Косылган кун салыгы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 14:37, курсовая работа

Краткое описание

ЕСКЕРТУ: Бүкiл мәтiндегi "Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы" деген сөздер "Салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздермен ауыстырылды, "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлыққа" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңның", "Заңмен", "Заңда", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыз N 929 Бұйрығымен.

Вложенные файлы: 1 файл

косылган кун салыгы.docx

— 52.21 Кб (Скачать файл)

I-бөлiм. Қосылған  құнға салынатын салық ұғымы   
      Қосылған құнға салынатын салық дегенiмiз - тауар өндiру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналысы процесiнде қосылған құн өсiмiнiң бiр бөлiгiнiң бюджетке аударылымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауар импорттау кезiнде жасалатын аударым. Бюджетке төлеуге жататын қосылған құнға салынатын салық сатылған тауарлар, жұмыстар немесе көрсетiлген қызметтер үшiн есептелiп қосылған құнға салынатын салық сомасы мен сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар немесе көрсетiлген қызметтер үшiн төленуге тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасының арасындағы айырма ретiнде анықталады.<*>   
      ЕСКЕРТУ. I-бөлiм өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк салық комитетiнiң 1997.01.14. N 9  V970032_  бұйрығымен.           

II-бөлiм. Қосылған  құнға салық салу объектiсi   
      1. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт қосылған құнға салық салу объектiсi болып табылады.   
      2. Салықтан босатылған және өз өндiрiсiнiң мұқтажы үшiн жүзеге асырылатынынан басқа, Қазақстан Республикасының шегiнде жүзеге асырылатын тауарларды, атқарылатын жұмысты немесе көрсетiлген қызметтi өткiзу жөнiндегi айналым, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген ережелерге сәйкес анықталатын айналым салық салынатын айналым болып табылады.<*><*>   
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше - мемлекеттерi басшыларының Келiсiмiне сәйкес салық салынатын айналым Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мүше - мемлекеттерi шегiне тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтердi өткiзу жөнiндегi айналым болып табылады.   
      Қазақстан Республикасының аумағында сатылған жолдамалардың құнына енгiзiлген, Қазақстан Республикасы туристiк фирмаларының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер шегiнен тыс жерлерде көрсеткен қызметi (тамақтану, қонақ үйлерiнде тұру, экскурсиялық қызмет көрсету және т.б.) қосылған құнға салық салу объектiсi болып табылмайды.<*>   
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер шегiнен тыс жерлерде туристердiң болуымен байланысты маршруттар бойынша туристiк жолдамалар өткiзумен шұғылданатын Қазақстан Республикасының туристiк фирмалары бойынша аталған жолдамаларды өткiзуден түскен түсiм қосылған құнға салық салынатын объект болып табылады, оған осы Нұсқаулықтың 31-тармағына сәйкес қосылған құнға салынатын салықтан босатылған жүк пен жолаушыларды тасу құны, сондай-ақ шетелдiк әрiптестердiң Тәуелсiз Мемлекеттiк Достастығынан тыс жерлерде туристерге көрсететiн қызметiнiң құны қосылмайды.<*><*>   
      Қосылған құнға салынатын салық айналысына, сондай-ақ жұмыс тауарларын жiберу немесе бiр кәсiпорынның құрылымдық бөлiмшелерi арасындағы қызмет көрсетулер жатады, егер олар осы Нұсқаулықтың 10-тармағына сәйкес қосылған құнға салынатын салықты өз бетiнше төлейтiн болып табылса.<*>   
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң   
               1996.09.18. N 209 бұйрығымен  V960021_  .   
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк салық комитетiнiң 1997.01.14. N 9 бұйрығымен.   
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк салық комитетiнiң 1997.12.29. N 1 бұйрығымен.  V970058_    
      3. "сату" термині атқарылған жұмыстарды, қызмет көрсетулерді, сату, айырбастау мақсатында тауарларды тиеуді, кепіл ұстаушы меншігіне тегін беру немесе кепіл тауарларды беруді білдіреді.   
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік Кіріс министрлігінің 1999 жылғы 19 мамырдағы N 519 Бұйрығымен.  V990826_    
      4. Тауарларды, жұмыс немесе қызмет көрсетудi өткерудiң айналымы жөнелтiлген тауардың, орындалған жұмыстың немесе көрсетiлген қызметтiң құнына қарай анықталады.<*>   
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттiк салық   
               комитетiнiң 1997.01.14. N 9 бұйрығымен.   
      5. Заттай түрiнде жалақы және басқа да төлемдер төленген жағдайда берiлген заттардың құнына, осы Нұсқаудың 39-41-1 тармақтарында көзделген ставка бойынша қосылған құнға салынатын салық қосылады.<*>   
      Делдалдық көмек қаражаттарының есебінен қызмет көрсетілген, жұмыс жасалған жағдайда, бұл қызметтердің, жұмыстардың құны жалпы қабылданған тәртіппен қосылған құн салығына жатқызылады.<*>   
      Тауарлар, оның ішінде салық органының шешімі бойынша шектелген, аукциондардың лотосы ретінде қойылғандары, олардың сатып алушыға өткізілген фактісі пайда болған жағдайда, жалпы қабылданған ретте қосарланған құн салығын салуға жатқызылады. Мұндай жағдайда салық төлеуші тауарларды жөнелтуді жүргізген тұлға болып табылады. Бұл орайда салық салынатын айналыстың мөлшері осы Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес айқындалады.<*>   
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ екінші және үшінші абзацтармен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің 1998.05.02. N 39   
                V980083_  бұйрығымен.   
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың бірінші абзацы өзгертілді - ҚР Мемлекеттік Кіріс министрлігінің 1999 жылғы 19 мамырдағы N 519 Бұйрығымен.  V990826_    
      ЕСКЕРТУ: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыз N 929 Бұйрығымен. V990963_    
      6. Осы нұсқаулықтың 31 тармағының, 31-1-тармағына сәйкес салықтан босатылғанынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шоттарына сәйкес импортталатыннан басқа импортталатын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.<*><*>   
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк салық   
               комитетiнiң 1997.01.14. N 9 бұйрығымен.   
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк салық комитетiнiң 1997.12.29. N 1 бұйрығымен.  V970058_    
      ЕСКЕРТУ: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің  1999 жылғы 4 тамыз N 929 Бұйрығымен.  V990963_    
      7. Егер тауарлар салық төленуге өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiнiң мақсаттары үшiн берiлсе, бiрақ оларды ол немесе өзге адамдар жеке мақсаттары үшiн өтемсiз пайдаланса, онда аталған тауарларды пайдалану салық салынатын айналым ретiнде қарастырылатын болады.   
      8. Шаруашылық жүргiзушi субъектi - қосылған құнға салынатын салықты төлеушi қызметi тоқтатылған жағдайда, оның тауарларының қалдығы бюджетпен есеп айырысу мақсатында салық салынатын айналым ретiнде қарастырылады.<*>   
      Мысалы: Салық төлеушiнiң кәсiпорынды жою сәтiнде 100 мың теңге мөлшерiнде өткiзiлмеген тауарлар қалдығы болып, сол бойынша 20 мың теңге салық бұрын есепке жатқызылады (қосылған құнға салынатын салық бойынша төлемдердi азайтуға). Бюджетпен түпкiлiктi есеп айырысқанда 20 мың теңге мөлшерiндегi қосылған құнға салынатын салық сомасы бюджетке төленуге тиiс.<*>  
     ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк салық комитетiнiң 1997.12.29. N 1 бұйрығымен.  V970058_                    

