Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 09:44, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы банк карточкасы арқылы кедендік төлемдерді кеден бекеттерінде төлеу тиімділігі және кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы заңдарды жетілдіру мәселелері үшінші тараудан орын алады.
Сондай-ақ бітіру жұмысы қолданылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімін құрайды.
Бітіру жұмысы Қазақстан заңдарына және көпжақты және екіжақты халықаралық келісім-шарттарға сүйене және оларды талдай отырып жазылған.
Сонымен қатар, осы тақырыпты зерттеу барысында қазақстандық және ресейлік ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды.

Содержание

Кіріспе

І.тарау. Кедендік төлемдердің жалпы сипаттамасы
Кедендік төлемдердің экономикалық мәні, оның жанама
салықтар жүйесіндегі ролі
Кедендік алымдардың түрлері және олардың сипаттамасы
Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүзеге
асырудағы кедендік төлемдер мен тарифтік реттеу мағынасы

ІІ.тарау. Кедендік төлемдерді алуға қолданып жүрген механизм
2.1. Қазақстан Республикасында тауарға кедендік төлемдерді
салу тәртібі мен шарты
2.2. Тауардың кедендік құнын анықтаудың әдіс-тәсілдері
2.3. Кедендік төлемдерден түскен төлемдерді талдау және
оның мемлекеттің бюджетін қалыптастырудағы ролі

ІІІ.тарау. Қазіргі кездегі кедендік төлемдерді алу ерекшелігі
3.1. Банк карточкасы арқылы кедендік төлемдерді кеден
бекеттерінде төлеу тиімділігі
3.2. Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету
жөніндегі шаралар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

айбар.doc

— 872.50 Кб (Скачать файл)

 


 


 

 

Реферат

 

 

Бітіру жұмысының тақырыбы «Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері» деп аталады. Құрылысы бойынша бітіру жұмысы 60 бетті құрайды. Үш тараудан, кіріспе мен қорытынды бөлімдерден тұрады. Алғашқы екі тарау жеке-жеке тақырыптары бар бөлімдерге бөлінген.

Бітіру жұмысының бірінші тарауында кедендік төлемдердің экономикалық мәні, оның жанама салықтар жүйесіндегі ролі және кедендік алымдардың түрлері және олардың сипаттамасы мен мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүзеге  асырудағы кедендік төлемдер мен тарифтік реттеу мағынасын зерттеу тұрғысынан қарастырылады.

    Екінші тарауда  Қазақстан Республикасында тауарға кедендік төлемдерді  салу тәртібі мен шартына, тауардың кедендік құнын анықтаудың әдіс-тәсілдеріне және кедендік төлемдерден түскен төлемдерді талдау және        оның мемлекеттің бюджетін қалыптастырудағы роліне арналған.

Қазақстан Республикасындағы банк карточкасы арқылы кедендік төлемдерді кеден бекеттерінде төлеу тиімділігі және кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету  жөніндегі шаралар туралы заңдарды жетілдіру мәселелері үшінші тараудан орын алады.

Сондай-ақ бітіру жұмысы қолданылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімін құрайды.

Бітіру жұмысы Қазақстан заңдарына және көпжақты және екіжақты халықаралық келісім-шарттарға сүйене және оларды талдай отырып жазылған.

Сонымен қатар, осы тақырыпты зерттеу барысында қазақстандық және ресейлік ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды.

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері

 

 

Кіріспе

 

І.тарау. Кедендік төлемдердің жалпы сипаттамасы

    1. Кедендік төлемдердің экономикалық мәні, оның жанама

салықтар жүйесіндегі ролі

    1. Кедендік алымдардың түрлері және олардың сипаттамасы
    2. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүзеге 

        асырудағы  кедендік төлемдер мен тарифтік  реттеу мағынасы

 

ІІ.тарау. Кедендік төлемдерді алуға қолданып жүрген механизм

2.1. Қазақстан Республикасында  тауарға кедендік төлемдерді 

       салу  тәртібі мен шарты

2.2. Тауардың кедендік  құнын анықтаудың әдіс-тәсілдері

2.3. Кедендік төлемдерден  түскен төлемдерді талдау және 

       оның  мемлекеттің бюджетін қалыптастырудағы  ролі

 

