Сақтандыру нарғы және оның қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 20:30, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі өндірістің төмендеуін тежеу мен тұрақты экономикалық өсу үшін негіз құруға бағытталған нарықтық қайта құру фазасына өтумен сипатталады. Нақ осы мәселе Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді мақсаттар мен стратегияларында көрініс тапқан – “шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейі тән ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу”.

Содержание

Кіріспе………………………………..……………………………………..2
І. Сақтандырудың экономикалық мәні.......................................3
Сақтандыру түсінігі мен функциясы......................................3
Сақтандырудың түрлері мен онын негізгі қызметі................5
Сақтандырудың даму тарихы...............................................10
ІІ. Сақтандыру нарығының жағдайы және оны талдау...........................11
2.1. Сақтандыру нарығының түсiнiгi мен оның мәні......................................11
2.2 Сақтандыру нарығының жағдайы және құрамы мен құрылымы....................................................................................142.3. Сақтандыру нарығын талдау және оның мәні............................……17
IІІ. ҚР-да сақтандыру нарығының мәселелері және оларды жетілдіру бағыттары ...........................................................................................20 3.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын
талдау...........................................................................................20
3.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары.................................................................................27
3.3. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары....................................................................................................30
Қорытынды……………………………..…………………..…………...33
Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................34

Вложенные файлы: 1 файл

Курсавой Сактандыру нарығы және оның қызметтері.docx

— 153.49 Кб (Скачать файл)

                                        Мазмұны

 

Орындағын:                                       

Такырыбы: Сақтандыру нарғы және оның қызметтері

Кіріспе………………………………..……………………………………..2

І. Сақтандырудың  экономикалық мәні.......................................3

    1. Сақтандыру түсінігі мен функциясы......................................3
    2. Сақтандырудың түрлері мен онын негізгі  қызметі................5
    3. Сақтандырудың даму тарихы...............................................10

ІІ. Сақтандыру нарығының жағдайы және оны талдау...........................11

2.1. Сақтандыру нарығының түсiнiгi мен оның мәні......................................11

2.2 Сақтандыру нарығының  жағдайы және құрамы мен құрылымы....................................................................................142.3. Сақтандыру нарығын талдау және оның мәні............................……17

IІІ. ҚР-да сақтандыру нарығының мәселелері және оларды жетілдіру бағыттары ...........................................................................................20 3.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының  жағдайын

талдау...........................................................................................20

3.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары.................................................................................27

3.3. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары....................................................................................................30

Қорытынды……………………………..…………………..…………...33

Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................34

 

                                                

 

