Күрделі құрылыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 19:13, реферат

Краткое описание

Күрделі құрылыстың мазмұны және оны ұйымдастыру.
Күрделі құрылыс – жаңа кәсіпорындар салуға, қызмет істеп тұрған өндірістік және өндірістік емес саладағы кәсіпорындарды кеңейтуге, қайта қалпына келтіруге, техникалық жарақтандыруға арналған материалдық өндіріс саласының бірі болып табылады.
Құрылысты жүзеге асырудың ең көп тараған әдістерінің түрлері болып мердігерлік, шаруашылық және шаруашылық-мердігерлік (аралас) әдістер саналады. Құрылысты жүзеге асырудың ең жетілген түрі - мердігерлік әдіс, мұнда тапсырыс берушімен жасасқан келісім шарт бойынша мердігерлік ұйым келісім шартта көрсетілген объектінің құрылысын уақытында және жобалау-сметалық құжаттарға сәйкес салуға және тапсыруға міндетті болады.

Вложенные файлы: 1 файл

Күрделі құрылыс.docx

— 32.47 Кб (Скачать файл)

 

Күрделі құрылыс 

 

Күрделі құрылыстың мазмұны  және оны ұйымдастыру.

Күрделі құрылыс –  жаңа кәсіпорындар салуға, қызмет істеп  тұрған өндірістік және өндірістік емес саладағы кәсіпорындарды кеңейтуге, қайта  қалпына келтіруге, техникалық жарақтандыруға арналған материалдық өндіріс саласының бірі болып табылады.

Құрылысты жүзеге асырудың ең көп тараған әдістерінің түрлері  болып мердігерлік, шаруашылық және шаруашылық-мердігерлік (аралас) әдістер  саналады. Құрылысты жүзеге асырудың ең жетілген түрі - мердігерлік әдіс, мұнда тапсырыс берушімен жасасқан келісім шарт бойынша мердігерлік ұйым келісім шартта көрсетілген объектінің құрылысын уақытында және жобалау-сметалық құжаттарға сәйкес салуға және тапсыруға міндетті болады.

Құрылыстың шаруашылық әдіс бойынша барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын құрылыс учаскілері, жөндеу-құрылыстық цехтар немесе ұйымның басқа да құрылымдық бөлімшелері өткізеді.

Өндірістің шаруашылық әдісі кезінде арнайы құрылыстық немесе монтаждық-технологиялық жұмыстарды орындау үшін кәсіпорын тікелей  мердігерлік келісім шарт бойынша субмердігерлік-монтаждық және мамандандырылған ұйымдарды тартады. Жалпы құрылыстық жұмыстар қажет болған жағдайда бір мезгілде шаруашылық және мердігерлік (тікелей келісім шарт бойынша) әдістер арқылы (аралас әдіс) қатар жүргізіледі.  

Құрылысты жүзеге асырудың негізгі қатысушылары болып:

· тапсырыс берушілер – жаңа құрылысты салуды, ғимараттар мен құрылыс-жайларды және басқа да объектілерді кеңейтуді, қалпына келтіруді, жаңартуды және техникалық жаңартуды ұйымдастыратын, тапсырыс беретін, қаржыландыратын және бақылайтын ұйымдар мен мекемелер.

· жобалау ұйымдары – тапсырыс беруші - салушының тапсырысы бойынша жаңа құрылысты салуға, ғимараттар мен құрылыс-жайларды және басқа да объектілерді кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға және техникалық жаңартуға жобалық-сметалық, техникалық және басқа да құжаттарды дайындайды.

