Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2012 в 08:48, доклад
Өркениет (цивилизация) сөзі латынның «сіvіlіs» деген сөзінен алынған. Бүгінгі таңда өркениет ұғымы көбінесе қоғамның даму деңгейін анықтайтын сөз ретінде қолданылуда. Өркениеттің өрістеуіне өндірістің түпкілікті өзгерісі, жеке меншіктің келуі, жаңа технологиялардың пайда болуы әсер етеді. Демек, қоғамның дамуы үшін жоғарыда аталған факторлар орындалуы тиісті.
ҮЛКЕН ҚАЛАЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ
Өркениет
(цивилизация) сөзі латынның «сіvіlіs» деген
сөзінен алынған. Бүгінгі таңда өркениет
ұғымы көбінесе қоғамның даму деңгейін
анықтайтын сөз ретінде қолданылуда. Өркениеттің
өрістеуіне өндірістің түпкілікті өзгерісі,
жеке меншіктің келуі, жаңа технологиялардың
пайда болуы әсер етеді. Демек, қоғамның
дамуы үшін жоғарыда аталған факторлар
орындалуы тиісті.
Бүгінгі таңда әлемде өте ірі әрі дамыған
қалалар саны өте көп. Қала халқының саны
артып, өндіріс көлемі ұлғайған сайын
оның қоршаған ортаға тигізер зияны да
арта түседі. Экологиялық жағдайы сын
көтермейтін әлемнің ең лас 30 қаласының
қатарына өзіміздің Алматы қаласы да кіреді
екен. Бұл мәселені қала деңгейінде ғана
емес, мемлекет деңгейінде қарастыру қажет
екені анық. Себебі, Қазақстанның халықаралық
дәрежеде беделінің артуында Алматы қаласының
алатын орны ерекше екендігі мәлім. Егемендігіміз
бен тәуелсіздігіміздің жолында алаңға
шығып, өмірлерін қиған қазақтың жас қыздары
мен ұлдары да осы Алматыда «Қазағым, оян!»
деп ұран салғанын әлі ұмытқанымыз жоқ.
Алатаудың баурайында орналасқан Алматы
бір кездері өзіне шетел туристерін кербез
сұлу табиғатымен, апорт алмасымен, асқар
шыңды тауларымен, ауасының тазалығымен
тартып келсе, бүгінде тазалығы нашар
көшелерімен, көліктер мен өндіріс орындарының
түтініне қаныққан ауасымен, баурайы түрлі
қоқысқа толған тауларымен кері итеруде.
Шетел азаматтарын былай қойғанда, өзіміздің
қазақстандықтардың өзі Алматының маңынан
тынығып, денсаулығын шыңдайтын орын таппай,
шетел асып кететін болды. Ал, бос уақыттарында
Алатаудың бауырына шығып тынығатын алматылықтардың
көпшілігі соңына қап-қап қоқыс қалдырып
кетуде. Бұл сөздің шындығына күмәндансаңыз,
Алма-арасанға немесе Көктөбеге барып
көріңіз...
Алматы көшелері соңғы оншақты жылдың
жүзінде ешқашан толастамайтын машина
ағынына айналды. Мыңдаған машиналардан
бөлінетін көмірқышқыл газы ауаны ластап,
түрлі тыныс ауруларын туғызады. Соңғы
10 жыл көлемінде астма және түрлі аллергиялық
дерттермен ауыру еселеп өскен. Химик
ғалымдардың айтуынша, ауа құрамындағы
1000 молекуланың 350-і көмірқышқыл газынан
тұрса ол таза ауа деп саналатын көрінеді,
ал, Алматы қаласының кейбір жерлерінде
бұл көрсеткіш 1000 молекулаға шаққанда
450-470 көмірқышқыл газының молекуласынан
келеді екен. Бұл дегеніміз, тыныс алып
отырған ауамыздың адамға пайдасынан
гөрі зияны көп екенін білдіреді.
Үлкен қалалардың барлығына тән тағы да
бір өзекті мәселе - су. Тау басынан ағып
жатқан көптеген бұлақтардың бойына зәулім
котедждер салынып жуынды мен шайындының
бәрі сол суға төгіліп жатыр. Ал, бұл суды
төмен жағында орналасқан үйлер тұрмыста
да, бақшада да пайдаланады. Нәтижесі белгілі:
адамның бүйрегінде тастың пайда болуы,
асқазан қабынуы, сары ауру, соқырішектің
қабынуы секілді кеселдердің пайда болуына
әкеледі.
