Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 18:50, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Шығын деген ұғымды түсіну үшін, ең алдымен оның пайда болу себептерін, табиғатын, олардың бағыттарын, мақсатын, негізгі шешетін мәселелерін, шаруашылық үрдістерінің сатыларындағы атқаратын қызметімен, рөлін анықтап алудың маңызы зор.
Алғашқы шығын, ұйымды әділет министрлігінен тіркеуге өткізуге байланысты туындап, шаруашылықтың бухгалтерлік балансында «материалдық емес активтер» бабынының құрамында «ұйымдастырылу шығындары» ретінде көрсетіліп өтетінін ескерсек, шығындардың пайда болу табиғатының шаруашылық үрдісінің жабдықтау, өндіріс, өткізу (сату) сатыларының шеңберінен кең екенін байқаймыз.
Алдымен шығындардың сыныпталуын қарастырмай тұрып отандық және ТМД елдерімен алыс шетелдердің авторларының шығындардың жіктеу тәртіптеріне және оларға берген анықтамаларына назар аударуды талап етеді.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------3
І. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ ШЫҒЫНДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК-------------------------------------------------------------5
1.1 Мемлекеттік мекемелер шығындары және олардың түрлері---------------------------------------------------------------------------------------5
1.2 Мемлекеттік мекемелер шығындарын қаржыландырудың мақсаттары-----------------------------------------------------------------------8

1.3 Өндіріс шығындарын төмендетудің негізгі бағыттары-----15

ІІ. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ АХУАЛЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТӨМЕНДЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ----------------------------------------------15
Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары----------------------15
Орташа және шекті шығындар айнымалы және орташа жалпы шығындар арасындағы қатынас--------------------------------------------17
2.3 Өсу траекториясы және ұзақ мерзім кезеңіндегі
өндірістік шығындар----------------------------------------------------------------19

ІІІ. Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау--------------------------------------------------------------------------22


ҚОРЫТЫНДЫ----------------------------------------------------------------25 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------------------27
ҚОСЫМША----------------------------------------------------------------28-31

Вложенные файлы: 1 файл

Ондирис шыгындары.doc

— 226.50 Кб (Скачать файл)

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------3

І. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ  ШЫҒЫНДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК-------------------------------------------------------------5

1.1 Мемлекеттік  мекемелер шығындары және олардың түрлері---------------------------------------------------------------------------------------5

1.2 Мемлекеттік мекемелер  шығындарын қаржыландырудың мақсаттары-----------------------------------------------------------------------8

 

1.3 Өндіріс шығындарын төмендетудің  негізгі бағыттары-----15

 

ІІ. ӨНДІРІС  ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ АХУАЛЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТӨМЕНДЕТУ  МӘСЕЛЕЛЕРІ----------------------------------------------15

    1. Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары----------------------15
    2. Орташа және шекті шығындар айнымалы және орташа жалпы шығындар арасындағы қатынас--------------------------------------------17

2.3 Өсу траекториясы  және ұзақ мерзім кезеңіндегі 

өндірістік шығындар----------------------------------------------------------------19

 

ІІІ. Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау--------------------------------------------------------------------------22

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ----------------------------------------------------------------25 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------------------27

ҚОСЫМША----------------------------------------------------------------28-31

Кіріспе

      Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Шығын деген ұғымды түсіну үшін, ең алдымен оның пайда болу себептерін, табиғатын, олардың бағыттарын, мақсатын, негізгі шешетін мәселелерін, шаруашылық үрдістерінің сатыларындағы атқаратын қызметімен, рөлін анықтап алудың маңызы зор.

Алғашқы шығын, ұйымды әділет министрлігінен тіркеуге өткізуге байланысты туындап, шаруашылықтың  бухгалтерлік балансында «материалдық емес активтер» бабынының құрамында «ұйымдастырылу шығындары» ретінде көрсетіліп өтетінін ескерсек, шығындардың пайда болу табиғатының шаруашылық үрдісінің жабдықтау, өндіріс, өткізу (сату) сатыларының шеңберінен кең екенін байқаймыз.

Алдымен шығындардың сыныпталуын қарастырмай тұрып отандық және ТМД елдерімен алыс шетелдердің авторларының шығындардың жіктеу тәртіптеріне және оларға берген анықтамаларына назар аударуды талап етеді.

Отандық және ТМД  елдерінің авторлары «шығындарды»: өндіріс шығындары (издержки); шығындар (затраты); шығыстар (расходы) деп жіктесе, Д. Энтони., Дж Рис, бұл аталғандарға төлеу (выплата) деп төртіншісін қосады. Аталған «шығындар» жіктеулеріне анықтама бере отырып, олардың өзара байланысын шектеу шеңберіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып табиғатын түсінудің қажеттігі туындайды. Шығындарға отандық байырғы авторлар профессорлар Радостовец В.К., Сатубалдин С.С., Кеулімжаев К.Қ., Дюсенбаев К.Ш., Ержанов М.С., Седахметова Ф.С., және ТМД елдерінің бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі авторлар Безруких П.С., Кондраков Н.П., Палий В.Ф., Маргулис А.Ш., Пизенгольц М.З., Варава А.П., Грииман Г.И., Немчииов П.П. және т.б.

