Өлшеуіш аспаптарын тексеру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 16:47, реферат

Краткое описание

Өлшем құралының түрін бекіту. Өлшем құралдарының түрін бекіту елде өлшем бірлігін және өндіріске жеткізілуін қамтамасыз ету және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетін өлшем құралдарын айналысқа шығару мақсатында жүргізіледі.
Көптеп өндіруде немесе ҚР – ның аумағында партиялармен әкелуге арналған мен мемлекеттік метрологиялық қадағалау қолданатын өлшем құралдары сынақтан өткізіліп, осы өлшем құралдарының түрі кейіннен бекітілуге тиіс. Өлшем құралдарының түрін кейіннен бекітілуне тиіс. Өлшем құралдарының түрін бекіту туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолдану мерзімі оны берген кезде белгіленеді.

Вложенные файлы: 1 файл

олшеу.docx

— 18.17 Кб (Скачать файл)

 

Өлшеуіш аспаптарын тексеру

 

Өлшем құралының түрін  бекіту. Өлшем құралдарының түрін  бекіту елде өлшем бірлігін және өндіріске  жеткізілуін қамтамасыз ету және нормативтік құжаттарда белгіленген  талаптарға сәйкес келетін өлшем  құралдарын айналысқа шығару мақсатында жүргізіледі.

Көптеп өндіруде немесе ҚР – ның аумағында партиялармен әкелуге арналған мен мемлекеттік метрологиялық қадағалау қолданатын өлшем құралдары сынақтан өткізіліп, осы өлшем құралдарының түрі кейіннен бекітілуге тиіс. Өлшем құралдарының түрін кейіннен бекітілуне тиіс. Өлшем құралдарының түрін бекіту туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолдану мерзімі оны берген кезде белгіленеді.

Салыстырып тексеру. Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың екінші құрамдас бөлігі – өлшем құралдарын салыстырып тексеруді қарастырайық.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру – өлшем құралдарының белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе оған уәкілетті басқа органдар орындайтын операциялар жиынтығы.

ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік  метрологиялық қадағалауға жататын  өлшем құралдары өндірістен және импорт бойынша әкеліну кезінде  салыстырылып тексеріледі. Сатуға және жалға беруге тек салыстырып тексерілген  өлшем құралдары ғана жіберіледі.

Салыстырып тексеруді  мемлекеттік метрологиялық қызмет, мемлекеттік ғылыми метрологиялық  орталықтар, тіркелген заңды тұлғалардың  метрологиялық қызметтері жүзеге асырады.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді осындай тексерушілер ретінде аттестатталған жеке адамдар  жүзеге асырады. Салыстырып тексерудің нәтижесі – өлшем құралдарының пайдалануға  жарамдылығын растау немесе өлшем құралдарының пайдалануға жарамсыздығын мақұлдау. Салыстырып тексерудің оң нәтижелері өлшем құралдарына және пайдалану  құжаттамасына басылатын салыстырып тексеру таңбасымен және салыстырып тексеру сертификатымен куәландырылады немесе салыстырып тексеру туралы куәлік береді. Егер салыстырып тексеру нәтижелері бойынша өлшем құралы пайдалануға жарамсыз танылса, онда салыстырып тексеру таңбасы және «Салыстырып тексеру туралы» куәліктің күші жойылып, «жарамсыздық туралы» құжат беріледі немесе техникалық құжаттамада сәйкес жазылулар жазылады.

Қазақстанда салыстырып тексерудің мынадай түрлері қолданылады: алғашқы, мерзімді, кезектен тыс, инспекциялық және сарапшылық.

Алғашқы  салыстырып тексеруге Қазақстанда өндірілген немесе жөнделген, импортпен алып келген түрі тексерілген қлшем құралдары жатады. Дара өндірістегі өлшем құралдарының түрін бекіткен кезде олардың әрқайысына түрін бекіту туралы сертификат беріледі, ал алғашқы салыстырып тексеруді бұл өлшем құралдары іске асырылмайды.

Мерзімді  салыстырып тексеруге пайдаланудағы немесе сақталудағы өлшем құралдары жатады. Мұндай құралдардың тізімін мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың қызмет ету аясын ескере отырып, бұл құралдардың иелері жасайды. Салыстырып тексеру аралық интервалдар қолданыстағы заңдылық ережелер негізінде белгіленген.

Өндірілген немесе жөнделген  өлшем құралдары, оларды техникалық бақылау бөлімі қабылдағаннан кейін, алғашқы салыстырып тексеруге жіберілуі  керек. Ұзақ сақталудатұратын өлшем құралдарын мерзімді салыстырып тексеруден өткізбеуге болады. Ол туралы шешімді заңды тұлғаның бас метрологы қабылдайды. Салыстырып тексеруге өлшем құралдарының тек өлшем пайдаланылатын аумақтағы сипаттамалары жатады. Бұл жағдайда анық жазу немесе шартты белгі болу керек. Сәйкес жазулар пайдалану құжаттарында жазылуы керек.

Кезектен тыс  салыстырып тексеру келесі жағдайларда өлшем құралдарын пайдалану кезінде жасалынады:

  • Салыстырып тексеру таңбасы бұлінгенде және салыстырп тексеру туралы куәлік жойылғанда;
  • Ұзақ уақыт сақталғаннан кейін өлшем құралдарын пайдалануға енгізгенде;
  • Өлшем құралына соққымен әсер етуден кейін немесе аспаптың қанағаттанарлықсыз жұмыс істеуі кезіндее қайтадан қалпына келтіру кезінде;
  • Жарты салыстырып тексеру аралық интервалға тең мерзім өткенде өткізілмеген өлшем құралдарын  тұтынушыға сатқанда;
  • Жарты салыстырып тексеруаралық интервалға тең мерзім өткеннен кейін өлшем құралдарын құрама ретінде пайдалынады.

Инспекциялық  салыстырып тексеру мемлекеттік метрологиялық қадағалау жүргізілген кезде өлшем құралдарының пайдалануға жарамдылығын анықтау үшін жасалады.

Сарапшылық салыстырып тексеруді метрологиялық сипаттамалар, өлшем құралдарының дұрыстығы мен олардың пайдалануға жарамдылығы бойынша қайшылықты мәселелр туындағанда жүргізіледі.

Лецензиялау. Өлшем құралдарын өндіру, сату және жалға беру бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметін лицензиялау – мемлекеттік метрологиялық бақылаудың үшінші құрамдас бөлігі.

Лицензиялау деп міндетті лицензиялауға жататын және заңмен тыйым салынбайтын қызметпен айналысуға заңды және жеке тұлғаға лицензия берудің міндетті түрде жасалынатын тәртібі аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

  1. Салыстырып тексеру және оның түрлері
  2. Лицензиялау

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Өлшеуіш аспаптарын тексеру