Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 15:52, реферат
Спорт және қимыл ойындары – дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді.
Сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Енді осы ойынның адам организіміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.
Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболдың кқпшіліктің жаппай айналысуына жол ашты.
I.КІРІСПЕ.
Волейболдың дамуы және пайда болуы
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1. Ойынның техникасы мен тактикасын оқу
2.2. Доп беруге оқыту методикасы
2.3. Шабуылдағы соққылар
2.4. Қорғаныстағы ойын техникасы
2.5. Тосқауыл қою
III. ҚОРЫТЫНДЫ.
Спорт нұсқаулары мен жаттықтырушыларды күнделікті жұмысы
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
МАЗМҰНЫ
I.КІРІСПЕ.
Волейболдың дамуы және пайда
болуы
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1. Ойынның техникасы мен тактикасын оқу
2.2. Доп беруге оқыту методикасы
2.3. Шабуылдағы соққылар
2.4. Қорғаныстағы ойын техникасы
2.5. Тосқауыл қою
III. ҚОРЫТЫНДЫ.
Спорт нұсқаулары мен жаттықтырушыларды
күнделікті жұмысы
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ.
КІРІСПЕ
Спорт және қимыл ойындары – дене тәрбиесінің
сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар
денсаулықты сақтауға және нығайтуға
өте тиімді.
Сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең
тараған түрі волейбол болса керек. Енді
осы ойынның адам организіміне әсері туралы
қысқаша тоқталайық.
Ойын тактикасының қарапайымдылығы және
доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболдың
кқпшіліктің жаппай айналысуына жол ашты.
Ал волейболшылардың организіміне түсетін
салмақ мөлшері орташа деңгейде. Денеге
аса күшті әсер ететін қимыл – жүгіру
мұнда аз қолданылады. Волейбол ойнау
реакциясы жылдамдықты, ептілікті, төзімділікті
қалыптастыруға көмектеседі, тыныс, жүрек,
тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады,
ой шаршауынан арылтады, жалпы алғанда
организмге игі әсер етеді, волейбол адамды
коллективтік қимылға, жеке бас мүддесінің
команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті
болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке
келуге үйретеді.
Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт
мамандарының бірауызды пікірінше, волейболдың
емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан
зор.
Сондықтан да осынау тамаша ойын әрбір
мекеме, жоғары оқу орны, мектеп, демалыс
орны, тұрғын жайда берік орын алса, нұр
үстіне нұр болар еді.
Волейболдың дамуы және пайда болуы.
1985 жылы Америка Құрама Штаттары колледждерінің
бірінде доктор Уильямс Морган жаңа ойын
ойлап тапты. Ол «Волейбол» деп аталады.
Бұл сөздің дәл мағынасы «әуедегі доп».
Бұл ойын тез арада өз қолдаушыларын тапты.
Әсіресе ол американ өрт сөндірушілер
арасында кең таралды. Олар өрт мұнараларының
қасына жіп керіп қойып, сол арқылы үрленген
қарынды әрлі-берлі соғып мәз болысатын.
Волейбол біртіндеп американдықтардың
сүйікті ойынына айнала бастады. Оны балалар
мен жастар, орта жастағы еркектер мен
мырзалар, жас және жасамыс әйелдер ойнай
бастады. Бәсекелес ойын кезінде жас шағынан
шектеу болған жоқ. Фермерлердің балалары
әкелерімен, қыздар әжелерімен ойнай беретін.Ойынның
ережесі де тым қарапайым болатын, әйтеуір
допты жерге түсірмеу керек.
1987 жылы жоғарыда айтылған тақырыптар
Уильямс Морган ойын ережесін енгізуді
ұсынды. Ол кездегі ереже бүгінгіге мүлде
ұқсамайтын. Алаңның көлемі 7,6х15,1 метр,
тордың биіктігі 198 см еді. Доптың салмағы
340 грамм болатын. Екі жақтың да ойыншылар
санына шек қойылмайтын. Сондықтан да
олар бір-бірінің аяқтарын басып, допты
бірінші болып соғамын деп соқтығысып
қалып жататын.
Волейболдың дамуының бірінші кезеңі
1895-1920 жылдар. Бұл кезде ойын көрермендер
алдында өткізіліп командаға біріккен
ойыншылар өзге спорт түрлеріндегідей
формалар киіп шығатын. Таусылмайтын таласты,
тіпті тым қызбалау техастықтар арасында
жиі болатын жанжалдарды болдырма үшін
Морган алаңның орта тұсына бір бүйірден
орындық қойып, соған төрешіні отырғызуды
ұсынды. Төрешінің пікірі ойыншылар үшін
бұлжымас заң болды.
