Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2012 в 19:20, лекция
Экология пәні- ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді.
Экология пәні- ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін организмдер қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады (К.Мәбиус, 1877; С.Форбс, 1887). 20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған 20 – 40-жылдары популяциялар мен қа-уымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі организмдер жиынтығының – “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты. А.Тенсли (1935) және В.Н. Сукачев (1940) еңбектері бірімен бірі өзара тығыз байланысқан, қоршаған физикалық ортамен зат және энергия алмасып отыратын организмдер кешені туралы көзқарастардың дамуына, экожүйе және биогеоценоз ұғымдарының қалыптасуына әкелді. Популяция санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы әсерлесулерді сипаттайтын матем. модельдер құру (А.Лотка, В.Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді эксперимент барысында тексеру (Г.Ф. Гаузе, 1934) сияқты, қазіргі теория Экологияның негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары қалыптаса бастады.20 ғасырдың 60 – 70-жылдары, бұған дейін негізінен биолог мамандардың арасында ғана қолданылып келген “экология” термині кенеттен көпшілік арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі де жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық дүниетаным жаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды. Бұл бағыттар мен салалардың бірқатары Э.Геккель негізін қалаған биология Экологиядан әлдеқайда алшақ жатыр. Кейбір “экологиялық” деп аталып жүрген ғылым салаларының қазіргі күнге шейін нақты шекаралары белгіленіп, еншісі ажыратылған жоқ және солардың барлығын қанағаттандырарлық ортақ анықтама беру оңай емес. Экологиялық ғылымдардың соншалық сан алуан болуына қарамастан осы күнгі Экологияның барлық салалары мен бағыттарының негізінде организмдердің қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына арналған іргелі биология идеялар жатыр. Мысалы, бірінен бірі соншалық алшақ көрінуі мүмкін, өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін жерсіндіру, егістікке берілетін минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін белгілеу, дәрі-дәрмектердің емдік мөлшерін анықтау, атмосфераға шығарылатын немесе су қоймаларына төгілетін ластаушы заттардың шектік концентрацияларын есептеу сияқты шаралардың негізінде Экологиядағы шектеуші факторлар ережесі мен толеранттық заңы жатыр.
Экология – организмдердің бір-бірімен және қоршаған табиғи ортамен әсерлесу заңдылықтарын зерттейтін іргелі табиғаттану ғылымы деп анықтама беруге болады. Жедел дамып келе жатқан және шекарасы көмескі Экология салаларының қатарында адамның қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейтін әлеуметтік экологияны атап өткен жөн:
Зерттеу нысаны ортақ болуына байланысты әлеуметтік Экология адам Экологиясымен ұштасады. Экологияның негізі биологияда жатқанымен, қазіргі кезде ол шын мәнінде биология шеңберінен шығып, көптеген салалары қолданбалы, экономика, қоғамдық ғылымдарға ұласады. Көпшілік қауымға Экологияның биология негізінен гөрі оның табиғатты қорғау, табиғат қорларын ұтымды пайдалану (табиғатты пайдалану) сияқты қолданбалы қырлары немесе өнеркәсіптік Экология, агроэкология, урбоэкология, адам Экологиясы сияқты салалық бөлімдері көбірек танымал. Экологияның барлық салаларының теориясы негізін құрайтын биология Экологияны немесе жалпы Экологияны айрықша қарастырған жөн. Биологиялық экология – негізінен биол. жүйелерге әсер етуші қоршаған орта факторларының үш тобын (абиотикалық фактор, биотикалық фактор, анторопогендік фактор) және жердегі тірі материяның ұйымдастырылуының төрт деңгейін (дара организмдер деңгейі, популяциялар деңгейі, экожүйелер деңгейі, биосфера деңгейі) зерттейді. Тиісінше, дара организмнің немесе белгілі бір түрге жататын организмдер тобының қоршаған орта жағдайларымен, әсіресе физикалық ортамен қарым-қатынасын зерттейтін бөлімі аутэкология деп аталады; популяциялардың