Парник эффектісінен туындайтын әлемдік проблемалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 19:21, доклад

Краткое описание

Өзектілігі: Парниктік эффект әсерінен ауа температурасы жылынып, мұздықтардың еруіне, организмнің тіршілік етуіне, халықтардың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Мақсаты: биосфера шегінде болып жатқан ғаламдық жылынуды бақылай отырып, ондағы газдардың тұрақтылығын сақтау, тірі организмге әсер ететін пайдасын тиімді пайдалану. Міндеті: - парниктік эффектіден туындайтын әлемдік проблемаларды кеңінен зерттеу;- парниктік газдардың атмосфераға таралуын тежеу;- парниктік эффектінің әсерінен еріп жатқан мұздықтарды қарастыру;- көмірқышқыл газының концентрациясының артуын тежеу;

Вложенные файлы: 1 файл

aidana ekologia proekt.pptx

— 786.19 Кб (Скачать файл)

  
 
 
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ  
 
 
 
 
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ 
 
Тақырыбы: Парник эффектісінен туындайтын әлемдік проблемалар  
 
                                  

 

                           Орындығын: Лесхан А.Л

                                 Топ: 114 
                                 Факультет: Педагогика

                                 Тексерген: Кенжебаева Ш.К.

 

 Алматы 2013

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өзектілігі: Парниктік эффект әсерінен ауа температурасы жылынып, мұздықтардың еруіне, организмнің тіршілік етуіне, халықтардың денсаулығына кері әсерін тигізуде.  
 
 
 
Мақсаты: биосфера шегінде болып жатқан  ғаламдық жылынуды бақылай отырып, ондағы газдардың тұрақтылығын сақтау, тірі организмге әсер ететін пайдасын  тиімді пайдалану. 
 
 
 
Міндеті: - парниктік эффектіден туындайтын әлемдік проблемаларды кеңінен зерттеу; 
- парниктік газдардың атмосфераға таралуын тежеу; 
- парниктік эффектінің әсерінен еріп жатқан мұздықтарды қарастыру; 
- көмірқышқыл газының концентрациясының артуын тежеу; 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар

 

  І. Кіріспе

  ІІ. Негізгі  бөлім

а.Климаттың жаппай жылынуы

ә.Парниктік  эффект

б.Греландия  мұздығы

в.Арктика

г.Парниктік  эффекті туралы болжамдар

  ІІІ.  Қорытынды

  Пайдаланған  әдебиеттер

 

 

Климаттың ғаламдық жылуы

 

    • Климаттың ғаламдық жылуы - биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді

Әлемдік жылыну

Парниктік эффект

 

       Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын – парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышқыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр түрлі мәліметтер бойынша 50%-дан 65%-ға дейін жетеді. Басқа парниктік газдарға метан, (шамамен 20%), азот оксидтері (шамамен 5%), озон, фреондар және басқа да газдар (парниктік эффектінің шамамен 10-25%) жатады. Барлығы 30-ға жуық парниктік газдар, олардың атмосферадағы мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар бір молекулаға әсерінің салыстырмалы белсенділігіне де байланысты болады. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап атмосферадағы СО2 мөлшерінің өзгерісі 12-15% артқан.  
Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі. Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Парниктік газдар жылу сәулелерінің космос кеңістігіне кетуіне қарсы әсер етеді. Олар қақпанға түскендей болып жиналады да ауаның температурасының артуына әкеліп соқтырады. Мәліметтер бойынша парниктік газдардың әсерінен соңғы жүз жылдықта Жердің орташа жылдық температурасы 0,3-0,60С –ға артқан. Әр түрлі болжамдарға сүйенсек, планетаның орташа жылдық температурасының 1-3,50С-ға артуына әкеледі. Ауа райының жылынуы әсерінен, мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит 1,5 -2 м көтерілуі мүмкін, ол шамамен 5 млн. км2 құрлықтың су астында қалуына әкеледі. Ауа райының жылынуы әлемдік мұхитттың деңгейінің көтерілуінен басқа да құбылыстар: ауа райының тұрақсыздық дәрежесінің артуы, дауылдардың жиіленуі, жануарлармен өсімдіктердің жойылу жылдамдығының артуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Парниктік эффект

 

    • Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді

Парниктік эффектінің пайда  болу көздері:

 

Көмірқышқыл газы СО2

Көмірсутек

Метан СН4

ЭтанС2Н6

КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫ

 

    • Көмірқышқыл газының атмосфераға түсуінің негізгі техногенді көзі - органикалық отынды жандыру болып табылады. Қазір тек жылу энергетикасынан атмосфераға шамамен жылына бір адамға 1 т көміртегі немесе Жер шарында жылына 6 млрд. т бөлініп шығады. Атмосферадағы көміртегінің мөлшерін кемітетін негізгі факторлар фотосинтез бен мұхиттың сіңіруі болып табылады. Мұхит адам қызметінің нәтижесінде түзілген көмірқышқыл газының 50%-ын сіңіреді.
    • Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. С02-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.