                                             Кiрiспе 

    Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі өндірістің төмендеуін тежеу мен тұрақты экономикалық өсу үшін негіз құруға бағытталған нарықтық қайта құру фазасына өтумен сипатталады. Нақ осы мәселе Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді мақсаттар мен стратегияларында көрініс тапқан – “шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейі тән ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу”. Осындай нарықтық қоғамда пайда болатын тұрлаусыздық пен тұрақсыздық, экономикадағы үнемі болатын өзгерістер тәуекел тудырады. Әсіресе мұндай жағдай кәсіпкерлікте жиі болады. Нарықта туатын кездейсоқ және тұрлаусыз жағдайлар, экономикалық толқулар, бәсекелестердің әрекеттері тіпті білікті басқару шешімдерін жоққа шығаруы мүмкін. Тәуекелді сақтандыру мен өзін-өзі сақтандыруды қолданып, басқару облысында білікті жұмыс жүргізу арқылы айтарлықтай төмендетуге болады. Яғни көріп тұрғанымыздай, нарықтық шаруашылықтың дамуымен қоғам мүшелерін әлеуметтік-экономикалық, соның ішінде сақтық қорғау ерекше мәнге ие болуда. Сол үшін де еліміздегі сақтандыру нарығының жағдайын кешенді бағалау қажет.  
     Макроэкономикалық тұрақтылық үшін қажетті қаржы резервтерін құра отырып, сақтандыру техногенді және экологиялық уақиғалар кезіндегі өндірістік күштердің қалпына келуі мен дамуына көмегін тигізеді, мемлекеттің болжанбаған шығындарын қысқартады, инфляциялық фактордың әрекетін төмендетеді, тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен ұсыныс ара қатынасын оңтайландырады.  Сонымен қатар, Мемлекет экономикасындағы сақтандырудың нарықтық қатынастар инфрақұрылымының қызмет етуінің негізгі элементі ретіндегі рөлі артуда. Бұл жерде экономикалық инфрақұрылымға сақтандыру механизмін енгізу мен мемлекеттегі сақтандыру нарығының өз инфрақұрылымын құру сияқты екі параллель процесс жайлы сөз болуда. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, сақтандыру нарығының мәні – адамдардың, шаруашылық құрылымдардың, кәсіпкерлік және коммерциялық фирмалардың, өндірістік кәсіпорындардың әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан сақтық қорғауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруда. Сақтандыру нарығының экономикалық мәні материалдық немесе басқа да нұқсан келтіре алатын сақтандыру тәуекелінің болуымен шарттасылған қайта бөлушілік ақша қатынастарымен сипатталады. 
Қорыта айтқанда, сақтандыру мәселесі және де елдегі сақтандыру нарығының жағдайын жақсарту мәселесі экономикалық проблемалар ішінде ерекше мәнге ие, өйткені дәл осы мәселе елдің өміріне оң әсер етуші қуатты факторлардың бірі болып табылады. Осы себептерге байланысты мен өз курстық жұмысымның негізгі талданар мәселесі етіп осы тақырыпты алдым. 
     Курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстан сақтандыру нарығының жағдайына кешенді талдау жүргізіп, оның қызмет ету ерекшеліктерін анықтау. Сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі сақтандырудың алатын орны мен рөліне талдау жасау болып табылады. Курстық жұмыстың міндеттері:  
Сақтандыру нарығының түсінгі мен мәнін баяндау; Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдай отырып, оның проблемалары мен даму тенденцияларын анықтап көрсету; Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективаларын қалыптастыруды қарастыру; Курстық жұмыстың негізгі объектісі: Қазақстан Респуликасының сақтандыру нарығы болып табылады.  Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Қазақстан Республикасында қалыптасқан сақтандыру қатынастары болып табылады.  Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және де пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 

                  І. Сақтандырудың экономикалық мәні

      1. Сақтандыру түсінігі мен функциясы

    

   Сақтандыру — сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады.Сақтандыру объектілеріне Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мүліктік мүдделер жатады, олар: сақтанушының немесе сақтандырылған тұлғаның өмірімен, денсаулығымен, еңбек етуге қабілеттілігімен, зейнетақымен қамсыздандырылуымен байланысты мүдделер (жеке басты сақтандыру), мүлікті иеленумен, пайдаланумен, билеумен байланысты мүдделер (мүлікті сақтандыру), сақтанушының жеке адамға немесе жеке тұлғаның мүлкіне келтірген зиянын өтеумен байланысты мүдделері (жауапкершілікті сақтандыру). Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін (қайта сақтандыру мен өзара сақтандырудан басқа) және ҚР резиденттері болып табылатын жеке тұлғалардың мүлкін тек cақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана сақтандыра алады.                                                                  Сақтандырушы сақтандыру қызметін өз агенттері мен делдалдары арқылы жүзеге асырады. Сақтандырылатын болжалды оқиға сақтандыру тәуекелдігі (қатері) болып табылады. Сақтандыру тәуекелдігі ретінде қарастырылатын оқиғаның басталуында ықтималдық пен кездейсоқтық белгілер болуға тиіс. Ол белгілі болған жағдайда сақтандырылған тұлғаға, пайда алушыдан сақтандыру өтемі түрінде немесе сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыруды қамсыздандыру түрінде сақтандыру төлемі төленеді. Сақтандыру шартында айқындалған немесе заңда белгіленген ақшалай сома сақтандыру сомасы деп аталады, осы соманың негізінде сақтандыру жарнасының немесе сақтандыру төлемінің мөлшері белгіленеді. Мүлікті сақтандыруда сақтандыру сомасы оның шарт жасасу сәтіндегі шын құнынан (сақтандыру құнынан) аспауға, ал сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыру өтемі сақтанушының немесе үшінші бір тұлғаның сақтандырылған мүлкіне келтірілген тікелей зиянның мөлшерінен аспауға тиіс. Жеке адамды сақтандыруда сақтандыру сомасын сақтанушы сақтандырушымен келісе отырып белгілейді. Сақтанушы сақтандыру шартына немесе заңға сәйкес сақтандырушыға төлеуге міндетті сақтандыру төлемі сақтандыру жарнасы деп аталады. Сақтандыру жарнасының мөлшерлемесі сақтандыру тарифі болып табылады. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру тарифтері міндетті сақтандыру туралы заңдарда белгіленеді. Жеке адамды, мүлікті және жауапкершілікті сақтандырудың ерікті түрлері бойынша сақтандыру тарифтерін сақтандырушылар дербес есептейді. Сақтандыру тарифінің нақты мөлшері тараптардың келісуімен арнаулы шартта айқындалады.