Пәтерлерге құбыр арқылы келіп тұрған
ауыз суының жағдайы мүлде қиын.
Шәйнекке суды қайнатуға құярдың алдында
шөгіндінің болатынын байқаған боларсыз.
Ең қауіптісі сол, бұндай құм, тас және
басқа да көптеген ұсақ бөлшектер ескірген
құбыр жүйесінен біздің ағзамызға келіп
түседі.
Осындай мәселелердің барлығын шешу үшін
көп жұмыс атқару қажет. Сол жұмыстардың
бірі қаламыздың жасыл жамылғы көлемін
ұлғайту. Себебі, өсімдіктер табиғи насос
қызметін атқарып, суды да тазартады, ауадағы
шаң-тозаң мен көмірқышқыл газын сіңіріп,
ауаны да тазартады әрі көшелердің сәнін
келтіреді. Қаламызда өсімдіктер жоқ емес.
Бірақ олар біріншіден жеткіліксіз, екіншіден
дұрыс отырғызылмаған немесе дұрыс күтілмейді.
Әл-Фараби, Розыбақиев көшелерін-ақ мысалға
алып қарасақ ағаштар не суғарылмағандықтан
қурап қалған немесе жақын отырғызылғандықтан
өспей, бір-бірін көлеңкелеп тұр. Кейбір
жерлерде бұталар мен ағаштарды ауру басып,
барлығы дерлік қурап кеткен. Бұл да көгалдандыру
ережелерін сақтамаудан келіп шығады.
Егер, ағаштың бір түрін ғана емес, әр түрлі
ағашты аралас отырғызса ауру барлығына
бірдей жұқпайды. Өйткені, әр ағаштың өзіне
тән ауруы болады.
Жалпы ауасы таза, аспаны ашық, аппақ қарлы
таулары бар экологиялық жағынан таза
қалада өмір сүргіміз келсе, әр отбасы,
әрбір адам алдымен өзін-өзі табиғат сүйгіштікке,
қоршаған ортаға деген жанашырлыққа тәрбиелеуі
керек. Себебі табиғатты қорғап, аялау
бұл - әр азаматтың парызы!
Астана қаласының экологиясы
Қаланың орнықты дамуы оның экномикалық әлеуетінен, жер, адам және басқа ресурстарының болуынан ғана емес, сондай-ақ қалалық экожүйесінің жағдайынада тәуелді. Осылайша, Гидрометеорология орталығының деректеріне сәйкес Астана қаласының экологиясы 2006 жылмен салыстырғанда бірқатар жақсарды. Егер 2006 жылы ауаның ластану индексі АЛИ = 4,7 болса, онда 2007 жылы АЛИ = 4,28 құрады.
Салыстыратын болсақ: Алматыда АЛИ = 12,1, Республика бойынша АЛИ = 5,6 құрайды.
Қала ауасын ластаушылардың негізгі үш көзі – бұл стационарлы көздер (ЖЭО, қазандықтар), автокөлік және ұйымдастырылмаған ластау көздері (құрылыс алаңдары, өндіріс алаңдары, цемент нүктелері, асфальттық бетон зауыттар және т.б.), әрқайсысының үлесі диаграммада ұсынылған.
Өткен жылдар деректеріне сәйкес Астана қаласындағы стационарлы көздерден шыққан ластаушы заттар көлемі төмендеу тенденциясына ие. 2008 жылы бұл тенденция сақталады және қала экожүйесінің ауа құрамына ластаушы заттар эмиссиясы 42 мың тоннаға дейін азаяды деп күтілуде. Қозғалмалы көздерден болатын эмиссиялар керісінше өседі: 2007 жылы олар 60,6 мың тоннадан асты, ал 2005 және 2006 жылдары сәйкесінше 44,1 мың және 46,2 мың тоннаны құрады. Ұқсас ахуал Қазақстаның барлық ірі қалаларында байқалады, онда автокөліктің ауа бассейінін ластауға салымы соңғы жылдары 60% және одан астам , ал Алматыда – жалпы шығыстардың 80% құрайды.
Астанада қозғалмалы көздердің үлесі 55% асты, бұл автомобильдер санының тұрақты өсуімен байланысты, сондай-ақ шығысы экологиялық нормалардың жол берілетін мөлшерінен асатын машиналардың ескі үлгілерінің бар болуы мен пайдаланылуына байланысты. 2005 жылы 120 мыңнан астамы, 2006 –160 мыңнан астам машина, 2007 жылы 210 мыңнан астам тіркелген автокөлік болды.
