Қылмыс жасаған адамды
қылмыскер деп танып, кінәсіне қарай оны
жазаға тарту, барлық кәсіпорындар, мекемелер,
ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар
орындауға тиісті де міндетті.
Қылмыстық жаза заң тарапынан алғанда
жазаға тартылған азаматтардың құқықтық
жағдайын өзгертетін қосымша құқық шектеу
болып есептеледі. Қылмыстық жазаның маңызы
мемлекеттің мәжбүр етуінің айрықша түрі,
жасаған қылмысына орай тартқан сазайы
болады. Құқық шектеуді қолданғанда жазалап
әсер ету жеке мақсат емес, оның міндеті
белгіленген мақсатқа жету үшін жазаны
атқаруды қамтамасыз ету. Жазалаудың мақсаты
- әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру,
сотталғандарды түзеумен қатар сотталғандардың
және басқа адамдардың қылмыс жасауын
болдыртпауды ескерту екендігі баршаға
мәлім.
Көрсетілген мақсаттар қылмыспен күресу
талабына бағыттануы керек, өйткені түзеу
жүйесі қылмыспен күресу органдарының
жүйесіне кіреді.
Кейінгі кездерде кейбір заңгерлер «сазайын
тарттыру» сөзін бұрыңғы КСРО-дағы болған
тоталитарлық мемлекеттің жазалау саясатына
құғын-сүргінге баламалап, оны қолданыстан
шығарып тастауға талаптануда. Бұл жағдайда
ол мемлекеттің қандай да болмасын қылмыстық
жазаны орындату саласындағы саясаты,
философиялық категория ретінде жазаның
маңызына әсер ете алмайтыны еске алынбайды.
Әлеуметті тұрғыдан қарағанда жаза - әсер
ету шарасы; психологиялық тұрғысынан
қарасақ, ол кемтарлық, қайғы-қасіретпен
бірге оған психологиялық бейімдену; педагогика
тұрғысынан – айрықша мәселені шеше алатын,
яғни қылмыс істеген адамдарды түзететіндей
әсер ету. Құқық тұрғысынан – ол қылмыс
жасаған адамдардың мінез-құлқын бағыттап
түзетіп отыру және жаңадан қылмыс істеуді
болдырмауды ескертетін құқық шектеу
жиынтығы.
Жазалау қылмыс істеушінің құқығына қысым
жасалуды көрсетеді. Мемлекеттің атынан
сот үкім шығарып, сотталғанды заңмен
белгіленген қасіретке ұшыратады: қоғамнан
оңашалайды, құқығы мен бас бостандығынан
айырады, сөйтіп әлеуметтік өкілеттілікті
орнатады, басқа адамдарға қылмыс жасауға
болмайтындығын ескертеді. Сонымен, жоғарыда
айтылғандай қылмыстық жазаның маңызды
элементі жсаған қылмысына қарай тартқан
сазайы болып есептеледі. Айта кетерлік
жайт қылмыстық жазаларды жеке жеке қарағанда,
бұл басқа қылмыстық-құқық шаралары әсерінен
ажыратқанда айыра білудің белгісі.
Басқаша да мәжбүр ету сияқты қылмыстық-құқық
шаралары жазаны басынан кешіру сезімін
оятпай, қайта олар мәжбүрліктен болған
шаралар екенін, қоғамның талабын, оның
азаматтарын қорғауға бағытталғанын сезіну
керек.
Мысалы, егер де жазалау дәрежесіне жасаған
зиянды түзеу міндеттеме, ал сотталған
шын мәнінде зиянды түзетсе, онда бұл процесті
жаза ретінде қабылдауы тиіс. Сонымен
қатар жасаған зиянды түзеу адамгершілік-этикалық
жағынан алғанда жазаны басынан өткізу
емес, қайта қайғысына ортақтасқанындай
болып сезінуі тиіс.
Басқалай қылмыстық-құқықтық шаралар
– олар басқа түрдегі құқық шектеу. Олардың
мақсаты да жазалаудікіндей, бірақ оларды
жасаған қылмысы үшін қудалау деп есептемеу
керек немесе сазайы оның мазмұны, құрайтын
элементі бола алмайды. Сонымен, жазалау
қылмыстық-құқық жүйесінде басқа дәрежеге,
қосымша элементке иеленіп жасаған дәрежесіне
қарай тартқан сазайы болады.
