Биологиялық әртүрлілікті сақтау: қазіргі жағдайы және бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2014 в 21:13, реферат

Краткое описание

Қазақстан флорасы бірқатар бағалаулар бойынша 13 000-нан астам түрді, оның ішінде биік сабақты тамырлы өсімдіктердің 5754-тен астам түрін, саңырауқұлақтардың 5000-ға жуық, қыналардың – 485, балдырлардың – 2000-ға жуық, мүк тәрізділердің – 500-ге жуық түрін қамтиды. Өсімдіктер арасында түрлердің 14%-ы эндемиктер болып табылады.

Содержание

1.Ағымдағы жағдайды талдау
1.1. Биологиялық әртүрлілік. Флора түрлерінің сан алуандығы.
1.2. Фауна түрлерінің сан алуандығы.
2. Экожүйелердің алуан түрлілігі.
3. Биологиялық әртүрлілікті сақтау саласындағы міндеттер.
Қорытынды.

Вложенные файлы: 1 файл

Биологиялық әртүрлілікті сақтау.docx

— 35.80 Кб (Скачать файл)

Биологиялық әртүрлілікті сақтау: қазіргі жағдайы және бағыттары

Жоспар:

1.Ағымдағы жағдайды  талдау

1.1. Биологиялық әртүрлілік. Флора түрлерінің сан алуандығы.

1.2. Фауна түрлерінің сан алуандығы.

2. Экожүйелердің алуан түрлілігі.

3. Биологиялық әртүрлілікті сақтау саласындағы міндеттер.

Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1. Ағымдағы жағдайды талдау

1.1. Биологиялық әртүрлілік 

Флора түрлерінің сан алуандығы. Қазақстан флорасы бірқатар бағалаулар бойынша 13 000-нан астам түрді, оның ішінде биік сабақты тамырлы өсімдіктердің 5754-тен астам түрін, саңырауқұлақтардың 5000-ға жуық, қыналардың – 485, балдырлардың – 2000-ға жуық, мүк тәрізділердің – 500-ге жуық түрін қамтиды. Өсімдіктер арасында түрлердің 14%-ы эндемиктер болып табылады.

Қазақстан өсімдіктері тым алуан түрлі. Негізгілердің ішінде – Еуразияда кеңінен таралған өсімдіктер түрлері бар. Ең көп алқапты өсімдіктердің далада және шөлде өсетін түрлері алып жатыр. Олардан басқа Тундрада, шабындықтарда, ормандарда, бұталарда және батпақты жерлерде кездесетін түрлер тән. Орта Азияның шөлейт өңірлерімен байланысты сирек кездесетін өзіндік ерекшелігі бар түрлер арасында арша жыңғылдарын, умбелярларды, саванналық, фриганоидты (тікенек бұталы және жусанды-тау) түрлерді, ал континентальдық Азия тауларымен байланысты – криофитті – жастықшалы түрлерді атау керек.

Қазақстанда флора эндемизімінің орталықтары (Қаратау таулары, Батыс Тянь-Шань) бірегей табиғи кешендері - құмдардағы қарағай тоғайлары (Ара және Аманқарағай, Наурызым); Орталық Қазақстанның аласа жоталарының далалық кешендері; Бетпақдаланың, Оңтүстік Балқаш өңірінің Іле ойпатының; Оңтүстік Алтайдың, Қалба тауларының және Тарбағатайдың, Жоңғар Алатауының орташа тау жоталарының флоралық композициясы бойынша бірегей шөл қауымдастықтары және қылқан жапырақты шыршалы ормандары мен алма ормандарының үзіктері бар Тянь-Шанның осындай қауымдастықтағы; Жайықтың төменгі саласының Торғай үстіртінің, теңіз, Алакөл көлдерінің сулы-батпақты экожүйелері; Сырдарияның, Іленің, Шарынның жайылма ормандары (тоғайлары) орналасқан.

Ормандар өсімдіктерінің қауымдастықтары ағаш тұқымдыларының кең көлемді түр құрамын қамтиды – олардың 108 түрі мен бұталардың 310 түрі бар.

