Қонақ үйде өткен өндірістік практика туралы есеп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2013 в 00:23, отчет по практике

Краткое описание

Қонақ үй және мейрамхана бизнес ортасы туризмнің жетекші факторы мен базасы болғандықтан, оны “алтын жұмыртқалы тауық” саласы деп атайды. Бірақ біздің елімізде қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден шетелдегідей өріс алып жатқан жоқ, оның экономикалық және басқару негіздерін оқу экономикалық ғылымның жеке саласына әлі айналған жоқ, ал қонақжайлық қызмет көрсету маркетингі мен басқаруын тек кейінгі кезден ғана университеттік деңгейде оқыта бастады. Сондықтан бұл сала дамыған елдің тәжірибесін меңгерген жөн деп көреміз. Америка Құрама Штаттарында қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнесінде клиентке ерекше көңіл бөліп бағдарланумен ерекшеленетіндіктен, біз үлгі етіп американдық мектебін таңдадық. Бұл мектептің көрнекті өкілдері, қонақжайлық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметшілер, олар өз индустриясының басқа кәсіпорын қонағы жағдайында болғанда өздеріне қандай қызмет көрсетуді қалайтын болса, қонақтарға да сондай қызмет көрсетуі тиіс деп айтады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. «TENGRI HOTEL» отелінің жалпы сипаттамасы
2. «TENGRI HOTEL» отелінің құрылымы, қызмет көрсету процессі және маркетингтік іс-әрекет талдауы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Вложенные файлы: 1 файл

отчет в гостинице.doc

— 899.00 Кб (Скачать файл)

               Қазақстан Республикасының Білім  және Ғылым министрлігі  

 

                 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

 

                                         Экономикалық факультеті

 

                                              «Туризм» кафедрасы

 

 

 

 

 

                                                       ЕСЕП БЕРУ

 

өндірістік практика бойынша

 

                          050902 «Туризм» мамандығының 2 курс студенті

 

                                                                            тобы  

 

 

_________________________________________________________________                       

   _________________________________________________________________

 

                                                                       

 

 

 

                                                                           

 

 

                                                                Практика жетекшісі_________________

 

                                                                Бағасы ____________________________

 

                                                     

                                                      

 

                                                     

 

 

                                                    

 

Астана, 2012

                                                            Жоспар

І.    Кіріспе

ІІ.   Негізгі бөлім 

1. «TENGRI HOTEL» отелінің жалпы сипаттамасы

2. «TENGRI HOTEL» отелінің құрылымы, қызмет көрсету процессі және маркетингтік іс-әрекет талдауы

ІІІ.  Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қонақ үй және мейрамхана бизнес ортасы туризмнің жетекші  факторы мен базасы болғандықтан, оны “алтын жұмыртқалы тауық” саласы деп атайды. Бірақ біздің елімізде қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден шетелдегідей өріс алып жатқан жоқ, оның экономикалық және басқару негіздерін оқу экономикалық ғылымның жеке саласына әлі айналған жоқ, ал қонақжайлық қызмет көрсету маркетингі мен басқаруын тек кейінгі кезден ғана университеттік деңгейде оқыта бастады. Сондықтан бұл сала дамыған елдің тәжірибесін меңгерген жөн деп көреміз. Америка Құрама Штаттарында қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнесінде клиентке ерекше көңіл бөліп бағдарланумен ерекшеленетіндіктен, біз үлгі етіп американдық мектебін таңдадық. Бұл мектептің көрнекті өкілдері, қонақжайлық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметшілер, олар өз индустриясының басқа кәсіпорын қонағы жағдайында болғанда өздеріне қандай қызмет көрсетуді қалайтын болса, қонақтарға да сондай қызмет көрсетуі тиіс деп айтады.

Темір жол, автокөлік  пен әуе көлігінің дамуымен қоғам  мобильдене берді. Бұл мобильділік, өз кезегінде, қонақ үй ісінің, тәуелсіз негізде басқарылған, негізінен  жеке меншікте болған кішігірім кәсіпорын индустриясынан иелену мен басқарудың түрлі тәсілдері бар – франчайзинг, серіктік, аренда және шарт бойынша басқару – қазіргі кездегі индустрияға транформациясына көмектесті. Қонақ үйлер мен мотельдердің Американдық ассоциациасының мәліметтері бойынша, АҚШ қонақ үй индустриясы 44700 қонақ үйлер мен мотельдерден тұрады. Басқа елдерден ерекше АҚШ-та лауазымды, үкіметпен белгіленген қонақ үй классификациясы жоқ. Бірақ қонақ үйлерді тұрған орны, бағасы мен көрсетілетін қызмет түрлері бойынша жіктейді. Қонақ үйлер бөлмелерінің бағасы бойынша бюджеттік, экономдық, орташа, бірінші дәрежелі, апартаментті және көрікті болып бөлінеді. Өзінің тұрған орнына байланысты қонақ үйлер орталық, курортты, казинодағы, әуе вокзалды, автострадты болады. 

