Демонстрациялық тәжірибелерге қойылатын талаптарды талдаңыз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2015 в 15:25, реферат

Краткое описание

Демонстрциялық экспериментке қойылатын дидактикалық талаптар.Химияны оқытуда демонстрацялық эксперимент бақылаудың көрнекі объектісі болуы керек. Сонымен қоса демонстрацялық эксперимент оқушылар химиялық заңдылықтарға байланысты жаңа фактілерді меңгере алатындай етіп жүйклі түрде ұйымдастырылуы керек. Ал бұлардың бәріне қол жеткізу үшін демонстрацялық экспериментке жалпы талаптар сақталуы шарт. Ал бұл талаптардың сақталмауы химиялық эксперименттің сапасын, педогогикалық эффективтілігін төмендетіп, кейде сәтсіздіктерге де әкелуі мүмкін.

Вложенные файлы: 1 файл

Демонстрациялық тәжірибелерге қойылатын талаптарды талдаңыз.docx

— 22.13 Кб (Скачать файл)

Демонстрациялық тәжірибелерге қойылатын талаптарды талдаңыз. Дидактикалық есептерді шешу әдістерін атаңыз.

 Демонстрциялық  экспериментке қойылатын дидактикалық талаптар.Химияны оқытуда демонстрацялық эксперимент бақылаудың көрнекі объектісі болуы керек. Сонымен қоса демонстрацялық эксперимент оқушылар химиялық заңдылықтарға байланысты жаңа фактілерді меңгере алатындай етіп жүйклі түрде ұйымдастырылуы керек. Ал бұлардың бәріне қол жеткізу үшін демонстрацялық экспериментке жалпы талаптар сақталуы шарт. Ал бұл талаптардың сақталмауы химиялық эксперименттің сапасын, педогогикалық эффективтілігін төмендетіп, кейде сәтсіздіктерге де әкелуі мүмкін. Осындай жалпы талаптардың ішінде ең маңыздылары:  эксперименттің көрнекілігі  эксперименттің қарапайымдылығы  эксперименттің қауіпсіздігі  эксперименттің сенімділігі  экспериментті түсіндірудің, қайталаудың қажеттілігі  уақыттың шектеулілігі  эксперименттің уақытылы қойылуы бұл талаптардың барлығын бірдей маңызды деп түсінуге болмайды. Бірақ, осылардың қайсібірінің болмасын сақталмауы эксперименттің талаптары мен сапасын төмендетіп кері эффекттің болуына себепші болалы. Экспериментті жүргізудің көрнекілігі. Көрнекілік- демонстрациялық химиялық экспериментке қойылатын жалпы талаптардың ең алғашқысы. Мұғалімнің демонстрациялық столда жасағандарының барлығы- құралдар, реактивтер, құбылыстар, тағы да басқалары – осының барлығы сынып оқушыларының әрқайсысына, кабинеттің кез келген бөлігінен көрінетіндей болуы қажет. Эксперименттің қарапайымдылығы.Демонстрациялық эксперименттің қарапайым болуы да негізгі талаптарға жатады. Бұл жердегі « қарапайым» және «күрделі » эксперимент методыкалық түсініктеме тұрғысынан қарама-қайшы еместігін есте сақтау керек. эксперименттің қарапайымдылығына қойылатын талапты күрделі экспеиментке қояға келмейді. Эксперименттің қауіпсіздігі.Демонстрациялық экспериментке қойылатын үшінші талап ол- демонстацияның экспеиментаторға да, оқушыларға да қауіпсіздігі. Бұл талаптың сақталуы мұғалімнің жұмысқа деген жауапкершілігіне, эксперименттік техниканы меңгеру дәрежесі мен біліктілігіне байланысты. Тәжірибелі мұғалім ғана тәжірибе жүргізілк кезінде сынып ішіндегі қапірсіздікті толықтай қамтамасыз ете алады. Эксперименттің сенімділігі.