III-бөлiм. Салық  төлеушiлер    

9. Қосылған құн  салығын төлеушілер заңды және  жеке тұлғалар, сондай-ақ қосылған  құн салығы салынатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді  жүзеге асыру жөнінде айналысы  бар, тұрақты мекеме арқылы  іс-әрекетін жүзеге асыратын резидент  еместер болып табылады.  
     Заңды тұлғалар мыналар:  
     а) толық серіктестік;  
     б) коммандиттік серіктестік;  
     в) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;  
     г) қосымша жауапкершілікті серіктестік;  
     д) акционерлік қоғамдар;  
     е) еншілес және тәуелді шаруашылық серіктестігі;  
     - өнеркәсіптік кооперативтер;  
     - мемлекеттік кәсіпорындар, бірлестіктер мен ұйымдар;  
     - коммерциялық емес ұйымдар;  
     - шетелдік кәсіпорын немесе бірлескен кәсіпорын нысанында құрылған шетел қатысатын кәсіпорын.  
      Тұрақты мекемесі арқылы Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады.   
      Заңды тұлға болып Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар.   
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 1998 жылғы 10 қазан N 62 бұйрығымен.  V980546_    
      9-1. Қосылған құн салығын төлеушiлерге өз өндiрiсi тауарларын (жұмыстарын, қызмет көрсетулерiн) сату бойынша айналым негiзiнде бiртұтас жер салығын төлеушiлер жатпайды. Бiртұтас жер салығын төлеушiлер өз өндiрiсi емес тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сату бойынша айналым негiзiнде жалпы белгiленген тәртiпте қосылған құн салығын төлеудi жүзеге асырады.   
      ЕСКЕРТУ: 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс   
               министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыз N 929 Бұйрығымен.  V990963_    
      9-2. Қазақстан Республикасының резидентi бюджетке төленетiн салығын оларға тауарларды (жұмыстарды және қызмет көрсетулердi) жеткiзiлген есептi кезеңге жүргiзiледi.<*>   
      Қосылған құнның салығын төлеу аталған осы бейрезиденттер осы тіркелмеген бейрезиденттерге немесе басқа тұлғаларға аударған қаражаттарының есебінен жүргізіледі. Салық салынатын айналыс бейрезиденттің сатып алушы төлеушілердің қосылған құн салығынан алатын кірісі болып табылады.<*>   
      Бұл тәртіп Қазақстан Республикасының резиденті сыртқы шарттар сондай-ақ осы Нұсқаудың 16-тармағында қарастырылған тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулер үшiн төлеу жағдайларында бойынша республика аумағында әкелінетін импорт тауарларға төленген жағдайда қолданылады.<*><*>   
      Егер Қазақстан Республикасының резиденті қосылған құнға салынатын салықты төлеуші болып табылса, онда резидент үшін қосылған құнға төленетін салық сомасы оның бюджетке төленген фактілерін растайтын құжаттар бар болған жағдайда қосылған құнға салынатын салық бойынша төлемдер есепке (кемітіліп) қабылданады.<*>   
      Егер Қазақстан Республикасының резиденті қосылған құнға салынатын салық төлеуші болып табылмаса, резидент үшін және қосылған құнға төленген салық сомасы есепке қабылданбайды.<*>   
      ЕСКЕРТУ. III-бөлiм 9а-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк   
               салық комитетiнiң 1997.01.14. N 9 бұйрығымен.   
      ЕСКЕРТУ. 9а-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк салық комитетiнiң 1997.12.29. N 1 бұйрығымен.  V970058_    
      ЕСКЕРТУ. 9а-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР   
               Қаржы министрлігі Салық комитетінің 1998.05.02. N 39   
                V980083_  бұйрығымен.   
      ЕСКЕРТУ. 9а-тармақтың бірінші абзацы алынып тасталынды -   
               ҚР Мемлекеттік Кіріс министрлігінің 1999 жылғы   
               19 мамырдағы N 519 Бұйрығымен.  V990826_    
      ЕСКЕРТУ: 9а тармақ 9-2 тармақ болып саналды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыз N 929 Бұйрығымен.  V990963_    
      10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі заңды тұлғалардың бөлiмшелерiне дербес салық төлеушiлер ретiнде қарай алады.<*><*><*>   
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттiк   
               салық комитетiнiң 1997.01.14. N 9 бұйрығымен.   
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк салық комитетiнiң 1997.12.29. N 1 бұйрығымен.  V970058_   
