Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2014 в 19:15, реферат
Фреондар (лат. frіgor — суық) — тоңазытқыш машиналарда суытқыш реагент ретінде қолданылатын құрамында фторы бар қаныққан көмірсутектердің қосылыстары. Фреондардың құрамында фтордан басқа хлор, бром да кездеседі. Фреондардың 40-тан астам түрі белгілі, олардың көпшілігі өндірістік жолмен алынады. Техникада Фреондар арнайы белгіленеді. Ол Ф әрпінен және үш саннан тұрады. Ф. — фреон, 1-сан көміртек атомдарының санынан 1-ді алғанға, ортаңғы сан сутек атомдарының санына 1-ді қосқанға, ал соңғы сан фтор атомдарының санына тең. Мысалы, C2F3Cl3— Ф-113, CF2Cl2 — Ф-012 немесе Ф-12 болып белгіленеді.