құрылымы мен сан динамикасы, популяция санының реттелу механизмдері, жойылып кету қауіпі төнген түрлерді сақтау, шаруашылық мәні бар түрлер мен олардың жекелеген популяцияларын сүйемелдеу немесе керісінше санын шектеу сияқты мәселелермен демэкология (популяциялық Экология) шұғылданады; өсімдіктерден, жануарлардан және микроорганизмдерден тұратын күрделі жүйелердің құрылымын, дамуын, орнықтылығы мен өнімділігін, аталған организмдер топтарының арасындағы сан алуан әсерлесулерді, олардың бір-бірімен және физикалық ортамен зат және энергия алмасуын зерттеу синэкологияның үлесіне тиеді. Жер биосферасының тіршілік ортасы ретіндегі ерекшеліктерін, қалыптасу тарихын, құрылымы мен қызмет атқару заңдылықтарын, адамның шаруашылық және өзге де әрекеттеріне байланысты биосферада болып жатқан өзгерістерді, биосфераның келешегі мәселелерін глобалдық Экология (ғаламдық Экология) зерттейді. Глобалдық Экологияның теориясы негізін В.И. Вернадский тұжырымдаған биосфера туралы ілім құрайды. Қорыта айтқанда, биология пән ретінде, Экологияға әр түрлі деңгейдегі биология жүйелердің қоршаған орта жағдайларымен әсерлесе отырып қалыптасуы, дамуы және тұрақты қызмет атқаруы жөніндегі ғылым деп қарастыруға болады. Оның зерттеу бағыттары ортаға бейімделудің экология механизмдері, популяциялардың санын реттеу, өнімділік процестерін басқару, табиғи және антропогендік ценоздардың орнықтылығы, экологиялық индикация, Экологиялық мониторинг сияқты проблемалар төңірегінде шоғырланады.
Экологияның міндеттері
Экология жеке ағзалардың және олардың бірлестіктерінің арасындағы өзара әсерді, оларға тіршілік орта факторларының ықпалын оқытып үйретеді. Ағзаның құрылысы мен тіршілік әрекетіне, оның мінез-қылығына қоршаған ортаның әсерін зерттейді. Белгілі аумақта әр алуан агзалар бірлестіктері арасындағы заңдылықтарды анықтайды.
Пайда болудың тарихи кезеңдері
Экология ғылыми пән ретінде XX ғасырда қалыптаса бастады, алайда арғы басталу тарихы швед биологы К. Линней (1707-1778) еңбектерінен, XVIII ғасырдан есептеледі. Ол түрге ғылыми атау берген кезде анықтаушы сөзі ретінде тіршілік ортасына байланысты орман, шалғын, егістік, тау, батпақ және т. б. сөздерді пайдаланды. Бұл К. Линнейдің ағзаны тіршілік ортасынан бөле қарамағанын көрсетеді. Франңуз биологы Жан Батист Ламарктың (1744-1829) еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Ол еңбектерінде жануарлар мен есімдіктер эволюциясының ең маңызды себебінің бірі ретінде ең алғаш сыртқы факторлардың рөлін бөліп керсетті.Өсімдік және жануарлар ағзаларының өзара бірлестіктерін, коршаған тіршілік ортасын экологтар зерттейді. Нақтылы географиялық таралу аймағы (ареалы) ағзаларды зерттейтін жаңа ғылым - биогеографияны жасаушы, неміс ғалымы және жиһанкез А. Гумбольдт (1769-1859) экологияның дамуына үлкен үлес қосты. Экологиялық идеяны одан өрі қабылдауға ғылыми бірлестікті дайындауда Ч.Дарвиннің еңбектері, ең әуелі эволюцияның қозғаушы күші ретіндегі табиғи сұрыпталу теориясы көрнекті орын алды. Дарвин микроэволюция қозғаушысы болып табылатын табиғи сұрыпталуға қоршаған орта факторының шешуші рөлін ең алғаш керсетті. Орыс биологы К. Ф. Рулье XIX ғасырдың ортасында қоршаған ортамен жануарлардың өзара арақатынасына арналған зоологияға бағыт беруді дәлелдеді. Экологияның дербес ғылым болып дамуы тек XX ғасырда басталды.
Экология бөлімдері
Экологияның негізгі бөлімдері. Аутэкология, демэкология, эйдэкология, синэкология, геоэкология ,ғаламлық экология, адам экологиясы, нооэкология
Аутэкология жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи ортасымен байлапыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Жеке организмге табиғат факторлары қалай өсер етеді, оған организм қалай жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. Нәтижесінде жеке организмнің биоэкологиялық қасиеттері арқылы жалпы түрге, оның табиғатта алатын орнына, рөлі мен маңызына, айнала қоршаған ортаның өзгерісі, тазалығы, ластану деңгейі, маусымдық өзгеруі мен адамның іс-әрекеті туралы практикалық маңызына жан-жақты сипаттама беріледі.
