ЖЭС кезіндегі жер-су реформасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 19:06, реферат

Краткое описание

20-жылдардың бас кезіндегі Қазақстанда жүргізілген аграрлық реформалар ауыл шаруашылығының дағдарыстан шығуында маңызды рөл атқарды. 1921 жылдың ақпан- сәуір айларында Қазақ АКСР OAK қазақ еңбекшілеріне қоныс аудару басқармалары патша укіметі қазақ әскерлерінің пайдасына 1916-1917 жылдары тартып алған, помещиктер мен капиталистерге кеткен, қоныс аударушылар заңсыз басып алған жерлерді қайтарып беру жөнінде декреттер қабылдады.

Вложенные файлы: 1 файл

жер су реформасы.ppt

— 74.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан-Ресей медициналық университеті

 

 

   ЖЭС кезіндегі жер-су реформасы

 

 

 

 

                                                                  Тексерген: Уразова Г.М

                                                                   Орындаған: Тұртан Э.Е

                                            Топ: 103А

  •   20-жылдардың бас кезіндегі Қазақстанда жүргізілген аграрлық реформалар ауыл шаруашылығының дағдарыстан шығуында маңызды рөл атқарды. 1921 жылдың ақпан- сәуір айларында Қазақ АКСР OAK қазақ еңбекшілеріне қоныс аудару басқармалары патша укіметі қазақ әскерлерінің пайдасына 1916-1917 жылдары тартып алған, помещиктер мен капиталистерге кеткен, қоныс аударушылар заңсыз басып алған жерлерді қайтарып беру жөнінде декреттер қабылдады.

       Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.      

      1921 жылғы сәуір – патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды.

            

      Қабылданған реформа нәтижесінде:

  • Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды.
  • Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.

 

  • 1921 жыл – Жетісуда жер-реформасы жүргізілді:
  • Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды.
  • 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.

 

 

  •   1921-1922 ж.ж аграрлық қайта құрулар нәтижесінже 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.
  • Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайларда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды.

      1921-1922 жылғы жүргізілген жер реформасының маңызы:

  • Еңбекшілерді соцалистік құрылысқа тартуда үлкен рөл атқарды.
  • Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.
  • Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізіді әлсіретті.
  • Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.

     Қазақ еңбекші шаруалары бұл декреттерді қуанышпен және алғыс сезіммен қарсы алды. Қазақтарға Ертіс өзенінің бойындағы он шақырымдық алқап пен бұрын қазақ әскерлеріне тиісті болған Жайық өзенінің сол жағалауындағы жерлер қайтарылды.

  •   Бұл аумақтардағы барлық қазақ және шаруа шаруашылықтары осы аудандар үшін әдеттегі мөлшердегі жер үлесін пайдалану құқығын сақтады. Кейінірек Жайықтың сол жағалауындағы жерлердің бір бөлігі межеленіп, қазақтардың пайдалануына шұрайлы жайылымдар берілді. Көкшетау уезіндегі барлық бос жатқан жер қорын Кеңес қазақ еңбекшілеріне берді.

Информация о работе ЖЭС кезіндегі жер-су реформасы