Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 18:06, реферат
Кальций мен магнийдің этилендиаминтетраацетаттарының тұрақтылық константалары 2 өлшемге дейін айырмашылығы болғандықтан: lg KСa = 10,7; lg KMg = 8,7 оларды бөлек титрлеуге болмайды.
Кальций мен магнийді бірге болғанда анықтаудың негізі мынада, алдымен ерітіндіні хром қара көк индикаторы қатысында рН 10 кезінде титрлеп, Сa2+ және Mg2+ жалпы мөлшерін анықтайды. Басқа аликвотты бөлікке NaOH қосып, рН >12 жасайды, магнийді гидроксид түрінде тұндырып, хром қара көк индикаторы қатысында кальцийдің мөлшерін комплексонометрлік титрлеу жолымен анықтайды. Осы екі анықтаудың айырмасы бойынша Mg2+ мөлшерін табады.