Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 18:24, лекция
Мектепке дейінгі мекемеде спорттық жаттығулардын шаңғы, шана, коньки тебу, самокат, әткеншектер, жүзу сияқты түрлері қолданылады. Спорттық жаттығулармен айналысу таңертеңгілік (сабақтан кейін) және кешкі (бесін мезгіліндегі тамақтан соң) мезгілде балалар таза ауада болып келгенннен кейін ұйымдастырылады. Бұл жаттығуларды үйрету барысында бірінші орынға сәбилердің қауіпсіздігі қойылады. Осы қауіпсіздікті сақтау үшін спорттық жаттығуларды үйрету әдістемесін білген жөн. Тәрбиеші әрбір жаттығудың нақты міндетін тұжырымдай отырып, жаттығуды үйретудің бүкіл кезенің жоспарлайды. Нақты үйрету алдында ол жаттығудың мазмұнын, мөлшерін, қарқынын, сондай ақ жаттығу өткізу әдістемесіне нұсқауды нақтылайды.