Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 05:22, курсовая работа
Кешендi экологиялық рұқсаттарға
енгiзiлген ресурс үнемдеу көрсеткiштерi
2014 жылы 1 дананы құрайды.
Атмосфераға зиянды заттар
шығарындыларының төмендеу пайызы 2009
жылмен салыстырғанда 2014 жылға кемiнде
5,9 % болады.
Ластағыш заттар төгiндiлерiнiң деңгейi
2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылға
кемiнде 3,5 %-ды құрайды.
2014 жылға қалдықтардың түзiлуiне оларды
қайта өңдеу үлесi 21,9 %-ды құрайы.
2014 жылға қарай 1992 жылмен
салыстырғанда парниктiк газдардың
шығарындылары көлемiнiң асырылмауы
96%-ды құрайды
Шөлейттенген және жұтаңдаған жерлер
алаңының өзгеру серпiнi 2014 жылға 0,05
га құрайды.
Сирек кездесетiн және жойылу
қаупi бар жабайы тұяқты жануарлар
түрiнiң санын мекендейтiн аймақтарында
ұлғайту 2014 жылға:
тоғайдағы асыл марал - 2 %;
құлан - 4 %;
жайран - 4 %;
арқар - 2 %.
Киiктер санының өсуi 2014 жылға 10 %
құрайды.
Табиғи су айдындары мен су қоймаларына
бағалы кәсiптiк балықтардың өмiрге
төзiмдi жас балықтарын шығару 2014 жылға
170,0 млн. дана құрайды.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар:
Жаңаларының саны - 13 аумақ
Кеңейтiлетiндерiнiң саны - 7 аумақ.
Орман отырғызу көлемiн ұлғайту 2014
жылға 65,0 мың га құрайды.
Бақылау пункттерiнiң саны 2014 жылға:
метеорологиялық станциялар - 261;
агрометеорологиялық бекеттер - 79;
гидрологиялық бекеттер - 305;
автоматты режимде жұмыс iстейтiн
атмосфера ауасының жай-күйiн - 67;
Гидрометеорологиялық қауiптi және дүлей
құбылыстар туралы дауыл ескертулерiнiң
алдын ала уақыттылығын арттыру 2014
жылға 72 сағатты құрайды.
2010 - 2014 жылдарға арналған Жасыл
даму салалық бағдарламасын
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 10 қыркүйектегi № 924 Қаулысы
«Қазақстан
Республикасының 2020 жылға дейiнгi
Стратегиялық даму жоспары
1. Қоса берiлiп отырған 2010 - 2014 жылдарға
арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы
(бұдан әрi — Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлiгi мүдделi орталық және
жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп,
Бағдарламада көзделген iс-шаралардың
тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз
етсiн.
3. Жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы
органдар, ұлттық, компаниялар (келiсiм
бойынша) "Салалық бағдарламаларды
әзiрлеу және мониторингiлеу ережесiн бекiту
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен
бекiтiлген Салалық бағдарламаларды әзiрлеу
және мониторингiлеу ережесiне сәйкес
Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы
ақпарат берсiн.
4. Алынып
тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.08.04 № 912 Қаулысымен.
5. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды
деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi
орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап
қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 10 қыркүйектегi
№ 924 қаулысымен
бекiтiлген
2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл
даму» салалық
бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы 2010 - 2014 жылдарға
арналған «Жасыл
даму» салалық бағдарламасы
Әзiрлеуге негiздеме
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға
дейiнгi Стратегиялық даму жоспары
туралы» Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы
№ 922 Жарлығы
Бағдарламаны Қазақстан
Республикасы Қоршаған ортаны
әзiрлеуге және iске қорғау министрлiгi
асыруға жауапты
мемлекеттiк орган
Мақсаты Табиғи
экожүйелердi сақтау және қалпына
келтiру бойынша жағдай жасау
Мiндеттерi «Жасыл
экономиканы» дамыту; қоршаған
ортаның құрамдауыштары мен денсаулыққа
антропогендiк әсер етудi төмендету;
табиғи экожүйелердi сақтау және қалпына
келтiру; қоршаған ортаның сапасын
басқару жүйесiн дамыту және жетiлдiру
Iске асыру мерзiмдерi 2010 - 2014 жылдар
Нысаналы индикаторлар
Кешендi экологиялық рұқсаттарға
енгiзiлген ресурс үнемдеу көрсеткiштерi
2014 жылы 1 дананы құрайды.