Эксперимент жүргізудегі  көрсетілген әрбір тәжірибе нәтижелі , әрі әсерлі болуы керек. Егер жұмысты нұсқаулыққа сәйкес орындағанда ғана мұғалім өзінің жұмысының сәтті болатынына сенімділікпен қарай алады. Егер тәжірибелер жүйелі түрде сәтсіздікке ұшырап отрса, мұғалімнің оқушылардың алдындағы беделін түсіріп, оладың пәнге деген қызығушылықтарын, сенімдерін жойып, пән бойынша үлгерімдерінің төмендеуіне әкелеуі мүкін. Экспериментті түсіндірудің тиімділігі.Мұғалімнің,жүргізілетін экспериментті түсіндіруі – мектеп экспериментіне қойылатын негізгі талаптардың бірі. Жүздеген тәжірибелерді жасауға болады. бірқ, егер мұғалім тәжірибенің жүру жағдайын жұмыс барысын, мақсатын, тәжірибе кезінде болатын құбылыстардың байланыстылығын түсңндіріп, сол құбылыстарға сәйкес қорытынды жасамаса соншалықты көп тәжірибе қоюдың маңызы болмайды. Демонстрацияны қайталаудың тиімділігі.Талап бойынша, көпшілік мектептерде мұғалімдердің көбі демонстрациялық экспериментті тек бір рет қана көрсетеді. Кейбір, сирек жағдайларда ғана оқушы эксперименттерін қайта жүргізеді.   2 9. “Қышқылдардың негіздермен әрекеттесуі” лабораториялық тәжірибені жүргізудің әдістемесін түсіндіріңіз. Қышқылдардың әрекеттесуі Төрт сынауық алып бәріне 1-2 мл күкірт немесе тұз қышқылынан құйыңдар. Біріншісіне- мырыш түйірін, екіншісіне- темір ұнтағын, үшіншісіне-алюминий түйірін, төртіншісіне- мыс сым салыңдар да қандай құбылыстар байқалатынын бақылаңдар. Тапсырма:  Мысты қыздырылған күкірт қышқылымен әрекеттестіргенде не байқадыңдар?  Металдардың қышқылдарға әсерінің әр түрлі болуы Н.Н. Бекетов жасаған металдардың кернеу қатарына байланысты екенін есетіңе түсіріңдер.  Тиісті реакция теңдеулерін жазып, реакция типтерін анықтаңдар. №5 Тапсырма Еритін және ерімейтін негіздердің қасиеттері Өздеріңе берілген сынауықтардағы натрий, кальций, мыс (ІІ), темір (ІІІ) гидроксидтеріне зер салып қараңдар, агрегаттық күйін және түсін анықтаңдар. Сынауықтарға 3-4мл су құйыңдар және шайқаңдар. Лай сұйықтықтарды сүзіңдер. Алынған ерітінділерге бірнеше тамшы фенолфталеин тамызыңдар. Тапсырма: Жасалған тәжірибелерге сүйеніп, негіздердің агрегаттық күйін, түсі және ерігіштігі жөнінде қорытынды жазыңдар. 3 9. «Мыс, темір, мырыш иондарын анықтау» лабораториялық тәжірбиені жүргізудің әдістемесін түсіндіріңіз. «Фосфор қышқылы, фосфаттар және гидрофосфаттар қасиеттерімен танысу» лабораториялық тәжірбиені жүргізудің әдістемесін сипаттаңыз. Мыс, темір, мырыш иондарын анықтау Тапсырма: 1. Мыс ионына сапалық реакция жүргізе білуге үйрену. 2. Темір ионына сапалық реакция жүргізе білуге үйрену. 3. Мырыш ионына сапалық реакция жүргізе білуге үйрену. Тәжірибені орындау. 1. Сынауыққа натрий гидроксидінің 1мл ерітіндісін құйып, оған тән тұнба түзілгенше бірнеше тамшы мыс тұздарының ерітіндісін қосыңдар. Реакцияның иондық теңдеулерін жазыңдар. Бұл реакцияның жүру белгілерін көрсетіңдер.  4-5 тамшы темір (ІІІ) хлоридінің немесе сульфатының ерітіндісіне 1-2 тамшы калий тиоцианатының ерітіндісін қосыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Түзілген тұз-темір тиоцианатының Ғе(CNS)3-аз диссоциацияланатын қосылыс екенін ескере отырып, реакцияның иондық теңдеуін жазыңдар.  Сынауықтағы бірнеше тамшы темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне 1-2 тамшы қызыл қан тұзын қосыңдар. Түзілген тұнбаның түсі қандай? Тұнбаның құрамы Ғе3 [Ғе(CN)6]2 екенін ескере отырып, реакцияның иондық теңдеуін жазыңдар.  