Зерттеу жұмысының  мақсаты: «Өндіріске жұмсалған шығындар»  өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет көрсету шығындарын қамтыса  «Өндіріс шығындары» сату шығындарын қоса қамтиды. Бұдан туатын тұжырым алдымен өндіріске жұмсалған шығындар материалдандырып актив ретінде нақты өзіндік құны бойынша тіркеліп, дайын өнім (қызмет, жұмыс) түрінде болашақта табыс әкелу қасиетіне ие болады. Өндіріске жұмсалған шығындардың табыс әкелу қасиеті шығынның жұмсалу мақсатынан туындайды. Жұмсалған кез келген шығынның бағытына қарай белгілі бір түпкілікті мүддені көздейтіні, мақсаттың болатыны белгілі. Ал өндіріске жұмсалған шығындардың түпкілікті мақсаты ұйымға табыс әкелу. Бұл жерде дайын өнім (қызмет, жұмыс) өндіру мен қатар оның сапалы болып өндірілу мақсаты қоса көзделеді. Өйткені өндіріске жұмсалған шығындарды өтеп үстінен табыс түсіру үшін өнімнің сапалы болуы басты мақсат болса, табыстың көлеміне тікелей байланысты өндіріске жұмсалған шығынның нормаланған мөлшердегі көлемінің сақталуы негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. 

Ал, мемлекеттік  мекемелер шығындарына тоқталатын болсақ,   мемлекеттің шығындары  – мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығындарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығындарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.т. функцияларымен тікелей байланысты.

Мемлекет шығындарының басым бөлігі қоғамдық тауарды, игіліктерді  және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығындарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік – мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, ққық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнімі мен қызмет көрсетулеріне жұмсалатын шығындар мемлекет, сонымен бірге экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктік тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.

І. Мемлекеттік  мекемелердегі шығындар туралы жалпы түсінік

1.1 Мемлекеттік  мекемелер шығындары және олардың  түрлері

 

        Мемлекеттік мекемелер шығындары – бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

 Мемлекеттің  шығындары – мемлекеттің қаржы  саясатының маңызды құралы, оның  орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығындарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығындарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.т. функцияларымен тікелей байланысты.

«Шығындар»  ұғымының қос мағынасы бар:

    1. Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығындардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
    2. Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпымемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде: ақша шығыстары барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып табылады.

Мемлекеттің шығындары  мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттің тікелей шығындары  мен өндірістік және өндірістік емес салалардың мемлекеттік кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің шығындарынан тұрады.

Шыруашылық  жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-әміршіл) және тіпті экономика  дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің  рөлі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығындарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп огтырады.

Мемлекеттің шығындарының құрамына мемплекеттік бюджеттің, мемлекеттік  бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік  кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.

Мемлекеттік сектордың  кәсіпорындары шығындарының құрамына мыналар кіреді:

    • өндірістік, шаруашылық – пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
    • ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтарға және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар;
    • бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;
    • көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.

Шығындардың бірінші  тобы қорлардың (капиталдардың) ауыспалы айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады және шартты түрде шығындарға жатады («шығындар» терминінің мағынасына қараңыз). Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығындары шығыстардың екінші және үшінші топтарын қамтиды.

Басқа категориялардың  арасында мемлекет шығындарының жайы мемлекеттік меншіктің маңызымен  және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен анықталады. Мемлекеттік  өндіріс құралдарының иесі болып  табылады, өндірістік процеситердің  ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет шығындарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін қанағаттандырады. Реформалау кезеңінде республика экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегенімен, бірақ тіпті мемлекет иелігіне алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл үлес 30-40 % (табиғи ресурстарды есепке алумен) шегінде қалады, мұның өзі дамыған нарықтық қатынастарға сай келеді. Сондықтан «мемлекеттің шығындары» категориясы тұрақты экономиаклық қатынастарды қамтып көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды.

Мемлекет шығындарының басым бөлігі қоғамдық тауарды, игіліктерді  және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығындарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік – мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнімі мен қызмет көрсетулеріне жұмсалатын шығындар мемлекет, сонымен бірге экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктік тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.

Мемлекет шығындарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебіне жүргізіледі. Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік құнына кіріктірілетін амортизация сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастылыған күрделі жұмсалымдарға бағытталады. Мемлекет шығындарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығындарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.

Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекеттің шығындарын ұйымдастыруға қағидаттардың бірі жоспарлылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы дамыту және халықтың әлеуметтік тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында мемлекет жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндірістік және өндірістік емес сфералар, салалар, экономикалық аудандар арасында бөлуге және қайта бөлуге қатысады. Мемлекеттің шығындарын жоспарлаудың басты әдісі баланстық әдіс болып табылады.

 

 

1.2 Мемлекеттік мекемелер шығындарын қаржыландырудың

 мақсаттары 

 

Мемлекеттің шығындарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің  қаражаттарын қатаң белгілі бір  шараларға пайдалануды талап  етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың  және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективті және прогрессивті салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.            

Мемлекеттің шығындарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды (кредит механизмінен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен қатар қолданылады (мысалы Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры) – бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады.

Дамуды жоспарлар  мен болжамалардың орындалуына  қарай қардыландыру қаржы ресурстарын  тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық - әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажет етеді.

Ресурстарды пайдалануды  үнем режімін сақтау – мемлекеттің  шығыстарын ұйымдастырудың маңызды  қағидаты, ол ішкі резервтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдеріне мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі құнтты пайдалануға бағытталған.

Мемлекеттің шығындарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесуі болып табылады. Бұл қағидат мемлекет шығындарын ортақ қаржыландыру процесін білдіреді.

Мемлекет шығындарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен  мазмұны жағынан бірыңғай (бір  текті) емес. Шығындарды қаржыландырудың  көздеріндегі, нысанындарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осығын байланысты болады.

Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды  критерийі материалдық өндіріс  пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығындары экономикалық мазмұны бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:

    1. материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығындар;
    2. қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
    3. мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары;

Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен байланысты.

Информация о работе Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау