Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2012 в 21:08, реферат
Қазір адам әр түрлі су көздерінен алып, төщы судың табиғи қорының 0,1-0,15%-ын пайдаланады. Судың болмашы мөлшерінің алынуы сырт көзге судың жетіспеуін туғызбау керек сияқты. Оның үстіне ол сарқылмайтын ресурс ретінде зат алмасуға қатысып, қайтадан су көздеріне қайтып келеді. Бүкіл гидросфера аумағында судың таусылуы мүмкін емес, бірақ бұл мәселе аймақтық тұрғыда болуы мүмкін.
1.Судың сандық мөлшерінің сарқылуы
2.Судың ластану мәселесі.
3.Суды ластаушы заттар.
4.Гидросфераның ластануы.
5.Суды тазарту және ластанудан қорғау.
6. рН сутек көрсеткіші
7. Су сапасына қойлатын талаптар
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік
техникалық университеті
РЕФЕРАТ
тақырыбы: Су сапасына қойылатын талаптар
Тексерген: Мукатаева С.К.
Орындаған: Жаныбекова А.Р.
2012 жыл
Мазмұны
1.Судың сандық мөлшерінің сарқылуы
2.Судың ластану мәселесі.
3.Суды ластаушы заттар.
4.Гидросфераның ластануы.
5.Суды тазарту және ластанудан қорғау.
6. рН сутек көрсеткіші
7. Су сапасына қойлатын талаптар
Судың сандық мөлшерінің сарқылуы
Қазір адам әр түрлі су көздерінен алып, төщы судың табиғи қорының 0,1-0,15%-ын пайдаланады. Судың болмашы мөлшерінің алынуы сырт көзге судың жетіспеуін туғызбау керек сияқты. Оның үстіне ол сарқылмайтын ресурс ретінде зат алмасуға қатысып, қайтадан су көздеріне қайтып келеді. Бүкіл гидросфера аумағында судың таусылуы мүмкін емес, бірақ бұл мәселе аймақтық тұрғыда болуы мүмкін.
35 млн. км3 тұщы судың шамамен 70%-ы мәңгі мұздықтар мен мәңгі қар түрінде болады. Бұл суды адам іс жүзінде пайдаланбайды. Олар «өлі» су қорын түзеді. Сонымен қатар топырақтағы су, атмосфералық су мен тірі ағзалардағы су пайдаланылмайды. Батпақтардың суын пайдалану шектелген. Жердің терең қабаттарындағы суды игеру қиын. Тұтас алғанда адамзат шамамен 3 млн. км3 суды пайдалана алады. Бұл қоғамның техникалық мүмкіндіктеріне байланысты.
Табиғи су көздерін пайдаланғанда су ресурстарының қайта қалпына келу жылдамдығын есепке алу қажет.
Көл сулары орташа шамамен 17 жылда, жерасты сулары тек 1400 жылдан соң қалпына келеді. Жер астының терең қабаттарындағы су қоры тіпті қалпына келмейді. Себебі – атмосфера – жауын-шашын – құрлық – зат жүйесіндегі зат алмасуға қатыспайды. Қазіргі кезде ең таза болып есептелінетін жер асты сулары олардың қорының көп болуына қарамай тез таусылуы мүмкін.
Гидросфераның әр түрлі категориялары суларының қалпына келу жылдамдығы
Сулардың категориясы | Қалпына келу жылдамдығы |
Өзен | 16 күн (басқа мәліметтер бойынша 11-12 күн) |
Атмосфера | 8 күн |
Топырақ грунты | 1 жыл |
Батпақ | 5 жыл |
Көл | 17 жыл |
Әр түрлі горизонттардың жерасты сулары | 1400 жыл |
Әлемдік мұхит | 2500 жыл (араласу 63 жыл) |
Техникалық және экологиялық жағынан ең тиімдісі – жылдам қайта келуі, жеңіл алынуы, территорияда салыстырмалы бірқалыпты орналасуы, жоғары дәрежеде өздігінен тазаруға қабілетіне байланысты өзен сулары болып табылады. Қазіргі кездегі суды пайдалану негізінен өзен көздерінен алынады.
Қазіргі дүние жүзі бойынша пайдаланылатын судың жалпы мөлшері 4000 км3 (4 трлн. м3) жақын. Судың негізгі бөлігі өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда қолданылады.
Қайтымсыз суды пайдалану негізінен суармалы егістікке тән. Бұл жерде ол 60-70% және одан да жоғары. Бұл кезде суды пайдаланудың негізгі мақсаты судың максималды булануымен байланысты және ол судың берілген аймақтың су алмасуынан шығарылуына әкеледі.
Судың жетіспеуі өзен ағыстараның біртекті болмауы нәтижесінде де орын алады. Оның негізгі көлемі су тасу кезінде байқалады (қоныржай белдеудің жазық аудандарында – көктемде, тауда – мұздықтардың еруі кезінде, жазда экватор маңында – жауынды кезеңде).
