Қазақстанның экологиялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 10:55, реферат

Краткое описание

Айта кетерлік жайт, біздің қазіргі замандағы қоршаған ортамыздың жай-күйімен тұрғылықты халықтың денсаулығы өткенімізден берілгенге, яғни Семей ядролық полигонымен, сонымен қатар посткеңестік кезең кезіндегі экономиканың даму деңгейіне байланысты болып келеді.
Сараптама көрсеткіші бойынша өндірістік өнім түрінің өсу жағдайы біздің аймақта экологиялық шешімнің тұрақталуын көрсетеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан қалалары.docx

— 20.03 Кб (Скачать файл)

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасы бойынша өндірістік-дамыған, өркениетті аймақ болып саналады. 
Айта кетерлік жайт, біздің қазіргі замандағы қоршаған ортамыздың жай-күйімен тұрғылықты халықтың денсаулығы өткенімізден берілгенге, яғни Семей ядролық полигонымен, сонымен қатар посткеңестік кезең кезіндегі экономиканың даму деңгейіне байланысты болып келеді. 
Сараптама көрсеткіші бойынша өндірістік өнім түрінің өсу жағдайы біздің аймақта экологиялық шешімнің тұрақталуын көрсетеді. 
Статистиканың бүгінгі күндегі көрсеткіштері 2006 жылда облыстың стационарлық көздерінен шығарындылардың 2001 жылмен салыстырғанда 116 мың тоннаға төмендегенін көрсетеді. Сонымен, 2001 жылы облыс атмосферасына 247,7 мың тонна шығарынды жіберілсе, 2006 жылда бұл сан 157,8 мың тоннаны көрсеткен. 
Бұл мәселенің шешіміне үлес қосқандар облысымыздың кәсіпорындарының өткізген шараларымен және «2005-2007жж. Шығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаны қорғау» аймақтық бағдарламасы болып табылады. 
Соңғы 5 жылда мұндай тенденция Өскемен қаласында да байқалуда - айтарлықтай ластаушы заттегілермен шығарындылар қарқынды түрде төмендеуде. 2006 жылда шығарындылар саны 72,7 мың тоннасы 2001 жылдың 111 мың тоннасына қарсы көрсеткіш берген. 
Дегенмен де, өндірістік кәсіпорындардың шығарындыларына ғана облыстық орталық ықпал жасап отырған жоқ, сонымен қоса біртұтас себептердің жиналу кешенін де қарастыруды қолға алуда. Бұл Өскемен қаласының тұйық жерде орналасуынан, яғни қала сызбаларында өндірістік кәсіпорындардың ауаны ластайтын шығарындыларының жойылмайтындығын айқындайды. Өскемен қаласының атмосфералық ауасының сапасы ауаны ластайтын шығарындылардың көлеміне және ауа-райының жай-күйіне тікелей қатысты болып келеді, атап айтқанда атмосферада тоқырау құбылыстарының қайталануы. Бұл көрініс Келеңсіз метеожағдай, яғни КМЖ деп аталады.

 

Орталық қазақстан

Республика аймағында  бірнеше ірі экологиялық қолайсыз аймақ болса, соның бірі - Қарағанды  облысы (орталық аудан). Экологиялық  тепе-тенсіздіктің негізгі көзі: ауаның, судың және топырақтың ластануы өнеркәсіп  қалдықтарының әсерінен және аумағының Семей полигонына жақын орналасуынан. Көптеген пайдалы қазбалардың кен орындарында тиісті экологиялық талаптарды орындамай пайдаланғаннан кейін ашық күйінде тастап кеткен немесе істен шығарылған. Бұл да қазіргі кезде қоршаған ортаға өз зиянын тигізуде

Қалалары


Аудандағы қалалардың дені өткен ғасырдың 1930-1940 жылдары салынған. Қалалар пайдалы казбалардың  игерілуіне байланысты пайда болды. Кейіннен зауыт-фабрикалар салынды.

  • Қарағанды (453 мың адам). Мемлекетіміздегі жас калалардың бірі, бірак экономикалық өлуеті жағынан республикамыздағы жетекші қалалардың қатарында. Халық арасында Қарағанды «Кеншілер (шахтерлер) қаласы» деп аталады. Тарих тұрғысынан қарасақ алғашқы елді мекен 1,5 ғасыр бұрын көмір кенін игеруге байланысты пайда болған екен.
  • Теміртау (170 мың адам) - Қарағандының серіктес қаласы. Қаланың тарихы 1905 жылдан басталады. Нүра өзенінің сол жағалауында алғашқы көшіп келгендер орналаса бастады.
  • Балқаш (74 мың адам) — Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы өнеркәсіпті кала. Қалада республикамыздағы ең ірі кәсіпорындардың бірі - Балқаш мыс комбинаты бар. Қала 1937 жылы мыс балқыту зауытының салынуына байланысты іргесі қаланған маңызды түсті металлургияның орталығы. Комбинат мыс және күкірт қышқылын шығарады.
  • Жезқазған - мемлекетіміздің негізгі мыс балкыту орталығы болып есептеледі. Мұндағы кен байыту фабрикасы мен мыс балқыту зауыты мыстан басқа республикамыз бен ТМД елдерінің зауыттарына қажет корғасын концентратын шығарады.Мыс балқыту өнеркәсібінен баска к*рылыс кәсіпорындары,

тоқыма, тігін фабрикасы жөне ет комбинаттары жұмыс істейді.

Қазақстанның экологиялық ахуалына қысқаша талдау жасағанда мынаны байқауға болады.

Солтүстік Қазақстан бойынша құнарлы жерлердің 25-30% жарамсызданса, Павлодардағы ірі өндіріс орнының зиялды экологиясы айтпаса да түсінікті. Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 2,5 млн.га жайылымдардың деградацияға ұшырауы З млн. га жерді қамтып отыр. Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халыққа әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4 млн. га жер радиоактивті ластануда.

Ал Каспий теңізінің 268 млн. га жағалауы су астында қалып, олардың мұнай өнімдерімен ластануы одан ары етек алуда. Күрделі экологиялық шиеліністер Орталық Қазақстанды да қамтуда. Байқоңырдан ұшырылатын тәжірибелік космос кемелерінің сол жердің тұрғындарына әкелетін экологиялық апаты ондағы техногендік, өндірісте ластану, радиоактивтілік және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану топырақтың құнарсыздануына, жайылымдардың тозуына жоғары деңгейде әсер етуде. Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдайлар Арал өңіріне тән Әмудария мен Сырдария бассейнінің 2 млн. га жерін шөлге, жарамсыз жерге айналдырды. Сорға, тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар ғаламдық экология проблемаларын тудырып, экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде. Осы өңірдегі 300 млн. га сексеуіл ормандары құрып кетті. Шу-Мойынқүл, Балқаш-Алакөл, Ақдала аймақтарының да экологиясы мәз емес. Әсіресе, Қапшағай, Тасөткөлкел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш, техникалық дақылдардың егілуі-суырмалы жерлердің азуына әкеліп соқты. Іле өзені суының 10-15% Қытай Республикасының алуы бұл өңірде қауіпті жағдайлар туғызуда. Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар жеткілікті. Түсті металлургия, вольфрам, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына апат әкелуде. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы дүние жүзіндегі экологиялық бас қаланың қатарына жатады.

1949-1996 жылдар арлығында Қазақстан жерінде 503 ядролық қару сыналды. 20 млн. га жер экологиялық апатты аймаққа, тіршіліксіз экожүйелерге айналды. Бұл апат 3,4 млн. адам тұратын елді мекендерді қамтыды. 


Информация о работе Қазақстанның экологиялық жағдайы