Республиканың солтүстігіндегі қылқан жапырақты ормандар қарағайлы ормандар болып келеді, Шығыста және Оңтүстік Шығыста майқарағай, балқарағай, самырсын, шырша ағаштарынан тұратын ормандар өседі. Жұмсақ жапырақты тұқымдылар арасында бәрінен де қайың, қатты жапырақты тұқымдыларда – сексеуіл кең тараған. Орман – дала аймағындағы ормандар орман көмкермеген учаскелерде далаға айналған шабындықтар мен шабындығы жайқалған далалар кездесетін көктерек пен талдар араласқан - негізінен қайың шоқ тоғайлары өседі. Далалы аймақта ормандар ойпатты жерлерде орналасқан және қайың мен көктерек ормандары, ал құмайтты жерлерде – негізінен қарағай тоғайлары өседі. Қазақстанда жайылма ормандарда теректер, емендер, үйеңкілер, талдар және басқа да ағаштардан тұрады. Шөлейтті ормандарда негізінен қара және ақ сексеуіл өседі. Алтайдың Сауырдың, Солтүстік Тянь-Шанның, Жоңғар Алатауының, Батыс Тянь-Шанның таулы ормандары жоғары деңгейдегі биологиялық әртүрлілікпен сипатталады. Осы таулардың төменгі жиегінде жапырақты ормандар өседі, орта тау жоталарының қылқан жапырақты ормандар – самырсындар, балқарағайлар, шыршалар, жапырақты ағаштар алып жатыр. Биіктеген сайын аршалар мен Альпі шабындықтары көбейеді.

Қазақстанда ғаламдық маңызы бар өсімдіктердің агробиологиялық әртүрлілігінің бірегей генетикалық ресурстары шоғырланған. Олар 24 ауылшаруашылығы дақылдарының генетикалық әлеуетін айқындайтын өсімдіктердің 194 түрін қамтиды. Олардың бірқатары ауыл шаруашылығын дамыту үшін де – экспорттық әлеуетті кеңейту үшін де елеулі құндылықты құрайды.

Жемістердің аграрлық-биологиялық әртүрлілігі, ең алдымен жабайы Сиверс алмасының (Malus sieversii (Ledeb.) M.Roem.) және кәдімгі сары өріктің (Armeniaca vulgaris Lam.) әртүрлілігі дүниежүзіне танымал болды. Олар Батыс Тянь-Шанның, Қаратауды, Қырғыз Алатауының, Іле Алтауының, Кентменнің Жоңғар Алатауының және Тарбағатайдың таулы ормандарында өседі. Сондай-ақ, нағыз пістенің (Pistacia vera L.), кәдімгі бадамның (Amygdalus communis L.) және шараптық жүзімнің (Vitis vinifera L.). Қазақстандық генетикалық ресурстары зор, ең алдымен экономикалық перспективамен сипатталады.

Фауна түрлерінің сан алуандығы. Қазақстанның қазіргі фаунасы бай және аз зерттелген. Болжаммен алғанда осында омыртқасыз жануарлардың кем дегенде 80 000 түрі, оның ішінде жәндіктердің кемінде 50 000 түрі мекендейтінін айтсақ та жеткілікті. Қазіргі кезде Қазақстан фаунасында кездесетін жәндіктердің 550 тұқымдыларының 100-ге жуығы ғана белгілі бір дәрежеде зерттелген және анықталған түр құрамы 40%-дан аспайды. Омыртқасыздардың көптеген басқа сыныптары үшін тіпті ел аумағында кездесетін түрлердің бастапқы тізімдері де жоқ. Нақ қазіргі сәтте әртүрлі дәрежеде зерттелген және әртүрлі деңгейде қорғалатын немесе пайдаланылатын 890 түрді қамтитын омыртқалы жануарларға қатысты жағдай әлдеқайда жақсы.