Қазіргі кезде әлемнің әр түрлі нүктелерінде қызметтер саласының феноменальді кеңеюіне айқын тенденция байқалуда. Сервистік қызмет – бұл біздің қажеттіліктерімізді қанағаттандырудағы реабилитациялы-альтруистік стилі құрылып жетілдірілетін адамзат қарым-қатынастарының саласы болып табылады. Қонақ үй сервисін дұрыс ұйымдастырып, дамыту үшін сервис мәдениетін дамыту керек. Қызмет көрсетудің жоғары мәдениеті қызметшілерге қонақтардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Қонақ үй қызметтерінің маркетингі саласында жұмыс істейтін адамдар, өз тауарының төрт спецификалық белгілерін ұмытпауы керек. Бірінші, материалды тауарларға қарағанда қызметтерді, оларды тікелей көрсету сәтіне дейін, дәмін татып, ұстап көріп, көруге және естуге болмайды. Екінші, қонақ үй индустриясында қызмет көрсету қызмет көрсететін адамды да, қызмет көрсетілетін адамды да қажет етеді, яғни қызметтер көзі мен объектісінен ажырамайды. Үшінші, қонақ үй саласының қызметтері құбылмалы, оның сапасы қызмет қандай жағдайда және кіммен көрсетіліп жатқандығына байланысты болады.  Және төртінші, қызметтер сақтауға келмейді

         Бұл өндірістік практикадан өткенім туралы есеп беру жұмысым 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Негізгі бөлімде ЖШС «Алуана - АМ»  «TENGRI HOTEL» отелінің қызметіне мінездеме, оның басқарушылық құрылымына, әлеуметтік саясатына, экономикалық жағдайына, қызмет көрсету процесіне  сипаттама берілген. Жұмысымның мақсаты практикадан өту барысында жинақтаған тәжірибемді көрсету, үйренгенімді сипаттап беру, қонақ үйдің шаруашылығына сипаттама беру.

 

 

 

 

 

 

 

    1. «TENGRI HOTEL» отелінің жалпы сипаттамасы

Қонақ үй – кең мағынасында  қысқа мерзімдік уақытта тұруға 
арналған жиһаздандырылған бөлмелер жиынтығы. 
Қонақ үй – бұл қызметтерді өндіру және қызметтер көрсету бойынша қалыптасқан күрделі шаруашылық кешені.

ЮНВТО – ның анықтамасы бойынша  қонақ үй дегеніміз – белгілі 
бір нөмерлер санынан тұратын бірегей басшылығы бар және бір қатар қызметтер түрін көрсететін (кем дегенде төсек орнын ауыстыру және нөмерді жинау тағы басқа) сондай – ақ классқа, категорияға бөлінетін ұжымдық орналастыру құралы.

Қонақ үйлердің негізгі мақсаты  – туристер үшін сапалы қызметтер  көрсету, оларға барлық жағдайды жасау  арқылы қонақ үй өзінің дең – 
гейін әлемдік дәрежеде көтере алады. Қонақ үйді басқару ерекшеліктеріне байланысты олар айрықша қонақ үйлер немесе қонақ үй желілері болып бөлінеді.

Осындай теориялық білімізді  біз өткен оқу жылының соңында  біз өндірістік практика өту барысында  тәжірибе жүзінде бекіттік. Мен өндірістік практиканы Астана қаласында орналасқан «TENGRI HOTEL» қонақ үйінде өттім. Практика маусым айының 11 жұлдызынан басталып шілде айының 14 дейін жалғасты. Осы өткен практикадан алған әсерім шексіз, күн сайын жаңа мәлімет жинақтап, көптеген жаңалықтарды аштым. Енді «TENGRI HOTEL» отелі туралы айтқым келіп тұр.

Сурет 1 – Мен «TENGRI HOTEL» отелінің алдында тұрмын.