Кешікпей волейболды Орталық және Оңтүстік
Америкада, Куба, Перу, Бразилия, Уругвай
және Мексика елдерінде ойнай бастады.
900-ші жылдың басында волейболдан Азияда
Жапондар мен Қытайлықтар танысты.
Европаға волейбол 1914-1917 жылдары келді.
Әсіресе оны Чехия мен Словакия ұнатты.
1922 жылы Бруклинде жаңа әрі қызықты ойынның
көптеген жанкүйерлерін жинаған волейболдан
алғашқы ресми жарыс өтті.
Осыдан кейін американдықтар волейболды
УШ Олимпиада ойындарының программасына
енгізуді сұрады. Бірақ қатысатын елдердің
саны жеткіліксіз болғандықтан халықаралық
олимпиадалық комитет оны қабылдамады.
Соған қарамастан волейболдың қанаты
қатая берді. Европа мен Американың көптеген
елдерінде ол жетілдіріп, ережелері нақтылана
түсті. Командаға ойыншылар саны алты
адаммен шектеліп, алаң көлемі 9,1х18,2 м.
ұлғайды. Тор 243 см. биіктікке орнатылып,
допты үш рет қана кідіріссіз соғуға рұқсат
берілетін болды. Ұпай саны 15-ке дейін,есеп
14:14 екі ұпай артық болуы керек деп есептелді.
Матч үш партиядан тұрып, жеңімпаз атану
үшін оның екеуін ұту белгіленді.
Ғасырымыздың 30-шы жылдыры волейбол ең
көп тараған ойын болды. Оның техникасы
мен тактикасы да осы кезде дамыды. Толық
тосқауылға қарсы тордың шет жағынан соғу,
допты жоғарыға көтеріп барып соғу тәсілдері
пайда болды. Ойын барынша коллективтік
сипатқа ие болып, әрбір ойыншының міндеттері
айқындалды.
2.1. Ойынның техникасы мен
Ойынның техникасы мен тактикасын оқыту
бір-бірімен тығыз байланысты жүреді.
Техникалық дайындықтың негізгі міндеті
оның әртүрлі жағдайларында жоғары дәлдікке
жету үшін барлық техникалық тәсілдерді
игеріп, оларды одан әрі жетілдіре түсу
болмақ.
Волейболда төрт техникалық тәсіл бар:
допты бір-біріне беру,ойынға қосу, шабуылдай
соғу, тосқауыл қою.
Техникалық даярлықтың басты міндеті
- жарыс барысында қорғаушыларды ойынды
дұрыс жүргізуге үйрету. Бұл міндетті
шешу үшін жекелей топтық және командалық
әрекеттерді үйреніп, кездесудің тактикалық
жоспарын дұрыс жасап, оны жүзеге асыра
білуді қалыптастыру керек.
Шынығудың,техникалық және тактикалық
даярлықтың өзара байланысы және тәуелділігі
ойыншылар техникасының негізгі тәсілдерін
меңгере бастаған алғашқы сабақтардан-ақ
жүзеге асыруы қажет.
Ойын техникасы.
Ең алдымен шабуылдағы ойын техникасы
мен қорғаныстығы ойын техникасын ажырата
білгені жөн.
Шабуылдағы ойын техникасы.
Ойын техникасында дұрыс тұру және орын
алмастыру ерекше маңызға ие болды.
Шабуыл техникасында тұрудың бір ғана
түрі-негізгі түрі бар.Осындай тұрыста
аяқ иықтың мөлшерінде қойылып,тізеден
бүгіледі,жауырын тік,қол шынтақтан бүгіліп,
кеуденің алдындағы жағында ұсталады.
Шабуыл техникасы тәсілдерін орындау
кезінде ойыншы орын алмастырады.Орын
алмастыру кезінде түрлі бағытта жүріп
немесе жүгіріп атқарылады.
Шабуылдай соғу кзіндегі екі немесе бір
аяқпен секіру, бір орыннан жүгіріп келіп
секіру қолданылады. Ойыншы дер кезінде
орын ауыстырып, негізгі тұрыс қалпына
енгенде ғана техникалық тәсіл дұрыс орындалуы
мумкін.
2.2. Доп беруге оқыту методикасы.
