Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2012 в 18:28, реферат

Краткое описание

Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша коньюктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді.

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая Аяжан.docx

— 14.71 Кб (Скачать файл)

1.2 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары

 

Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі  болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша коньюктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында  инфляция ұдайы өндіріске кедергі  келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция, аттың текіректеп шауып, бой  бермеген кезіндегідей шаруашылықтың  шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол  бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар  сұранысын бүркемелеп, ішкі нарықта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастарын күрделендіреді.

Инфляцияның келесідей зардап-салдарларын атап көрсетуге болады.

Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай да болса және болжамсыз қайта бөлінуіне мәжбүр етеді.

Екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және бағалар құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын (әсіресе ұзақмерзімдік) қиындата түседі. Нәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер өсе түседі. Осының төлемі ретінде процент ставкасы мен пайда өседі. Инвестициялар қысқамерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлеміне күрделі құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивті операциялардың үлес салмағы өсе бастайды.

Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.

Төртіншіден, экономиканың «ашық» секторындағы бағаның өсуінің шамамен жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қабілетін төмендетеді. Бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді және тауар өндірушілер ойсырайды.

Бесіншіден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдейе түседі. Осылар бағаның өсуін жылдамдатады.

Алтыншыдан, ақша формасында жасалған жинақтың нақты  құны төмендейді, нақты активтерге сұраныс өседі.

Жетіншіден, мемлекетттік бюджеттің құрылымы өзгереді және оның нақты табыстары төмендейді. Мемлекеттің экспансионистік фискалдық және монетарлық саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік борыш өседі.

Сегізіншіден, жұмыспен толық қамтамасыз етілген жағдайда қызмет ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетіп, оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді. Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экономикалық өсудің «төлемі» және оның стимулы болып табылады.

Тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өсіруге мүмкіндік бермейді.

Оныншыдан, әр түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың өндірісінің көлемі ұқсас емес бағытта жылжып отырады.

Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа  салық үстіне салық болып, номиналды  және нақты жалақының өсу қарқынының қызметтер мен тауарлар бағасының  күрт өсуінен кейін құлдырайды. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер басынан өткізеді.

Қысқа мерзімді инфляцияны төмендетудің мүмкіндігі аз, ал ұзақ мерзімді инфляция мен жұмыссыздық  аралығында үйлесім, ымыраға келушілік  болмайды.

Инфляция  қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады. Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін  жандандырады.

Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады  және салық түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.

Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің  берешегі проблемаларын шиеленістіреді. Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара  тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық  процестердің тездеткіші бола алатыны  сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына  әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы  және бағаның көтерілуі мемлекеттің  шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің  шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық  ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік  бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік  борыштың өсуіне ұрындырады.

Инфляцияның жоғары қарқыны мемлекеттің қаржы  ресурстарын құнсыздандырады, өйткені  салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі  бір межелдемелері арқылы түсінеді, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде  олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік  берешектің проблемалары да шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады.

Қаржы қатынастары  мен инфляциялық процестердің бір  бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы және тағы басқалары.

Қорыта  келгенде, инфляцияның зардаптары күрделі  және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның  жоғары деңгейі баға мен пайда  нормасын жоғарылатып, уақытша коньюктураны жандандырады. Үдерістің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді.


Информация о работе Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары