Экологиялық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 20:36, реферат

Краткое описание

Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймелім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га. жері 40жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тойсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғи әсем, щұрайлы жайылымдар еді.

Содержание

1.Қазақстан полигондары
2.Арал теңізінің экологиялық ахуалы.

Вложенные файлы: 1 файл

Экологиялық құқық.doc

— 43.50 Кб (Скачать файл)

   Қазақстандағы  экологиялық апат аймақтары

Жоспары

1.Қазақстан полигондары 
2.Арал теңізінің экологиялық ахуалы.

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Қазақстан полигондары 
Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймелім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га. жері 40жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тойсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғи әсем, щұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлер де 1949 – 1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27- сі атмосферада, 183 – і жер бнтінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы саналған елдермен салыстырсақ 225, АҚШ – та 1032, Қазақстанда 500 – ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбританияда, Қытай, Франция, Үндістан, және Пәкістанда сыналған. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр Ресей ме Лонбор Қытай , Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар.  
Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Адамзат тарихындағы бұл қасіреттің ізі бүгінгі дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал Қазақстан жерінде сыналған 500 – ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті. 
Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мәліметтер бойынша сынақ жасалған жерлердің көлемі облыстар бойынша 16686,1 мың га жерді қамтыған. 
Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей полигондарды соғыс ракеталарын, т.б. техникаларды да сынақтан қатар өикізіп отырған. Батыс Қазақстан аумағында 1966 – 1979 жылдар аралығында 24 рет ядралық қару сыналған. Соным ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Осы аймақтарда радиактивті заттардың шекті рауалы мөлшері (камдий, стронций, қорғасын) бірнеше есеге көбейіп кеткені аныталған. Мұндай сынақтар Үстірте де 1968 – 1970 жылдары жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тойсойған, Балқаш көлі маңында Сарышаған, Ташкент – 4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Сынақтар кезінде апатқа ұшыраған ракеталар, соғыс техникалары қоршаған ортаға өте қауіпті. 
Полигондардың ішіндегі Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен эколдогиялық апатты аймаққа айналды. 
Қазақстан жерінде атом қаруларын сынау 40 жылға созылып, табиғи экожүйелер бүлдіріліп, жарамсыз етті. Жалпы полигондар көлемі 33,6 млн. Гектарға жетті. Полигондарға пайданылған жерлердің ауа, сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн. Адам мутагенез аурымен есепте тұр. Оның ьасым бөлігі Семей өңірінің тұрғындары. Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауруымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта ресмуплика бойынша жоғары. 
Полигондар аймағындағы жер ресурстары техногендік ластанудың әсерінен бүлініп жарамсызданған.  
1991 жылы 20 тамызда елбасының бұйрығымен Қазақстан жерінде атом қаруын сынау біржола тоқтатылды. Бұл оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы қуана қарсы алды. Халықаралық деңгейлегі бұл шешім “Семей – Невада” қоғамдық қозғалысының жемісі болды.  
Полигондар зардабын шешу проблемасы күн тәртібінде тұр. Осы тұрғыда “Семей полигоны аймағындағы тұрғындардың денсаулығын зертеу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру” (1992,1995) туралы маңызды құжатар қаблыданды. 

 

 

 

2.Арал теңізінің экологиялық ахуалы.

Арал теңізі – Қазақстанның інжу – маржаны, шөл белдеміндегі бірден – бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейін көлемі – 1066 км2, тереңдігі – 30 – 60 метр, ұзындығы – 10 – 12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50 – 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едеуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.  
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметік – экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 
1960 жылдары бастап Аоал өңірінің игеру қолға алыныды. Оыс аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 2,4 Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1970 – 1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізге себептері антропагендік фокторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды. 
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960 – 1965 жылдары 13,мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтежесінде, Арал теңізінің деңгейге 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30 – 200 км – ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіні екі өзен бойындағы щаруашылықтарды тыңайтқыштар мен химиялық препараттды қолдану бұрын – сонды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10 – 15 есеге өскен. Осындай антропегендік фактролар Арал өңірінің экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен қатар Арал апатына себеп болған факторларға:  
жергілікті жердің тарихи – табиғи ерекшеліктерін ескермеу; 
ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; 
суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейіп жіберу; 
жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; 
табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. 
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние дүние жүзіне белгілі болды. 
Арал өңіріндегі туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз сусын тырылтуда. Оның фауынасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1 – 2 жылда ғана қайта алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен шаңдар әсері сонау Орта Азия республткалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда-60%  
Қазақстанда 60-70% - ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ланшафтың бірте – бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.  
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт – дәстүріне, экономикалық-әлеуметік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда. 
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе – тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. 
Арал теңізің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанда ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс – тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқуышылықтар, антропогендік экожүелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ эколог ғалымдар арасында жиі – жиі пікірталас туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. 
Арал теңізінің құтқару жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жоболар бар. Олар: 
1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.  
2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің сусын реттеу арқылы суды молайту. 
3. Арал теңізінің жартылай сақтап қалу.  
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 
5. Жер асты суларын пайдалану. 
6. Арал теңізінің өздіген табиғи реттеуінің немесе толысуының күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүнкін.  
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. “Арал тағдыры – адам тағдыры” болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.


Информация о работе Экологиялық құқық