Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2015 в 21:32, реферат
«Инвестициялық жоба» және «бизнес-жоспар» түсініктері көбінесе синонимдер ретінде қолданылады, бірақ олардың арасында, әсіресе, жобалық талдау тұрғысынан едәуір айырмашылықтар бар. Әрине, көп жағдайда барлық нәрсе бір немесе бірнеше адамдар ойлап табатын бизнес-идеялардан (ойлардан) басталады, дегенмен бизнес-идеядан бастап жобаның жүзеге асуына және оны пайдалану кезеңдеріне дейінгі барлық жағдайда көптеген кедергілерден өту қажет. Оларды қалай жеңуге болады? Бұл жерде тиянақты дайын- далған бизнес-жоспар көмектеседі.
Инвестициялық жобаның бизнес – жоспарында не қарастырылады?
«Инвестициялық жоба» және «бизнес-жоспар» түсініктері көбінесе синонимдер ретінде қолданылады, бірақ олардың арасында, әсіресе, жобалық талдау тұрғысынан едәуір айырмашылықтар бар. Әрине, көп жағдайда барлық нәрсе бір немесе бірнеше адамдар ойлап табатын бизнес-идеялардан (ойлардан) басталады, дегенмен бизнес-идеядан бастап жобаның жүзеге асуына және оны пайдалану кезеңдеріне дейінгі барлық жағдайда көптеген кедергілерден өту қажет. Оларды қалай жеңуге болады? Бұл жерде тиянақты дайын- далған бизнес-жоспар көмектеседі.
«Бизнес-жоспар» термині біздің тәжірибемізде тоқсаныншы жылдардың басында қолданыла басталды, ол кезде еліміз экономиканың қайта құрылу дәуіріне енді және заманның өзі нарықтық жағдайлардағы кәсіпорындарды басқару қағидаларын өзгертуді талап етті. Жекелей алсақ, материалдық өндіріс салаларына капитал салымдарын дәстүрлі бюджет құралдары есебінен қаржыландыру іс жүзінде тоқтатылды және кәсіпорындардың көп бөлігінің алдында инвестицияға жету қиындығы тұрды да, оның қайтарылуы талап етілді. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, инвестицияландыру процесінде бизнес-жоспар маңызды элементтің бірі болып табылады. Бұл ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «кәсіпкерлік іскерліктің жоспары» дегенді білдіреді және осы құжаттың мәнінің жоғары болғаны соншалық, Батыс Еуропа елдерінің көбінің басқару органдарында жаңа кәсіпорынды тіркеу үшін тиісті құжаттармен қатар бизнес-жоспар міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Бизнес-жоспар - бұл кәсіпкерлік іскерлікпен байланысты басқарушылық шешімдерді кешенді, жүйелі түрде түсіндіретін, алдына қоятын мақсаттарды және одан шығатын міндеттерді анық көрсететін, сыртқы және ішкі жағдайларды объективті тұрғыда бағалайтын, мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды анықтайтын, осының бәрін сандармен сипаттап, берілген шешімнің тиімділігін бизнеске тартылған барлық қатысушыларға (тұтынушылар мен оған ақша салушылардан бастап, одан жақсы нәтижелерді күтуге құқылы қоғамға дейін) дәлелдей алатын құжат. Бизнес-жоспар барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдарға іскерлік ақпараттарды жеткізуге арналған: бизнестің потенциалды қатынасушылары мен көмекшілеріне, жергілікті әкімшілігіне, мүмкін болатын инвесторларға, эксперттерге.
Бизнес-жоспарды жасаушылардың алдында тұрған негізгі міндет инвесторларды тарту болып табылады. Іс жүзінде қаржылық құрылымның (потенциалды инвестор) әрбіреуінде қарыз алушыны несиелендіру мақсатында құжаттарды дайындауында өз стандарттары (форматтары) бар, бірақ қандай жағдайда да мақсат бір - жобаның қаржылық тиімділігін дәлелдеу керек, басқаша айтқанда – жобаға салынған ақшалар күтілетін пайданы алып келетіндігін дәлелдеу керек. Ол үшін алдымен жобаның табыс әкелетін бөлігін (өнім, баға, нарық, сату), одан кейін шығындық бөлігін (қондырғыны, шикізаттарды, материалдарды алуға, еңбек ақы төлеуге кеткен шығындар) қалыптастырады, мұнда бизнес пен қаржыландыру схемасының мүмкін болатын ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету варианттарын есепке алады, осыдан кейін кейде зерттеу мен тәуекелді есептеу әдістерін қолдана отырып, тиімділікті есептеу мен оны талдауға көшеді. Мүмкін болатын варианттардың ішінде жаңа өнім өндірісінің бизнес-жоспарының келесі құрылымын қарастыруға болады:
1. Өндірілетін өнімнің сипаты.
2. Өнімді өткізу нарығы.
3. Бәсекелестері.
4. Маркетингтің жоспары.
5. Өндіріс жоспары.
6. Өндірісті ұйымдастыру.
7. Заңдық жоспары.
8. Қаржылық жоспары.
9. Қаржыландыру жоспары.
10. Резюме.
11.Қосымша.
Бизнес-жоспарға қосымша ретінде заңдық сипаттағы құжаттар келтіріледі (жарғылық құжаттар, ресурстарды иелену мен қолдану құқығы және т.с.с.).
Басқа көбірек бөлшектенген және іске асып жатқан өндірістің кеңеюімен байланысты бизнес-жоспар құрылымының мысалы:
1. Кіріспе.