ІІІ.тарау. Қазіргі кездегі кедендік төлемдерді алу ерекшелігі

3.1. Банк карточкасы арқылы кедендік төлемдерді кеден

       бекеттерінде  төлеу тиімділігі

3.2. Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз  ету

       жөніндегі  шаралар

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

Қосымшалар 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының егемендігін алуы әлем шаруашылығындағы қатынастардың интеграциясына бастау салды, экономиканы тұрақтардыруда маңызды роль ойлайтын сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына әкелді. Үлкен табиғи және ресурстық материалдық өнеркәсіптік күштердің болуы алыс және жақын шетелдермен сауда, экономикалық және ғылыми-техникалық қатынастардың қарқынды дамуына алғышарттар жасайды.

Сыртқы сауданың либерализациясы, экспортқа шектеулерді алып тастау мен соңғы уақытта басқа дамыған елдердің нарығына бұрылу негізінен сыртқы нарықтар қазақстандық өнімнің өтуі, сауда дискриминациясын жою және шетелдегі қазақстандық экпортерлердің мүдделерін қорғау үшін жалпы қабылданған құқықтық базаны пайдалану мақсатындағы мемлекеттің сыртқы саула саясатына байланысты болып табылады. Осыған орай экспорттық басымдылықты өсіру экономиканың қайта құрылуына және өсуіне мүмкіндік береді.

Сонымен бірге ішкі нарықты шетел өнімінің экспансиясынан қорғау және қолдау мемлекеттің импорттық саясатын үнемі жетілдіруді алға қояды.

Қазіргі жағдайда тарифтік шаралардың қолдару сферасы мен мақсаттары импорт пен экспорт бойынша айрықшаланады. Кейінгіде тарифтік шаралардың ауыртпалық орталығы импортты реттеу мен экспортқа шектеулерді қысқарту немесе толығымен жою кезіндегі оның механизмдерін сатылап өңдеу жағына қарай, экспортты мемлекеттік қолдау жүйесін құру жағына қарай өзгеруде.

Нарықтық қатынастардың даму жағдайында сыртқы экономикалық қызметті реттеудің экономикалық әдістері үлкен маңыздылықты алуда. Солардың ішінде ұлттық нарықты дұрыс ұйымдастырылмаған имопорт немесе экспорттан қорғауда қолданылатын кедендік төлемдер болып табылады.

Қазақстанның импорттық саясатының басымдылықтарын көрсететін кедендік тариф импорттың құрылымын оптималдау және валютаның шығындарын рационализациялау үшін жасалған. Тауарлар мен тауар топтамалары бойынша баждардың көлеміне байланысты кедендік тариф, не отандық өндірісті шетелдік бәсекелестіктен қорғауға, не отанлық және шетел өндірістерінің арасындағы бәсекелестікке мүмкіндік жасайтын жағдайларды құруға жасалған, сонымен қатар отандық өнімнің бәсекелестік қатілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа кедендік тариф, сыртқы экономикалық қызметтің жаңа нысандарын дамытуға, Қазақстаннан экспортты біздің өнімнің импортерларына әртүрлі мақсатты жеңілдіктер беру арқылы ынталандыру үшін жасалған. 

Егемендік алғаннан кейін Қазақстанда 1992 жылдың аяғында сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, Республиканың импорттық саясатын тиімді жүзеге асыру, Республикалық бюджеттің табысын сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстардан көбейту мақсатында импорттық кедендік тариф енгізілді. Бұл дипломдық жұмыста қарастырылатын басты мәселелер: ұлттық өндірушіні қорғауда сыртқы сауданы реттеу үшін, импорттық саясаттың жүзеге асыру тиімді ме, Қазақстан дамыған елдердің сыртқы экономикалық қызметті тиіміді жүргізу мен экономиканы жөндеудегі тәжірибесін қолдана ала ма, Республикада кедендік төлемдерді қолданудың басымдылықтары қандай.

Диплом жұмысының мақсаты кедендік төлемдердің салу механизмін зеттеу және мемлекеттің кіріс жүйесіндегі ролі болып табылады.