Қазақстан Еуразияның басқа елдерінде қазірдің өзінде іс жүзінде жойылған, сақталып қалған далалық экожүйелердің орасан зор кеңістігіне ие екенін, осының арқасында далалық түрлер таралымының көпшілік бөлігі міне осында баспана тапқанын атап өту керек. Олар: киік (Saiga tatarica), суыр (Marmota bobac), дала тышқаны (Sicista subtilis), бірқатар тышқан тұқымдастар сияқты және де басқа да ғаламдық деңгейде қатер төнген түрлер, құстардан: ақсұңқар (Circus macrourus), (Chettusia gregaria), степная тиркушка (Glareola nordmanni), ақбас үйрек (Oxyura leucocephala) және де бірқатар құстар.

Республика аумағында үй жануарлардың жабайы тектеріне жатқызатын омыртқалылардың түрлері мекендейді, сүтқоректілерден олар – буфлон немесе уриал (Ovis vignei), арқар (О.аттоп), қабан (Sus scrofa), құлан (Equus hemionus), қасқыр (C.lupus), теңбіл мысық (Felis lybica) және басқа бірқатар жануарлар. Құстар арасында бұл ең алдымен барылдауық (Anas platyrhynchos), сұр қаз (Anser anser), бөдене (Coturnix coturnix) және басқалары.

Әртүрлі селекциялық жұмыстарда генетикалық банк көзі ретінде Қазақстан фаунасының рөлі зор «арқар-миринос» қойлары тұқымын алу генетикалық материалды ойдағыдай пайдалану мысалдарының бірі болып табылады, оны алу кезінде жабайы арқарлар пайдаланылды.

Қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылардан генетикалық ресурс ретінде ең алдымен улы жыландардың түрлері: дала жыланы мен кәдімгі жылан Coluber, Spalerosophis және Elaphe, сондай-ақ дәстүрлі шығыс медицинасында пайдаланылатын: жетісу бақатісі (Ranodon sibiricus), шығыс әбжыланы (Еrух tataricus) және басқалары (Vipera ursinu, V.berus, и Arkistrodon halys) текті кесірткелер Teratoscincus, Crossobamon, Alsophylax, Trapelus, Phrynocephalus, Ablepharus және Eremias түрлері экзотикалық түрлер ретінде өсіруге және экспорттауға бөліп алынады. Экспорттың маңызды көзі болып табылатын Орта Азия тасбақасы (Agrionemys horsfieldi), бауырымен жорғалаушыларға деген коммерциялық сұранымының мысалы бола алады.

Қазақстанның балықтары мен балық тәрізділерінің жалпы саны соңғы бағалауларға сәйкес 145 түрге жуық, алайда осы бағалаудың өзі, сірә, қуаттауды қажет ететін болар. Ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар Қоршаған ортаны қорғау объектілерінің тізбесіне балықтар мен балық тәрізділердің 19 түрі енгізілген. Қазақстан су айдындарының кәсіпшілік ихтиофаунасы көпшілік жағдайда климатқа бейімделген түрлерден тұрады. Әуел бастан-ақ, аборигендік ихтиофауналар Қазақстанда 100-ден аса қоймайтын түрден тұратын, бірақ климатқа бейімдеу жұмыстары есебінен біршама молайды (кездейсоқ қоныс аударушыларды қоса алғанда). Балықтар мен дөңгелек ауыздардың бүкіл түр сан алуандылығы ішінен қазіргі кезде будандарды қоса алғанда жасанды жолмен шамамен 5-8 түрі өсіріледі. Олар Каспийдегі бекіре тұқымдылар (Acipenseridae), Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы ақ сақалар (Coregonidae), Қиыр Шығыс шөппен қоректенетін балықтар (ақ Амур - Ctenopharyngodon idella - және дөң маңдайлар - Hypophthalmichthys molitrix, Aristichthys nobilis) негізінен Оңтүстік өңірлерде кездеседі, тұқы тұқымдастар (Сyprinus carpio), сондай-ақ басқа да будандар іс жүзінде барлық жерлерде бірдей мекендейді.

Май шабақ тәрізділер (Clupeidae), слан (Stenodus l.nelma), ақ балық (S.l.leucivhthys), хариус (Thymalus arcticus), албырт (Huso taimen), шортан (Esox lucius), Каспий қаракөзі (Rutilus rutilus caspius), кутум (R.frisii), оңғақ (Tinea tinea), қаяз (Barbus brachycephalus и В.capita), қара балық (Schizothorax spp.), балқаш алабұғасы (Perca schrenkx). Генетикалық балық шаруашылығы ресурсы ретінде қызығушылық туғызады.

