Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 06:10, практическая работа
Жарық толқындарының интерференция және дифракция құбылыстары негізінде объектілердің көлемдік кескіндерін алу тәсілін голография деп атайды. Голография идеясын алғаш рет 1948 ж. ағылшын ғалымы Д. Габор ұсынды. Біздің елімізде голографияны дамытуға үлес қосқан совет ғалымы Ю. Н. Денисюк. Голография әдісі когерент сәулелер — лазерді пайдалануға негізделген. Бұл әдісті түсіну үшін оны фотография әдісімен салыстыра қарастырған жөн. Заттарды фотографиялағанда суретке түсірілетін заттан (объектіден) шағылысқан жарық сәулелерініц интенсивтігі (амплитудасы) фотопленкаға жазылады. Бұл жазу ақ және қараңғы нүктелер жиынтығы болып саналады. Ал шағылысатын толқындардың фазалары туралы фотопленкада ешқандай хабар-ошар жазылмайды. Олай болса, фотография суретке түсірілген дене туралы толық хабар бермейді.