«Тенгри» мейманханасы қонақүй индустриясы нарығында 2007 жылдан бері бар. Осындай қысқа мерзімнің  ішінде ол мемлекет қызметкерлері мен  халықаралық ұйымдар өкілдерінің, елшіліктер қызметкерлері мен шетелдік және қазақстандық компаниялардың бизнесмендерінің көптеген жақсы пікірлеріне ие болды. Қызмет көрсетудің сапасына біз ерекше назар аударамыз, сондықтан мейманхана командасының тұтқалы жайғасымдарында, мейманхана жұмысына халықаралық стандартты енгізетін және олардың қолданылуына тұрақты бақылау жасап отыратын, қонақүй бизнесінде тәжірибесі бар кәсіпқойлар жұмыс істейді.

«Тенгри» мейманханасында - 128 люкс, бір орындық және екі  орындық қолайлы және жайлы нөмірлер бар. Олардың барлығы кондиционерлермен, спутниктік телевидениемен Wi Fi сымсыз Интернетпен, халықаралық байланыс телефондарымен жабдықталған және тәулік бойы қызмет көрсетеді. Біздің мейманханамыз халықаралық әуежайдан 20 минуттық жерде орналасқан, бұл әр минуты санаулы, іскер адамдарға өте қолайлы. Онымен қоса мейманхана астананың жаңа әкімшілік орталығына да жақын орналасқан. 

«Тенгриде» тұсаукесерлер, конференциялар мен семинарларды ойдағыдай  өткізуге қажет жағдайлар жасалған. Ол үшін 40 және 60 орындық арнайы жабдықталған 2 конференц-зал бар. Кең, 250 орындық «Парасат» банкет залы - ірі корпоративтік кештер және кезкелген жеке іс-шаралар өткізуге арналған өте жақсы орын. «Шаңырақ» мейрамханасында мейманхана қонақтарына ұлттық және еуропа асханаларының түрлі мәзірін кең пейілмен ұсынады.

Ал егер күн ауыр болып, келіссөздер ккүрделі өтсе, «Альбион»  ирлан пабында барлық жағымсыз сәттерді ұмыттырады. Бұл ауыр жұмыс күнінен  кейін сыра күрішкесімен, спорт хабарларын тамашалай отырып, іскер серіктестермен немесе достарыңмен жай ғана әңгімелесіп отырып, нағыз демалатын жер. Біздің қонақтарымыздың арасында ҚР парламентінің, Қорғаныс Министрлігінің қызметкерлері, КЕГОК, қазпошта, АҚШ, Франция, ЮНИСЕФ елшіліктерінің, «Эйр Астана», «Люфтганза», «Шлюмберже» және басқа компаниялардың өкілдері болды. 

Халықаралық деңгейдегі сервис, қол  жететін баға бойынша үйдегідей  жайлы жағдай бизнес-комфортпен бірлесіп, қонақтардың қонақүйдегі болуың жағымды етеді. Іскерлік стилі, ойластырылған  ішкі көрініс пен қажетті инфрақұрылым кездесулер, мәжілістер, конференциялар, семинарлар, тренингтерді тікелей қонақүйдің аумағында өткізуге мүмкіндік береді.

«Тенгри» отелінде топтармен келуге қажеттің бәрі бар. Нөмірлердің көлемді қоры қонақтарды өте жайлы орналастыруға мүмкіндік береді. Үлкен топтар үшін қонақ үй әуежайдан қонақүйге дейін трансфер, сондай-ақ өзге де арнайы ұсыныстар ұсынады.

Қонақ үйдің аумағында келушілерге мейрамханалар, барлар, конференц -залдар бар. Банкет залында кезкелген іс-шаралар – корпоративтік кештерден салтанатты үйлену тойларына дейін өткізуге болады.

«Тенгри» отелі Астанада өзінің есігін алғаш рет 2007 жылы ашқан болатын. Оның директоры Пириев Аскер Аллавердиевич. Ол бұл отельде қонақ үй ашылғаннан бері жұмыс жасап келеді.

«Тенгри» мейманханасы қонақтарға 128 жайлы да қолайлы нөмірлерді қуанышпен ұсынады. «Тенгри» қонақүйінің нөмірлерінде тұрудың, таңғы ас пен ҚҚС-ны қосқандағы бағасы. Әр бір номерде:  жеке басқару пультімен орталық салқындату, кіші-бар, халықаралық байланыс, спутниктік телевидение, сымсыз интернет, теледидар; жуынатын бөлмеде: себезгі; сүлгілер жиынтығы; косметикалық бұйымдар бар. Отель ішінде бағасы тәулігіне 14500 тенге бір орынды стандарт, тәулігіне 20000 тенгелік екі орынды стандарт және полулюкс номерлері және бағасы тәулігіне 25500 тенге люкс номерлері бар.

