Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 06:12, реферат
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады.
Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Мұсылман қауымына Исламның 7 байлығын тiлеймiз. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн
мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да,
жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың
бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк
жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр
баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет
сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi
қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың
төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге
қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ
Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз
көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды
сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды.
Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда
араздасқандар татуласып, дүйiм халық,
мұқым ел ауызбiршiлiкте болады.
Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң
осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей!
Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын!
Мұсылман қауымына Исламның 7 байлығын
тiлеймiз. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын,
ағайын!
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан»айналасындағы тамашамен аяқталатын.
Құрамы: 1 келі ет Қазы, қарта 100 грамм бидай 100 грамм күріш 100 грамм жарма (перловка) 100 грамм тары Тұз 3 литр су 1 литр айран
Қазанға су құйып, ет, қазы-қартаны салып, қайнатыңыз. Алғаш қайнағанда сорпаның көбігін алуды ұмытпаңыз. 1,5-2 сағаттай қайнатып, етті сүзіп алыңыз. Енді дәндерді жақсылап жуып, бірінші бидайды салып, 5 минут қайнатыңыз. Екінші жарманы және күрішті салып,. 5 минут қайнаған соң, тарыны салыңыз. Талғамыңызға қарай тұздаңыз. Дәндер пісіп болды-ау дегенде оттан түсіріп, салқын жерге қойыңыз. Қазаннан түсірілген еттерді ұсақтап турап, барлығын сорпаға айранмен қосып араластырыңыз.