Жазаны сазайын тарту деп есептемесе,
оны қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз
етудің мәжбүр шарасы ретіндегі ұсыныс
тартымды болуы мүмкін. Жазаға мұндай
тәсіл қолдануға қарсы дәлелдің бірі,
бұл жағдайда қауіпсіздіктің жалпы тұжырымдамасындағыдай,
байқаусызда істелген қылмысқа берілген
жазаның сәйкес келмеуі. Бұл қатардағы
адамдарға бас бостандығынан айыруды
қолдану қауіпсіздік талабына сәйкес
келмейтін, өте қатаң шара болып есептеледі.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексіндегі жазалау жүйесі
ғылыми тұрғыдан алып қарасақ әлі жетілмеген.
Онда жазалаудың 12 түрі белгіленген. Жаза
жүйесінің шамадан тыс кеңеюінің теріс
салдары бар. Қылмыстық-құқықтық реттеу
әдісі басқа құқық салаларына тән әдістерден
өзгешелігі болуы тиіс, себебі әңгіме
басқадай құқық бұзудан маңызды түрде
айырмашылығы бар қылмыс үшін жазалау
жөнінде болып отыр. Шын сот тәжірибесі
қылмыстық жазаның әр түрлілігін қабылдамауы
ғажап емес, ол негізінен мыналармен шектеледі.
Бас бостандығынн айыру, түзеу жұмыстары,
шарт қойып соттау, айып салу, өлім жазасымен
тоқталады.
Егер де біздің заңнамамызға сәйкес жазалау
туралы заңдарды реформалаудың талаптарын
қысқаша көрсетуге ұмтылсақ, онда алдымен
әр түрлі жазаның қалыптасқан тәжірибесін
қолдануды есепке алып және жаза жүйесін
шетелдердікіне лайықтап келтіруді атап
айтқан жөн.
Соңғы он жылдың ішінде жер ауыстыру, әсіресе
жер аудару тәжірибеде қолданылған жоқ.
Бұрын жер аударатын шалғай жерлер енді
мәнісін жоғалтып, ондай болудан қалды.
Одан басқа мұндай жерлерде үнемі тұратындар
өзінен-өзі екі ойлы жағдайға ұшырап қалады.
Сонымен, жер аудару қарапайым тұрған
жерін өзгертуге айналады. Бұған үлкен
аумақта халықтың шашылып тұратын мұндай
адамдарға дұрысында шын бақылау болмайтынын,
сотталғандардың өмір сүруге жағдай жоқтығын
қоссақ, онда олар жағынан қайталанба
(рецедив) қылмыстық істелуін түсінуге
болады. Өмір сүруге лажы болмағандықтан,
тұратын баспана, жұмыс жоқтығынан, бұл
адамдардың көпшілігі қылмыс жасай бастайды.
Ұқсас жағдай жер аударылғандарда да болады.
Бұл жағдайда жалғыз мүмкін болатын дұрыс
шешім – ол жер аудару мен айдауды жазалау
жүйесінен шығарып тастау.
Бас бостандығынан айырудан міндетті
түрде еңбекке тартып шартты босату мен
бас бостандығынан айыру органдарымен
міндетті түрде еңбекке тартып шартты
босату институттары жойылған болатын.
Жұмыс күші жетпейтін шиеленіскен кезде
көптеген өндірістер, мұндай сотталғандарға
арнайы комендатура мекемелерін ұстауға
шығынына қарамастан мәжбүр болған.
Жұмыссыздық пайда болған жаңа шаруашылық
кезеңінде арнайы комендатураларды ұстауға,
көлікке, жатақханаға, сотталғандарды
бақылайтын қызметкерлерге еңбек ақы
төлеу пайдасыз болды. Кәсіпорындар сотталғандардан
бас тартып, ІІМ-мен жасасқан шартты бұза
бастады. Олардың маманданған ерікті жалдамалы
адамдарды жұмысқа таңдап алуға мүмкіндігі
пайда болды. Сотталғандар жұмыссыз қалды,
сондықтан олар өмір сүруге бейімсіз күйде
қалды. Сондықтан шартты сотталғанда мен
еңбекке міндетті түрде тартылу мен шартты
босату институттары таратылды.
Қаңғыбастық, қайыршылықпен шұғылданғандарға
немесе арамтамақтықпен өмір сүргендерге
қылмыстық жауапкершілік тоқтатылды.
Алимент төлеуден бұлтарғандар немесе
төлқұжат жүйесінің ережесін бұзғаны
үшін сотталғандар саны шамалы болатын.
Сондықтан, криминалды әрекетіне байланысты
бұрын қылмысқа тартылғандарды бағып-қағу
және оларды еңбекке баулу үшін құрылған
еңбекпен тәрбиелеу профилакториялары
жұмыс стеуін тоқтатты.
