Тұрақты даму

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2012 в 09:26, доклад

Краткое описание

3.9 Экология және тұрақты даму саласында БҰҰДБ Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне, Су ресурстары комитетіне, Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне және басқа да мемлекеттік органдарға бірқатар стратегиялық құжаттарды (Тұрақты даму жөніндегі ұлттық кеңестің қолдауындағы Тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы сияқты)

Вложенные файлы: 1 файл

Экология.doc

— 42.00 Кб (Скачать файл)

3.9 Экология және тұрақты  даму саласында БҰҰДБ Қоршаған  ортаны қорғау министрлігіне,  Су ресурстары комитетіне, Орман  және аңшылық шаруашылығы комитетіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне,  Энергетика және минералдық ресурстар  министрлігіне және басқа да  мемлекеттік органдарға бірқатар стратегиялық құжаттарды (Тұрақты даму жөніндегі ұлттық кеңестің қолдауындағы Тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы сияқты) және заң актілерін (ҚР Президентінің Жарлығымен қабылданған Экологиялық кодекс сияқты) дайындауда қолдау көрсетті. Сондай-ақ, БҰҰДБ халықаралық келісімдерді (Тұрақты органикалық ластаушылар жөніндегі Стокгольм конвенциясы, Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасы, Рамсар және Бонн конвенциялары сияқты) бекітуде және есеп беруде (Биологиялық әралуандықты сақтау туралы конвенцияны жүзеге асыру жөніндегі үшінші ұлттық есеп, БҰҰ КӨНК арналған екінші ұлттық хабарлама) қолдау көрсетті. СРИБ ұлттық және бассейндік жоспарлары арқылы су ресурстарын интеграциялық басқару әдісі дайындалды, сегіз бассейндік кеңес құрылды. Үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер ҒЭҚ Кіші гранттар бағдарламасының қолдауымен қоршаған ортаны қорғау және энергияны тиімді пайдалану салаларында 130-дан астам кіші жобаны жүзеге асырды. 
      3.10 Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті БҰҰДБ қолдауымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (бұдан әрі - ЕҚТА) басқару және аумағын кеңейту, Ғаламдық экологиялық қор мен басқа да қаржы көздерінің қаржысын тарту арқылы жойылып бара жатқан түрлерді қорғау саласында табыстарға жетті. БҰҰДБ ұсыныстарының негізінде Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарлары туралы ережелер енгізді. Екі жаңа ЕҚТА құру және қазіргі бар алты ЕҚТА-ның аумағын кеңейту үшін барлық мүдделі тараптар анықталып, келісім жұмыстары жүргізілді. Сулы-батпақты алқаптардың, агробиоәралуандықпен сипатталатын аумақтардың және Алтай-Саян экологиялық аймағының табиғи ресурстарын сақтау мәселелері бойынша жұртшылықтың ақпараттандырылуы арқылы, әртүрлі мүдделі топтарға бағытталған, жойылып бара жатқан маңызды түрлер туралы жұртшылықты ақпараттандыру науқаны арқылы көмек көрсетілді. Қазақстанның биоәралуандығын сақтау қоры құрылды. 
      3.11 Жел энергетикасына инвестицияларды ынталандыруға арналған ұсыныстармен қатар, қалпына келтірілетін энергия көздерін дамытуға арналған құқықтық және реттегіш негіздер дайындалды. Бүкіл ел бойынша жел энергетикасы әлеуетін бағалау жүргізілді және БҰҰДБ жел әлеуеті жөніндегі мониторингтік мәліметтерді дайындау, нормативтік-құқықтық базаны қолдау және Үкімет пен ықтимал инвесторлардың арасындағы диалогқа жәрдемдесу арқылы, елдегі тұңғыш жел электр станциясының құрылысына инвестициялар тартуға белсенді түрде қатысуда. Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының әкімшіліктерімен ынтымақтаса отырып, БҰҰДБ қоғамдық және муниципалитет ғимараттарын жылумен жабдықтау және ыстық сумен қамтамасыз ету кезінде энергияны қолдану тиімділігін ілгерілету бойынша ірі ауқымды бастама бастады. 
      3.12 БҰҰДБ табиғи апаттарға бейім Алматы облысының анағұрлым қауіпті аумақтарына зерттеу жүргізуге, сондай-ақ зерттеулер мен мониторинг жүргізу үшін қажетті қолда бар инфрақұрылым мен әлеуетті бағалауға көмек көрсетті. ртүрлі нысаналы топтар үшін бағдарламалар мен оқу материалдары дайындалды, сондай-ақ семинарлар өткізілді. Табиғи апаттарға дайындықты қамтамасыз ету және оның қауіптерін төмендетудің ұлттық бағдарламасы дайындалды, қазіргі уақытта оның бекітілуі күтілуде. 
      3.13 Елдің дамуының жаңа кезеңіндегі даму саласындағы басымдықтар мен қажеттіліктерге ден қоюды жақсарту мақсатында 2007 - 2008 жылдары БҰҰДБ-ның елдік кеңсесі Астана қаласына көшірілді. 2007 жылы даму мақсатында көмек көрсету жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік бағдарламасына (ЮНДАФ) орта мерзімді шолу жүргізілді, 2006 - 2009 жылдар кезеңінде жұмыстың негізгі бағыттары бойынша нәтижелерге қол жеткізу бойынша төрт бағалау жүргізілді. Бағдарламаның қолданылуы барысында алынған маңызды сабақ, табыс деңгейі орташа елдердің дамуы саласындағы қажеттіліктеріне сәйкес келетін ынтымақтастықтың жаңа құралдарын қолдану кажеттілігімен қорытындыланады.