Демэкология - бір түрге жататын организмдер (особьтар) тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық қүрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы, т.б.) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.
Эйдэкология - түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғары деңгейі түрғысында қарастырады. Өйткені, особь, популяция белгілі бір нақты түрдің өкілдері. Сондықтан эйдэкология, особь, популяция, түр, биоценоз-биогеоценоз (экожүйе) - биосфера деңгейіндегі қарым-қатынастар жүйесі бойынша зерттеулер жүргізеді.
Синэкология - бірлестіктер экологиясы (биоценология) ретінде әр түрлі түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микро-организмдер) жиынтығын біртүтас организмдер деңгейінде зерттейді. Организмдер бірлестіктерінің калыптасуы, қүрылымы, динамикасы, қарым-қатынастар, энергия және зат алмасулар, сандық және сапалык озгерістер, биологиялық өнімділігі мен бірлестіктердің түрақтылығы туралы жан-жақты мәселелер қаралады.
Геоэкология - экологиялық жүйелерді биосфералық деңгейде қарастырады. Қүрлық пен дүниежүзілік мүхиттардағы экожүйелер, ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар, географиялық ландшафтар бойынша экожүйелердің қүрылымы, бірлестіктері, түрақтылыгы, кеңістік пен уақытқа қатысты өзгсруі, экожуйелер өнімділігі, агро және антропогендік экожүйелер, олардың практикалық маңызы туралы зерттеулер жиынтығы.
Ғаламлық экология - табиғи және табиғи іс-әрекетінен туындайтын биосфсра шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік өзғерістер мен кұбылыстарды зерттейді. Мәселен, ядролық қауіп-қатер, экологиялық апаттар, әлемнің климаттық ауыткуы, шөлейттену, жаппай қырып жоятын қарулар, қатерлі эпидемиялар т.б. Осы бағыттағы ірі-ірі бүкіл әлемді (ғаламды) қамтитын проблемаларды қарастырады.
Адам экологиясы - ауыл, село, қала түрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық жәнс халықаралық карым-қатынастарды үйлестіру, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениет, этика, моральдық жағынан парасаттандыру, адамдарды экологиялық қүқық қорғау жәис этнозкологиялық проблемаларды жап-жактьі зерттсу. Жер шары түргығдарының экологиялық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарын іздестіреді.
НООЭКОЛОГИЯ -- адам, табиғат, қоғам арасындағы адами, әлеуметтік, экономикалық және экологиялык жағдайларды, қарым- қатынастарды бір-бірімен үйлестіре зерттей отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасатты ақыл-ойымен шешуді қамтамасыз етеді. Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең жоғарғы дәрежедегі жаңа технологиясын жасау, планетадағы адамзат қауымын азық-түлік, энергия жәнс шикізатпсн камтамасыз ету, халықтар мен ұлттар арасындағы достықты, ауызбіршілікті қалыптастыру, этноэкология, экологиялық білім мен тәрбие, мәдениет, мораль, қүқық, т.б. Адам мен биосфера шегіндегі түрақты дамудың адами жоспарларын жасап, оны жүзеге асырудың жолдарын іздестіреді.
Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері
Экология ғылымының калыптасуы тарихи дәуірлердегі коғамның және ондағы өндіргіш күштердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты. Экология ғылымының тарихи дамуын, негізінен, үш кезеңге бөледі.