Сынауыққа 1мл мырыш тұзы ерітіндісін құйып, қоймалжың түссіз тұнба түзілгенше сілті ерітіндісінен тамшылатып қосыңдар. Осы реакцияның теңдеуін иондық түрде жазыңдар. Ортафосфор қышқылының, фосфаттар мен гидрофосфаттар қасиеттерімен танысу Тапсырма: Ортафосфор қышқылының және оның тұздарының кейбір қасиеттерін зерттеңдер. Тәжірибенің орындалуы. 1. Сынауыққа 1мл әк суын құйып, оған 1 тамшы ортафосфор қышқылының ерітіндісін қосыңдар. Сынауықты шайқаңдар. Не байқадыңдар. Тағы да бірнеше тамшы қышқыл қосыңдар. Ерітіндінің лайлануының жойылуын байқаңдар. Бақылаған құбылыстарыңды түсіндіріңдер. Жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар. 2.Берілген ортафосфор қышқылының тұздарының:  кальций фосфатының, гидрофосфатының және дигидрофосфатының үлгілерін қараңдар. Әрбір тұздан 0,5г-нан алып, сынауыққа салып, 1мл су құйыңдар. Сынауықтардағы қоспаны араластырыңдар. Тұздардың ерігіштігі туралы қорытынды жасаңдар.   2 сынауыққа 1мл-ден тұз ерітінділерін-натрий фосфатын және натрий дигидрофосфатын құйыңдар. 1 тамшыдан фенолфталеин қосыңдар. Байқаған құбылыстарыңды түсіндіріңдер. Осы тұздардың гидролиздену теңдеулерін жазыңдар. 1деңгей 15~~ Химиялық экспримент және оқытудың техникалық құралдарын сипаттаңыз. Оқытудың техникалық  құралдарын сипаттаңыз. Химиялық экспримент және оқытудың техникалық құралдарын сипаттаңыз. Оқытудың техникалық  құралдарын сипаттаңыз. Химиялық экспримент және оқытудың техникалық құралдары Химиялық эксперимент – химияны оқытудың ең қажетті әдістемесінің бірі. Химиялық экспериментті пайдаланудың оқытудың  әдістерін ғалымдар зерттеп  далелдеген. Қазіргі  жағдайда оған деген қызушылығы артып, пән оқулығының  өзгерістері мен  жаңа курстардың  пайда болуына байланысты экспериментті пайдалану жолға қойылып отыр.Магнитофонда жазылған үнтаспалар оқытушының орнына химиялық  элементтердің, заттардың, заңдардың ашылуы туралы, атақты химиктердің өмірбаянын, химиялық өнеркәсіптің дамуының болашағын, заттардың физикалық қасиеттерін, олардың табиғатта табылуын, шаруашылық бағыттарда қолданылуын, І – VІІ топ элементтерінің және оның қосылыстарының сипаттамасын баяндап беруіне қолдануға болады.    Үнтаспалар диафильм кадрларын және диапозитивтерді де дыбыстайды. Әсіресе химиялық тілді оқуға тиімді. Химиялық реакциялардың және реакция теңдеулерінің жазылуы алгоритмдік жорамалдар негізінде құрастырылады. Ал оқушы осы жорамалдарды тәжірибе кезінде қолдана алмаған жағдайда үнтаспаны қосып, алгоритмнің қадамдарын есіне түсірген тиімді. Оқушының химиялық тілді жақсы меңгергенін қадағалау үшін үнтаспамен дыбыстаған химиялық диктант жаздыру қажет. Қиын шешілетін тапсырмаларды да магнитофонның көмегі арқылы шешуге болады. Мысалы, магнитофоннан  мынадай сұрақ тыңдатсақ: “Ацителеннің электрондық құрылысын біле тұра, оған қандай реакциялар тән”. Оқушылар этилен сияқты ацетиленнің де молекуласының ρ-байланысында тотығу және қосылу реакциялары жүретіндігін біледі. Өз ойларын тәжірибе арқылы тексереді: калий перманганатының түссізденуі – тотығуы, бром суының түссізденуі – қосылуы. Үнтаспалар сөзбен және дыбыс пен байланысқан, ал химияны оқыту, химиялық құбылыстарды, процестерді ұғыну көзбен көруге негізделген. Осы бағытта үнтаспалардың қолданылуы шектелген. Химиялық эксперимент кезінде оқу теледидарын қолданады. Оқу теледидары көрнекі құралдар арқылы білім береді. Бірақ өте әсерлі де, нәтижелі бейнекамерамен түсірілген немесе жазылған бейнетаспа Микрокалькулятор дегеніміз – жеке қолдануға арналған портативті микро-ЭЕМ (ЭВМ).  