Валюта нарығы,турлері және оның дамуындағы негізгі кезеңдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 17:38, реферат

Краткое описание

Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату – сатып алу жөніндегі әлеуметтік – экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі. Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрған мәселелердің бірі – теңгенің айырбасталымдылығы. Бір жағынан Қазақстандық теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушысы бола алмауына жеткілікті.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Валюта нарығы,турлері және оның дамуындағы негізгі кезеңдер
2.Валюта нарығының қатысушылары
3. Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары
4.Валютаны реттеудің нысандары мен әдістері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Қаржы валюта нарығы.docx

— 92.41 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрлігі

Атырау мұнай және газ институты

 

 

 

 

 

 

Реферат

Тақырыбы: Валюта нарығы,турлері  және оның дамуындағы негізгі кезеңдер

 

 

 

 

 

Дайындаған: Тобы:             Э-11 қ/б

Қабылдаған:Мусина Г.

 

 

 

 

 

                                                       Атырау2013                                                                                               

Жоспар:

 Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Валюта нарығы,турлері және оның дамуындағы негізгі кезеңдер

2.Валюта нарығының қатысушылары

3. Биржалық және биржадан  тыс валюта нарықтары

4.Валютаны реттеудің  нысандары мен әдістері

Қорытынды

 Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   Кіріспе

 

Жалпы, валюта нарығы дегеніміз  шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату – сатып  алу жөніндегі әлеуметтік – экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.                               Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрған мәселелердің бірі – теңгенің айырбасталымдылығы. Бір жағынан Қазақстандық теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушысы бола алмауына жеткілікті. Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол қалыптасу сатысында. Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы институты, соның ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алды. Еліміздің коммерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның айтарлықтай қаражат көлемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды. Валюта туралы заңдар қарама – қайшы және толық емес. Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі айырбасталымдылық жолына тұруымен анықталады. Валютаны еркін алып-сату отандық экономиканы долларландыруға әкеліп соқты. Қаржы нарығындағы болып жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер етуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Валюта нарығы қаржы нарығының түрлі құрастырушыларының өзара әрекетін қамтамасыз етуде оның аса маңызды болігі болып табылады.Бұл механизмнің көмегімен валютаны тұтынушылар мен сатушылардың арасындағы құқықтық және экономикалық өзара қарым-қатынас орнап,мынадай негіздегі мәмілелерді орындауға мүмкіндік туады:

  • бөлшек сауда мәмілелері,онда банк клинетпен сату -сатып алу барысында өзара әрекет етеді;
  • банк аралық көтерме сауда мәмілелері , онда екі банк валюталық брокердің көмегімен бір-бірінің өзара әрекет етеді,нәтижесінде банкаралық нарық құрылады.

Мәселен,несие беруші банк бос ресурстарды сауда өзінің табыстылығын  қажетті деңгейде ұстап тұру мақсатында немесе басқа  банктермен корреспанденттік  қатынасты  қамтамасыз ету үшін береді.Дамудың  бастапқы сатысында тұрған жас банктер  салыстырмалы түрде артық ресурстарға  оларды жұмсаудың игерілген сенімді  және табысты салаларының жқтығынан  ие болуы мүмкін. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық заңмен анықталған елдің валюталық  қатынасын ұйымдастырудың формасын білдіреді.Оны мынадай негізгі  элементтер сипаттайды:

  • ұлттық валюта бірлігі;
  • ресми алтын валюта резервінің құрамы;
  • валюталардың бірдейлігі және валюта бағамын қалыптастырудың механизмі;
  • валюталарды қайта қалпына келтірудң шарты және валюталық шектеулердің болуы немесе болмауы;
  • елдің сыртқы есеп айырысу тәртібі;
  • ұлттық валюта нарығының  және алтын нарығының  режимі, елдің валюта қатынасын реттейтін ұлттық мекемелердің мәретбесі.

  Валюта - кез-келген төлем құжаттары немесе халықаралық есеп айырусуларда пайдаланатын және қандай да бір ұлттық ақша бірлігінде көрініс табатын ақшалай міндеттеме.Валюта нарығының негізгі тауары- шетелдік валютада белгіленген кез келген қаржылық талап.Қаржы нарығы құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Қаржы нарығы біріне бірі байланысты және бірін бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.

  Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы төлем қаражаттарының нарығы болып табылады, ол қолма қол ақшаны ғана емес, сондай – ақ қолма – қол емес төлем қаражаттарының, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды. Қаржы нарығы негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе куәліктер нарығы деп те атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап, қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.1. Реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтің кез келген түрлері мен арнауы бойынша сұраныс пен ұсыныстың тепе теңдігі;2. Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын дұрыс риттеу; бұған қолма – қол және қолма – қол емес айналым эмиссиясына бақылау жасау жатады;3. Несие нарығын жандандыру, оны толық коммерцияландыру, яғни несие ресуртарын еркін нарыққа орналастыру: несие ресурстарының қозғалысын Ұлттық банк тағайындайтын пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резерв нормасын белгілеу ақша нарығында операциялар жүргізуі арқылы реттеледі.