Бірінші кезеңде — экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.Алғашқы экологиялық түсініктер, ұғымдар мен тұжырымдар кез келген халықтың аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде және басқа да ауыз әдебиет үлгілерінде жиі кездеседі. Мысалы, халқымыздың "құндыз — суда, құлан — қырда" деген мәтелі әрбір жануардың тіршілік ортасын нақты аңғартып тұр. Ал "Жылқының жауы — бөгелек, жыланның жауы — дегелек" деген мақал жануарлар арасындағы қоректік тізбекке нақты дәлел бола алады.Экология ғылымы туралы кейбір ұғымдар мен түсініктер өте ерте кездерден басталды. Бастапқы экологиялық көзқарастар, негізінен, ботаника және зоология ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде калыптасты.Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар Эмпедоклдің (б.з.д. 490—430 жж.), Теофрасттың (б.з.д. 372—287 жж.), Аристотельдің (б.з.д. 384—322 жж.) еңбектерінде атап көрсетілген.Орта ғасырлардағы өндіріс деңгейінің нашар дамуы және діни көзқарастардың кеңінен таралуы биология ғылымдарының дамуына едәуір кедергі болды. Дегенмен де Разес (865—925 жж.), Әбу Насыр әл-Фараби (870—950 жж.), Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980—1037 жж.) және т.б. ғалымдардың еңбектерінде табиғат жайлы нақты ғылыми деректер кездеседі. Осындай ғылыми еңбектердің арқасында алғаш рет тірі организмдер мен орта жағдайларының өзара қарым-қатынасы туралы нақты деректер жинақталып, ғылыми қорытындылар жасала бастады.Қайта өрлеу дәуірінде табиғат туралы зерттеулерге қызығушылық арта түсті. Ботаника және зоология, т.б. ғылым салаларында нақты ғылыми мәліметтер жинақталып, басқа да жаңа ғылым салалары қалыптаса бастады.Көптеген саяхатшылардың жаңа жерлерді ашуына сәйкес сол аумақтардың өсімдіктері мен жануарлары туралы ғылыми еңбектер жарық көрді. Голланд ғалымы Антони ван Левенгуктің (1632—1723 жж.) микроскопты жасап шығаруы арқылы бұрын белгісіз болып келген ұсақ организмдер жайлы жаңалықтар жарияланды. Ағылшын ғалымы Джон Рей (1628—1705 жж.) "Өсімдіктер тарихы" деген еңбегінде 18 мыңнан астам өсімдік түрлеріне сипаттама жазды. Сонымен қатар ол биология ғылымына алғаш рет "түр" деген ұғымды енгізді. Көрнекті швед ғалымы Карл Линней (1707—1778 жж.) өз еңбектерінде тірі организмдердің тіршілігінде климаттық жағдайлардың басты рөл атқаратындығын атап көрсетті. Француз ғалымы Жорж Бюффон (1707—1788 жж.) организмдер мен қоршаған орта жағдайларының арасында өзара тығыз байланыс болатынын ерекше атап жазды. Швейцариялық ғалым Абраам Трамбле (1710—1784 жж.) су жануарларының тіршілігі үшін температураның әсері, қоректік заттардың болуы және олардың өзара қарым-қатынасы туралы пікірлер айтты. Ағылшын ғалымы Эразм Дарвин (1731—1802 жж.) "Табиғат ордасы" және т.б. еңбектерінде организмдер арасындағы өзара тығыз байланыстар болатынын поэмалық толғау ретінде жазды. Француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744—1829 жж.) орта жағдайларының өсімдіктер мен жануарлардың тарихи дамуындағы рөліне ерекше назар аударды.Экологиялық көзқарастардың дамуына орыс ғалымдары П.С.Паллас (1741—181 Іжж.), И.И. Лепехин (1740—1802 жж.), И.Г.Гмелин (1709—1755 жж.), С.П. Крашенинников (1711—1755 ЖЖ<) және т.б. үлкен үлес қосты.Көрнекті неміс ғалымы Александр Гумбольдт (1769—1859 жж.) дүние жүзінің көптеген аймақтарына жасаған саяхаттарында жинаган материалдарының негізінде "Өсімдіктер географиясы туралы идеялар" деген еңбек жазды. Ғалым бұл еңбегінде табиғаттағы барлық организмдердің біртұтастығын және олардың орта жағдайлармен тығыз байланыстылығын ғылыми тұрғыда нақты атап көрсетті.XVII—XVIII ғасырларда жарық көрген биологиялық еңбектерде нақты ғылыми экологиялық мәліметтердің үлесі мол болды. Көптеген саяхатшылардың еңбектерінде экологиялық бағыттағы зерттеулерге ерекше көңіл бөлінді. Тіпті кейбір ғалымдар (Ж.Ламарк, Т.Мальтус және т.б.) алғаш рет адамның табиғатқа әсер етуінен болатын жағымсыз жағдайлардан сақтану кажеттігін де ерекше ескертті.