайында алғашқы өңдеуде қолданылады.

 

ВК10-ОМ

 

88,5

 

1400

 

 

  800-850

Қаттылығы жоғары легірленген және ағартылған шойындарды, титан, вольфрам және молибден негізіндегі қатты қорытпаларды алғашқы және жартылай таза өңдеуде қолданылады, кейбір тұтас кескіш аспаптар дайындалуы мүмкін.

 

ВК15

 

92,0

 

1800

 

  800-850

Ағаштарды өңдеуге арналған аспаптар дайындауда

                        Титан-вольфрамды қатты қорытпалар

     1

     2

       3

       4

                                5

 

  Т30К4

 

   92,0

 

   950

 

850-900

Шынықтырылмаған көміртекті болаттарды аз тереңдікпен таза өңдеуде, тесіктерді ұңғылауда және бұрандаларды кесуде қолданылады.

 

   Т15К6

 

   90,0

 

   1150

 

850-900

Көміртекті және легірленген болаттарды жартылай таза және таза өңдеуде, тұтас беттерді фрезерлеуде, тесіктерді кеңейтіп бүрғылауда қолданылады

 

Т14К8

 

   89,5

 

   1250

 

850-900

Көміртекті және легірленген болаттарды кесу тереңдігі тұрақсыз алғашқы өңдеуде, тқтас беттерді алғаш фрезерлеуде, тесіктерді кеңейтіп бүрғылауда қолданылады

 

Т5К10

 

   88,5 
  

 

   1400

 

850-900

Көміртекті және легірленген болаттарды соғылып және құйылып алынған бөлшектерді, динамикалық соққылары бар материалды алғашұы өңдеуде қолданылады

  

   Т5К12

 

   87,0

 

    1650

 

850-900

Болат соғылымдарды, штамптарды  және құймаларды, бетті қабаттарында қатты шлак және металемес қосылыстары бар бөлшектерді; динамикалық соққылары бар материалды алғашқы өңдеуде өолданылады.

                       Титан-тантал-вольфрамды қатты  қорытпалар

 

  ТТ7К12

 

87,0

 

1650

 

750-800

Т512 материалына ұқсас, аспапты легірлеген және көміртекті болаттарды алғашқы фрезерлеуде қолданылады.

 

   ТТ8К6

 

90,5

 

1250

 

750-800

Коррозияға және ыстыққа төзімді шынықтырылған болаттарды, болат құймаларды аз тереңдікпен үздіксіз өңдеуде қолданылды.

 

   ТТ10К8-Б

 

89,0

 

1450

 

750-800

Аустенит тобындағы болаттарды, кейбір магнитті болаттарды, ыстыққа төзімді болаттарды және титан қорытпаларын алғашқы және жартылай өңдеуде қолданылады

 

ТТ20К9

 

89,0

 

1300

 

750-800

Болаттарды фрезерлеуде, әсіресе, терең ойықтарды қңдеуде, ыстыққа және механикалық жүктеулерге кедергілері жоғары қорытпаларды өңдеуге қолданылады.


 

Аспаптарды дайындау өндірісінде, соңғы уақытта, вольфрам элементін үнемдеу мақсатында, вольфрамсыз қатты қорытпалар дайындалуда. Бұл қорытпаларда никель-молибден  байланысындағы титан карбидтері және карбонитридтері қолданылады.

Вольфрамсыз қатты қорытпалар келесі топтарға бөлінеді:

    • Титан және ниобий элементтерінің күрделі карбидтері негізінде
    • Титан карбонитриді негізінде
    • Титан карбиді негізінде

       Байланыстырушы материал ретінде никель және молибден элементтері қолданылады. Вольфрамсыз қатты қорытпалардың қаттылықтары HRA 87,5-91, тығыздығы 5,5-5,9 г/см³.

Бұл қорытпалардың, вольфрамды қорытпаларға қарағанда, беріктігі, жылу өткізгіштігі, соққы тұтқырлығы төмен, бірақ өңделетін материалдармен өзара агдезиялық байланысқа түспейді және үйкеліс коэффициенті төмен.

Вольфрамсыз қатты қорытпалардан, машина жасау саласында, кескіш аспаптар, өлшегіш құралдар, матрицалар, пресс-қалыптар дайындалады.


Информация о работе Металкерамикалық материалдар