· ғылыми-зерттеу  ұйымдары – нақты  тапсырыс беруші-салушылардың тапсырысы бойынша құрылыс-монтаж ұйымының жұмыстарының және құрылыс-жайлары мен жергілікті жердің ерекшіліктерін есепке ала отырып, жаңа және қызмет істеп тұрған құрылыстық, технологияларды дайындау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 

 

Мердігерлік құрылысты  ұйымдастыру

Мердігерлік құрылыс-монтаж ұйымдары тапсырыс берушімен жасақан  келісім шарт бойынша ұйымдар мен объектілердің құрылысын жүзеге асыру үшін кешенді жұмыстарды орындайды. Мердігерлік келісім шарт тапсырыс беруші мен бас мердігерлік ұйымдардың арасындағы байланыстарды зерттейді. Келісім шарт жасасу кезінде мердігерлік құрылыс ұйымы тапсырыс берушіден объектінің жобалық-сметалық құжаттарын алады, оның негізінде құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаудың тәртібі, көлемі, мерзімі және құрылыстың келісім бағасы көрсетіледі.

Келісім бағаға құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құны, мердігердің қызметіне байланысты тапсырыс беруші төлейтін жұмыстар мен шығындардың бөлігі (материалдар құндарының айырмасы, көп жылғы еңбегі үшін төлемдер, жұмысшыларды тасымалдау шығындары, аккордтық еңбек ақы, жұмыстың жоғарғы қарқынына байланысты вахталық әдіспен жұмыстарды ұйымдаcтыру және басқа да шығындар, сонымен қатар ұйымның жаңа құрылыстарды игеруге байланысты жұмыстары; құрылыс-монтаж жұмыстарының құнына қосылатын жоспарланбаған жұмыстар мен шығындарға жалпы резервтегі қаражаттардың бөлігі және таға басқа да шығындар) жатады. Мердігерлік құрылыс келісім шартының нақты бекітілген және ашық бағамен екі түрі болады.

Нақты бекітілген бағамен  мердігерлік құрылыс келісім  шарты бойынша екі жақ құрылыс  жұмыстарының тұрақты бағасына (құнына) немесе өзгермелі баға бойынша орындалған жұмыс бірлігіне бекітілген құнына келісімге келеді.

Ашық бағамен келісім  шарт бойынша мердігерге орындаған  құрылыс жұмыстарына тікелей  байланысты нақты шығындар және келісілген сыйақы мөлшері қоса төленеді.

Мердігерлік келісім  шарт бойынша кірістерге мыналар қосылады:

а) құрылыс жұмыстарының бастапқы келісім құны;

б) келісім шарттың  өзгеруіне байласты кірістер, талаптар бойынша кірістер және  кіріс  әкелетін жағдайда сыйақы түріндегі  төлемдер.

Мердігерлік құрылыс  келісім шартының өзгерісі – келісім шарт бойынша бұл кірістің жоғарылауына немесе төмендеуіне ықпал ететін жұмыстың көлемін, құрылымын және орындалу мерзімін өзгерту жөніндегі тапсырыс берушінің бұйрығы.

Талаптар бойынша кірістер – бұл келісім бағаға енгізілмеген қосымша шығындардың орнын толтыру үшін мердігердің тапсырыс берушіден алуға тиісті сомалары.

Сыйақы төлемдері –  келісім шартта көрсетілген мөлшерлеме (норма) орындалғаны немесе артық  орындалғаны үшін мердігерге төленетін  қосымша сомалар.

Мердігерлік келісім  шарт бойынша шығындарға төмендегілер қосылуға тиісті:

а) осы келісім шартқа байланысты тікелей шығындар;

б) мердігерлік келісім  шарт бойынша таратылатын және келісім  шарттың құнына қосылатын жалпы  құрылыстық жұмыстармен байланысты үстеме шығындар;

в) мердігерлік құрылыс келісім шартының шарттары бойынша тапсырыс берушімен төленетін қосымша шығындар.

Егер мердігерлік құрылыс шартының шарттарында келісілген болса,  тапсырыс берушімен төленетін шығындардың  құрамына жалпы және әкімшілік шығындардың  кейбір түрлері қосылуы мүмкін.

Күрделі құрылыс кезінде бас  мердігерлік құрылыс-монтаж ұйымдары өздеріне көмек ретінде мамандандырылған субмердігерлік құрылыс-монтаж ұйымдарын, қосалқы ұйымдарды, кешенді тресттер мен басқармаларды, құрылыс механизацияларының трестері мен басқармаларын шақырады.