Оны әртүрлі мақсаттар үшін және әртүрлі функция-ларымен өндіріледі. Кейбіреулері тек арифметикалық, және жеңіл алгебралық есептерге арналған. Олармен тұрмыста, мектептерде әртүрлі жастағы адамдар қолданады. Бұл - қарапайым электрондық есптегіш машина.  Электронды есептегіш машиналарадың логарифм, түбір, қиын тригонометриялық еспетерді шығаруға арналғандарыда бар. Оларды көбіне инжерелер қолданады, сондықтанда оны инженерлік есептегіш машина дейді. Арнайы бағдарламаланған есптегіш машиналарда бар. Олар есептеуді жоспарлап, алгоритм қадамдарын есте сақтап, автоматты түрде есептеп береді. 2деңгей 15~~ “Глюкозаның қасиеттері” лабораториялық тәжірибені жүргізудің әдістемесін түсіндіріңіз. Көмірсулардың қасиеттерін зерттеу Тапсырма:  Глюкозаның күміс оксидімен әрекеттесуі  Глюкозаның мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі Реактивтер мен құрал жабдықтар. Глюкоза, күміс нитраты ерітіндісі, аммиак ерітіндісі, сахароза ерітіндісі. Жұмыстың орындалуы. 1. Таза жуылған сынауыққа 1мл күміс нитраты ерітіндісін құйып, оған түзілген тұнбасы ерігенше аммиак ерітіндісін тамшылатыңдар. Үстіне 1,5-2мл 10% глюкоза ерітіндісін қосып, ыстық су құйылған стаканға салыңдар. Осы кезде күміс тотықсызданып, сынауық қабырғасына қонады немесе қара түсті тұнба түзеді. Реакция теңдеуін жазыңдар. 2.Реактивтер мен құрал жабдықтар. 0,5 %-тік глюкоза ерітіндісі, натрий гидроксиді, мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісі. Жұмыстың орындалуы. Сынауыққа 3-4мл глюкоза ерітіндісін, сонша мөлшерде натрий гидроксидінің ерітіндісін құйып, оның үстіне 0,5мл мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісін қосады да, қоспаны қыздырады. Нәтижесінде, қоспаның түсі өзгереді. Мыс (І) оксидінің қызғылт тұнбасы түзіледі. Реакция теңдеулерін жазыңдар. 3деңгей 15~~  «Ақуыздарға түсті реакциялар» лабораториялық тәжірбиені жүргізудің әдістемесін түсіндіріңіз. Ақуыздар Қажетті құрал жабдықтар:ақуыз ерітінділері,тұз,азот,күкірт қышқылдары,мыс  сульфатының  ерітіндісі,қорғасын ацетатының еріт.,фенол,формалин,этил спирті,натрий хлориді. Жұмыстың орындалу реті Ақуызды минерал қышқылдар көмегімен тұнбаға түсуі Үш сынауықтың біреуіне азот қышқылынан, екіншісіне күкірт қышқылынан, үшіншісіне тұз қышқылынан 3мл құйып оларға сүт ақуызынан 1мл қосса ақ түсті ақуыз түзіледі. Қоспаны шайқаса азот қышқылы бар сынауықтағы тұнба мөлшері арта түседі де, ал тұз күкірт қышқылы бар сынауықтағы қоспа еріп кетеді. Формалиннің және спирттің ақуызға әсері Жұмыртқа белок ерітіндісін сынауыққа құйып алып қайнағанға дейін қыздырамыз, сұйық лайнады. Ауыр металл тұздары қатысында ақуызды тұнбаға түсіру Екі сынауыққа 2мл ден ақуыз ерітіндісін құйып біреуіне араластыра отырып мыс сульфатының ерітіндісінен, екіншісіне қорғасын ацетаты ерітіндісінен бірнеше тамшы тамызса ,тұзды ортада нашар еритін ақуыздар ірімшіктелген тұнба түзеді.Тұз ерітіндісі артық қосылса тұнба еріп кетеді. 
 
Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=316604


Информация о работе Демонстрациялық тәжірибелерге қойылатын талаптарды талдаңыз