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік Кіріс министрлігінің 1999 жылғы 19 мамырдағы N 519 Бұйрығымен.  V990826_    
      11. Қазақстан Республикасының кеден аумағы импортты жүзеге асыратын, әрекетiнiң немесе кәсiпкерлiк қызметiнiң фактiсiнен, бұған қарамастан заңды және жеке тұлғалар сондай-ақ, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асатын резидент еместер импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша салық төлеушiлер болып табылады.<*><*><*>   
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк   
               салық комитетiнiң 1997.01.14. N 9 бұйрығымен.   
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк салық комитетiнiң 1997.12.29. N 1 бұйрығымен.  V970058_   
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік Кіріс министрлігінің 1999 жылғы 19 мамырдағы N 519 Бұйрығымен.  V990826_    
      12. Қосылған құн салығын төлеу жөніндегі міндеттеменің мүліктік кепілдігі бойынша:   
      а) кепілдік берушіде - кепілдік мүлкін алып алу (заем қаражаттарын өтеу мерзімінің бітуіне байланысты тапсырып беру) сәтінде пайда болады.   
      Бұл орайда кепілдік беруші кепілдік ұстаушыға осы нұсқаудың 48- тармағында белгіленген тәртіппен салық шот-фактурасын жазып беруге міндетті.<*>   
      Кепіл беруші салық шот-фактурасын салық ұстаушыға берілетін мүлік тиеу күнінен кешіктірмей көшіріп алады.<*>   
      Егер мүлік кепілі кепіл берушімен заем қаражаттарын өтеу мерзіміне дейін қолданса, және аталған мерзім ішінде кепіл ұстаушы алдындағы міндеттер оларға орындалмаса, онда мұндай жағдайда кепіл берушіге салық шот-фактурасы заем қаражаттарын өтеу мерзімі бітуі бойынша көшіріп алынады. Салық шот-фактурасында аталған кепіл берушіден кепіл ұстаушыға берілетін салынатын айналым мөлшері заем қаражаттары алынған мөлшерден ескеріліп айқындалады.<*>   
      Егер алынған заем қаражаттар мөлшері сатып алынған (нақты жиналған жұмсалған қаражаттар) мүліктер бағасынан төмен жағдайда, кепіл берушіден кепіл ұстаушыға берілген, осы Нұсқаудың 17-тармағына сәйкес кепіл беруші бюджетімен өзара есептер мақсатымен салынатын айналым мөлшері айқындалады.   
      б) кепілдік ұстаушыда - салық берушіден алынған кепілдік мүлкін өткізу сәтінде.   
      Бұл орайда кепілдік ұстаушы осы нұсқаулықтың XVI бөлімінде айқындалған тәртіппен салық беруші тапсырған салық шот-фактурасы бойынша қосылған құн салығының сомасын төлемдердің есебіне (кемітуге) жатқызуға құқығы бар.<*>   
      Кепілұстаушының салынатын айналым мөлшері сатылатын мүлік бағасы негізінде, бірақ оның сатып алынған бағасынан төмен емес мүлік кепілін сатуда айқындалады. Аталған мүліктің сатып алынған бағасы оларға процент бойынша есепсіз есептелетін берілген заем қаражаттары (кредит, несиелер) құны мөлшерінен ескеріліп айқындалады.<*>   
      Мысал: Ұйымға банк 120 млн. теңге көлемінде мүлікті кепілдікке кредит берді, оның 100 млн. теңгесі - мүліктің сатып алынған бағасы, 20 млн. теңге - кепіл берушіге салық шот-фактурасында көшірілген ҚҚС сомасы. Кредитті өтеу мерзімі біткенше банктен 110 млн. теңгеге, соның ішінде ҚҚС 18,3 млн. теңгеге мүлік сатып алынған. Салынатын айналым осы жағдайда сатып алынған бағасынан 8,3 млн. теңге төмен 91,7 млн. теңгені құрады. Демек, Банкке оның 8,3 млн. теңге өсуі мен 1,7 млн. теңге сомаға ҚҚС үстеп есептелетін жағында салынатын айналым түзетілуге салық органына берілген ҚҚС жөніндегі декларация жасау қажет.<*>  
     ЕСКЕРТУ. 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 1998 жылғы 10 қазан N 62   бұйрығымен.   V980546_      

 ЕСКЕРТУ. 12-тармақ  өзгертілді және толықтырылды - ҚР  Мемлекеттік Кіріс министрлігінің 1999 жылғы 19 мамырдағы N 519       Бұйрығымен.  V990826_      

13. Тәркіленген  тауар өткізілген кезде осы  тауарды өткізуші қосылған құн  салығын төлеуші болып табылады.  
     ЕСКЕРТУ. 13-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің   
              Салық комитеті Төрағасының 1998 жылғы 10 қазан N 62                  бұйрығымен.   V980546_          

IV-бөлiм. Қосылған  құнға салынатын салық бойынша  
                  есепке қою және есептен шығару<*>    

 ЕСКЕРТУ. IV-бөлiм, 12-15а-тармақтары алынып тасталды - ҚР              Мемлекеттiк салық комитетiнiң 1997.12.29. N 1 бұйрығымен.   V970058_                  