     Сақтандыру объектісін бір шарт бойынша бірнеше сақтандырушы бірлесіп сақтандыруы мүмкін (ортақ сақтандыру). Бұл орайда шартта әрбір сақтандырушының құқықтары мен міндеттерін айқындайтын уағдалы шарттар баяндалуға тиіс. Сақтандырушы тәуекелдікті сақтандыруға қабылдай отырып, теңдестірілген сақтандыру қоржынын жасау және сақтандыру операцияларының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ол бойынша жауапкершіліктің бір бөлігін уағдаласылған шартпен басқа бір сақтандырушыға беруі мүмкін. Мұны қайта сақтандыру дейді. Қайта сақтандыруға қатысушы тиісінше “қайта сақтанушы” (сақтандырылған тәуекелдікті ішінара қайта сақтандыруға берген сақтандырушы) және “қайта сақтандырушы” (тәуекелдікті сақтандыруға қабылдаушы) деп аталады. Сақтандырушыларда төленген жарғылық капиталдың және сақтандыру сақтық қорларының болуы, қайта сақтандыру жүйесі сақтандырушылардың қаржы тұрақтылығының негізі болып табылады. сақтандыру сақтық қорлары жеке адамды, мүлікті және жауапкершілікті сақтандыру бойынша алынған сақтандыру жарналарынан құралады. Қазақстан аумағында сақтандыру алғаш рет Кеңес өкіметі орнағаннан кейін енгізілді. Бұл кезеңде сақтандыру мемлекеттік іске айналды. Сақтандыруды ұйымдастыру мен жүргізудің жаңа нысаны Халкомкеңестің “Мемлекеттік мүлікті сақтандыру туралы” 1921 жылы 6 қазандағы декретімен жүзеге асырылды. Қазақстанда 1926 жылы мемлекеттік сақтандыру ауыл-селода есепке алынған барлық шаруашылықтардың 34%-ын қамтыды. 1929 жылы КСРО ОАК пен Халкомкеңесінің қаулысына сәйкес мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін ерікті сақтандыру міндетті сақтандырумен ауыстырылды, мұның өзі қоғамдастырылған сектордың мүлкін сақтандыруды арзандатып, кеңейтуге және оңайлатуға мүмкіндік берді. Сақтандыру ұжымшарлардың ұйымдық-шаруашылық жағынан нығаюына септігін тигізді. 1930 — 40 жылдары мемлекеттік сақтандыру ісінде елеулі өзгерістер болды. КСРО Халкомкеңесінің 1930 жылғы 6 қазандағы қаулысымен өмірді жеке сақтандырудың ұзақ мерзімді түрлері жойылды. Соғыс жылдары сақтандыру қоры есебінен майдан мұқтажына республика бойынша 677,9 млн. мөлшерінде қаражат тартылды. Соғыстан кейінгі жылдар мемлекеттік сақтандырудың барлық түрлерінің тұрақты өсуімен сипатталады.