Аквариумда өсіру объектілері ретінде Қазақстан ихтиофаунасы түрлерінің арасында ең алдымен эндемикалық және субэндемикалық нысандар кездесетін тұқы (Cyprinidae) және шырма (Cobitidae) балықтарының ұсақ түрлері қызықты. Осы тұрғыдан алғанда Noemacheilus conipterus, N.strauchi, N.kuschakewichi және т.б.) тегінің Оңтүстік Шығыс Азиялық өкілдеріне барабар гольян Acanthophthalmus балықтарының лимофильдік эндемикалық (Phoxinus brachyurus, Ph.poljakowi, Ph.percnunis ignatowi) түрлері барынша қызықтыратыны сөзсіз. Оңғақ (Tinea tinea) пен тегінің шаншар Pungitius балықтарының осы топқа жатуы әбден мүмкін.

Қазақстан су айдындарындағы балықтардың эндемикалық түрлері бірегей генетикалық материал болып табылады, одан айырылып қалу экологиялық апатпен бірдей бағаланады, көптеген эндемикалық түрлер кәсіпшілік түрлерге жатады, кейбір түрлері таңсық астар ретінде пайдаланылады. Бұл орайда, эндемикалық түрлердің көпшілігі ҚР Қызыл кітабына енгізілген.

Осыған байланысты эндемиктерді балықтар тобына қосу бағытының келешегі зор. Аборигендік және эндемикалық түрлерді жасанды түрге молықтырудың ғылыми-практикалық әлеуеті жоғары, тақырыбы аса өзекті. Аборигендік және эндемикалық түрлер балықтарын өсіруді дамыту оларды жабайы таралымдарына антропогендік қысымды төмендетуге мүмкіндік береді, түрлерді байырғы мекендеу орындарына қайта қоныстандыру мүмкіндігі пайда болады.

Ал, піл майы (Acipenser nudiventris), жайық (Barbus brachycephalus) және Түркістан қаяздары (Barbus capito), балқаш алабұғасы (Perca schrenki) және қара балық (Schizothorax argentatus), Каспий албырты (Salmo trutta caspius), арал албырты (Salmo trutta aralensis), таймен (Hucho taimen), сылан (Stenodus leucichtys), ақ балық (Stenodus leucichthys) өсіруге неғұрлым қолайлы, болашағы зор эндемикалық түрлер болып табылады. Сондай-ақ, қабыршықсыз (Diptichus dybovskii) және қабыршақты (D. maculatus) көкбас, гольяндар (Phoxinus), шатқал тас тасалағышы (Cottus jaxartensis) сияқты аборигендік түрлер спорттық балық аулау, аквориумистика және товарлы балық өсіру үшін балық түрлерінің нысандары бола алады.

Экожүйелердің алуан түрлілігі. Қазақстан Республикасының аумағы даланың, шөлдің, таулардың, өздеріне келіп құятын өзендері мен жақсы дамыған атыраулары бар ішкі ірі континентальдық су айдындарының табиғи кешенділерінің ғажайып үйлесім табуы арқасында Орталық Азиядағы экожүйелер тұрпаттарының барынша мол алуан түрлілігімен сипатталады  
Қазақстан Республикасы экожүйелері негізгі сыныптарының арақатынасы .

44% шөл

1% орманды-дала

42% дала

21% тау

1% су

 

Биологиялық әртүрлілікті сақтау саласындағы міндеттер

Оңтайлы экологиялық желіні қалыптастыру.

Сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген түрлерді сақтау.

Генетикалық ресурстарды сақтау, оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету және оларды әділетті және тепе-тең негізде пайдалану.

Экожүйелік көзқарас негізінде биоәртүрлілік мониторингі жүйесін дамыту.

Биоәртүрлілікті сақтау мақсаттарына сәйкес ЕҚТА-ны басқару жүйесі мен тетіктерін жетілдіру.

         Орман ресурстары .

