Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2012 в 16:25, реферат
Көбеюге қабілеттілік-тек организмдерге тән негізгі қасиеттердің бірі.Көбеюге байланысты генетикалық материал ата-аналарынан ұрпақтарына беріледі.Бұл кезде сол түр особьтарына тән белгілер ғана емес,сондай-ақ тек ата-аналарының өздеріне тән айқын белгілер де жарыққа шығады
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы
ЭССЕ
Тақырыбы: «Жыныссыз және жынысты көбею, олардың түрлері»
117 топ ЖМФ
Тексерген:Есілбаева Б.Т.
Қарағанды 2012
Көбеюге қабілеттілік-тек
организмдерге тән негізгі
Көбею түрлері
Жыныссыз көбею.Жыныссыз көбею жынысты көбеюге қарағанда қарапайым және ол эволюция құбылысында алғаш пайда болған.Оның негізгі ерекшелігі ұрпақ тек бір особьтың бір немесе бірнеше соматикалық клеткаларынан дамып жетіледі,осы жолмен пайда болған ұрпақтардың аналық ағзалардан еш айырмашылығы болмайды,бір-біріне айна-қатесіз ұқсас,біркелкі особьтар түзіледі.Оларды клон деп атайды.Кездейсоқ мутациялардың әсерінен бір клондағы особьтар әр түрлі генетикалық өзгерістерге ие болуы мүмкін.Мұндай өзгерістердің бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалауы түрдің өзгергіштігіне және эволюцияға себеп болады.
Жыныссыз көбеюдің нәтижесінде
түрлердің биологиялық
Жыныссыз көбею табиғатта кең таралған құбылыс.Мұның бірнеше формалары бар.
Жай бөліну-бір клеткалы организмдерге тән көбею формасы.Түрлі қарапайымдар көлденеңнен, не ұзыннан екіге бөлініп өзара ұқсас клетка түзеді.Бұл кезде клетканың құрылым компоненттері де теңдей екіге ажырайды немесе алдын ала олардың екі еселенуі жүреді.
Көптік бөлінуі немесе шизогония.мұнда ядро бірнешеге бөлініп, артынша цитоплазмада да бірнешеге ажырап,көптеген майда клеткалар түзіледі.Мысалы,безгек плазиодиі адамның бауыр және қан клеткаларында осылай көбейеді.Ол организмдердің көптік бөлінуге қабілетті стадиясын шизонт деп,ал процестің өзін шизогения деп атайды.Мұндай бөліну бірнеше қайтара жүруі мүмкін.Көбею қарқындылығының жоғары болуы бұл паразиттердің таралуға бейімделуі ,яғни тіршілік үшін күресі деп түсіндіріледі.
Спора түзілу-арнайы клеткалар-споралар арқылы жүретін көбею формасы.Спора –көбеюді қамтамасыз ететінсыртынан қалың қабықпен қапталған тіршілік циклі стадияларының бірі.Мысалы,қарапайымдар типіндегі споралыларда,бірқатар төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерде спора түзіледі.Бактериялардың спорасы көбеюді емес тек қолайсыз орта жағдайларын тіршілігін сақтап қалуды қамтамасыз етеді.
Бүршіктену-бактерияларда,
Фрагментация-кезінде особь екіге немесе бірнеше бөліктерге ажырап,әр бөліктен жаңа особь дамып жетіледі.Бұл құбылыс теңіз жұлдыздарында,гидрада,жауын құртында т.б. кездеседі.Көпклеткалы жануарларда байқалатын бүршіктену мен фрагментацияны жалпы атпен вегатативті көбею деп те атайды.Вегатативті көбеюдің ерекше формасы ретінде жануарлар дүниесінде кездесетін полиэмбриония қарастырылады.Дамудың ең бастапқы кезеңінде ұрық бірнешеге бөлініп.әр жеке бөліктен өз алдына организм дамып жетіледі.Мұны соналардан,кейбір сүтқоректілерден байқайға болады.Сондай-ақ,адамда бір жұмыртқалық егіздердің дүниеге келуі полиэмбрионияның мысалы болып табылады.
Жыныстық көбею.Жыныстық көбею-күрделі процесс,себебі ол гаплоидты хромосома жиынтықтары бар арнайы құрылысты аталық және аналық жыныс клеткаларының қатысуымен жүреді.Ұрықтану нәтижесінде жыныс клеткалары немесе гаметалар қосылып диплоидты жиынтығы бар зигота түзіледі.Зиготадан дамып жетілетін организм әдетте өз ата-аналарынан біршама ерекше белгілерімен ажыратылады.Өйткені гаметалардағыхромосомалар мен гендердің жаңа үйлесімдері ұрпақтарында белгілердің жаңа үйлесімдерін жарыққа шығарады.Мұның өзі бір түр особьтарының алуан түрлілігіне себеп болып,тіршілік үшін күресте сұрыптауға мол материал даярлайды.Олай болса,жыныстық көбеюдің биологиялық мәні тек өзін-өзі ұдайы өндіруге ғана емес,сонымен қатар,түрлердің тарихи дамуын қамтамасыз етуде.Жыныстық көбею бір клеткалылар мен көп клеткалыларда түрліше бағытта жүреді.Жыныстық көбеюдің ең қарапайым түрі-конъюгация.