V-бөлiм. Халықаралық  шарттар     

16. Қазақстан  Республикасы қатысушы болып  табылатын халықаралық шарттарға  сәйкес тауарлар, атқарылған жұмыстар  немесе көрсетiлген қызметтер  үшiн уағдаласушы тараптармен  келiсiлген мөлшердегi бағалар  бойынша қосылған құнға салынатын  салықты ескерiп, есеп айырысу  көзделуi мүмкiн.   
      Бүгiнгi таңда Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер үкiметiнiң арасындағы "Салық саясатының келiсiлген принциптерi туралы" Келiсiмге сәйкес тауарлар және қызметтер үшiн өзара есеп айырысу бұл елдердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арасында (басқа тәртiптер көздейтiн, халықаралық келiсiмдер жасалған елдерден басқалары) қосылған құнға салынатын салықты ескере отырып (жаңа келісімдер жасалғанға дейін) қойылатын бағалар (тарифтер) бойынша жүзеге асырылады.<*><*>   
      Мұның өзінде қосылған құнға салық сомасы қолма-қол ақша шот-фактуралары кезінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-мемлекеттерден төленген жеткізушілер (төлеуге тиісті) қосылған құнға салық бөлек жолмен бөлінгенде сатып алушыларда тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің), егер аталған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) кәсіпкерлік қызметпен байланысты, осы Нұсқаудың 36-тармағында көрсетiлген сату бойынша айналымдар мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлардан басқа болса есепке енгізуге тиісті. Кей жағдайларда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-мемлекеттер Қазақстан Республикасында белгіленген асырылған ставкалар мөлшері салық ставкасының мөлшерінде қолданылады, Қазақстан Республикасы салық төлеушісіне ставкадағы айырмашылық сатып алынған тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) бағасының өсуіне және жалпы белгіленген тәртіпте енгізілуге тиісті шығындарға жатады.<*>   
      Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрмаған шаруагер субъектiлер жөнелткен (орындаған, көрсеткен) тауарлар (жұмыс, қызмет) бойынша есеп фактураларында, төлемге белгiленген басқа да есеп айырысу құжаттарында көрсетiлетiн қосылған құн салығының сомасы 1997 жылдың 1 қаңтарынан 1998 жылдың 17 шілдесіне дейінгі кезеңде қосылған құн салығы жөнiндегi төлемдердiң есептемесiне (кемiтуге) жатқызылмайды және осындай тауарлардың (жұмыстың, қызметтiң) өткеру бағасы бойынша есепке алынады.<*><*>   
      ЕСКЕРТУ. 16-тармақтың соңғы абзацы жаңа редакцияда - ҚР   
               Мемлекеттiк салық комитетiнiң 1997.01.14. N 9  V970032_    
               бұйрығымен.   
      ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк салық комитетiнiң   
               1997.12.29. N 1 бұйрығымен.  V970058_    
      ЕСКЕРТУ. 16-тармақтың екінші, үшінші абзацтары толықтырылды -   
               ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының   
               1998 жылғы 10 қазан N 62 бұйрығымен.  V980546_    
      ЕСКЕРТУ. 16-тармақ үшінші абзацпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік   
               Кіріс министрлігінің 1999 жылғы 19 мамырдағы N 519   
               Бұйрығымен.  V990826_    
      ЕСКЕРТУ: 16-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс   
               министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыз N 929 Бұйрығымен.  V990963_    
      16-1. 16-тармақтағы Ережеге Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алудың принциптері туралы үкіметаралық жасалынған келісім Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-мемлекеттерден төленген жеткізушілер (төлеуге тиісті) қосылған құнға сомасы қатынасында қолданылмайды.   
      Осы уақытта мұндай келісім жасалынған және мына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-мемлекеттер жұмыс істейді:   
      - Қырғызстан Республикасымен - Алматы қаласында 1997 жылғы 18 ақпанда қол қойылған Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алудың принциптері туралы келісім  Z980271_  1997 жылғы 18 ақпаннан бастап уақытша күшіне енді, 1998 жылғы 18 желтоқсаннан бастап түпкілікті күшіне енді;   
      - Әзірбайжан Республикасымен - Алматы қаласында 1997 жылғы 9 маусымда қол қойылған Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алудың принциптері туралы келісім  Z980239_  1998 жылғы 9 шілдеден бастап күшіне енді;   
      - Молдова Республикасымен - Кишенэу қаласында 1997 жылғы 12 маусымда қол қойылған Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алудың принциптері туралы келісім  Z980290_  1998 жылғы 25 қарашадан бастап күшіне енді;   
      1997 жылғы 13 мамырда Киев қаласында Украинамен тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты және импорты кезiнде жанама салықтарды алу принциптерi туралы қол қойылған Келiсiм 1999 жылғы 31 мамырдан бастап күшiне ендi.<*>   
      1997 жылғы 13 мамырда Минск қаласында Беларусьпен тауарлардың (жұмыстардың) экспорты және импорты кезiнде жанама салықтарды алу принциптерi туралы қол қойылған Келiсiм 1999 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшiне ендi.<*>   
      Аталған келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасынан Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты жоғарыда аталған мемлекеттердің аумағына нөлдік ставка бойынша қойылған құнға салық салынады, ал аталған мемлекеттерден Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) импорты Қазақстан Республикасы аумағында жалпы белгіленген тәртіпте қосылған құнға салық салынады. Мұның өзінде қосылған құнға салық кедендік ресімдеу кезінде төленген есепке енгізілуге тиісті.   
      ЕСКЕРТУ. 16-1 тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік   
               Кіріс министрлігінің 1999 жылғы 19 мамырдағы N 519   
               Бұйрығымен.  V990826_    
      ЕСКЕРТУ: 16-1-тармақ өзгертілді және алтыншы және жетiншi абзацтармен   
               толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің   
               1999 жылғы 4 тамыздағы N 929 Бұйрығымен.  V990963_    
      16-2. Тауар бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мүше-мемлекеттерінен (16-1 тармағында көрсетілген мемлекеттерден басқа) импортталатын қосылған құнға салық төлеу оның Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелінгенде жүргізіледі, кедендік ресімдеу кезінде салық сомасына төленген, сол сияқты шот-фактураларында аталған жеткізушілер қосылған құнға салық сомасы есепке енуге тиісті.   
      Тоқыма, тiгiн, терi-аяқ киiм өнеркәсiбiнде пайдаланылатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерi-мүшелерiнен импортталатын тауарлар бойынша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнен тапсырушы төлеуге тиiс салық сомасы шығындарға жатқызылады. Қазақстан Республикасына әкелiнетiн аталған тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiндегi қосылған құн салығын төлеу жағдайында төленген салық сомасы қоса есептеуге жатқызылады.<*>   
      ЕСКЕРТУ. 16-2 тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік   
               Кіріс министрлігінің 1999 жылғы 19 мамырдағы N 519   
               Бұйрығымен.  V990826_    
      ЕСКЕРТУ: 16-1-тармақ өзгертілді және алтыншы және жетiншi абзацтармен   
               толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің   
               1999 жылғы 4 тамыздағы N 929 Бұйрығымен.  V990963_              