Ағыстың уақытында әртектілігін нейтралдау үшін су қоймаларына су қорын жинайды. Бірақ бұл кезде де өзіндік теріс әсері болады. Олар ылал айналымның бұзылуымен, жерлерді алу, су қоймасының бетінен судың көп булануы және т.б. құбылыстармен байланысты. Олай болса Жердегі тұщы су қорының көп болуына қарамай, адам мен көптеген экожүйе үшін судың жетіспеуі мүмкін. Ол судың жекеленген категорияларының баяу қалпына келуіне, кеңістікте біртекті емес таралауына, уақыт бойынша су қорының динамикалығына (өзен суы үшін), қайтымсыз пайдалану және т.б. құбылыстармен байланысты болады. Уақыт өте келе судың жетіспеуін болдырмау жолдарыніздеу қажет.
Судың ластану мәселесі.
Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды.
Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторларының бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуы себепті шамамен 5 млн. адам (негізінен балалар) өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн.-нан 1 млрд.-қа дейін жетеді.
Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады.
Судағы химиялық элементтердің жиынтығы жануарлар мен адамның қанының құрамына жақын болады. Бұл өмірдің суға пайда болғандығының дәлелі бола алады.
Адам қаны мен әлімдік мұхит суының химиялық құрамы
Химиялық элемент | Еріген заттардың жиынтығынан % | |
Мұхит суы | Адам қаны | |
Хлор | 49,3 | 55 |
Натрий | 30 | 30,6 |
Оттегі | 9,9 | 5,6 |
Калий | 1,8 | 1,1 |
Кальций | 0,8 | 1,2 |
Судың тұздылығы әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Аталған көрсеткіш бойынша судың мына категорияларын бөліп көрсетеді:
тұщы су – 1 г/л дейін;
тұздылау – 1-3 г/л;
аз тұзды – 3-10 г/л;
тұзды және өте тұзды – 10-50 г/л;
рапа – 50 г/л артық.
Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз (3,5%немесе 35% - промилле) болады. Суларда органикалық заттар мен әр түрлі жүзіп жүрген заттар, сонымен қатар потогенді ағзалар да болады.
Адам суды оны пайдалану мақсатына йланысты бағалайды: ауыз су, техникалық қажеттіліктер үшін, ауыл шаруашылық қажеттілігі үшін және т.б
Судың сапасын бағалау үшін шекті рұқсат етілетін концентрациялар (ЗЖЖК) қолданылады.
Ауыз судың сапасын бағалауда химиялық критерийлермен қатар бактериологиялық және органолептік қолданылады.
Судың бактериялық жағдайы төмендегідей анықталады: 1) судағы бактериялардың жалпы саны, ол судың 1 миллиметріне 100-ден аспауы керек; 2) ішек таяқшасы тобының бактерияларының саны арқылы. Ол коли-индекс: судың 1 литріндегі ішек таяқшасының шамасы ( үштен көп болмауы керек) немесе коли-тетрмен анықталады. Бір ішек таяқшасы болатын судың миллиметрмен мөлшері (30мл-ден кем болмауы керек) анықталады.
Органолептикалық көрсеткіштерге судың иісі, түсі, дәмі, мөлдірлігі жатады.
Судың сапасының маңызды көрсеткіші – ондағы оттегінің болуы. Оған гидробионттардың (аэробтар) тіршілігі мен судың өздігінен тазаруға қабілеті тәуелді болады.
Судың оттегімен қамтамасыз етілуі оттегін биологиялық пайдалану көрсеткіші арқылы анықталады (ОБПК). ОБПК – дегеніміз биохимиялық процестерге қатысуға қабілетті заттардың ыдырауына (тотығуы) жұмсалатын оттегінің мөлшері. ОБПК-ні анықтау үшін су микроорганизмдеріне қажетті стандартты жағдайлар жасалады. Оттегін пайдалану, әдетте, 5 күнде бір литр суда (ОБПК5) өлшенеді. Неғұрлым оттегі көп пайдаланса, соғұрлым су органикалық және басқа биодеградациялаушы заттармен ластанған.
Суларда биологиялық ыдырауға төзімді заттар көбейіп келеді (мысалы, органикалық еріткіштер). Оларды ОБПК көрсете алмайды. Мұндай заттардың болуын оттегін химиялық пайдалану (ОХКП) көрсеткіші арқылы бағалайды. Ол су үлгілерінің күшті тотықтырғыштармен, мысалы, калий бихроматы мен реакциясы арқылы анықтайды.
Әдетте, шайында суларды ОХКП 100 мг/л артпаған жағдайда ғана су қоймаларына төгуге рұқсат етеді.
ОБПК мен ОХКП көрсеткіштерінің қатынасы судың өздігінен тазару қабілетін көрсетеді. Егер бұл қатынас бірге тең болса, өздігінен тазару қабілеті ең жоғары (биологиялық жолмен ластаушы заттардың барлық дерлік спектрі ыдырайды) болады.