 Қаржы нарығы қызметінің  алғышарттары мыналар болып табылады:

1. Бәсекені дамытып, монополиялық  үстемдікті шектеу мақсатымен  меншіктің барлық формасындағы, соның ішінде мемлекеттік сектордың,  материалдық өндіріс саласындағы  кәсіпорындардың бастапқы шаруашылық  буындарына неғұрлым кең дербестік  беру;                                                          2. Қаржы ресурсын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін қысқарту; өндірістік күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту, кәсіпорындар арсында қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою.                                  3. Шаруашылық субъектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын ақшалай табыстарының өсуі;                                                                                 4. Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды доғату; республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік займдар шығару арқылы жабылады.

 Ең басты қаржы нарықтарының  негізгі сипаттамаларын ұғып  алсақ. Басқа нарықтардың көбі  ағынмен сатса, қаржы нарығы  қорларды сатып отырады.

  Үй шаруашылықтарының ұсыныстары, көбінесе ағын болып табылады, сол сияқты қарыз алушылардың өз шығындарын қаржыландыруға керекті жинақтарға сұраныс та. Бірақ ұзақ мерзімдік, бүкіл жинақталған қаржы активтері ретіндегі активтер кез келген уақытта сатылып кетуі немесе сатып алынуы мүмкін. Қорлардың сұраныс пен ұсыныстан жылдам өзгеріп отыруы нарық жағдайының тұрақсыздығына итермелеп отырады. Осындай түсініктеме, тек қана бір түрлі активтерге ғана емес, басқа да ұзақ мерзімді тұтыну тауарларына да қатысты айтылады; мысалы,шикізат, әлі жиналмаған егінге де қатысты айтылады. Жеке тұлғалардың көбі қаржы нарығында үлкен көлемді іс жүргізбейді. Сондықтан олар делдалдар арқылы тапсырыстарын өткізеді,олар осындай шағын тапсырыстардың жинап бір үлкен тапсырыс жасайды да, немесе тапсырушылар атынан «нарық құрып» өз қоймаларынан сатады. Сол уақытта делдалдар өздері капитал иелері болады. Валюталық айырбас- бір бұл елдің валютасын басқа елдің валютасымен айырбастау. Валюта нарығының негізгі қатысушылары – банктер,экспорттаушылар, трансұлттық компаниялар, қаржы мекемелері , инвесторлар,үкімет агенттіктері, кәсіпорындар мен жеке тұлғалар.Валюта нарығында ашық ұстанымды хеджерлеудің ,әлемнің әр түрлі аудандарына қаражатты инвестициялаудың қажеттіліктерін және сатып алуқабілетін бір елден екіншісіне табыстаудың мүмкіндіктерінқоса алғанда қатысушылардың әр түрлі қажеттіліктері болады.

2.Валюта нарығының қатысушылары ақша аударымы , хеджерлеу ,клиринг және несие секілді функцияларды жүзеге асырады.Олардың ішіндегі ең қарапайым операцияға ақша аударымын жатқызуға болады.Хеджерлеу барысында валюта нарығынң қатысушылары орасан зор залал шектіруі мүмкін валюталық ұстанымдардан қорғануға ұмтылады.Мұндай залалға , мәселен , мынаны жатқызуға болады: долларға қатысты теңгенің бағамы өсуі мүмкін және осыған байланысты тауардың долларлық құны артады. Бұл жағдайда валюта нарығының қатысушысы теңгені сатып алу арқылы хеджерлеуді жүргізуі мүмкін. Теңгңні осылайша форвардтық сатып алу арқылы тауардың долларлық құнын бекітеді және валютабағамының өзгерісі барысында қорғанысты қамтамасыз етеді.Валюта нарығында банктер мынадай маңызды құралдарды пайдаланады:

  • мерзімді шектелмеген салым қаражатының телеграфтық немесе электрондық аударымдарын;
  • ұсынушының банктік вексельдерін;
  • коммерциялық тратталарды.

Валюта бағамы екі ақша бірлігі айырбасының арақатынасын білдіреді немесе бір ақша бірлігінің басқа мемлекеттің ақша бірлігінде көрінетін бағасы болып табылады.Әр түрлі валюталарды жіктеудің негізгі сипаттамасы.

                                                                                                                                                                           

 

Валюта нарығының қатысушылары арасынды валюта айырбасы болмаса және қандай да бір ел валютасының басқа  елдің валютасына пропорционалды байланысы  анықталмаса , валюталық операцияларды  жүзеге асыру мүмкін емес.

 

 

 

 

 

Қазақстандағы валюта нарығы құралдарының құрылымын былайша  көресетуге болады.

