Табиғат апаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 18:39, реферат

Краткое описание

Табиғат апаттары— алапат табиғи құбылыс: дауыл, дауылды қарақүйын, қүйынды дауыл, су басу, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың кар жауу, цунами, қар кешкіні, құрғақшылық, тағы басқа. Бұл табиғи алапаттар тірі организмдерге, соның ішінде адамға төтенше әсер ететін экологиялық фактор болып саналады. Сондықтан 1994 жылдың мамыр айында Йокогамада (Жапония) тілсіз қияпат қауіптілігін азайту проблемалары қаралған.

Содержание

1. Табиғат апаттары
2. Табиғи және жасанды апаттардың түрлері мен көлемі
3.

Вложенные файлы: 1 файл

ТҚН реферат.docx

— 293.20 Кб (Скачать файл)

 

Қазақстан республикасы

 білім және ғылым министрлігі

алматы университеті


 

 

 

 

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ:    «Табиғат апаттары»

 

 

 

Орындаған: Қуанышбек І.

Тексерген :Умирзакова Н.

 

 

Алматы

2014

 

 

 

Жоспар:

 

  1. Табиғат апаттары
  2. Табиғи және жасанды апаттардың түрлері мен көлемі
  •  

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Табиғат апаттары— алапат табиғи құбылыс: дауыл, дауылды қарақүйын, қүйынды дауыл, су басу, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың кар жауу, цунами, қар кешкіні, құрғақшылық, тағы басқа. Бұл табиғи алапаттар тірі организмдерге, соның ішінде адамға төтенше әсер ететін экологиялық фактор болып саналады. Сондықтан 1994 жылдың мамыр айында Йокогамада (Жапония) тілсіз қияпат қауіптілігін азайту проблемалары қаралған. Тілсіз қияпаттардан (иемесс табиғи алапаттардан) 3,6 млн адам қаза тауып, 3 млрд-тан астамы зардап шекті. Ал жалпы экономикалық шығын 340 млрд доллар болды. Жер сілкінісі эпицентрдін айналасынан едәуір қашық жерлерде басқа да табиғи құбылыстарды күшейтеді. Мысалы, Эквадордағы (1987) жер сілкінісі кезінде трансэквадор газ құбырының 6 мильден астамы жаппай жылжу себебінен бұзылды. Табиғи алапаттардың жиіленуі, халық тығыздығының артуы және Жердегі техносфераның кеңеюі күрделі инженерлік имараттар көп орналасқан аумақтардың табиғи қияпатқа ұшырауына себепші болады. Мұндай имараттарға АЭС-тер, химия кәсіпорындары, мұнай және газ құбырлары, суқойма бөгеттері, көлік жүйелері, тағы басқа жатады. Сондықтан табиғи және техногендік сипатты экологиялық алапаттарды бір-бірімен байланыстыра зерттеп-білу қажет. 

    Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі.  
    Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен.  
    Көлемді анықтау кезінде өлшөм үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мүқтаждардың саны апат салдарының әсеріне үшыраған аумақ.  
    Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді:  
    - табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала);  
    -жасанды (антропогендік, яғни адамдық факторлардан туындайды).  
    Табиғи:  
    1. Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақүйын, қатты  
    ыстық, қүрғақшылық аяз, найзағайдан болған өрт).  
    2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан  
    болған өрт, жер сілкінісі).  
    З.Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың қүлауы, су басу).  
    4. Космостық (метөориттердің және басқа космостық денелердің қүлауы, олармен соқтығыс).  
    Жасанды:  
    1. Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, төңіз, өзен,  
    темір жол).  
    2. Әндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық,  
    термикалық).  
    3. Спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық).

     
    4. Әлеумөттік (соғыс, аштық, қоғамдық  және үлттық тәртіпсіздік,  
    терроризм, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания).  

    Әрбір апат ошақ қүруға алып келеді, бүлар үшін өзіндік бүлдіру, зақымдау ерекшелігі тән, ал әрбір ошақ - бүл төтенше жағдай.  
    Төтенше жағдай - апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процестерінің жиілігі болып табылады. Бүл процестерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді

    Табиғаттағы апатты құбылыстарды шығу тегіне қарай эндогенді (ішкі) және экзогенді (сыртқы) деп бөлуге болады. Эндогенді құбылыстар жер қыртысындағы өзгерістерден (жер сілкіну) туады. Қазақстанның оңтүстігіндегі биік таулар әлі калыптасып бітпеген жас таулар болғандықтан, сейсмикалық ауданға жатады. Сондықтан бұл аймақта жиі жер сілкінулер болып түрады. Мысалы, Алматыда 1889, 1911 жылдары апатты жер сілкіну болған.

    Экзогенді апаттарға көбінесе адам әрекеті себепші болады. Республикамызда таулы аудандардың болуына байланысты сел, қар көшкіндері құбылыстары байқалады. Біздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс биік таулы аймақтарда 2724 мұздық бар. Осылардың еруінен және қардың қалың түсуіне байланысты күшті селтасқындары болып түрады. Апатты сел тасқындары 1921 жылы Алматыда, 1963 жылы Есікте, 1977 жылы Медеуде болды. Олардың алдын алу үшін шаралар жасалмаған жағдайда зор материалдық және адам шығыны болуы мүмкін. Алматы қаласын селден сактау үшін Медеу бөгені салынған және таулы аймақтарда сол жөнінде дер кезінде хабар беретін кондырғылар орнатылған. Жер сілкінуді алдын ала болжау үшін арнайы сейсмологиялық институт жұмыс істейді. Мұнда ең жаңа құралдармен бірге үй жануарларының көмегімен (мінез-құлықтарының өзгерістеріне негізделген) жер сілкінуге болжам жасалады. 
    Республиканың климат ерекшеліктеріне байланысты жазда аңызақ (ыстық құрғақ) желдер жиі болады. Аңызақ Желдер егістіктерге зиянын тигізеді, күшті дауылдар тұрғын үйлерді, байланыс жүйелерін, жолдарды қиратуы мүмкін. Ғарыштық метеорологиялық зерттеулер арқылы аңызақ желдер алдын ала болжанады. Табиғаттағы апат құбылыстарын алдын алу үшін тұрғын үйлерді апатқа төтеп беретіндей етіп салу, елді мекендерді орналастыруда табиғат ерекшелігін ескерудің маңызы зор. Табиғаттағы заңды түрде жүретін ырғақтық (циклдық) апат әкелетін өзгерістерді (теңіз деңгейінің көтерілуі, жұттардың болуы және т.б.) ескерген жөн. 
    Туған өлкенің табиғатын аялау, қорғау - озық қоғамның алғышарты. Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, қоршаган орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі мүмкін емес.

    Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Қоршаған ортаның қолайлы болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бұлақ сол табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытпаған жөн. Өзіміз тұрған жердің табиғатын сақтаймыз. Табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыру үшін туған өлкеге туристік саяхат жасаудың, оның табиғат ерекшеліктерімен, экологиялык жағдайымен танысудың маңызы зор.

     

    Апаттар:

     


    Информация о работе Табиғат апаттары