Атмосфераға зиянды заттар
шығарындыларының төмендеу пайызы 2009
жылмен салыстырғанда 2014 жылға кемiнде
5,9 % болады.
Ластағыш заттар төгiндiлерiнiң деңгейi
2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылға
кемiнде 3,5 %-ды құрайды.
2014 жылға қалдықтардың түзiлуiне оларды
қайта өңдеу үлесi 21,9 %-ды құрайы.
2014 жылға қарай 1992 жылмен
салыстырғанда парниктiк газдардың
шығарындылары көлемiнiң асырылмауы
96%-ды құрайды
Шөлейттенген және жұтаңдаған жерлер
алаңының өзгеру серпiнi 2014 жылға 0,05
га құрайды.
Сирек кездесетiн және жойылу
қаупi бар жабайы тұяқты жануарлар
түрiнiң санын мекендейтiн аймақтарында
ұлғайту 2014 жылға:
тоғайдағы асыл марал - 2 %;
құлан - 4 %;
жайран - 4 %;
арқар - 2 %.
Киiктер санының өсуi 2014 жылға 10 %
құрайды.
Табиғи су айдындары мен су қоймаларына
бағалы кәсiптiк балықтардың өмiрге
төзiмдi жас балықтарын шығару 2014 жылға
170,0 млн. дана құрайды.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар:
Жаңаларының саны - 13 аумақ
Кеңейтiлетiндерiнiң саны - 7 аумақ.
Орман отырғызу көлемiн ұлғайту 2014
жылға 65,0 мың га құрайды.
Бақылау пункттерiнiң саны 2014 жылға:
метеорологиялық станциялар - 261;
агрометеорологиялық бекеттер - 79;
гидрологиялық бекеттер - 305;
автоматты режимде жұмыс iстейтiн
атмосфера ауасының жай-күйiн - 67;
Гидрометеорологиялық қауiптi және дүлей
құбылыстар туралы дауыл ескертулерiнiң
алдын ала уақыттылығын арттыру 2014
жылға 72 сағатты құрайды.
Қаржыландыру
көздерi Бағдарламаны iске асыруға жалпы
сомасы
мен көлемi 172267,7 млн. теңге қаражат
бөлу
көзделген:
оның iшiнде республикалық бюджеттен
100310,1 млн. теңге, оның iшiнде:
2010 жылы - 18837,2 млн. теңге;
2011 жылы - 32528,2* млн. теңге;
2012 жылы - 27574,4* млн. теңге;
2013 жылы - 21122,0* млн. теңге;
2014 жылы - 248,3* млн. теңге;
жергiлiктi бюджеттен - 50657,3 млн.
теңге, оның iшiнде:
2010 жылы - 7674,1 млн. теңге;
2011 жылы - 13435,2** млн. теңге;
2012 жылы - 9341,6** млн. теңге;
2013 жылы - 9847,5** млн. теңге;
2014 жылы - 10358,8** млн. теңге;
халықаралық гранттан 484,9 млн. теңге,
оның iшiнде:
2010 жылы - 68,0 млн. теңге;
2011 жылы - 211,8* млн. теңге;
2012 жылы - 124,4* млн. теңге;
2013 жылы - 80,7* млн. теңге;
қарыз қаражатынан - 3468,7 млн. теңге,
оның iшiнде:
2010 жылы - 1010,8 млн. теңге;
2011 жылы - 1822,9* млн. теңге;
2012 жылы - 401,0* млн. теңге;
2013 жылы - 234,0* млн. теңге;
меншiктi қаражаттан - 17347,0 млн.
теңге, оның iшiнде:
2010 жылы - 1284,6 млн. теңге;
2012 жылы - 1062,4* млн. теңге;
2013 жылы - 7500,0* млн. теңге;
2014 жылы - 7500,0* млн. теңге.