 

ПАРНИКТІК ЭФФЕКТ

 

    • Жер атмосферасында парниктік газдардың шоғырлануы жалғасуда. Бүгінгі таңда дүние жүзіндегі ауа температурасы өнеркәсіп дәуірімен салыстырғанда 0,8 градусқа жоғары. 
      Өнеркәсіп дәуіріне дейін атмосферада шамамен миллионға шаққанда 278 CO2 бөлшегі болды. 2012 жылғы қыркүйек айында бұл көрсеткіш 391-ге дейін өсті, деп хабарлады Финмаркет. Көрсеткіш шамамен жыл сайын миллионға шаққанда 1,9 бөлшегіне дейін өсті.  
      Ғалымдардың айтуынша, қазіргі атмосферадағы парниктік газдардың шоғырлануы соңғы 15 млн жылдағы ең жоғары шоғырлану саналады.  
      Өнеркәсіп, үй шаруашылықтары, ауыл шаруашылығы және көліктер жылына ауаға 35 млн тонна көмірқышқыл газын бөледі. 2020 жылға қарай егер ештеңе өзгермесе, онда кейін 41 млн тонна көмірқышқыл газы бөлінетін болады.  
      XX ғасырда мұхит деңгейі орташа алғанда 15-20 см-ге көтерілген. Соңғы 10 жылда оның деңгейі тек 3,2 см-ге көтерілуде.  Егер жылдамдық өзгермесе, ғасырдың соңында мұхит деңгейі 30 см-ге ұлғаяды.  
      Сондай-ақ, соңғы жылдары мұздықтардың еру жылдамдығы

  
Гренландия мұздағы  

 

    • Біздің планетамыздағы барлық мұз қабаттарының 10 пайызы осы Гренландияда шоғырланған. Көлемі жағынан Антарктикадан кейінгі екінші орынды алатын бұл мұз қалқанның массасы 2,5 млн. текше шақырымға тең. Соңғы жылдары Гренландия мұздағының бұрынғыдан жылдам ери бастағаны байқалуда. Жыл сайын 250 миллиард тоннаға жуық гренландиялық мұз суға айналып, Атлант мұхитына қосылатын көрінеді. Бұл құбылысты анықтауға 2002 жылдан бері мұздаққа тұрақты бақылау жасап келе жатқан екі жасанды спутниктердің жинақтаған деректері мүмкіндік берді. Соңғы жылдары гренландиялық мұздақтың жағдайы ерекше назар аударуды қажет етіп отыр.

Ғаламдық проблема

  
Арктика 

 

    • Канадалық ғалымдардың деректері бойынша, Арктиканың мұз қабаты соңғы 15 жыл ішінде 40 пайызға тарта қысқарған көрінеді. Ал ресейлік ғалымдар тура осы мерзімде мұз қалыңдығы 15-20 пайызға азайды деген деректерді алға тартады.Шығыс Сібір платформасынан жыл сайын 8 млн. тоннаға жуық метан газының ауаға таралатындығын анықтады. Ғалымдардың болжамынша, жаһандық жылыну үдерістері мұхиттардың түбінде осыған дейін мүлгіп жатқан мәңгілік тоңдарды жібітіп, оның қабатындағы метан газдарына қозғау салғанартады

  
ПАРНИКТІК ЭФФЕКТІ ТУРАЛЫ БОЛЖАМДАР 

 

Ғаламдық жылынудың адамға белгілі бір мөлшерде тигізетін пайдасы да жоқ емес (мәселен, өсімдіктердің өнімділігі артады, шаруашылықта қызмет етуге мүмкіндіктердің кеңеюі, т.б.)

 Алайда, ғаламдық жылынудың арқасында біз көптеген қиыншылықтарға душар болатынымыз бірден анық. Олардың ең бастысы – шаруашылықтың көптеген түрлерін климаттық жағдайларға қысқы мерзімде бейімдендіру болып табылады.

 Атақты француз физигі Жозеф Фурье жер атмосферасы жылыжайдағы шыны ретінде рөл атқарады: ауа күн жылуын өткізе отырып, оның қайтадан ғарышта буланып кетуіне жол бермейді деп болжаған.

 Бұл эффект кейбір парниктік газдардың арқасында жүзеге асады. Олар күнге шағылысатын көрінетін және жақын инфрақызыл жарықты өткізіп, бірақ өте төмен жиіліктегі және жер бетінің күн сәулесімен қыздырғандағы пайда болған алыс инфрақызыл сәулесін жұтады.

 Әйгілі физик В.И.Лебедеваның айтуы бойынша көмірқышқыл газының ауадағы көп мөлшері дүние жүзіндегі жаһандық жылынуға әкеп соқтырмауы тиіс.

 Физик Б.М.Смирнов Лебедеваның пікірін мақұлдап, оның үстіне бүкіләлемдік жылыну жер атмосферасына мүлдем әсер етпей, қайта өндіріс өнімділігін арттырады деген пікір айтқан.

Қорытынды

 

    • Қалыпты табиғи факторлар мұндай жылдамдықпен атмосфераны жылыта алмаса керек. Бұған сөзсіз адам әрекеті себеп болып отыр. Екіншіден, техногендік дәуірде ауаға бөлінген көмірқышқыл газы мен метанның көлемі шектен тыс асып кеткен. Қазіргі кезде қуат өндіретін стансалардан, өнеркәсіп орындарынан шығатын көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 1/3 бөлігін құрайды. Осыған байланысты ғалымдар қазіргі жаһан­дық жы­лыну үрдісіне се­беп болып отырған ке­са­паттың 90 пайызы адам қолымен жасалып отыр деген тұжырымға тоқтаған.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

    • 1. Г.Оспанова, Т.Бозшатаева «Экология», Алматы-2002.
    • 2. Ж.Ақбасова,  Г.Сайнова «Экология», Алматы-2003.
    • 3. Ж.Жатқанбаева «Экология негіздері», Алматы-2004.
    • 4. Ұ.Асқарова  "Экология және қоршаған ортаны қорғау", Алматы – 2004.
    • 5. Ә.Бейсенова. Экология, Алматы – 2001
    • 6.Г. Оспанова. Экология негіздері,Алматы-2002ж.

 


Информация о работе Парник эффектісінен туындайтын әлемдік проблемалар