VI-бөлiм. Салық  салынатын айналымның мөлшерi   
        
       17. Салық салынатын айналым оларға қосылған құн салығын енгiзбестен қолданылатын бағалар мен тарифтерден шыға отыра сатылатын тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердiң құны негiзiнде, бiрақ сауда-делдалдық қызметi үшiн оларды сатып алудың төмен емес бағасынан белгiленедi.   
      Салық салынатын айналымға осы Нұсқаудың 31 және 32 тармақтарымен қарастырылған жағдайлардан тыс тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау және қызмет көрсетулер бойынша келiсiм-шарттармен қарастырылған шарттарды бұзғаны үшiн айыппұлдарды, өсiмдердi, тұрақсыздық айыптарын қоса осы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) сатып алушысынан сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн алынған барлық қаражаттар енгiзiледi.   
      Сатып алу бағасын белгiлеудi салық төлеушi бухгалтерлiк есеп мәлiметтерi негiзiнде жүргiзедi.   
      Салық салу мақсаттары үшiн сатып алу бағасы өзiне тауарлардың сатып алу құнын, сондай-ақ олар осы Нұсқауға сәйкес қоса есептеуге жатқызылған қосылған құн салығы сомасы бойынша және қосылған құн салығы сомасын көрсете отыра салықтық шот-фактуралары қойылған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жеткiзушiлер ол бойынша оларды сатып алу және сатумен байланысты шығыстар құнын қосады.   
      Тауарлар алумен байланысты шығыстарға тауарлар әкелу кезiндегi тiкелей тауарлар алумен байланысты көлiктiк-дайындау шығыстары және басқа да шығыстарда төленген салықтар және баждар жатады.   
      Тауарларды сатумен байланысты шығыстар өзiне салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметiмен байланысты олармен есептi кезең үшiн (81 тармақ бөлiмшесiнiң "Тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шығыстары" шоттары және 82-шi "Жалпы және әкiмшiлiк шығыстары") кезең шығыстарына жатқызылады.   
      Сауда-делдалдық қызметi үшiн алу бағасынан төмен экспорттық операциялар бойынша тауарларды сату кезiнде сату бағасы мен сауда-делдалдық қызметi үшiн алу бағасы арасындағы айырым осы Нұсқаудың 39 және 41-1 тармақтарында қарастырылған ставкалар бойынша қосылған құн салығы салық салынуына жатады.   
      ЕСКЕРТУ: 17-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс   
               министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929   
               Бұйрығымен.  V990963_    
      18. Тауарларды, атқарылған жұмысты немесе көрсетiлген қызметтi алмасу кезiнде немесе олардың өтемсiз беру кезiнде салық салынатын айналым салық төлеушiнiң айырбастау немесе беру кезiнде қалыптасқан, бiрақ iс жүзiндегi шығындарынан төмен болмайтын қосылған құнға салынатын салық енгiзiлген бағаның деңгейiнде анықталады.   
      Барабар емес алмасу кезінде салық салу мақсаты үшін салық салынатын айналыс тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) ең жоғары құны негізінде айқындалады, бірақ оның мөлшері жөнелтілген тауарлардың іс жүзінде жинақталған шығындарынан кем болмауға тиіс.<*>   
      Мәселен А кәсіпорыны Б кәсіпорынына құны 5000 теңгелік Б кәсіпорнынан алынған тауардың орнына құны 3000 теңгелік тауар жөнелткен. Салық салу мақсаты үшін салық салынатын айналысқа мыналар енгізіледі:<*>   
      - А кәсіпорнында - Б кәсіпорынынан алынған тауарлардың құны бойынша жөнелтілген тауарлардың құны, яғни 5000 теңге;   
      - Б кәсіпорынында - А кәсіпорынына жөнелтілген тауарлардың құны, яғни 5000 теңге.   
      ЕСКЕРТУ. 18-тармақ абзацтармен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің   
               Салық комитеті Төрағасының 1998 жылғы 10 қазан N 62   
               бұйрығымен.  V980546_    
      18-1. Салық төлеушi нақты қалыптасқан шығындарды белгiлеудi бухгалтерлiк есеп мәлiметтерi бойынша жүргiзедi.   
      Нақты қалыптасқан шығындар өзiне 80 тармақ бөлiмшесiнiң "Сатылған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң өзiндiк құны" тиiстi шоттарындағы көрсетiлген өзiндiк құнын, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметiмен байланысты салық төлеушiнiң және олармен есептi кезең ("Тауарлар сату, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шығындар" 81 тармақ бөлiмшесiнiң және 82 "Жалпы және әкiмшiлiк шығындары" шоттары) үшiн кезең шығыстарына жатқызылған шығындары қосылады.   
      Есептi кезең шығыстары аталған есептi кезең үшiн сатудың (қосылған құн салығынсыз) жалпы құнындағы есептi кезеңде оларды тегiн беру кезiнде немесе баспа-бас операциялар бойынша сатылған өнiмнiң үлестi салмағы құнынан (қосылған құн салығынсыз) шыға отыра сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) нақты қалыптасқан шығындарын қосады.   
      ЕСКЕРТУ: 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс   
               министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929   
               Бұйрығымен.  V990963_    
      19. Егер тауарлар салық төлеушiге өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiнiң мақсаттары үшiн берiлсе, бiрақ оларды салық төлеушi немесе өзге адамдар жеке мақсаттары үшiн өтемсiз пайдаланса, онда аталған тауарларды пайдалану осы тауарларды өткiзу жөнiндегi айналым ретiнде қарастырылатын болады. Бiрақ iс жүзiндегi шығындарынан төмен болмауы тиiс.   
      19-1. Мүлiктерi бөлiнген, жоғалған (табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесiнде пайда болған жағдайлардан басқа жағдайларда) жағдайда осы мүлiктiң құны мен шығындар мүлiк құнынан және нормативтен тыс шығындардан, бiрақ нақтылы орын алған шығындардан төмен емес, шыға отырып көлемi айқындалатын, айналысқа салық салу ретiнде қарастырылады.<*>   