Ауаға ластаушы заттардың шығарылуын азайту үшін келесі шаралар атқарылды:
• ЖЭО-2 мен ЖЭО-1 қазандықтарының
күл ұстаушылары қайта жөнделді
• көлік құралдарының бір бөлігі газ жанармайына
көшті. 250 карбюраторлы қозғалтқыштары
бар шағын автобустардың 165 (немесе 66%)
газ жанармайымен жұмыс істейді, қаланың
коммуналдық кәсіпорындарында 120 машина
газға көшірілген
• қаланың барлық жолаушылар кәсіпорындарында
қозғалмалы құрам жаңатылған «Газель»
маркілі шағын автобустар мен карбюраторлы
қозғалтқыштары бар ескірген үлгідегі
автобустар ауыстырылған. «EURO-2», «EURO-3»
улағыш заттардың еуропалық стандарттарына
жауап беретін және зиянды өнімдерді шығарудың
ең төмен дәрежесіне ие дизельді қозғалқыштары
бар автобустар сатып алынды. 2007 жылы жолаушы
кәсіпорындары 157 қазіргі заманғы автобустарды
сатып алды.
• үлкен жүкті және технологиялық көліктің
қаланың орталық бөлігінен шығару бойынша
шаралар қабылданды, нақты рұқсат беру
жүйесі белгіленді, автокөлікті пайдаланғанда
экологиялық талаптарды сақтауға мерзімді
тексерулер жүргізіледі.
Су сапасы бойынша 2007 жылы
Астана екінші классқа жатқызылды (таза),
жоғары жатқан судың ластануы индексі
(СЛИ) 0,94 құрады (2006 жылы СЛИ=0,97). Салыстыру
үшін: Алматыда СЛИ=2,15 (3 класс, орташа ластанған),
республика бойынша – 2,62 (4 класс, ластанған).
Су ластануының негізгі себебі өнеркәсіптік
және тұрмыстық қалдықтар, сондай-ақ жүк
және жеңіл автомашналарды ашық су қоймаларында
жуу фактілері болып табылады.
Су ресурстарының сапасын жақсарту үшін:
• жауын су кәрізі құрылысының бірінші
сатысы аяқталды, екінші саты бойынша
11,4 км коллекторлар құрылыс аяқталды.
Тазарту құрылыстары мен үш насостық станцияны
салу жалғастырылуда.
• жыл сайын «Астана қаласының жер беті
суларының гидрохимиялық мониторингісін
жүргізу» іс-шарасы іске асырылады.
Қаланы көкалдандыру және абаттандыру бойынша – жалпы мақсаттағы жасыл желектердің негізгі бөлігі ағаштарға, талдарға және көк алаңдарға берілген. 2007 жылы бір тұрғынға шамамен 6,26 м2 жасыл желек келген.
Астана қаласының шекарасы бойында жасыл аймақтарды енгізу қарқыны
Показатели |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
Жыл бойында отырғызылған орман, га |
700 |
2500 |
4500 |
4700 |
5100 |
5000 |
Жасыл аймақтың аумағы барлығы, га |
5370,7 |
7618,3 |
10173,8 |
11357,4 |
13904,2 |
15723,4 |
Қаланы одан әрі көкалдандыру және абаттандыру үшін келесі шаралар қабылданған: Астана қаласының қала шеті аумағында және негізгі көлік магистралдары бойында ландшафты желектерді құру бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілді және тиісті шаралар қабылданды. 2007 жылы гүл ошақтары мен топырақтары году создано 94,7 мың шаршы метр аумағында отырғызылды ; жеті кіші бақ құрылысы аяқталды. «Арай» саябағының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде, «Жер-Ұйық» саябағының екінші кезегі, төрт кіші бақ құрылысы жүргізілуде; Есіл жағасындағы Президент саябағының құрылыс жалғасуда, бірінші кезегі аяқталды – 23 га. Екінші құрылыс кезеңінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. 2008 жылы қаланы көкалдандыру және абаттандыру бойынша жұмыстар жалғасады және жасыл желектер көлемі 660 гектарға дейін немесе бір тұрғынға шаққандағы 8 м2 құрайды деп күтіледі.
Болашақта, орнықты дамуға көшу – адам қызметі әсері қоршаған ортаға төмендейді, сондай-ақ адамның ыңғайлы тіршілік етуіне арналған қаланың тартымды инфрақұрылымын құруды көздейді.