Әрі қарай жазалар жүйесін қысқарту мен
жаза ретінде көпшілік алдында ұялтудан
бас тарту болжануда.
Көпшілік алдында ұялту, тәжірибеде сотталғанның
құқығы мен бас бостандығына шектеу қойылмайды.
Тәжірибеде қолданылмайды. Сот бұл «жазаны»
белгілей қалса, онда ол сотталғанның
жазадан түгелдей босатылғанын білдіреді.
Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексі
авторларының қылмыстық жазалау ретінде
көпшілік алдында ұялту, лауазымынан босату,
келтірген зиянын жуып-шаюды міндеттеу
түрлерін шығарып тастағандарымен келісуге
болады. Тәжірибеде олар қылмыстық жазалау
ретінде көптен бері қолданылмайды. Шынында
істелген қылмыс қылмыстық түрде қудалауға
сәйкес келмейді.
Негізінен қылмыстық жазалау жүйесімен
келісе отырып, Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексін дайындағандарға теория
жағынан кейбір тілек айтқымыз келеді,
бізді ойымызша оларды жүйеге келтіруін
жақсарта түссек болар еді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексін
дайындағандар жаңа жаза түрін – қамауды
енгізді, оны бас бостандығынан айырумен
байланстырмайды, дұрысында ол қылмыстық-құқықтық
шара болғандықтан бас бостандығынан
айыру болып қала береді.
Қамау жазасы «састыру» рөлін атқарып,
сотталғандарға мықты сазайын тарттыратындай
әсер етуі керек. Сонымен бірге ұзақ мерзімге
сотталғандарға жұмыс орнын, мекен жайын,
әлеуметтік пайдалы байланыстыратын сақтауға
мүмкіндік береді.
Бірақ жуық арадағы жылдарда қамауды енгізу
өте қиынға соғып отыр. Қазақстанда қамайтын
мекемелер жоқ. Тергеу қапастарының толы,
көбінесе сотталғандарға заңмен кепілденген
ұйықтайтын орындары жоқ, олар кезекпен
ұйықтауға мәжбүр болады.
Қамау сияқты жазаны орындау үшін арнайы
қапас тәріздес ғимарат тұрғызу керек.
экономика ахуалын есепке ала отырып,
жазаның бұл түрін 2001 жылдан, яғни оны
орындау мүмкіндігіне қарай енгізілуі
мүмкін.
Бас бостандықты шектеу тәрізді жазаның
қоғамдық жағы белгіленіп, оның әр түрлері
ескерілуі тиіс: бұл түзеу жұмыстары, басқа
жерде белгіленетін жұмыстар. Жазаның
бұл түрі теориялық жағынан жаңа түрлерімен
байытылуы мүмкін. Дүниежүзілік тәжірибе
бас бостандықты шектеудің басқа да түрлерін
біледі. Мысалы, сотталғанның бас бостандығынан
айыру орнында кешкі уақыттан бастап таңертеңгіге
дейін, ал басқа уақыттарда жұмыста, белгілі
бір сағаттарда отбасында болу түрі сияқтыға
ықылас аудару керек. Жазаны қоныстандыру
колониясында өткеру бостандықты шектеуде,
айыруға қарағанда, одан артықшылығы бар.
Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексінде
заң шығарушы жазаның келесі түрлерін
айтады: а) айып; б) кейбір лауазымды орындарда
істеу немесе тиісті жұмыспен айналысу
құқығынан айыру; в) қоғамдық жұмыстар;
г) түзеу жұмыстары; д) әскери қызметке
шектеу; е) бостандықты шектеу; ж) қамау;
з) тәртіпті әскери бөлімде ұстау; и) бас
бостандығынан айыру; к) өлім жазасы.
Қылмыстық жазалауды орындату саласында
заңдылықты қамтамасыз ету үшін режим
ережесін, жазаны атқарушы органдардың
өкілеттілігін, сотталғандарға лауазымды
адамдардың қарым қатынас ережесін дәл
реттеуді талап етеді және оларды түзеу
шараларын орындау тәртібін қолдануға
әсер ету және т.б.
Түзеуге әсер ету түсінігіне толық тоқталған
жөн болар.
Түзеу әсерінің жалпы тәжіребеден айырмашылығы
бар. Оның объектісі ретінде, әдетте, әлеуметтік-құқықтық
жағына салақ қараған, сол себепті қоғамға
белгілі қауіп туғызатын адамдар есептеледі.