Допты бір-бірне беру волейболдағы негізгі
техникалық әдістердің бірі. Допты беру
кезіндегі қолдың жағдайына байланысты
бір және екі қолмен жоғарыдан және төменнен
беру әдістері бар. Шабуыл техникасында
біз тек жоғарыдан беру тәсілін қарастырамыз.
Допты дұрыс берудің негізгі дер кезінде
доптың астына қарай орын ауыстырып, негізгі
тұрыс қалпына ену.
Қос қолмен жоғарыдан беру. Бұл негізгі
тұрыс қалпында атқарылады.Бір аяқ алда,жауырын
тік ұсталады.
Шынтақтан бүгілген қол беттің алдыңғы
жағында ұсталады.Қолдың саусақтары доптың
үлкендігіндей аумақта бүгіле ұстап ширыға
түседі.
Қимыл тізенің жауырынан басталып , сонан
кейін жауырын мен қол іске кіріседі. Қимыл
қолдың саусақтары мен білек буынының
серпіліп, доптың артынан сілтеуімен аяқталады.
Бағытына қарай доп алға, төбеге ,кері
бір бүйірге бекітілуі мүмкін. Топты тқбеге
, немесе артқа беру үшін ойыншы доптың
дәл астына орын ауыстырып, саусақтарын
төбесіне көтеріп, белін сәл бүгіу және
иығын кері серпіу арқылы жүзеге асыруы
қажет. Қол жоғары сермеледі де, саусақтар
білек буынына қозғалмайды. Допты төбеге
бергенде жауырын тік ұстап, қол жоғарыға
тік серпіледі.
Қашықтығына және біиіктігіне қарай доп
беру әртүрлі болады.Қашықтығы жөнінен
ол қысқа және ұзын, биіктігі жағынан төмен,
орта, жоғары болып бөлінеді. Допты алысқа
және биік беру кезінде ойыншының иығы
допты беретін бағытқа перпендикуляр
орналасуына ерекше көңіл бөлген жөн.
Жоғарыдан берудың бір түрі допты секіріп
беру болып табылады. Ол ешбір тірексіз
атқарылатын болған соң тым күрделі. Доптың
астына орын ауыстырған соң ойыншы жоғары
секіріп , бүгілген қолын жоғары шығарады.
Допты беру секірудің ең жоғары нүктесінде
қолды шынтақ және білек буындарында жазу
арқылы жүзеге асырылды. Шабуылдай соғу
ишарасын жасай отырып жоғарыдан беру
« кері серпәлу » деп аталады. Кей жағдайда
жоғарыдан беру бір қолмен атқарылады.
Допты бір-біріне беру:
Доп беруге оқыту бастапқы қалыпты дұрыс
игеруден басталады. Ойыншы негізгі тұрыс
қалпын қабылдап, орнықты күйде тұрып
, кез келген бағытқа орын ауыстыруға даяр
болуы керек. Негізгі тұрыс қалпында аяқты
дұрыс қойып, оның бүгілуіне, жауырын мен
қолдың жағдайына басқа көңіл бөлген жөн.
Доп беру кезінде болатын түрлі негізгі
қателіктер:
Жоғарыдан доп беруді жетілдіруге арналған
жаттығулар:
Допты ойынға қосу:
Допты қарсы жаққа беру – бұл допты ойынға
қосудың әдісі. Осы заманғы волейболда
допты ойынға қосу тек ойынды бастау үшін
ғана емес, сондай-ақ шабуылдың қуатты
құралы ретінде де пайдаланады. Допты
ойынға қосу төменнен тік, жоғарыдан тік
және жоғарыдан бір бүйірлей болады.
Допты ойынға қосу ережеде көрсетілген
талаптарға сай атқарылады. Допты ойынға
қосатын ойыншы алаңнан тыс беретін жерде
тұып, міндетті түрде допты көтере лақтырып
барып, бір қолмен соғып, допты тор арқылы
қарсыластар жағына береді.
Допты ойынға қосу үшін төменднгілер
талап етіледі:
Допты ойынға төменнен тік қосу.
Төменнен тік беру деген сөз доптың астынан
соғылуына байланысты берілген. Мұнда
ойыншы бетін торға беріп тұрады.
Допты ойынға қосу үшін ойыншы допты беретін
жерге орналасады. Аяқ иықтың тұсында,
сол аяқ алда, оң аяқ артта болады. Соғатын
қолға қарсы аяқ алға шығарылады. Допты
соғатын оң қол артқа сермеліп, доп белдің
тұсында бүгілген сол қолда тұрады. Содан
допты көтере лақтырған ойыншы допты оң
қолда сермей алға қарай көтере соғады.