Ескертпе:
* - қаржыландыру көлемi тиiстi қаржы
жылына арналған бюджеттi қалыптастыру
кезiнде нақтыланады;
** - қаржыландыру көлемi тиiстi қаржы
жылына арналған жергiлiктi бюджеттi
қалыптастыру кезiнде нақтыланады
2. Кiрiспе
2010 - 2014 жылдарға
арналған «Жасыл даму»
Қолданыстағы бағдарламалық құжаттарды
оңтайландыру шеңберiнде осы Бағдарламаға
Қазақстан Республикасының 2004 - 2015 жылдарға
арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы,
Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарын 2030 жылға дейiн дамытудың
және орналастырудың тұжырымдамасы, «Қазақстан
Республикасының 2008 - 2010 жылдарға арналған
қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы,
2008 - 2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасы;
Су ресурстарын, жануарлар дүниесiн сақтау
және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың желiсiн дамыту жөнiндегi
2010 жылға дейiнгi бағдарлама Арал өңiрiнiң
проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007
- 2009 жылдарға арналған бағдарлама бiрiктiрiлген.
Бағдарлама ресурстарды пайдалану мен
экономикалық өсудiң экологиялық салдары
арасындағы тәуелдiлiктi жоюды көздейтiн
«жасыл экономика» прогрессивтi қағидатын
пайдалануға бағдарланған.
Халықаралық қатынастарды, қоршаған ортаны
қорғау мен табиғат пайдалануды ғылыми
қамтамасыз етудi дамыту жөнiндегi iс-шаралар,
қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң
жүйелерi, экологиялық бiлiм беру, ағарту
және халықты хабардар етуiн арттыру мәселелерi
айқындалды.
Бағдарлама салааралық сипатта және парниктiк
газдар шығарындыларын, атмосфералық
ауаның ластануын, экологиялық апат аймақтарын,
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды,
өндiрiс және тұтыну қалдықтарын, су ресурстарын,
көгалдандыруды және басқаларын қоса
алғанда, көптеген мәселелердi кешендi
түрде шешуге ықпал ететiн болады.
Бағдарламаға орман шаруашылығы мен жануарлар
әлемi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
блогы қосылды. Қоғамның негiзгi мақсаттарының
бiрi биологиялық әр алуандықты сақтау
және елдiң орнықты дамуын қамтамасыз
ету болып табылады.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
3.1. Сала жай-күйiнiң ағымдағы
жағдайын, сондай-ақ осы
саланың елдiң
әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси
дамуына әсерiн
бағалау
Экологиялық
проблемаларды шешу Экологиялық кодекстi
қабылдау, «2005 - 2007 жылдарға арналған қоршаған
ортаны қорғау» және «2008 - 2010 жылдарға
арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламаларын, Балқаш - Алакөл бассейнiн орнықты
дамыту бағдарламасын, сондай-ақ басқа
да бағдарламалық және нормативтiк құқықтық
құжаттарды iске асыру арқылы Қазақстан
Республикасының 2004 - 2015 жылдарға арналған
экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы
шеңберiнде жүзеге асырылды.
Алайда, тұтастай алғанда, қоршаған орта
ластануының экологиялық жүйелер мен
халық денсаулығына терiс әсерiн айтарлықтай
төмендету әзiрге қолдан келмей тұр.
Мыналар: парниктiк газдар шығарындылары,
атмосфералық ауаның ластануы, су ресурстарының
ластануы, өндiрiс және тұтыну қалдықтарының
жиналуы, биологиялық әр алуандықты ұтымды
пайдаланбау Қазақстанда әлi де шешiлмей
отырған негiзгi проблемалар болып қалып
отыр.
Осы уақытқа дейiн Қазақстанның сыртқы
су ресурстарының көлемi мен сапасына
тәуелдiлiгi сақталуда, бұл елдiң бiрқатар
су бассейндерiнiң тұрақтылығына айтарлықтай
қауiп төндiредi. Шекаралас елдермен (Қытай,
Қырғыз, Өзбекстан) су-экологиялық және
су-энергетикалық проблемалар реттелмеген
күйiнде қалып отыр.