      Негізгі қор ретінде сатып алынған жеңіл автомобильдердің жоғалуы, бұзылуы кезінде, сонымен қатар, ғимараттың қираған кезінде, олардың қалдық сомасына қосымша құн салығы салынбайды, егер көрсетілген мүлік бұрынырақ қосымша құн салығымен сатып алынса.<*>   
       ЕСКЕРТУ. 19а-тармақ екінші абзацпен толықтырылды - ҚР   
                Қаржы министрлігі Салық комитетінің 1998.05.02. N 39  V980083_  бұйрығымен.   
       ЕСКЕРТУ: 19а-тармақ 19-1-тармақ болып есептелінді және өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929 Бұйрығымен.  V990963_    
       19-2. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзген жағдайда тауарларды, (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) және сатып алушыдан алынған салық сомасы бойынша есептелген салық сомасы арасындағы пайда болған айырмашылық оларды сатып алу (нақтылы орын алып отырған шығындар - баспа-бас айырбас кезiнде немесе оларды тегiн беру кезiнде) бағасынан төмен болған жағдайда бюджетке қайтаруға жатады және салық салынатын табысты айқындау кезiнде шегерiп тастауға жатпайды.<*><*>   
      ЕСКЕРТУ. 19а-19б-тармақтармен толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк салық комитетiнiң 1997.12.29. N 1 бұйрығымен.  V970058_    
      ЕСКЕРТУ: 19б-тармақ 19-2-тармақ болып есептелінді және толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929 Бұйрығымен.  V990963_    
      20. Қызметiнiң тоқтатылуы жағдайда, оның тауарларының қалдығы, соның ішінде негізгі қаражаттар мен материалды емес қаражаттар бюджетпен есеп айырысу мақсатында салық салынатын айналым ретiнде қарастырылады және олардың құны iс жүзiнде қалыптасқан шығындардан төмен болмайтын баға бойынша анықталады.<*>   
      ЕСКЕРТУ. 20-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк салық комитетiнiң 1997.12.29. N 1 бұйрығымен.  V970058_   
      ЕСКЕРТУ. 20-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік Кіріс министрлігінің 1999 жылғы 19 мамырдағы N 519 Бұйрығымен.  V990826_    
      21. Өзi өндiрген, сондай-ақ сатып алынған тауарлармен заттай түрiнде жалақы төленген жағдайда салық салынатын айналым тауар берiлген күнге қолданылған бағаны негiзге ала отырып анықталған тауар құны болып табылады.   
      22. Құрылыс, құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс ұйымдары үшiн орындалған және тапсырыс берушiлер қабылдап алған жұмыстардың құны салық салынатын айналым болып табылады. Егер ғимараттың құрылысын мердігерлік ұйым жүзеге асырған және бұл орайда тапсырысшы мердігерлік ұйымды құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге міндеттенген жағдайда бұдан бұрын қосылған құн салығын төлеген, аталған құрылыс материалдарын тапсырып беру қосылған құн салығы есептелмеген баға бойынша жүргізіледі. Бұдан әрі орындалған жұмыстардың актілері төленгенін қабылдауға байланысты, құрылыста пайдаланылған материалдардың есебіне бұрын жатқызылған қосылған құн салығы алдын ала тежеуге және салынып жатқан (салынған) объектінің құнына енгізуге жатады. Мердігерде мұның өзінде мұндай құрылыс материалдарының құны атқарылған жұмыстар актісінде бөлек жолмен көрсетіледі және салық есептеу мақсаттарында салынатын айналымға қосылған құнға қосылмайды.<*><*>   
      Шаруашылық тәсiлмен орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарына қосылған құнға салынатын салық салынбайды. Бұл орайда объектiлердi салу үстiнде пайдаланылған материалдар мен қызметтер бойынша бұрын есептеуге (төлемдердi азайтуға) жатқызылған қосылған құнға салынатын салық сомасы шегерiлiп, құрылыс құнын арттыруға жатқызылады. Салықтың аталған сомасын алдын ала тежеу объектінің құрылысына тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жөнелтілуіне қарай жүргізіледі.<*>   
      ЕСКЕРТУ. 22-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк салық комитетiнiң   
               1997.01.14. N 9  V970032_  бұйрығымен.   
      ЕСКЕРТУ. 22-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк салық комитетiнiң   
               1997.12.29. N 1 бұйрығымен.  V970058_    
      ЕСКЕРТУ. 22-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР   
               Қаржы министрлігі Салық комитетінің 1998.05.02. N 39   
                V980083_  бұйрығымен.   
      ЕСКЕРТУ. 22-тармақтың бірінші абзацы толықтырылды - ҚР Мемлекеттік   
               Кіріс министрлігінің 1999 жылғы 19 мамырдағы N 519   
               Бұйрығымен.  V990826_    
      23. Сырттан келетiн шикiзат пен материалдардан тауарлар жасау кезiнде салық салынатын айналым дегенiмiз оларды өңдеу құны болып табылады.<*><*>   
      Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан ұқсату үшін әкетілген тауарлар, егер олардың "Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары өңдеу кеден аумағында жүзеге асырылған жағдайында қосылған құн салығы салынатын объекті болып табылмайды".<*>   
      Алыс-беріс шикізатынан өндірілген тауарларды ұқсату жөніндегі қызметтерге ақы төленген жағдайда бұл тауарлардың құны салық салынатын объект ретінде қаралады.<*>   
      ЕСКЕРТУ. 23-тармақ екінші және үшінші абзацтармен толықтырылды - ҚР   
               Қаржы министрлігі Салық комитетінің 1998.05.02. N 39   
                V980083_  бұйрығымен.   
      ЕСКЕРТУ. 23-тармақ бірінші абзацы толықтырылды - ҚР Қаржы   
               министрлігінің Салық комитеті Төрағасының   
               1998 жылғы 10 қазан N 62 бұйрығымен.  V980546_    
      ЕСКЕРТУ. 23-тармақтың бірінші абзацы өзгертілді - ҚР Мемлекеттік   
               Кіріс министрлігінің 1999 жылғы 19 мамырдағы N 519   
               Бұйрығымен.  V990826_    
      24. Жылуды, электроэнергиясын, суды және газды өндiру, тарату және тасымалдау бойынша қызмет көрсету негiзiндегi салық салынатын айналым өзiне ол бойынша төлеу жүргiзiлген сату негiзiндегi айналымдарды, сондай-ақ олардың сату сәтi 60 күнде аяқталған айналымдарды қосады.   
      Машина жасау химия өнеркәсiбi өнiмдерiн шығару мен сату және резиналық пен пластмассалық бұйымдарды шығару бойынша салық салынатын айналым өзiне ол бойынша төлеу жүргiзiлген сату негiзiнде айналымдарды, сондай-ақ олардың сату сәтi 90 күнде аяқталған айналымдарды қосады.   
      ЕСКЕРТУ: 24-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс   
               министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929   
               Бұйрығымен.  V990963_    
      24-1. Осы Нұсқаудың 24-тармағында көзделген Ережелер 1999 жылдың 3 тамызынан бастап жүзеге асырылған сату бойынша айналымдарға қолданылады.   
      ЕСКЕРТУ: 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс   
               министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929   
               Бұйрығымен.  V990963_    
      25. Сату бағасы мен есептiк құнның (инфляция ескерiлiп) арасындағы айырма түрiндегi табыс қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке осы Нұсқаудың 16 тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, алу көзделмеген тауарларды сату кезiнде салық салынатын айналым болып табылады. Мұның өзінде тауарлардың есеп құны олардың сату сәтіндегі тауарлардың баланстық құны, ал негізгі қаражаттар мен материалды емес қаражаттарға оның қалдық құны болып табылады.<*>   
      1-мысал:   
      Кәсiпорын қызметкерлердiң жалпы пайдалануы үшiн 20 теңге сомасында қосылған құнға салынатын салықпен қоса бағасы 120 теңге спорт жабдығын сатып алды. 20 теңге сомасындағы салық есептеуге (төлемдi азайтуға) жатқызылмады, өйткенi аталған тауар кәсiпкерлiк қызмет мақсатына жатпайды. Аталған тауар 150 теңгеге сатылған кезде қосылған құнға салынатын салық салынатын объект 20 процент ставка бойынша салық салынуға тиiс бағадағы айырма болып табылады: 150-120=30 теңге, бұл жағдайда қосымша құнға салынатын салықтың сомасы 5 теңге болады (30 х 20/ : 120)).   
      2-мысал.   
      Қосылған құнға салынатын салықты ескере отырып, бағасы 120 мың теңге 1995 жылдың 1 шiлдесiне дейiн сатып алынған негiзгi құрал-жабдықтарды, ғимараттардан басқа бұл бойынша салық есепке алынбаған 150 мың теңге сатылған жағдайда салық салынатын айналым бағадағы 30 мың теңге болып табылады. Бұл орайда, қосылған құнға салынатын салықтың есептелген сомасы 5 мың теңге (30000 х 20 / : 120 )).<*>   
      Егер негiзгi құралдар қосылған құн салығынсыз бағалар бойынша 1995 жылдың 1 маусымына дейiн сатып алынған болса, оларды сататын кездегi қосылған құн салығы алынатын объект қосылған құн салығын оларға қоспастан сатылған кездегi қолданылатын бағаларға қарап анықталатын болады, бiрақ, есептi құнынан төмен (инфляцияны ескере отырып) болмауға тиiс.<*>   
      ЕСКЕРТУ. 25-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк салық   
               комитетiнiң 1997.01.14. N 9  V970032_  бұйрығымен.   
      ЕСКЕРТУ. 25-тармақтың бірінші абзацы толықтырылды - ҚР Мемлекеттік   
               Кіріс министрлігінің 1999 жылғы 19 мамырдағы N 519   
               Бұйрығымен.  V990826_    
      26. Өнеркәсiптiк-өндiрiстiк мұқтаждар үшiн қосылған құнға салынатын дербес салықты төлеушi болып табылмайтын осы кәсiпорынның басқа құрылымдық бөлiгi (заводiшiлiк айналыс) кәсiпорынның басқа құрылымдық бөлiгi өнiмдердi, жартылай фабрикаттарды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналыстардың қосылған құнына салынатын салыққа жатпайды.<*>   
      Кепілдік бағасы бар, көп айналысты ыдыс жөніндегі қосылған құн салығының сомасын оны сатушыға өткізу кезінде жасаушы ұйымдар төлейді.<*>   
      Кепілдік бағасы бар көп айналысты ыдысты, оның ішінде әйнек ыдысты өз өнімдері үшін пайдаланатын ұйымдарда, егер алушыға жіберілетін дайын өнім ыдысының құны оны сатып алу құнына тең болса, ыдыстың құны салық салынатын айналысқа енгізілмейді. Мұнда өз өнімін өткізуге арналған ыдысты пайдаланатын сатып алушыда ыдысты жасаушы берерменге төлеген қосылған құн салығы есептемеге жатқызылмайды.<*>   
      Өнімді жөнелту кезінде ыдыстың құны өзгерген (ұлғайған немесе кеміген) жағдайда ыдыстың құны салық салынатын айналысқа қосылмайды және жалпы белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы салынады.<*>   
      Бір рет пайдаланылатын ыдыстарға (қораптарға, полиэтилен қапшықтар мен басқа да орағыш заттарға) жалпы белгіленген тәртіппен құн салығы салынады.<*>   
      ЕСКЕРТУ. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттiк салық   
               комитетiнiң 1997.12.29. N 1  V970058_  бұйрығымен.   
      ЕСКЕРТУ. 26-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің Салық   
               комитеті Төрағасының 1998 жылғы 10 қазан N 62   
               бұйрығымен.  V980546_    
      26-1. Акцизделетiн өнiмдердi шығаратын және сататын төлемшiлерде салық салынатын айналым мөлшерiне акциз сомасы енгiзiлмейдi. Жеткiзушi төлеген акцизделетiн өнiмнiң акциз сомасы оны одан кейiн сату кезiндегi салық салынатын айналымға енгiзiледi.   
      ЕСКЕРТУ: 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс   
               министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929   
               Бұйрығымен.  V990963_           