«Тенгри» отелінде әрбір  қонақ үйде сияқты ақылы және тегін қызметтер бар. Осы қызметердің кейбреулерін атап кететін болсақ:

Кір жуатын жер - «Тенгри» мейманханасының кір жуатын жері қонақты машақаттан құтқарып, уақытты үнемдейді. Өте жақсы сапа және тиімді баға!

Қонақтар  үшін тегін қызметтер - Такси шақырту, корреспонденцияларды жеткізу, ояту.

Шылым шекпейтіндерге арналған нөмірлер - «Тенгри» мейманханасы қонақтардың  барлық тілектеріңіз  бен ұнатқандарыңызды есепке алуға тырысады. Егер қонақ салауатты өмір сүруді қолдайтын адам болса, шылымның иісін ұнатпаса, оларға арнайы әдейі арналған – шылым шекпейтіндерге арналған нөмірлер бар.

Шабармандық қызмет (Bellboy) - Келген қонақтарды күтіп алу, жүк тасуға көмектесу, кіре берісті, көлік қоятын жер мен қонақүйден автомобильдердің кетуін бақылау және сәт сапар тілеу.

Әуежайдан немесе вокзалдан трансфер - қонақтардың Астанаға келуің барынша жайлы әрі қолайлы ету үшін, отель қызметкерлері клиенттерді күтіп алады әрі әуежайға немесе вокзалға шығарып салуды ұйымдастырады.Қонақтардың  құзырыңа – жолыңыздың жайлы болуын қамтамасыз ететін автомобиль мен жүргізуші дайын. 

Бизнес-қызметтер:

Жабдықтарды жалға алу - Конференц-қызметінде қажетті арнайы жабдықтар мен канцелярия тауарларының жиындығы бар.

Бизнес-орталық - 2-ші қабатта орналасқан мейманхананың бизнес-орталығы, қонақтарға бизнес-қызметтің толық спектрін: факс, ксерокс, принтер, Интернетке сымсыз қол жеткізуге болатын ПК/ноутбук, әлемнің кезкелген нүктесімен телефон байланысын ұсынады. Жұмыс уақыты күн сайын 9,00-ден 18,00-ге дейін.

Кеңсе жайлары - «Тенгри» мейманханасы кеңсе жайларын жалға ұсынады. 

Конференц-қызметтер - қызметіңізге қазіргі заманғы, көпфункциялы конференц-залдар: сыйымдылығы 40 адамға дейін «Астана» және сыйымдылығы 60 адамға дейін «Алматы» дайын. «Тенгри» мейманханасының Конференц-қызметінде қажетті арнайы жабдықтар мен канцелярия тауарларының жиындығы бар. Іс-шараларға қатысушыларға біз кофе-брейк, бизнес-ланч, фуршеттердің түрлі вариантарын ризашылықпен ұсынамыз. Біздің қызметкерлердің кәсіпқойлығы іс-шараларды жоғарғы деңгейде өткізуге және қосымша шығын шығармауға көмектеседі. 

Жабдықты жалға алу20 үстелдік микрофондар, күшейткіш және 2 колонканың жинақталымы - 35 000 теңге 
Флипчарт - тегін 
Экран - 10000 теңге 
LSD-проектор - 12000 теңге  
Ноутбук - 12000 теңге 
Техника қызметкері ұсынылады - 1 сағ - 2300 теңге

Оған қоса, синхронды  аудару мен дыбыс күшейту, аударма  қызметі, гид-аудармашы, көлік қызметі  үшін жабдықтарды жалға алу жөніндегі  қызметтер ұсынылады.

Сымсыз  жедел интернет Wi-Fi - Мейманхананың Лобби-барында жоғары жылдамдықты Wi Fi Интернетке қол жеткізуге болады. Мейманханада тұрасыз ба, әлде Лобби-барға жәй кірдіңіз бе, маңызды емес, енді Сіз өзіңіздің ноутбугыңыздан Интернетке сымсыз қол жеткізу қызметімен пайдалана аласыз.

Лобби-барда бір шәшке  жұпар иісті кофеге тапсырыс беріңіз  де электронды корреспонденциямен жұмысыңызды  бастай беріңіз.

Оған қоса, Wi Fi Интернетке Сіз «Тенгри» мейманханасының барлық номерлерінен қол жеткізе аласыз! 

Келесі сөз кезегі мейрамханалар мен барларға келді. Менің негізгі қызметім осы жерлерде болды. «Тенгри» мейманханасының аумағында ең жақсы сусындар, сервис және жоғары деңгейдегі тағам ұсынуға дайын мейрамханалар мен барлар орналасқан. "Тенгри" қонақтарының қызметіне дайын:

Информация о работе Қонақ үйде өткен өндірістік практика туралы есеп