Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 14:16, реферат
Шоғырланған атыс – бірнеше атыс құралдарынан бөлімшенің бір маңызды нысанасын немесе жергілікті жердің шектеулі учаскесіндегі нысаналар тобын ату.
Атыс құралдары:
· Жарықшақты қол гранаттары;
· Танкіге қарсы қол гранаттары;
· Қол пулеметтері;
· Автоматтар;
· Жаяу жүріс машинасы.
Атыс түрлері
Шоғырланған атыс – бірнеше атыс құралдарынан бөлімшенің бір маңызды нысанасын немесе жергілікті жердің шектеулі учаскесіндегі нысаналар тобын ату.
Атыс құралдары:
· Жарықшақты қол гранаттары;
· Танкіге қарсы қол гранаттары;
· Қол пулеметтері;
· Автоматтар;
· Жаяу жүріс машинасы.
Бөлімшінің атыс құралдары командир жоспарымен ұрыста жергілікті жердің сипаты мен мүмкіншілігі, қызметі ескеріле отырып пайдаланады. Бұның барлығы атыс жүйесін құрайды, ол бөлімшенің маңдай шебі алдында, қапталдарда және көршілермен аралықта атудың барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ айнала қорғаныс жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Атыс жүйесін ұйымдастыру кезінде бөлімшеге атыс жолағы, атқылаудың қосымша секторы, ал взводқа бұдан басқа шоғырланған атыс учаскесі тағайындалады. Атыс құралдарына негізгі және қосалқы атыс бекінісі бекітіліп беріледі және нақты атудың қашықтығында атқылаудың негізгі және қосымша секторы көрсетіледі. Гранататқыштық атыс бөлімшесінің атыс жолағында дайындалады. Көрші бөлімшелердің атқылау және атыс құралдарының секторлары мен атыс жолақтары өзара бірін-бірі жабуы тиіс.
Атыс бағытына қарай:
· Жаппай ату нысананың маңдай шебіне перпендикуляр
жүргізіледі. Ол терең эшелонданған анық нысанаға атыс жүргізу кезінде барынша тиімді.
· Қапталдан ату – нысана қапталын ату. Ол көбінесе қарсыластың
шабуылдаушы жаяу әскеріне автоматтан, пулеметтен ату арқылы жүргізіледі.
· Айқастыра ату бір нысанаға екі немесе одан да көп бағыттан
жүргізіледі, ол өте тиімді және қарсыласты үлкен шығынға ұшыратады.
· Бір нақты бағытта жақын қашықтықтан, кенеттен, пулеметтен
және автоматтан жүргізілген атыс бойлата ату деп аталады.
Атыс жүйесінің дайындығы бекіністе атыс құралдарының орналасуымен, атыс үшін қажетті мәліметтерді дайындауымен, оқ-дәрінің болуымен анықталады. Атысты басқаруды ыңғайлы ету үшін бөлімше командирі өз бөлімшесінің атыс карточкасын жасайды.
Ұрыстан маневр. Қазіргі замаңғы ұрыстағы табысты бөлімшелердің атыс маневрін кең қолдануынсыз көзге елестету мүмкін емес.
Ұрыс бөлімшенің маңдай шебі алдында маңыздылығы жағынан әр түрлі бірнеше нысаналар бір мезгілде пайда болуы мүмкін: тірі күш, атыс құралдары, танкілер және басқа да ұрыс машиналары. Өз уақытында барлық бөлімшенің немесе бірнеше атыс құралдарының атысын бір маңызды нысанаға шоғырландыру, атысты бір нысанадан екіншісіне бірінен кейін бірін немесе бір мезгілде жою үшін ауыстыру – мұның барлығы атыс маневрін жасау болып табылады.
Атыс маневрін әрбір жауынгер қолдана алады. Бұл үшін ол үрдіс алаңын үздіксіз бақылап, нысананы анықтауы керек және маңыздылық деңгейі бойынша бір нысанадан екіншісіне атысты ауыстыра отырып жоюы қажет.
Бөлімшелер маневрі қарсыластың барынша әлсіз тұсына атыс жүргізу үшін тиімді жағдайға ие болу мақсатында немесе қапталдан және тылдан шабуыл жасау үшін, сондай-ақ қарсыластың басым күшінің соққысы астынан шығу үшін жүргізіледі.
Шабуылда және бетпе-бет ұрыста бөлімшелерді қамту және айналып өту түрінде маневр жасай алады.
Қамту – қарсыластың тылы мен қапталына жасалатын маневр, ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз атыстық және тактикалық өзара қимыл арқылы үлкен емес тереңдікте жасалады.
Айналып өту – қарсыластың қапталы мен тылына барынша терең маневр жасау. Ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз тактикалық өзара қимылда жүргізіледі. Қорғаныста маневр шығынға ұшыраған бөлімшелерді күшейту, қосалқы бекіністерге, атыстық шепке ие болу, қаптал немесе тылға шыққан қарсыласты тойтару мақсатында және қарсы шабуыл үшін жүргізіледі.
Ұлы Отан соғысының және бейбіт өмірдегі бөлімшелердің ұрыстағы жаттығуларының тәжірибесі көрсеткендей, ұрыста маневрді тез және жасырын жүргізу қажет. Маневр жүргізу үшін ашық қапталдар мен аралықтар, жергілікті жер қыртыстары мен жасырын кіре берістер, ал қорғаныста бұдан басқа – орлар мен байланыс жолы пайдаланылады. Қазіргі заманға ұрыста әрбір жауынгер маневр қолдана алады: маневр қарсыластың күтпеген жерінде жауынгердің қимыл жасауына мүмкіндік береді.
Ұрыс қимылдарын жүргізу тәжірибесі ұрыстағы шешуші кезеңде батыл, қорықпайтын, өз ерік-жігерін қарсыласқа күштеп таңатын, өзінің тапқырлығын және ойлы бастамашылдығын кең көрсете алатын әскер ғана жеңіске жететінін көрсетті.
Ұрыста әрбір жауынгер берілген тапсырманы мерзімінде және толық орындау үшін қалай қимылдау керектігін өз бетінше шешу қажеттілігі туатын жағдайға тап болуы мүмкін. Кез келген жағдайда тапсырылған міндетті орындаудың ең тиімді тәсілін табу, батыл шешім қабылдап, оны өмірге табанды түрде енгізу біліктілігі бастамашылдықтың көрінісі болып табылады.
Тапқыр және талапшыл жауынгер жағдайдың кез келген шартында бастамашылдық көрсете алады. Ұрыста батылдық пен ойлы бастамашылдық көрсете алу қабілеті, қарсыласты жою үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болу – әрбір жауынгер мен командир үшін бағалы қасиет болып табылады. Әрбір жауынгер үшін бастамашылдық ұрыста және бейбіт өмірдегі жаттығу күндерінде өзін-өзі ұстау, мінез-құлық нормасы ұрыста жеңіске жетуге жағдай жасайтын маңызды шарттардың бірі – тосындылық.
Тосындылық – қарсылас үшін күтпеген қимылдар, ол қарсыласты аңдаусыз қалдырып, дүрбелең тудырады және оны ұйымдасқан түрде қарсыластың көрсету қабілетінен айырады. Кенеттілікке қол жеткізу үшін күтпеген жерден атыс жүргізіп, ұрыста жасырын, тез әрі шешуші қимылдар жасау керек және әскери құпияны сақтап, бүркеніш шараларын орындау қажет. Кенеттілікті бастамашылдықпен және батылдықпен үйлестіре білген жақ қана барынша тиімділікке жетеді.
|