     Қазақстанда мемлекеттік сақтандыру органдары КСР Министрлер Кеңесінің “Қазақ КСР-індегі мемлекеттік сақтандыру органдары туралы” 1982 жылғы қаулысымен бекітілген ережені басшылыққа алады. Сақтандыру органдарын 1987 жылға дейін Қазақ КСР-і Мемсақтандыру Бас басқармасы, ал 1987 — 91 жылы Қазақ КСР-і Мемсақтандыру басқармасы басқарды. Кеңес Одағы ыдырап, еліміздің егемендік алуына, сондай-ақ экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты бұл басқарма республиканың Министрлер Кеңесінің 1991 жылғы 7 мамырдағы ғ289 қаулысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясы басқармасы болып қайта құрылды. Оның құрылымында 297 бас инспекция және 116 телімдік инспекция жұмыс істеді. КСРО Мемсақтандыру ыдырағаннан кейінгі кезеңде Қазақстанда сақтандыру қызметін реформалау ісі қолға алынды. Сөйтіп, 90-жылдардың басында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жанынан сақтандыру қадағалауы ұйымдастырылды. 1998 жылы бұл қадағалау Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне берілді. Республикада сақтандыру ұйымдарының қаржы жөнінен тұрақты болуына қойылатын талаптарды, сақтандырудың жаңа заңдарын қалыптастыру, сақтандыру нарығының анықтығын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. 2000 жылы ҚР Ұлттық банкі Сақтандыруды қадағалау органдарының халықаралық қауымдастығына (ІAІS) толық құқылы мүше болып кірді. Сақтандыру ұйымдарының есебі мен қаржы есептілігінің жаңа стандарттары енгізілді, ІAІS ұсыныстарына сәйкес сақтандыру нарығын ұйымдастырудың жаңа қағидалары мен стандарттары әзірленді. 2000 жылы Қазақстан Республикасында 42 сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы болды, оның ішінде төрт ұйымға шетелдік сақтандыру компаниясы қатысады. Республикада сақтандыру ұйымдарының 300-ден астам бөлімшесі мен өкілдіктері жұмыс істейді. Сақтандыру агенттерінің тармақталған желісі бар. 2000 жылы сақтандыру ұйымдарының төленген жарғылық капиталының жиынтық мөлшері 3,8 млрд. теңгеге жуық болды. Қазіргі кезде (2004) сақтандыру төлемдері 4,2 млрд. теңгені құрайды, мұның өзі жалпы сақтандыру сыйақысының 14%-ы.

          1.2. Сақтандырудың түрлері мен онын негізгі қызметі

      Сақтандырудың  түрлері өте көп атап айтатын  болсақ жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, құқық жүйесiндегi сақтандыру,  шет елдегi сақтандыру осыларға қысқаша тоқталатын болсақ.                       Ең алдымен Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға келетін болсақ.    Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен баска төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын құрайды. Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қауіпі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады. Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетті (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

    Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы. Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетшуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтқ төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

     Міндетті әлеуметтік сақтандыру — азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және (немесе) жұмысынан айрьшуына, сондай-ак асыраушысынан айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі. Алайда бұл еңкі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.

     Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қа- тегорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің, атап айтқанда, оның құрамдастарының бірінің — жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен — еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді. Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар: 1)ұрпақтар ынтымақтастығының негңзінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал өз кезеңінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметінде жүрген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе қазакстанда 1998 жылға дейін қолданылды; 2)әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде бұл қагидаттың іс- әрекеті кезінде төлемакылардың мөлшері нақты тұлганың бүкіл жұмыс істеген кезінде салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе Қазакстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған. Бірінші қағидатқа негізделген және Қазакстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:1)зейнетакымен камсыздандыруга мемлекетпк монополия;

2)әлеуметтік қамсыздандыру  қорларына түсетін міндетті зенетақы  жарналарының топтастырылуы; 3)жүйе  ішінде қаражаттарды қайта бөлу.

Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке кабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жан-жакты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс юісейтін халыктың жоғары ара  қатынасы жағдайында тиімді болады. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңідіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады. 90-жылдардың басы мен ортасындағы экономиканың дағдарысы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау салды, бұл жарналарды төлеудің базалық көрсеткіштерінің құлдырауынан да, сондай-ақ әлеуметтік қорларға оларды толық және уактылы аударып отыруға тәлеушілердің мүдделігінің болмауынан да әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналардың жиналымдығыньың төмен деңгейінде көрінетін еді; бұл зейнеткер мен жәрдемақылар алатындар алдында берешектің үлкен көлеміне жеткізді; әлеуметтік қорлар қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің күнкөріс минимумдағы қажеттіктерін қамтамасыз етпеді және қорлар қаражаттарының аса шектеулігі жағдайында әлеуметтік төлемакыларды өнбойы индексациялап отыру қажеттілігін тудырды.                                                                                              

Информация о работе Сақтандыру нарғы және оның қызметтері