Соққан кезде саусақтар ширыға түседі.
Доп соғылғаннан кейін оң қол доптың артынан
қозғалып, сол қол жаймен төмен түсіріледі
де, оң аяқ алға бір қадам жасайды.
Допты ойынға қосудың бұл түрінде допты
дұрыс көтере лақтырудың маңызы зор. Доп
ойыншының алдына, оң иықтың тұсына лақтырылып,
оны соққан кезде оң қол тіктелуі керек.
Допты лақтырғанда және соққанда ойыншы
оған қарап тұруы керек.
Допты ойынға төменнен тік қосу аса қауіпті
емес, бірақ барынша дәл. Бұл тәсіл ойынның
кәзіргі дәрежесінде аса тиімді болмағандықтан
спорттық разряды жоғары командаларда
жиі қолданылмайды. Аталған әдіс алдын
ала жүгірмей-ақ бір орыннан атқарылады.
Допты ойынға төменнен бір бүйірлей қосу.
Ойыншы допты бергенде торға бүйірмен
тұратын болғандықтан осылай аталған.
Доп берілген жерге тұрған ойыншы аяғын
алаңның беткі сызығына паралель қояды.
Сондай-ақ аяқ иықтың тұсында, тізеден
бүгіліп тұрады. Доп ойыншының алдында
белдің тұсында бүгілген қолда ұсталады.
Доп ойыншының алдына созылған қолдың
ұзындығындай жерге лақтыру керек. Мұнан
кейін жауырын оңға бұрылады. Доп жинақы
саусақтармен белдің тұсынан астынғы
жағынан созылады. Қол алға қарай ілесе
қозғалып ,оң аяқ солға қарай алға қадам
жасайды.
Бұл тәсіл ойынды үйренудің алғашқы кезінде
пайдалануға аса қолайлы.
Допты ойынға жоғарыдан тік қосу.
Мұнда ойыншы бетін торға берңп тұрады
да,доп жоғарыдан соғылады. Допты берерде
сол аяқ алға қойылады. Доп сол қолда жатады
да оның үстіне оң қол қойылады. Допты
жоғары лақтырған кезде жауырын артқа
қарай серпіледі. Сөйтіп дененің салмағы
оң аяққа түседі. Допты көтере лақтырған
кезде оң қол сермеу үшін төменнен жоғары
көтеріледі. Доп ойыншының алдына , оң
иықтық тұсына лақтырылуы керек . Доп жоғары
көтерілген қолдың тұсыне түскен кезде
ойыншы кеудесімен алға серпіліп , жинақы
саусақтарымен допты алға қарай көтере
соғады. Допты соққан соң алдынғы аяғымен
алға бір аттап , қол доптың артына қозғала
береді.
Допты ойынға қосудың бұл түрі кез келген
спорттық разядтағы командаларда пайдалана
береді.
Допты ойынға жоғарыдан бір бүйірлей
қосу.
Бұл тәсіл төменнен бір бүйірлей қосу
сияқты жүзеге асырылады, яғни ойыншы
торға сол жақ бүйірін беріп тұрады. Доп
жоғарыдан соғылады . Бстапқы қалпына
аяқ тізеден сәл бүгіліп тұрады. Допты
екі қолмен алда ұстап тұру керек. Доп
сол иықтың алдыңғы жағынан 1-1 метр биікке
лақтырылады. Допты лақтырған кезде дененің
саоғу салмағы оң аяққа түсіп, жауырынын
оңға қарай иіледі. Оң қол жиналмай төмен
түседі. Допты соққан кезде оң аяқ жауырынмен
бірге түзеледі. Оң қол жиналмай жоғары
көтеріледі. Допты жинақы саусақпен соғу
керек.Допты соққан соң оң аяқ алға бір
аттайды.
Қолды артқа қарай сермеу соғу қимылына
қарағанда едәуір жаяу атқарылатын атап
өткен жөн, допты соғу күші жауырынды екпіндей
бұру және соғатын қолдың жылдамдығына
сай арта түседі. Допты ойынға қосудың
бұл түрі өте күшті. Сондықтан кез-келген
разрядтағы командада қолданылады.
Жоғарыда аталған допты ойынға қосудың
тқрт түрінен басқа да тәсілдері бар. Төменнен
бір бүйрлей берудің тағы бір түрі қалықтаса
беру әдістері соған дәлел.
