Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 21:03, реферат
Минералды сумен емдеу, бальнеотерапия (лат. balneum – монша, суға түсу және грек. therapeіa – емдеу) – курорттық және курорттан тыс емдік - профилактикалық мекемелерде әр түрлі ауруларды табиғи және жасанды жолмен дайындалған минералды сумен емдеу. Минералды сумен емдеу ішкі (ішу арқылы), сыртқы (жалпы ванна суына шомылу) ем үшін пайдаланылады. Минералдық сулар сонымен бірге ауызды шаю, ингаляция жасау, асқазан мен ішекті шайып тазарту, т.б. үшін де пайдаланылады. Минералдық сулардың құрамында көмірқышқыл газдың, күкіртті сутектің, азоттың, тез ыдырайтын радиоактивті заттардың (радонның) болуы оларға емдік әсер береді. Олардың температуралық, механикалық факторларының мәні зор.