Тұрақты даму

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2012 в 20:34, реферат

Краткое описание

Жеке тіршілік ету көптеген түрлерде, бірақ тіршілік циклының кейбір стадияларында ғана кездеседі. Түрдің өмір бойы жеке тіршілік етуі табиғатта кездеспейді. Өйткені онда негізгі функция - көбею болмайтын еді. Алайда кейбір бірге тіршілік ететін түрлерде өте әлсіз, сирек байланыс болады. Бұған мысал ретінде кейбір су жануарларын айтуға болады. Оларда ұрықтану сырттай жүреді (сегізаяқ). Ал кейбір іштей үрықтанатын түрлерде де аталық және аналық особьтардың байланысы өте қысқа, тек копуляция (шағылысу) кезінде ғана болады (хан қызы, кейбір қоңыздарда, т.б.).

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 228.67 Кб (Скачать файл)

Түрдің популяциялық құрылымы

 

Түрдің популяциялық құрылымы Әрбір түр белгілі бер территорияда (ареалда) тіршілік ете отырып сол территорияда популяциялар жүйесі ретінде көрінеді. Түр тіршілік еткен ареал неғұрлым күрделі, бөлшектенген болса популяциялар арасындағы алшақтық та соғұрлым жоғары болады. Алайда түрдің популяциялық құрылымын оның биологиялық ерекшеліктері - особьтардың қозғалу белсенділігі, табиғи кедергілерді, тосқауылдарды жеңе білуі және т.б. анықтайды. Егер түр мүшелері үлкен кеңістікте үнемі қозғалып, араласың жатса мұндай түр аз ғана ірі-ірі популяциялардан тұратын түр болып сипаттталады. Көшіп-қону (миграция) қабілеттілігімен әдетте солтүстік бұғылары, Африка саванналарындағы тұяқты жануарлар ерекшеленеді. Олар маусымдық көшіп-қону кезінде жүздеген шақырым жерлерді артқа тастайды. Мұндай түрге жататын популяциялардың шекаралары әдетте, үлкен географиялық тосқауыл, бөгеттер - үлкен өзендер, тау жоталары т.б. бойынша өтеді.

 

Қозғалуға белсенділігі төмен жағдайда түрдің құрамында ландшафттың мозайкалығын білдіретін көптеген майда популяциялар құрылады. Мозайкалық - қауымдастықтың кеңістікте көлденең таралуы. Өсімдіктер мен аз және баяу қозғалатын жануарларда популяция саны ортаның әртүрлілігіне тікелей байланыста болады. Мысалы, мұндай түрлердің таулы аудандарда жазық жерлермен салыстырганда территория бойынша бір-бірінен алыстап, бөлінуі жоғары. Кейде түрдін кішкентай ареалда тіршілік етуі ортаның әртүрлілігіне емес, организмнің мінез-құлқьша да байланысты. Мысалы, аюлар өздері тіршілік етіп жатқан жерге бауыр басып қалатындықтан ол жерді тастап кетпейді, сондықтан үлкен ареалда бір-бірінен кейбір қасиеттері бойынша өзгешеліктері бар көптеген майда топтар болып тіршілік етеді.

 

Көршілес популяциялардың бір-бірінен алшақ өмір сүру ерекшеліктері әртүрлі. Кей жағдайда олар тіршілік етуге қолайсыз жерлермен бір-бірінен оқшауланса, кейде тіршілікке қолайлы ортада (шөлді жердеғі өзен аңғарлары мен оазистерде) бір жерге көптеп шоғырланған.

 

Бір түрге жататын популяциялардың ішінде шекаралары жақсы байқалатын және керісінше, анық байқалмайтын ареалда тіршілік ететін популяциялар да болуы мүмкін. Көпшілікке белгілі, астық тұқымдастардың зиянкесі тасбақалы қандала жұмыртқаны жарып шыққан сон 2,5-3 айдан кейін дәнді алқаптардан ондаған, жүздеген шақырым жердегі тау етегіндегі ормандарға ұшып, қоныс аудару басталады . Ол жерде олар келесі көктемге дейін ағаштар дан түскен жапырақтар арасында қыстап шығады. Ұшу ұзақтығы особьтардың қоңдылығына байланысты. Нәтижесінде қыстап шығатын бір жерде әртүрлі жерлерден ұшып келетін қандалалар араласып кетеді. Ал көктемгі ұшу бағыты желдің бағытына байланысты болады. Осыған байланысты үлкен кеңістікте особьтардың үнемі қозғалуы және бір-бірімен араласуы болып жатады да жекелеген популяциялардың шекаралары бола бермейді. Сондықтан түр ішінде популяциялар әртүрлі көлемдегі топтар ретінде кездесуі мүмкін.