Күзету және қорғау іс-шараларын күшейту жолымен орман экожүйелерін сақтауды қамтамасыз ету.

Республиканың орман жерлерін көбейту мақсатында ормандарды қалпына келтіру мен орман өсіру көлемін ұлғайту.

Орман ресурстарының басқару тиімділігін арттыру.

Климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары.

        Жануарлар дүниесі ресурстары .

Жануарлар дүниесі ресурстарын қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.

Жануарлар дүниесі ресурстарын қорғауды, өсімін молайтуды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.

Аңшылық ісін пайдалануды орнықты негізде ұйымдастыру.

Балық ресурстары .

Балық шаруашылығын нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуге биоәртүрлікті сақтау проблемаларын есепке алу.

Балықтар мен басқа да су жануарлардың биоәртүрлілігі мен табиғи мекендеу орындарын қорғау.

Санының қысқару үрдісі байқалып отырған балықтар таралымдарын, балықтар мен басқа да су жануарларының қоныс аудару жолдары мен жиналу орындарын (қыстау, қыстайтын шұңқырлар мен уылдырық шашатын орындар) қалпына келтіру.

Каспий теңізінің экожүйесін сақтау.

Агробиоәртүрлілік ресурстары .

Тапталған және азып, тозған жайылымдық экожүйелерді қалпына келтіру және олардың алқаптарының азаю жолымен ауыл шаруашылығында агробиоәртүрлілікті сақтау.

Ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылған тыңайған жерлердегі агробиоәртүрлікті сақтау және қалпына келтіру.

Тұжырымдаманы іске асыру кезеңі және одан күтілетін нәтижелер.

Тұжырымдаманы бірінші кезеңде (2015-2020 жылдары) іске асыру:

а) Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау мен орнықты пайдаланудың нормативтік-құқықтық базасы мен әдістемелік негіздерін жетілдіруге;

б) түрлерді, қауымдастықтарды және экожүйелерді сақтау қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ЕҚТА жүйесін кеңейтуге;

в) жойылып кеткен түрлерді қалпына келтіруді қоса алғанда, негізгі түрлер бойынша іс-қимыл жоспарларын әзірлеу негізінде өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген түрлері бойынша бағдарламалар қабылдауға;

г) Қазақстанның генетикалық ресурстарына қол жеткізуді және Нагоя хаттамасы шеңберінде ұлттық делдалдық тетігі арқылы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп, пайдалануды реттеуге;

д) экожүйелік қызметтерді экономикалық бағалау тетігін, экожүйелік қызметтер үшін төлемдер жасау, түрлер мен экожүйелерге жайлы жағдайлар туғызатын қосымша қаржыландырудың нәтижелі түрлерін қолдау және енгізу жолымен биоәртүрлікті сақтаудың және орнықты пайдаланудың жаңа экономикалық тетіктерін енгізуге;

е) есепке алу, мониторинг, күзету, қорғау, өсімін молайту және оларды орнықты пайдалану жүйесіне инновациялық әдістер енгізуге;

ж) климаттың өзгеруіне бейімделуін ескере отырып, биологиялық әртүрлікті сақтау мен орнықты пайдаланудың ғылыми негіздерін жетілдіруге;

е) салалардың қажеттіліктерін ескере отырып, кадрлар мен мамандар даярлау құрылымын оңтайландыруға жәрдемдесетін болады.

Тұжырымдаманы екінші кезеңде (2021-2025 жылдары) іске асыру:

а) ЕҚТА жүйесін кеңейту және табиғат қорғау мекемелерін басқару тиімділігін бағалау негізінде Қазақстанның экологиялық желісінің негіздерін қалыптастыруға;

б) биологиялық ресурстарының сапасы өнімділігін арттыруға;

в) орнықты табиғат пайдалану негізінде жекеше орман өсіруді, ормандар мен аквадақылдарын коммерциялық мақсатта плантацияда өсіруді дамытуға,

в) елдімекендерде жайылымдықтар қорғайтын және жасыл екпелер жүйесін құруға;

Информация о работе Биологиялық әртүрлілікті сақтау: қазіргі жағдайы және бағыттары