 

Шетелдік валюта нарығы

 

 

 Валюта          нарығы

                 

 

 

Тазартылған алтын нарығы



 

 


 

Пошталық аударым нарығы

 

 

 

 

Халықаралық төлемдер мен  аударымдар нарығы

 

   

Шетелдік валютадағы төлем  құралдарының нарығы

 

 

Шетелдік валютадағы бағалыв  қағаздар нарығы


 

Әр қаладағы қор биржаларының айналымы. ЖҰӨ- нің пайыз мөлшерлемесі(1988 ж)Жоғарғы кестені қарастырғанда  мынаны ескеріп отыру керек: қор  биржаларының айналымдарын ЖҰӨ –  нің пайыз мөлшерлемесі ретінде  көрсетіп, біз тек қана осы сандарға шкала құрамыз. Соңғылары қарапайым  кісіге үлкен боп көрінеді де, қаржы  нарығы үлкен ойынхана ретінде көрінеді, бірақ шынында бұл делдалдар  өз клиентіне әр түрлі қызмет көрсетуге  тырысуынан бәсекелестіктің дамығанын  көрсетеді.

 3.Қор биржасы- бұл құнды қағаздар қалыпты айналысына қажетті жағдай жасау, бұлардың нарықтық бағасын анықтау және олар жөнінде ақпараттар тарату өз қызметінің ерекше тақырыбы болып табылатын ұйым.Қор биржасы құнды қағаздардың екінші нарығын ұйымдастырады. Биржадан тыс нарық әлбетте құнды қағаздардың шығарылымын қамтиды. Онда несие-қаржы институттары ұжымдық салушы ретінде іс – әрекет жасайды. Биржадан тыс нарыққа көбінесе облигациялардың үлкен бөлігін орналастырады. Биржада керісінше құнды қағаздардың бұрынғы шығарылымдары, негізінен акционерлік қоғам акциясының бағасы белгіленеді.Қор биржасы жабық акционерлік қоғам формасында құрылады және кемінде үш мүшесі болуы тиіс. Тек қор биржасынығ акционері ғана оның мүшелері бола алады. Ол коммерциялық емес ұйым, оның мақсаты пайда табу емес, өзін – өзі өтеуге негізделген және өз қызметінен өзінің мүшелеріне табыс төлемейді. Қор биржасы инвестиция институты қызметімен шұғылданбайды, бірақ биржаға құқық беретін өз акцияларынан шығарып, сата алады. Қор биржасы кәсіпорындар туралы заңға сәйкес тіркеліп, Қаржы министрлігінде құнды қағаздармен биржа жұмысын жүргізуге лицензия алады.                               Қор биржасы мен басқа биржалардың қор бөлімдері заң тәртібімен бекітілген ереже, биржа жарғысы, құнды қағаздармен жасалатын мәмілелердің ішкі ережесі негізінде жұмыс істейді.Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды жүзеге асыру негізгі міндеттеріне кіретін инвестиция институттары, сондай – ақ мемлекеттік атқару органдары қор биржаларына мүше бола алады. Олардың тапсыруы бойынша құнды қағаздарды сатып алу және сатуды бойынша құнды қағаздарды сатып алу және сатуды делдалдар мен дилер атқарады.

  Делдалдар (брокер) – мәміле жасау барысындағы тапсырма бойынша белгілі бір төлем ала отырып, жұмыс істейді. Қазіргі жағдайда делдалдық фирмалар жүргізеді.Дилер – құнды қағазды сатып алу және сатумен өз атынан және өз есебінен айналысатын делдал, бұлар – жеке фирмалар, банк, жеке адамдар, қор биржасы мүшелері. Қор биржасының қаржы қызметін мыналардың есебінен жүзеге асырылуы мүмкін:

 – Қор биржасының оған мүшелікке ену құқығын беретін акцияларын сату;

 – Қор биржасы мүшелерінің  мүшелік жарналары;

 – Биржада жасалған әрбір мәміледен алынатын биржа алымы;

 – Биржа қызметінен  түсетін басқа табыстар.

  Биржаның табыстары оның қызмет ауқымын ұлғайту мен жетілдіруге байланысты шығындарды жабуға жұмсалады.Биржадан тыс нарық әлбетте құнды қағаздардың шығарылымын қамтиды. Онда несие-қаржы институттары ұжымдық салушы ретінде іс – әрекет жасайды. Биржадан тыс нарыққа көбінесе облигациялардың үлкен бөлігін орналастырады. Биржада керісінше құнды қағаздардың бұрынғы шығарылымдары, негізінен акционерлік қоғам акциясының бағасы белгіленеді.

4.Елдің төлемдік балансын нығайтуды, ұлттық валютаның тұрақтылығын , ішкі валюталық рыноктың дамуын және оны қадағалап , бақылауды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операцияларды өткізу тәртібін тұрақтандыру бойынша өкілеттелген мемелекеттік органдардың қызметі.Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері.

  • Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіасіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады;
  • Қазақстан Республткасындавалюталық құндылықтардың айналасының тәртібін белгілеу;
  • Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрі кірігуі үшін жағдайлар жасау;
  • Валюталық операциялар мен капитал легі жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

 

 

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Қорытынды.

 

  Қазақстан экономикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу сатудың нақты объектісі ақшаның ролін шұғыл қажет етеді.Валюта нарығы деп шетелдік валютаны сатып алу жөніндегі әлеуметтік экономикалық және ұйымдық жүйесі болып табылады.Қорытындылап айтатын болсақ қаржы нарығы құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорынын жиынтығы.

Информация о работе Валюта нарығы,турлері және оның дамуындағы негізгі кезеңдер