Сот үкімі түзеу әсерін қолдану шарасына
негіз болады да қылмыстық атқару құқығы
шеңберінде іске асырылады. Жазаны атқаруды
түзеу шараларымен әсер етуді қосқанда
біртұтас жазалау-тәрбиелеу процесін
құрастырады.
Сонымен түзеуге әсер ету тәрбиелеу процессінің
ерекше түрін көрсетеді. Ол сотталғандарға
азап шегу негізі болмау керек. Түзеуге
әсер ету педагогиканың жалпы принциптері
мен әдісіне негізделеді.
Біздер жазалаудың алдына мақсат пен міндет
қойғанда оның кейбір жағымсыз жағдайлардан
құтылмайтындығын еске алуымыз керек,
себебі бас бостандығынан айыру орындарында
азаматтардың шамалылау бөлігі біріктірілген.
Сотталғандар өзінше мәдениет құрмақшы
(субкультура) болады. Сотталғандардың
бұзақылары дұрыстау жағына зорлық көрсетіп,
өздерінше «тәрбиелеу үшін» қысым жасайды.
Бас бостандығынан айыру әлеуметтік пайдалы
байланыстардың үзілуіне, отбасының ыдырауына
әкеп соғады. Осының бәрі тәрбиелеу процесіне,
сотталғандарды түзету әрекетіне қарсы
әсер етеді.
Қылмыстық-атқару құқығы теориясында
түзеу әсерінің маңызын құрайтын негізгі
элементтерінің есебіне кіретіндері мыналар:
қоғамдық пайдалы еңбек, сотталғандармен
тәрбие жұмысы, жалпы білім мен мамандыққа
үйрету. Ұстауда отырғандағы режимді сөз
етсек, онда түзеуге әсер ету шараларының
ұсталғандарға жазасын тарттырмайтын
жағын жатқызуға болады, атап айтсақ, ол
қоғамдық тұрмыс ережесін сақтау (мүлікке
ұқыпты қарау, жеке басының тазалығын
сақтау, тұрған бөлмесі мен аула ішін таза
ұстау т.б.).
Әрине жазаны атқару шеңберінде қолданылатын
түзеуге әсер ету, тиісті шегінде іске
асырылады және құқықпен белгіленеді.
Бас бостандығынан айыру орындарындағы
сотталғандарға педагогикалық әсер еткенде
оның түрін, әдісін, тәсілін тәрбиешінің
өз бетімен еркін таңдауына қамаудағы
ұстау режимінің ережелерін шек қояды.
Мысалы, жолықтыру, демалыс беру, телефонмен
өйлестіру заңмен белгіленген және олар
тәрбие құралы ретінде қаралады. Бірақ
оларды беру мезгілі және т.с.с. режим ережесінде
көрсетіліп қатаң реттеледі. Сондықтан
қылмыстық атқару құқығының нормалары
түзеу әрекетін ұйымдастыруда белсенді
әсер ететін тәрбиенің кейбір түрлеріе,
әдісін, тәсілін қолдануға рұқсат етілетіндерін
белгілейді.
Түзеу әрекеті шараларының құқықтық реттеуі,
әрқайсысында әр түрлі. Сотталғандарды
тәрбиелеу жұмысы, оларға жалпы білім
беру және мамандыққа үйретуққұқықпен
жалпылама түрде реттелген. Құқық нормасы
үйретуге тиісті адамдарды және сотталғандарды
жұмыстан босату тәртібі мен жағдайын,
өтетін уақытын т.б. белгілейді. Құқықтық
реттеудің көлемі шектелгендіктен, психология
мен педагогиканың қарамағына әдістерін
іске асыру үшін тиісті кеңістік береді.
Құқық нормалары мен сотталғандардың
еңбегі толығырақ реттелген, солай болғандықтан
қоғамдық қатынастардың бұл категориясы
жазаны өтеушілердің өте маңызды талабын
қозғайды. Құқық нормасы сотталғандардың
міндетті түрде еңбек етуін, оларды еңбекке
тартудың жағдайын және ақы төлеудің тәртібін
белгілейді.
сотталғандарды түзеуге бағытталған тәрбие
процесіне қылмыстық жазаны атқарушы
органдармен бірге жалпы қоғам қатысады.
Қылмыстық жазаны қолданудың теріс салдарын
ескере отырып, оны қылмыспен күресудің
универсалды амалы ретінде қарауға болмайды.
Сондықтан тәрбиелеу процессіндегі жолын
қуушылық жазаны өтеру кезінде де, одан
босатылғаннан кейін де әлеуметтік бақылау
өте маңызды. |