Бас мердігерлер субмердігерлік ұйымдарды  құрылыс жұмыстарының белгілі бір  түрлерін орындауға, фундамент салуға, су өткізгіш желілерін, канализация  құбырларын өткізуге, электромонтаж, жарықтандыру, жылыту жұмыстарын орындауға шақырады. 

 

Құрылыс өндірісі технологиясының ерекшеліктері 

Құрылыс өндірісінің технологиялық  ерекшеліктері шаруашылық субъектілерінің  талдамалық (аналитикалық) және жиынтық  (синтетикалық) есебіне елеулі әсер етеді.

Құрылыс өнімі тікелей жерге  байланысты болады. Құрылыс барысында дайындалған өнім орнында қалады да, ал құрылыс техникалары жаңа объектілерге көшіріледі. Жұмысшы күшін және құрылыс техникаларын жаңа орындарға көшіру қосымша шығындарды қажет етеді. Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін демонтаждау, монтаждау) есепте алдын ала жинақталып, тиісті мерзімі және объектілері бойынша таратылып (бөлініп) отырылады.

Құрылыс өндірісінде өнімнің бір  өлшемін дайындау үшін бірнеше есепті мерзімді құрайтын ұзақ уақыт қажет  болады.

Өндірістің басқа түрлеріне  қарағанда құрылыс өндірісінде өндіріс процесінің үздіксіздігін және бірнеше объектілерде бір уақытта жұмыстардың қатар жүргізілуін қалыптастыратын аяқталмаған құрылыс көп болады. Құрылыс процесіне жергілікті жердің өзгермелі метеорологиялық жағдайларында жұмыстардың ашық жерлерде орындалуы үлкен әсер етеді.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын қыс мезгілінде орындау үшін бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуге тиісті қосымша материалдық шығындар, сонымен қатар жылу, электр энергиясы қажет болады.

Құрылыс орындарында  ашық сақтауда көп мөлшерде материалдар (кірпіш, құм, қиыршықтасты құм, қиыршықтас және т.б.) болады. Материалдардың ұзақ уақыт бойы ашық жерлерде сақталуы метеорологиялық жағдайлардың әсерінен олардың тұтыну құндарының жойылуына әкеліп соқтырады.

Ай бойы ашық сақтаудағы материалдар құжаттарды рәсімдеусіз  жұмсалады. Олардың ай сайын нақты  жұмсалғанын анықтау үшін ашық сақтаудағы материалдарға түгендеу жүргізіледі, ол өз алдына қосымша уақытты қажет етеді.

Кейбір жағдайда құрылыс  жұмыстары көлік құралдары жете алмайтын, электр желілеріне жақын  жерлерде жүргізіледі.

Құрылыс жұмыстары сонымен  қатар, күрделі өндіріс байланыстарымен  де ерекшеленеді. Құрылыс алаңдарында бір уақытта жалпы құрылыстық, мамандандырылған, іске қосу және басқа да жұмыстар қатар жүргізіледі.

Өндірістің технологиялық  процесі бас мердігердің жетекшілігімен жүзеге асырылады. Құрылыста бас  мердігердің, субмердігерледің қатысуы бухгалтерлік есепте көрсетілуге тиісті күрделі өзара байланыс жүйелерінің қалыптасуына әкеліп соқтырады.

Құрылыс өндірісіндегі  бағалардың айырмашылығы есептің ұйымдастырылуына әсер етеді, себебі, нормативтік құжаттардың  қалыптасуы мен пайдалануын күрделендіреді. Бұлардың барлығы құрылыс өндірісіндегі шығындар есебін ұйымдастыруға әсер етеді. 