2. Кәсіпкерлік қызметтің мақсаты.
3. Кәсіпорынның мінездемесі мен потенциалы.
4. Кәсіпкерлік қызмет түрінің сипаттамасы.
5. Өнімнің сипаттамасы.
6. Өнімді өткізу нарығының
7. Бәсекелестерінің сипаттамасы мен бағасы.
8. Өнімді өткізу болжамы.
9. Маркетинг стратегиясы.
10. Маркетинг жоспары.
11. Өндіріс жоспары.
12. Ұйымдастыру құрылымы мен менеджмент.
13. Персоналы.
14. Өнімнің табыстылығын талдау;
15. Қаржы стратегиясы;
16. Қаржы жоспары.
17. Қосымша.
Өнімнің (немесе қызмет көрсетудің), нарықтың, бәсекелес- тердің сипаты, маркетингтік жоспар жайлы бөлімдер аса маңызды, өйткені қандай дәрежеде нарыққа сәттілікпен ену мүмкіндігінен фирманың сәттілігі тәуелді. Осыған байланысты ағылшын сарапшыларының жаңадан бастаушы бизнесмендерге арналған қызықты сұрақтарына тоқталсақ:
• Нарыққа шығу қандай тәуекелдермен байланысты?
• Сіздің жағдайыңызда қандай сауда ұсынысы бірегей болып табылады?
• Өнімнің патенттік қорғалуын қай дәрежеде іске асыру керек?
• Сіздің сатып алушыларыңыз тұтыну нарығында ма, өнеркәсіп нарығында ма?
• Осы мақсаттар үшін арнайы журналдармен танысу немесе көрмелерді аралау қай дәрежеде?
• Сіздің өніміңізді тұтынушы қандай ұтысқа ие болады?
• Тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қандай қосарлама қызметтер керек?
• Өнімді өткізу жүйесі қалай құрылады?
Бүгінгі Қазақстан жағдайында бизнес-жоспар құру – үлкен мәнге ие болатын процедура, себебі ол кәсіпорынның потенциалын анықтауға, жаңа мақсаттар мен тапсырмаларды қоюға, жаңа рационалды шешімдерді өңдеуге, бөлімшелердің іс-әрекеттерін үйлестіруге, кадрлардың және бүкіл кәсіпорынның әлсіз және күшті жақтарын тануға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда бизнес-жоспар жасау жаңа істі бағалау және оның құлдырау тәуекелдігін азайтуға мүмкіндік береді.
Бизнес жоспар- инвестициялық жоба мүмкіндіктерін негіздеуге және бағалауға, табыс пен шығынды анықтауға, нақты ақшалардың ағынын есептеуге, шығынсыздықты, қайтарымдылықты және басқа да көрсеткіштерді есептеуе мүмкіндік беретін негізгі құжат.
Бизнес жоспар бизнесті басқару қалай жүргізілетіні туралы нақтылы түсінік береді, яғни оының табыстылығын, сондай – ақ инвестиция қайтарымдылығын қамтамасыз ету. Жалпы бизнес жоспар сыртқы және ішкі мақсаттар үшін құрастырылады. Бизес жоспардын сыртқы жағы инестор мен кредитордың сенімін ақтау үшін арналады, оларды компанияның потенцалды мүмкіндіктері бар екеніне сендіру сондай-ақ оған стратегиялық және қаржылық көмек көрсету қажеттігіне сендіру.
Компанияның мақсатын бекіткеннен кейін бизнесті басқарудың барлық функциялары үшін міндеттерді қосатын стратег-лық жоспар жасалады. Компания мақсатына жету үшін төмендегі сұрақтарға жауап берілуі керек:
Оның жаңа бизнесі компания миссиясымен
қолдану көрсетеді ме?
компания жаңа жобаны қабылдауға дайын
ба?
Қандай қаржылық есептілік тиімді қысқартылған түрдегі немесе кеңейтілген, және компания оны құруға қабілетті ме?
Компания қажетті инвес-ды жүзеге асыруға қабілетті ме?
Компания жобаны енгізу үшін қажетті қорларды ұлғайтуға мүмкін бе?
Қанша қаражат және қашан қажет болады.
Компания өзінің күшті жақтарын қалай пайдаланбақ және оның әлсіз жақтары қалай?
Компания стратегиялармен оның жұмыскерлері мен акционерлері қалай танысады?
Директорлар кеңесі жоба идеясымен келіседі ме?
Дирек, Кеңесі мен персоналдың арасында тәуекел дәрежесіне қатысты келісім бар ма?
Табысқа жету мүмкіндігі қандай және компания оның мүмкіндігін арттыру үшін не істеуі қажет?
Тәуекел қалай төмендетіледі?
Стратегиялық мақсаттар жетудің ұзақтығы қандай?
Жоспарды түзету және қайта бағалау қашан мүмкін болады?
Бизнес жоспардың басты реквизиттері:
компания атауы
компания мекен-жайы
компания телефоны
жеке меншіктердің атауы, лауазымы, мекен-жайы, телефондары.
компанияға және бизнеске сипатт беретін телеграф.
қаржыландыруға қажеттілік.
есептіліктік құпиялылығы.
Бұлар қауіпсіздік үшін қажет және компания үшін аса маңызды. Бұл жоспарды жасаған айы және жылы қарастырушылар аты.
Информация о работе Инвестициялық жобаның бизнес – жоспарында не қарастырылады?