4. Ұсынылып  отырған бағдарлама     

4.1 Елдік бағдарлама 2010 - 2015 жылдар кезеңінде жүзеге асырылады.  Бағдарлама Қазақстанның 2030 жылға  дейінгі ұзақ мерзімді даму  бағдарламасының кезекті кезеңі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі (бұдан әрі - «Қазақстан-2020») стратегиялық даму жоспарында (бұдан әрі - «Қазақстан-2030») баяндалған ұлттық дамудың басымдықтарына қол жеткізуге өз үлесін қосады. БҰҰДБ-ның Елдік бағдарламасы Мыңжылдық дамудың ұлттық мақсаттарына қол жеткізуге өзінің тікелей үлесін қосады. БҰҰДБ-ның қызметі БҰҰ-ның Балалар қоры (бұдан әрі - ЮНИСЕФ) мен БҰҰ-ның Тұрғын халық саласындағы қорының (бұдан әрі - ЮНФПА) жұмысымен келісілген. 
      4.2 Елдік бағдарламаның осы іс-қимыл жоспарында Үкімет пен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастықтың 2010 - 2015 жылдарға арналған бағыттары егжей-тегжейлі сипатталған. ЕБІҚЖ 2009 жылдың сәуірінде Үкімет қол қойған, Даму мақсатында көмек көрсету жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік бағдарламасына негізделген. Қазақстандағы БҰҰ-ның көмегінің ұжымдық басымдықтары туралы аталған ортақ келісімді пайдалана отырып, БҰҰДБ Үкіметтегі, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіндегі басты әріптестермен және азаматтық қоғам мен жеке сектордағы басқа да әріптестерімен, БҰҰДБ-ның салыстырмалы артықшылықтары және Қазақстан мемлекеті сияқты, табыс деңгейі орташа ел контекстінде БҰҰДБ-ның ұлттық, дамуға қосқан стратегиялық үлесі бойынша консультациялар өткізді. Осы консультациялар нәтижесінде, БҰҰДБ/ЮНФПА-ның Атқарушы кеңесі 2009 жылғы қыркүйекте мақұлдаған, 2010 - 2015 жылдарға арналған БҰҰДБ-ның Елдік бағдарламасы дайындалды. 
      4.3 2010 - 2015 жылдарға арналған БҰҰДБ-ның Елдік бағдарламасы Қазақстанға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұлттық стратегиялары мен жоспарларын іске асыруға жәрдемдесуге бағытталған, бұл орайда халықтың игілігі үшін адам дамуына айрықша көңіл бөлінеді. БҰҰДБ бағдарламаның үш компоненті арқылы ұлттық басымдықтар мен ұлттық әлеуеттің дамуына өз үлесін қосады: 
      а) халықтың осал топтарына ерекше назар аудара отырып, баршаға арналған экономикалық және әлеуметтік игілік; 
      ә) тұрақты табиғат пайдалануға, климаттың өзгеруі салдарын жұмсартуға және оған бейімделуге, табиғи және техногендік апаттарға дайын болуға ерекше назар аударатын, қоршаған ортаның тұрақтылығы; және 
      б) адам құқықтарын қорғауға және ілгері дамытуға, сондай-ақ демократиялық институттарды нығайтуға ерекше назар аударылатын тиімді басқару. 
      4.4 БҰҰДБ білімнің ғаламдық қорына, озық тәжірибеге, алынған сабақтар мен бұрынғы ынтымақтастыққа сүйене отырып, бұл салаларда салыстырмалы артықшылықтарға ие болды. Бағдарламаның 2010 - 2015 жылдарға арналған қаржылық қоржынының жалпы көлемі 44,04 млн. АҚШ долл. құрап отыр, оның ішінде 4,44 млн. долл. - белгіленген тұрақты (негізгі) ресурстардың бөлінуі, ал 39,6 млн. долл. - басқа қаржы көздерінен жұмылдырылған бағдарламалық ресурстар. Бағдарламаның ұсынылып отырған соңғы және аралық нәтижелері Нәтижелер мен ресурстар кестесінде егжей-тегжейлі сипатталған (1-қосымшаны қараңыз).


Информация о работе Тұрақты даму