Соңғы жылдары шектес мемлекеттер аумағынан
келетiн суды пайдалану: проблемасы ушығып
кеттi: өзен ағыны жылына 15,1 км3-ге
қысқарды, бұл жылына 2-3 км3-ге дейiн
су ресурстарының тапшылығына әкелуде.
Мұндай үрдiс кейiнгi жылдары да болжануда.
Суға тәуелдiлiк мәселелерi елдiң азық-түлiк
қауiпсiздiгiне де, экологиялық қауiпсiздiгiне
де қатер төндiредi.
3.2. Күштi және әлсiз жақтарын, осы
сала үшiн
мүмкiндiктер
мен қауiптердi талдау
Объективтi талдау жасау үшiн оның күштi және әлсiз жақтарын, сондай-ақ, қазiргi мүмкiндiктер мен қауiптердi нақты анықтау қажет.
Оң факторлар |
Терiс факторлар |
Күштi жақтары |
Әлсiз жақтары |
Мүмкiндiктер |
Қауiптер |
Қауiптердiң алдын
алу мақсатында парниктiк
3.3. Тиiстi саланы дамытудың негiзгi
проблемалары,
үрдiстерi
және алғышарттары
3.3.1. Парниктiк газдардың шығарындылары
Қазақстан
Республикасында парниктiк
Елде парниктiк газдар шығарындылары
көздерiн орындалған түгендеу, көмiртегi
диоксидi эмиссиясының әзiрленген болжамы
ЖIӨ-нiң бiр бiрлiгiне (3,38 кг/АҚШ доллары)
парниктiк газдар шығарындыларының үлестiк
көрсеткiшi бойынша Қазақстан бiрiншi орында
екенiн дәлелдеп отыр.
Көмiртегi диоксидi шығарындыларының көлемiнде
ең көп үлес энергетикаға тиесiлi, ал энергия
тасығыштар арасынан - көмiр, бұл ретте
есептер шығарындылар генерациялауда
көмiрдiң үлесi интенсивтi қарқынмен өсетiнiн
көрсетiп отыр. 2010 жылға қарай ол отынды
жағудан түзiлетiн шығарындылардың жалпы
көлемiнiң 63 %, 2020 жылы - 66 %-ын құрайды.
Қазақстан экономикасының көпшiлiгi энергияны
қажетсiнуiмен ерекшеленедi, осының салдарынан
елде энергия ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiн
арттыратын iс-шараларды орындау үшiн орасан
техникалық резервтер бар. Қазiргi уақытта
тұтынылатын энергияның 2/3 астамы оны
пайдалану үдерiсiнде жоғалады, қазiргi
заманғы технологиялардың даму деңгейi
энергия ресурстарын пайдалы қолданудың
кемiнде 50-60 % коэффициентiне қол жеткiзуге
мүмкiндiк бередi.
3.3.2. Атмосфералық ауаның ластануы
Атмосфералық
ауаның ластануы халықтың
Қазақстанның өнеркәсiп кәсiпорындарының
атмосфераға шығарындылары жылына шамамен
үш миллион тоннаны құрайды, оның iшiнде
85 %-ы 43 iрi кәсiпорынға тиесiлi. Елдiң атмосферасына
стационарлық көздерден және улы қалдықтардың
елеулi үлесiнiң пайда болу шығарындыларының
10 %-ы шикi мұнай мен iлеспе газ өндiру саласында
жұмыс iстейтiн кәсiпорындарға тиесiлi.
Ластағыш заттардың атмосфераға шығарындыларының
көлемi 2009 жылы 3,4 млн. тоннаны құрады. Өткен
жылға қарағанда шығарындылардың төмендеуi
6,1 %-ды құрады.
Ауаны автомобиль көлiгiмен ластау көлемi
неғұрлым қауiп төндiруде, бұл республика
аумағында автокөлiк құралдары санының
қарқынды өсуiне байланысты. Бұл проблема
республиканың iрi қалалары үшiн аса өзектi,
мұнда автокөлiктiң әуе бассейiнiн ластаудағы
үлесi жалпықалалық шығарындылардың 60
%-на және одан жоғарыға жетедi.