Конъюгация-бактерияларға,
Копуляция-бір клеткалы организидерге тән жыныстық көбею әдісі.Бұл организмдердің бір-біріне біршама айырмашылықтары бар аталық және аналық даралары жыныс клеткалары ретінде, өзара қосылып,нәтижесінде зигота түзіледі.Жыныстық көбею эволюциясының алғашқы кезеңдерінде гаметаларында айтарлықтай айырмашылық байқалмаған,олар бірте-бірте мөлшері жағынан бір-бірінен алшақтап ірі және майда гаметалар түзіле бастаған.Эволюция процесінің ең соңында аналық гамета ұлғайып,өсіп қозғалмайтын жұмыртқа клеткасына дейін күрделеніп,аталық гамета қозғалуға қабілетті,өте майда сперматозоидтарға айналған.Бұл ерекшелік овогания деген атпен белгілі.Көп клеткалы организмдердің жыныс клеткалары жыныс бездерінде-гонадаларда дамып жетіледі.Жыныс клеткаларының екі типін ажыратады:аталық сперматозоидтар және аналық жұмыртқа клеткасы.жыныс клеткаларының немесе гаметалардың жұмыртқа клеткасы мен сперматозоидтаоға сай даралардың аналық және аталық болып жіктелуі жыныстық диформизімді көрсетеді.Ендеше,жыныстық диморфизм дара жынысты организмдерде байқалады.Олардың аталықтары мен аналықтары сыртқы түрі,мінез қылықтары және басқа көптеген белгілері бойынша бір-бірінен ажыратылады.
Жыныстық диморфизм жұмыр құрттарға,буынаяқтыларға және көпшілік омыртқалы жануарларға тән жағдай.Аналықтары әдетте дене мөлшерін,пішіндерімен боялу ерекшеліктерімен аталықтарынан оңай ажыратылады.Адамда да жыныстық диморфизм айқын байқалады.Дененің салмағы,бойдың биәктігі,қаңқа сүйектердің мөлшері бұлшық еттердің орналасуы дауыс ырғағы т.б.көптеген белгілер әйел және еркек жыныстарында түрліше дамып жетіледі.
Овогенез (ovogenesis, лат. ovum — жұмыртқа, genesis — шығу тегі) — жұмыртқа жасушасының даму процесі. Овогенез көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен тұрады. Көбею кезеңінде сарыуыз қапшығы энтодермасынан аналық жыныс безі бастамасына қан арқылы келіп орналасқан алғашқы жас жыныс жасушалары — гоноциттер митоз арқылы көбейіп, овогонияларға айналады. Бұл процесс адам, сиыр, қой, ешкі, шошқа ұрықтарында тек іштегі эмбриондық кезеңде ғана, ал жыртқыш жануарларда туғаннан кейін де жүреді. Өсу кезеңінде овогониялар біріншілік овоциттерге айналады. Біріншілік овоциттер ядроларының жетілу деңгейі бірінші мейоздық бөліну профазасының алғашқы сатысындағы даму кезеңінде болады. Овоциттер фолликулалы жасушалар қабығымен қапталып, жұмыртқалықтың өсуші фолликулдарына айналады. Біріншілік овоциттер осы күйінде жұмыртқалықта овуляция кезеңіне (көпіршікті фолликулдың жарылуына) дейін сақталады. Үшінші жетілу кезеңі, яғни біріншілік овоциттердің I және II мейоздық бөлінуі, овуляция алдында немесе овуляция кезінде жүріп, өздерінен I және II бағыттаушы денешіктер (полоциттер) бөліп, екіншілік овоциттерге, одан соң пісіп жетілген овоцитке (жұмыртқа жасушасы) айналады. Жетілген овоциттердің ұрықтануға бейімділігі 24 сағатқа ғана созылады, содан соң ұрықтануға жарамай, ыдырай бастайды.
Ұрықтану. Ұрықтанудың мәні. Аталық және аналық жыныс клеткаларының ядролары қосылу (кариогамия) арқылы жұмыртқаның дамып жетілуіне жағдай тууын ұрықтану деп атайды.
Ұрықтану — кері
жүрмейтін бір беткей процесс:
Бір рет ұрықтанған жұмыртқа
клеткасы қайтадан
Жануарлардағы ұрықтану.
Жануарларда болатын ұрықтану
процесін бірнеше фазаға
Жұмыртқа клеткасына
бір сперматозоид (моноспермия), ал
кейбір жануарларда бірнеше
Сперматозоидтың жүмыртқамен
түйісу және оның ядросына
енуі кезінде әр түрлі
Үрықтану актісінде
гаплоидты екі пронуклеус бір
ядро болып бірігеді де, зигота
түзеді. Осы мезгіл жыиысты көбею
процесінін кульминациялық
Өсімдіктердегі ұрықтану.
Өсімдіктердегі үрықтаиу
Бұрын айтылғандай, екі спермия түзілумен микрогаметогенез аяқталады, ол екі спермия нетозаң дәнінде, немесе тозаң түтігінде тозаң дәиінің өсуі кезінде қалыптасады. Тозаң түтігі өсіп, ұрық қалтасыыың микропилесіне дейін жетеді де жұмыртқа аппаратымен — жұмыртқа клеткасымен және синергидтер-
Информация о работе Жыныссыз және жынысты көбею, олардың түрлері