Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 12:48, контрольная работа
Инфрақызыл сәуле спектрі жекелеген сызықтардан, жолақтардан тұруы немесе үзіліссіз болуы мүмкін, ол инфрақызыл сәуле шығару көздеріне байланысты болады. Қоздырылған атомдар немесе иондар сызықтық инфрақызыл спектр шығарады. Ал қоздырылған молекулалар жолақ инфрақызыл спектр шығарады. Қыздырылған қатты және сұйық заттар үзіліссіз инфрақызыл сәуле шығарады. Бағзы замандардан бастап адамдар жылудың, ғылыми тілмен айтқанда инфрақызыл сәуленің адам ағзасына пайдалы екенін білген.