Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2014 в 16:37, творческая работа
Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды.
Адамның экологиялық түрі ретінде эволюциялық ерекшеліктері.
ОРЫНДАҒАН: Князова Камшат 109А
ТЕКСЕРГЕН: Кенжалина А.С.
Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр.Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының нәтижесі.Экология деген сөзі "тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта" туралы ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет 1886 жылы "экология" терминін атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және "Экология - табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым" деген анықтама берген.
«бұрын адам табиғаттан қорқатын,
қазір адам табиғатты қорқытады»
Адам өзінің биологиясында табиғатпен тығыз байланысты және адам әлеуметтік қайшылықтар мен кедергілерді көтере алмайды. Соңында бұл қайшылықтар мен кедергілер – адамның мәдениеттілігінің емес, мәдениетінің аздығының, әлеуметтік эгоизмінің, тарихи шектелуінің белгісі. Сонымен қоғам болашағы үшін күресте субъективті сфераға көп күш түседі. Адам баласы экологиялық жағдайларды, апатты, ластануды өз қолдарынан жасауда. Осыған орай қазіргі заманда экологиялық танымды қалыптастыру, қазіргі өркениетті басқарудың экологиялық принциптерін жасау және экологиялық ғылым ұсыныстарына сәйкес экологиялық апаттарға жол бермеу жолында күрес жүріп жатыр.
Экология және адам
Аурулардың көбеюі сонымен қатар
табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен,
оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге,
бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни
«үшінші табиғатқа» айналуына байланысты.
Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық
жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи
және физико-химиялық тұрғыдан алғанда
таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық
жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін
өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық
жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық
күйі мен стресстік құбылыстар арқылы
әсер етеді.
Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы адам баласының денсаулығына зиян екендігі анықталды. Адам – табиғаттың туындысы онсыз өмір сүре алмайды.
Ғалымдардың есептеулері бойынша
адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы —
өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау
факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта
жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау
саласының деңгейіне байланысты болады.
Антропогенді факторлар бұрын болмаған,
жаңа техногенді ауруларды туғызады.
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін
факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы
заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті
нәтижесінде биосфераға, оған тән емес
4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен
қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган
жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі
ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда
хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар
үшін бөтен заттар.
Қазіргі әлемде экологиялық
проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан
алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне
айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі
де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның
шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы,
айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік
сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа
әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан
табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ,
топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы
жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт
төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда
орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық
дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп
отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара
жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген
аймақтардан көруге болады.
Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен
табиғатты сақтау. Табиғи процестердің
негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу
табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға
әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн.
Ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін
адамға таңылатын кінә , өзендерге шайынды
суларды төгу, автомашиналардан
шығатын түтіндер тағы да басқа
зиянды фактілерден тұрады. Адам
әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес
ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп
орындары ауаға орасан зор улы газ және
оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын
қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен
бірге адам мен жер бетіне. Кейде оларды
жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған километр
жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да
газ немесе қатты зат түрінде бөлініп
шығатын заттардын ауаны қорғау адам денсаулығы
үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады.
Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу
адамзат баласының алдында тұрған үлкен
мәселе.
Адам экологияны өз қолынан жасайды. Сондықтан да адам экологияның эволюциялық түрі ретінде ерекшеленеді.
Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін адамдардың әрекетімен болып жатқан экологиялық ластануға жол бермейік. Болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына тұжырымдама беру үшін табиғат ананы қорғайық!
Информация о работе Адамның экологиялық түрі ретінде эволюциялық ерекшеліктері