VII-бөлiм. Салық  салынатын айналымға түзету енгiзу   
   
      27. Сатылған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің бағасы мына не келесi жағына өзгерген жағдайда тиiстi ретпен салық салынатын айналым мөлшерi түзетiледi.   
      Салық төлеушiдегi салық салынатын айналым түзетiлуi шетел валютасындағы осындай төлем алған жағдайлардан басқа жеткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төлем алу сәтiнде жүргiзiледi. Салық салынатын айналымды жүргiзетiн салық төлеушi сатып алушының бұрын қойылып берiлген салықтық шот-фактурасына қосымша салық шот-фактурасын жазып беруге мiндеттi, оның негiзiнде сатып алушыда қоса есептеуге жатқызылған салық сомасы түзетiледi. Қосымша салық шот-фактурасы "Д" белгiсiмен жазылып берiледi, оның нақты жазылып берiлген күнiмен белгiленедi және бұрын қойылып берiлген салықтық шот-фактурасының нөмеріне сiлтеме бар, оған қосымша салық шот-фактурасы жазылып берiледi.   
      Сауда-делдалдық қызмет бойынша салық салынатын айналым түзетуi тауардың алу бағасынан төмен жүргiзiлуi мүмкiн емес.   
      Кiшiрейту жағына салық салынатын айналымды түзету сауда шегерiмдерiн ұсынуға (алуға) растайтын құжаттардың барлығы кезiнде жiберiлуi мүмкiн.   
      ЕСКЕРТУ: 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік кіріс   
               министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929   
               Бұйрығымен.  V990963_    
      28. Салық төлеушi есептеу әдiсiн қолданған кезде, жөнелтiлген тауарлар, атқарылған жұмыс немесе көрсетiлген қызмет үшiн төлемақы алынған жағдайда, салық төлеушi күмәндi талаптар бойынша қосылған құнға салынатын салық сомасының есебiне жатқызу құқын пайдаланған соң салық салынатын айналым аталған төлемнiң құнына өсiрiлуге тиiс.<*>   
      ЕСКЕРТУ. 28-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк салық   
               комитетiнiң 1997.12.29. N 1  V970058_  бұйрығымен.            

VIII-бөлiм. Салық  салынатын импорттың мөлшерi   
      29. Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталатын тауарлар (мүлiк), халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, қосылған құнға салынатын салық салынуға жатады.   
      Қазақстан Республикасындағы кеден заңдарына сәйкес анықталатын тауарлардың кеден құны, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тауарларды импорттау кезiнде төлеуге жататын алымдардың сомасы салық салынатын импорт мөлшерiнде енгiзiлдi.<*>   
      ЕСКЕРТУ: 29-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс   
               министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929   
               Бұйрығымен.  V990963_    
      30.<*>   
      ЕСКЕРТУ: 30-тармақ алынып тасталсын - ҚР Мемлекеттік кіріс   
               министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929   
               Бұйрығымен.  V990963_           

Информация о работе Косылган кун салыгы