 

Популяциялар арасында жекелеген  особьтардың алмасуы ұдайы немесе ара-тұра болып жатады. Қарғалардың  маусымдық көшуі кезінде жас  құстардың бір бөлігі қыстайтын жерінде сол жердегі басқа особьтармен жүп түзіп қалып қояды.

 

Жекелеген особьтар арасындағы байланыстар  бір нәтижеге, популяция арасындағы байланыстар басқаша нәтижелерге альш келеді. Мысалы, белгілі бір паразиттің ұзақ уақыт бойы әсер етуі иесінің физиологиялық жағдайыньщ, ұрпақ шығаруының, өмір сүру ұзақтығының өзгеруіне байланысты болуы мүмкін. Осы түрге жататын популяциялар арасындағы қарым-қатынастар олардың топтық сипаттарының - санының, жастық құрамының, өлуі мен популяцияның өсу қарқындылығьшың өзгеруіне алып келеді. Популяциялар арасындағы байланыстар оларды бүтін бір түр ретінде ұстап тұруға көмектеседі. Популяциялар арасындағы ұзақ және толық оқшаулану әдетте жаңа түрлердің пайда болуына алып келеді.

 

Кейбір популяциялар арасындағы өзгешеліктер әртүрлі леңгейде болады. Ол өзгешеліктер олардың тек топтық сипатына ғана емес, жеке особьтарының мінез-құлық, морфологиялық және Физиологиялық ерекшеліктеріне де қатысты болуы мүмкін. Ареалдың әртүрлі бөлігіндегі ақ қояндар бір-бірімен түсі, дене мөлшері, ас қорыту жүйесінің құрылысы боңынша айырмашылықтары болады. Мысалы, Ямал түбегіндегі ақ қояндардың аш ішектерінің ұзындығы Орал тауының орманды далаларындағы өкілдеріне қарағанда 2 есе үзын. Бұл қоректену ерекшеліктеріне, қорек құрамындағы қатты азықтардың мөлшеріне байланысты.

 

Тіршілік орталарының айырмашылықтары  неғұрлым көп және особьтар арасындағы алмасу нашар болса, соғұрлым популяциялардың бір-бірінен өзгешеліктері көп болады.

 

Генетикалық біртүтастығына және көбею  түріне байланысты популяциялар: панмиктикалық (айқас ұрықтану), клонды және клонды-панмиктикалық (мысалы, шіркейлерде партеногенетикалық ұрпақ жынысгы ұрпақпен алмасады) болып бөлінеді.

 

 

Өсімдіктердің тіршілік циклын 4 кезеңге  біріккен 11 жастық күйге бөледі

 

Тұқымды өсімдіктердің жастық кезеңдері  мен күйлері

 

 

Особьтың жастық құйі — ортамен  белгілі бір қарым-қатынаста болатын  онтогенездегі этаптары. Мысалы:

оскіндер тұқымдағы қорлық заттармен және фотосинтез

 

әсерінен аралас қоректенеді;

ювенильдік өсімдіктер өздігінен дербес қоректенеді, оларда

 

тұқым жарнақтары болмайды;

имматурлық өсімдіктердің өркендері түптене бастайды;

өсімдіктің генеративті кезеңге ауысуымен тек гүлдер мен

 

жемістер пайда болмайды, организмде ішкі биохимиялық және физиологиялық өзгерістер жүреді.

 

Осы күйдегі популяциядағы особьтар ара қатынасын популяцияның жастық спектрі деп атайды. Жастық спектр организмдердің өлу және туылу белсенділігімен байланысты. Популяцияның жастық құрылымы сыртқы факторлар әсерінен өзгеруі мүмкін. Өйткені сыртқы факторлар туылу және өлу процестерін қадағалап отырады.

 

Егер популяцияда барлық жастағы  особьтар біркелкі мөлшерде болса соғұрлым өміршең болады. Мұндай популяцияларды қалыпты деп атайды. Егер популяцияларда кәрі особьтар көп болса оны регрессивті немесе өліп бара жатқан популяциялар деп, ал жас особьтар саны көп популяцияларды инвазиялық немесе өсіп келе жатқан популяциялар деп атайды.

 

Популяциядағы әр жастағы особьтардың  сандық мөлшерін салыстыру үшін жастық құрылымының гистограммасы құрастырылады.

 

Жастық құрылымға талдау жасау  жақын арада популяцияның бірнеше  ұрпақтарының сандық мөлшерін білуге көмектеседі. Мұндай талдаулар ауланатын балықтардың шамасын білу үшін балық шаруашылығында жиі қолданылады. Егер таңдап алынган табиғи популяцияның жастық құрылымының көрсеткіштеріне ортаның әсері дәл анықталып алынган болса, алдағы бес жылда аулауға болатын балықтардың мөлшері туралы дәлдігі жоғары болжамдар алуға болады.