Қойылған мақсаттан келесі міндеттер шығады:

  • кедендік төлемдердің экономикалық мәнін, олардың түрлерін және салу әдістерін ашу;
  • экспорт пен импортты, сыртқы экономикалық реттеу жүйесіндегі кедендік төлемдердің мәнін ашу;
  • Қазақстан Республикасындағы төлемдердің есептелуі және алыну тәртібін қарастыру;
  • мемлекеттік бюджетке түсетін кедендік төлемдерді талдау және олардың өзгеру факторларын анықтау;
  • Қазақстан Республикасындағы кедендік тарифті реттеуді жетілдірудің жолдарын ұсыну. 

Зерттеу пәні болып Қазақстан Республикасының территориясында әрекет етерін кедендік төлемдер жүйесі табылады.

Диплом жұмысын жазудың теоретикалық негізі кедендік саясатты жүзеге асыру және сыртқы экономикалық қызметті реттеу облысындағы отандық және шетелдік экономистердің жариялымдары болып табылады. Ақпараттық база болып Қазақстан Республикасының заң актілері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігінің кедендік және салық комитетінің мәліметтері табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.тарау. Кедендік төлемдердің жалпы сипаттамасы

 

1.1. Кедендік төлемдердің  экононмикалық мәні, оның жанама  салықтар жүйесіндегі ролі

 

Кедендік шекара арқылы өтетін тауарларға Қазақстан Республикасының кедендік тарифтеріне сәйкес кедендік баждар салынуы керек.

Қазақстан Республикасының кедендік тарифі – Қазақстан Республикасының кедендік территориясына әкелінген және осы территориядан шығарылған тауарларға қолданылатын кедендік баждар ставкаларының жиынтығы.

Бұл тауарлар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасына сай жүйеге келтірілген және топтастырылған Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы Әлемдік Сауда Ұйымының мүшелері елдерінде пайдаланылатын тауарларды кодтау және бейнелеудің үйлесімделген жүйесіне негізделіп жасалған Қазақстандағы экономиканың дамуына қарай сыртқы экономикалық әдістері үлкен роль ойнауда, соның ішінде орталық орынды кедендік тарифтер алады. Онсыз сыртқы экономикалық қызметті либерализациялау мүмкін емес.

Экономикалық негізделген кедендік тарифті енгізу әкімшіл-әміршілден сыртқы экономикалық қызметті реттеудің эклнлмикалық әдістеріне өту жолында маңызды қадам болды.

Қазіргі уақытта тарифтік шараларды қолдану сферасы мен мақсаттары импорт пен экспорт бойынша айрықшаланады. Кейінгі тарифтік шаралардың ауыртпалық орталығы импортты реттеу мен экспортқа шектеулерді қысқарту механизмдерін кезеңдер бойынша өңдеу жағына қарай, экспортты мемлекеттік қолдау жүйесін құру жағына қарай өзгеруде. Қазіргі экспортты реттеу шараларын уақытша деп қарастыру керек.

Сонымен, кедендік тариф – бұл нарықтық экономика жағдайында сыртқы экономикалық қызметті реттеудегі таңызды құрал болып табылады.

Тариф – бұл оның тауарлық номенклатурасы, кедендік құнды анықтау және баждарды салу әдістемесі, оларды жүргізу механизмі, өзгерістер мен жоюлар кедендік-тарифтік реттеу облысындағы атқарушы өкімет қызметінің шектерін анықтайтын нормалар, тауардың шығу елін анықтау ережелері. Кедендік реттеудің белсенді бөлігі – бұл тауарды әкелу немесе шығару құқығына салық болып табылатын кедендік баждардың ставкалары. 1993 жылға дейін әрекет еткен кедендік тариф сыртқы экономикалық қызметті реттеу функциялары орындалады, баждардың ставкалары экономикалық салалардың даму деңгейін ескермеді, импорттық тауарлардың бағаларына әсер етпеді және экономикалық мазмұны болмады. Ескі кедендік тариф халықаралық тәжірибеге сәйкес келмеді және Қазақстанның саудалық-саяси мақсаттарына жетудегі құрал бола алмады. Нәтижесінде Қазақстанның сыртқы экономикалық кешені өзінің қызметін маңызды экономикалық реттеушісі және шетел нарықтарына тауарлар экспортын қамтамасыз ету құралы болмады.