 

Құрылыс өндірісіндегі  бухгалтерлік есептің міндеттері

Құрылыс өндірісіндегі  бухгалтерлік есептің негізігі міндеттері болып мыналар саналады:

- пайдананылған  материалдық ресурстарды, жұмысшылардың еңбек шығынын, құрылыс машиналары мен техникаларының қызметтерін дер кезінде, дұрыс және толық құжаттау, құжат айналымының сызбасына сәйкес мәліметтерді уақытында есепте көрсету үшін құжаттарды есеп бөліміне тапсыру;

- құрылыс-монтаж жұмыстарына  жұмсалған шығындарды құрылыс  объектілеріне байланысты калькуляция  баптары бойынша дұрыс және  уақытында көрсету;

- материалдық, еңбек  және қаржылық ресурстардың нормаларының  сақталуын бақылау, нақты шығындардың  нормадан ауытқуларын және оларды болашақта болдырмау үшін себептерін анықтау.

- бригаданың, бөлімшелердің  және учаскілердің қызмет нәтижелері  мен өнімнің өзіндік құндарын  төмендету резервтерін анықтау  және олардың есебін ұйымдастыру;

- орындалған құрылыс-монтаж  жұмыстары мен аяқталмаған өндіріс көлемін анықтау;

- қаржылық, статискалық  есептерді құру үшін және өндірісті  талдау мен бақылау үшін мәліметтерді  қалыптастыру. 

 

Құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құндарына қосылатын  шығындардың құрамы мен жіктемесі 

Құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік  құн құрамына құрылыс  жұмыстарымен байланысты шығындар қосылады. Олар экономикалық элементі және калькуляция баптары бойынша топтастырылады. Экономикалық элементі бойынша шығындар деп өндіріс процесіндегі рөлі және экономикалық мазмұнына байланысты бір типті жұмсалған шығындарды айтамыз. Шығындарды элементтері бойынша жіктеу өзіндік құнды төмендетудің негізгі резервтерін анықтау үшін, жоспарлы өзіндік құнды жоспардың басқа бөлімдерімен салыстыру үшін, айналым құралдарының айналымдылық көрсеткіштерін талдау кезінде өте қажет болады. Басқарудың жоғарғы органдарында шығындарды элементтеріне қарай жіктелуін сала түрлері бойынша шығындардың құрылымын анықтауға және жалпы сала бойынша ұлттық табысты анықтау үшін пайдаланады.

Құрылыста шығындарды элементтері бойынша мынадай тәртіппен топтастырады:

  • Материалдық шығындар;
  • Еңбек ақы шығындарды
  • Сақтандыруға аудырымдар;
  • Негізгі құралдардың тозуы;
  • Басқа да шығындар.

«Материалдық шығындар»  элементіне құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезінде, соның ішінде құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану кезінде материалдарға, құрылыс тетіктері мен бөлшектеріне, отынға, электр энергиясына, буға, суға (қосалқы, көмекші және қызмет көрсетуші шаруашылықтардың өнімдері мен қызметтерін қоса алғанда) шығындар жатады.

«Еңбек ақы шығындары» элементіне құрылыс-монтаж жұмыстарындағы, құрылыс машиналары мен механизмдерін  басқаудағы жұмысшылардың (соның ішінде штатта тұрмаған), сонымен қатар  әкімшілік-шаруашылық жұмысшылардың, ведомоствалық күзетшілердің еңбек  ақылары жатады.

«Сақтандыруға аудырымдар»  еңбек ақыдан бекітілген норма бойынша  «Еңбек ақы шығындары» элементі бойынша  көрсетілетін әлеуметтік қажеттілікке аудырымдар.

«Басқа да шығындар»  элементінде жоғарыда аталған шығын  элементтеріне жатпайтын шығындар көрсетіледі:

- мехнизация басқармалары  орындаған қызметтер үшін төлемдер, машиналар мен механизмдерді,  ғмираттар мен құрылыс-жайларды  пайдаланғаны үшін жалдау ақылары;

- жалпы пайдаланудағы  транспортты (материалдарды жеткізуден  басқалары), сонымен қатар құрылыс алаңдарында тасымалдаумен айналысатын көлік құралдарын қоса алғанда  құрылыс ұйымдарының көліктерін  пайдаланғаны үшін төлемдер;

- іс – сапар шығындары;

- жоспарлы шығындарды  үнемдегені үшін шаруашылық бригадаларға  төленген сыйақылар;

Информация о работе Күрделі құрылыс