 

Популяцияның этологиялық (мінез-құлық) құрылымы - Жануарлар мінез-құлқы  ерекшеліктерін этология ғылымы зерттейді, яғни, бір популяциядагы особьтардың  бір-бірімен қарым-қатынасын популяцияның экологиялық немесе мінез- құлық  құрылымы деп атайды.

 

Популяциядағы жануарлардың мінез-құлқы  түрдің қалай: жеке тіршілік ете ме, әлде топтаньш тіршілік ете ме - соған  байланысты

 

Жеке тіршілік ету көптеген түрлерде, бірақ тіршілік циклының кейбір стадияларында  ғана кездеседі. Түрдің өмір бойы жеке тіршілік етуі табиғатта кездеспейді. Өйткені онда негізгі функция - көбею болмайтын еді. Алайда кейбір бірге тіршілік ететін түрлерде өте әлсіз, сирек байланыс болады. Бұған мысал ретінде кейбір су жануарларын айтуға болады. Оларда ұрықтану сырттай жүреді (сегізаяқ). Ал кейбір іштей үрықтанатын түрлерде де аталық және аналық особьтардың байланысы өте қысқа, тек копуляция (шағылысу) кезінде ғана болады (хан қызы, кейбір қоңыздарда, т.б.).

 

Жеке тіршілік ететін түрлерде особьтардың  шоғырланып жиналуы уақытша - көбею  алдында, қысқы суықтан пана іздеген  кезде байқалады (мысалы, кейбір көбелектер күзде көптеп үйдің шатырының  астында немесе басқа бір паналайтын жерлерде, жайындар мен шортан балықтар су түбіндегі шұңқырларда).

 

Популяция ішінде особьтар арасындағы қатынастардың күрделенуі екі багытта  жүреді: особьтар арасында жыныстық байланыстың  күшеюі және ата-аналары мен ұрпақтары  арасындағы байланыстардың пайда болуы. Осының негізінде популяциялар ішінде құрамы және бірге болу ұзақтығы әртүрлі семьялар құрыла бастайды.

 

Ата-аналық жүітгардың құрылуы қысқа  да, ұзақ та уақытқа, кейде тіпті  өмір бойына құрылады. Мысалы, полиғамды бұлдырық, саңырау құр аталықтары көптеген аналықтармен шағылысады да, бірақ тұрақты жұп түзбейді. Кейбір үйректерде (бізқұйрық) қыс кезінде немесе миграция кезінде жүптар түзіп, аналықтары ұяларына орналасқан соң аталықтары оларды тастап кетеді. Көптеген торғайларда жүптары балапандарының қанаттары қатайғанша бірге болады. Аққу, тырна, көгершіндерде жүптар көптеген жылдар бойы, кейде өмір бойы бірге болады.

 

Жануарларда жүбын іздеу көбею  алдында күрделі болып, Мінез-құлықтары  да өзгереді (мысалы, шалғынпы қоңыздарда жүп құру алдында аталық особьтардың  «билеуі», кейбір өрмекшілерде (қарақұрт) шағылысқан соң ағалықтарының налықтарына  қорек болуы, құстарда үя салу және т.б.).

 

Жұптарын іздеген кезде жануарлар  арасында бәсекелестік күшейе түседі. Аталықтары арасында төбелестер, ритуалды қимыл-қозғалыстар күрделеніп жиілейді. Сөйтіп, көбею алдында жануалар популяциясында особьтар арасындағы байланыстар күшеиіп - жұбын іздеу белсенділігі арта түседі.

 

Семьялық тіршілік етуде ата-аналары  мен ұрпақтары арасындағы байланыстар  күшті болады (мысалы, ата-анасының біреуінің жұмыртқасын басып  шығару, жауларынан бірлесіп қорғану  және т.б.). Құстарда балапандары үлкейгенше, аю, жолбарыс популяцияларында балалары бірнеше жыл ата- аналарьгаың жанында, жыныстық жасқа жеткенше тәрбиеленеді.

 

Ұрпақтарын ата-анасының қайсысы  күтуіне байланысты аталық, аналық және аралас типтері болады. Семьялық тіршілік етуде жануарлардың территориялдық мінез-құлқы анық байқалады: әртүрлі белгілер, өз территориясын белгілеу, т.б.

 

Жануарлардың мұнан да үлкен  бірлесіп тіршілік етуі - колониялар, үйірлер, табындар. Олардың негізінде популяциядагы байланыстардың күрделене түсуі жатыр.

 

Колония - жануарлардың бір жерде  топтасып тіршілік етуі. Олар ұзақ уақыт бойы немесе уақытша көбею кезінде ғана болуы мүмкін (мысалы, шагала, гагар, тупиктерде уақытша).

 

Колонияның күрделі түрі - особьтар арасында қызметтердің бөлінуі. Бұл кейбір особьтардың тіршілігін сақтап қалуға әсер етеді. Мысалы, бір-бірін әртүрлі белгілер беріп сақтандыру және жауларынан бірігіп қорғану. Кейбір қаздар, шагала, қарлығаштар шулап жауларынан үяларын, балапандарын қорғап қалады. Ең күрделі колониялар кейбір жәндіктерде - термиттерде, араларда, құмырсқаларда кездеседі (көбею, қорғану, ұя салу). Мұнда тіпті еңбекті бөлісу де байқалады.

 

Үйір - жануарлардың уақытша бірігіп  тіршілігін жеңілдетуі (жауларынан қорғану, қорегін табу, миграция). Мұндай бірігу құстарда, балықтарда, иттерде көп кездеседі.

 

Қимыл-қозғалыстарын үйлестіру  бойынша үйірлер 2 топқа бөлінеді:

Эквипотенциалды, яғни, үйір мүшелерінде  айқын

 

доминанттар болмайды (балықтарда, кейбір құстарда).

Көсемдері бар үйірлер (ірі құстарда, сүт қоректілерде).

 

Табын - үйірлерге қарағанда біршама  үзақ, түрақты тіршілік етеді. Мұндай топтардың негізін доминант-багыныштылық қатынастар құрайды. Табындардың бір түрі - уақытша немесе біршама уақытта түрақты көсемдері бар топтар. Көсем - бұл тәжірибелі топ мүшесі. Табынның миграциясын, қоректенетін жерді және т.б. қасиеттерін көсемдері анықтайды.

 

Көсемдіктің биологиялық маңызы - жеке особьтардын тәжірибесі бүкіл  топқа пайдалы болуында.

 

Топ эффекті - бірге тіршілік ету  барысында особьтарда физиологиялық  процестердің қалыпты жүріп, өміршеңдігінің артуы. Топта тіршілік ету жүйке және гормоналдық жүйелер бойынша жануарлар организміндегі көптеген физиологиялық процестерге әсер етеді. Особьтарды жеке үстаган кезде (әдетте топта тіршілік ететін) зат алмасу процестері өзгеріп, өміршеңдігі нашарлай түседі. Мысалы, қойлар отардан жеке қалғанда жүрек соғуы, тыныс алуы жиілей түседі де, отарға қосылғанда қалпына келеді. Жарқанаттарда колониядан жеке қыстап шыққанда зат алмасу процесі тез жүріп, энергияның көп бөлінуіне алып келеді. Әдетте мұндайда жарқанаттар көбіне өліп қалады.

 

Топ эффекті жеке тіршілік ететін түрлерде байқалмайды. Егер мұндай түрлерді жасанды түрде басқа түрлермен қосса, оларда тпіркену, бір-бірімен соғысу жиілеп көптеген физиологиялық көрсеткіштері оптимумнан ауытқи бастайды. Мысалы, құлақты кірпілер жеке .тіршілік еткен кезбен салыстырғанда топта оттегіні 134% -ға көп паидаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Открытие года! Лучшая игра во Вселенной!

 

 

 Экономикалық өсу: түсінігі, типтері мен факторлары.

 

1. Кіріспе 

 

2. Экономикалық өсудің типтері,  тиімділігі мен сапасы.

 

2.1. Экономикалық өсудің факторлары  мен модульдері 

 

2.2. Экономикалық өсудің стадиялары  туралы теориялар 

 

2.3. Қазақстан экономикасының өсу  динамикасы 

 

3. Қорытынды 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

1. Кіріспе 

 

 Батыс елдеріндегі қалыптасқан  экономикалық жүйе шеңберінде 

 экономикалық өсу мәселесі  жетекші нақтылы мақсат болып  саналады.

 Экономикалық өсу ұлғаймалы  ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі:  бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің  сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш  күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен  байланысты өндірістің нақты  көлемінің табиғи дәрежесінің  ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды.

 Басқаша айтқанда, ЖҰӨ-нің нақты  көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін  немесе осы көрсеткіштің жан  басына шаққандағы өсуінің қарқынымен  өлшенетін қағидат кең тараған. 

 Экономикалық өсудің мәні-экономиканың  негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде  шешу және ұдайы өндіру б.т:  өндірістік ресурстардың шектелуі  мен қоғамдық қажеттердің шексіз  болуының арасындағы осы қайшылықты  шешудің негізгі екі түрі бар: 

Информация о работе Тұрақты даму