Оң қолмен төменнен шира беру кезінде
ойыншы торға оң бүйрмен тұрады. Аяқ иықтың
тұсына қойылып , доп сол қолда белдің
тұсында жатады. Допты көтере лақтырған
кезде оң төмен түсіп ,артқа қарай көтереді.
Сонан соң оң қол төменнен жоғары қарай
сермеліп, допты кеуде тұсында саусақтардың
сыртқы қырымен соғады. Соққан соң қол
жоғары қарай қозғалысын жалғастырады.
Допты ойынға қалықтата қосу-өзінің тәсілі
жағынан жоғарыдан тік , немесе жоғарыдан
бір бүйірлей болуы керек. Лақтырар алдында
ойыншы допты қос қолымен әдеттегіден
жоғарырақ ұстап тұрады. Доп қатты саусақтарымен
дәл ортасынан соғылып , қол оның артынан
ілеспейді. Доп ойынға қалықтата қосу
соңғы кездері жоғары спорттық разяды
бар командаларда кезеңнен қолданылып
жүр.
Допты ойынға қосуға үйрету методикасы.
Оның әр түрін оқытып , үйретуде төмендегідей
реттік сақталады. Алдымен төменнен беру
үйретіледі. Өйткені ол бастапқы кезде
ойынды ойдағыдай өткізуге мүмкіндік
береді. Кейіннен жоғарыдан беру үйретіледі.
Ең алдымен дененің желкеленген бөлектерінің
қимыл реті допсыз үйретіліп, бастапқы
қалыпты дұрыс игеруге көңіл бөлінеді
сонан кейін допты көтере лақтыру, одан
әрі допты соғу әдістері оқытылады. Бұл
кезде тор арқылы беруге әлі ертелеу.
Жоғарыдағы сәттерді үйренген соң допты
ойынға қосуды тұтастай жүзеге асруға
болады. Оның реті төмендегідей:
Тікелей шабуылдай соғу
Ол жүгіруден , допты соғудан және жерге
түсуден тұрады. Жүгіру қашықтығы қысқа
болса да секіру биіктігін қамтамасыз
еткендей екпрін беретін болуы керек .
Жүгіру қашықтығы 2,5 – 3 м. шамасында болады.
Ол екі-уш қадамнан тұрады. Ең соңғы қадам
барынша үлкен болып ,аяқ аздап бүгіліп
барып , алға шығып , салмақ өкшеге түседі.
Содан соң екінші аяқ сәл алға шығады да
, ол ұшынан басып , секіруге ыңғайланады.
Секіру кезінде жауырын тік , қол төмен
түсірілген. Сонан кейін барып аяқ ширыға
тіктеліп, қол төмен алға , жоғары қатты
сермеледі.
Әуеде ойыншы иығын артқа жіберіп , бағатын
қол кері қарай сермеліп , секірудің ең
жоғары нүктесінде доп соғылады.Саусақтар
жинақы , қатты болады.
Ойыншы жерге бетін торға қарата түседі.
Бұл оған қайта секіруге , немесе кез келген
бағытта орын ауыстыруға мүмкіндік береді.
Бір бүйірден шабуылдай соғу
Соғудың бұл түрі доп тордан алыста болған
кезде пайдаланылады. Секіру кезінде аяқтың
табанынан торға паралель қою арқылы ойыншы
оған бүйірімен бұрылады. Сермелген кезде
қол артқа қарай жартылай шеңбер жасап
, кері қарай қозғалғанда допты соғады.
Допты секірудің ең нүктесінде соққан
жөн. Соғар кезде доп ойыншының үстіне
сәл алға болуы керек . Допты соққан соң
ойыншы бетін торға қаратқан күйі жерге
түседі.
Тік және бір бүйірлей шабуылдай соғудың
тағы бір түрі аударыла шабуылдай соғу
болмақ. Оны атқару кезінде доптың ұшу
бағыты ойыншының жүгіру бағытымен сай
келеді. Бұл алдынғыларына қарағанда күрделілеу.
Мұнда секірудың ең жоғары нүктесінде
ойынш басын күрт бұрып сол қолын жанына
қарай сермеп , кеудесін бұрып алады да
допты соғады. Сонан соң допты соққан бағытқа
бетін бұрып , аяғын бүгіп , жерге түседі.
Кейде кеудені бұрмай-ақ аудара соғу білекті
бұру арқылы да жүзеге асырылады. Мұнда
соғатын қол тік тимей иіліп барын допқа
жанынан тиеді.