Кедендік тариф Қазақстанның импорттық саясатының тасымдықтарын көрсете отырып, импорттың құрылымын оптималдау және валюта шығындарын рационалдау үшін жасалған тауарлар немесе тауар топтамалары бойынша баждардың көлеміне байланысты кедендік тариф не отандық өндірісті шетелдік бәсекелестіктен қорғауға, не отандық және шетел өндірісінің арасындағы бәсекелестікке  мүмкіндік жасайтын жағдайларды құруға жасалған, сонымен қатар отандық өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа кедендік тариф сыртқы экономикалық қызметтің жаңа нысандарын дамытуға, Қазақстанның экспорты біздің өнімнің импортерларына әр түрлі мақсаттардағы жеңілдіктер үшін жасалған.

Қазақстанның кедендік тарифтері мен кедендік баждары белгілеулің жариялылық сипатты осындай баждарды белгілеу кезіндегі халық шаруашылығының әр түрлі салаларының мүдделерін есептеуге ғана емес, сонымен қатар оның Қазақстанның контрагент-елдеріне саудалық-саяст мәнін көтеруге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде кедендік тарифтің жариялылық сипаты Республиканың нарығында қызығушылығы бар ұйымдарды демократиялық негізде тартуға мүмкіндік беретін осы механизмді құруды қажет етті. Бұл тариф импорт және экспорт тауарларына баждар ставкаларын келісімдеуге, кедендік-тарифтік саясаттың сұрақтары бойынша ұсыныстарды дайындау, кедендік-тарифтік саясаттың сұрақтарын қозғайтын заң актілерінің жобалары мен халыаралық келісім-шарттарды қарастыруды қажет етті.

Кедендік баждарды құру кезінде экономикалық табиғат пен олардың атқаратын функцияларын ескеру қажет, өйткені олар баждардың принциптері мен әдістерін анықтайды.

Экономикалық әдебиетте кедендік баждардың табиғаты мен олардың атқаратын функциялары туралы бірде бір мәлімет жоқ.

Нарықтық экономика жағдайында және сыртқы экономикалық қызметті либерализациялауда кедендік баждар сыртқы экономикалық қызметтің маңызды реттеушісі болады. Кедендік баждар көмегімен мемлекет тауарларды әкелу немесе шығаруды қолдауға немесе оларды шектеуге, отардық тауар өндірушілердің тауарларын басқа да ұқсас тауарлардың шетел бәсекелестеріне бірдей тепе тең экономикалық, ғылыми-техникалық, эклогиялық, валюта-қаржылық жүргізуге СЭҚ субъектілерінің қызметін жалпы мемлекеттік, ұлттық мүдделерге бағыттауға мүмкіндігі бар.

Баж бағалық категориялар санына жатады. Бұл әр тауар бойынша бажды негіздеуге, олардың ұлттық және әлемдік шығындар мен бағалар арасындағы үйлестіруді тұтынушының параметрлері мен тауардың сапасын есептеуде, т.б. жеке бағытты талап етеді. өткен кездегі әкелу баждар анықтаған кезде, яғни19-ғасырмен 20- ғасырдың басында фискальдық бағыт болды.; баждар жоғары деңгейде анықталды және мемлекеттің табыс көздерінің маңыздыларының бірі деп қарастырылды. Сонымен бірге ұлттық экономиканы ағылшын тауарларының енуінен қорғаудағы мәселені шешуге мүмкіндік берді, себебі Англия басқа елдерден бұрын өнеркәсіптік революция жолына түсті, оның өнімі жоғары бәсекелестік қабілетті болды және көбінесе Еуропа мен Америка елдерінің тауарларынан асып түсті.

20 ғасырда кедендік баждардың  төмендеу тенденциясы мемлекеттің  табыстарын қалыптастырудағы оның  рөлінің әлсіреуі байқалдығ бірінші  орынға олардың реттеуші функциясы  шығарылды, ал ол өз кезегінде  импорттық тауарларды әкелуге  шектеу қоюға немесе рұқсат бермеуге шектелген жоқ. Кедендік баждардың ставкаларын тауарлы топтар мен әр өнімді оның қажеттілікті, ұлттық және әлемдік бағалардың деңгейін ескере отыру детальді дифференцмациялау қажеттігі өсті.

Кедендік баждардың мұндай дифференциясы оны ғылыми негіздеуді осы дифференцияны анықтайтын объективті факторларды оқып білуді талап етті.

Информация о работе Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері