Кәсіпорындардың шаруашылық қызметін кешенді экономикалық талдаудың әдісі мен әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 13:17, практическая работа

Краткое описание

Экономикалық әдебиет беттерінде шаруашылық қызметін талдау түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Олардың ішінде жиі кездесетіндері мен терең зерттелгендері келесілер:
1. Салалық белгісі бойынша ШҚТ екі түрге бөлінеді:
- Салалық (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, құрылыс, сауда, т.б.), яғни жеке саланың ерекшелігін ескеретін талдау.
- Салалық емес (экономикалық талдау теориясы), яғни талдаудың ортақ теориялық және әдістемелік негізі.

Вложенные файлы: 1 файл

Айгуль.docx

— 18.54 Кб (Скачать файл)

2 тақырып. Кәсіпорындардың  шаруашылық қызметін кешенді  экономикалық талдаудың әдісі  мен әдістемесі. 

 

Экономикалық әдебиет  беттерінде шаруашылық қызметін талдау түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Олардың ішінде жиі кездесетіндері мен терең зерттелгендері келесілер:

1. Салалық белгісі  бойынша ШҚТ  екі түрге бөлінеді:

- Салалық (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, құрылыс, сауда,  т.б.), яғни жеке саланың ерекшелігін  ескеретін талдау.

- Салалық емес (экономикалық  талдау теориясы), яғни талдаудың  ортақ теориялық және әдістемелік  негізі.

2. Уақыт белгісі  бойынша:

- Алдын-ала талдау (перспективалық) – шаруашылық іс-әрекеттерін  жүргізбестен бұрын, жоспарлар  мен басқару шешімдерін негіздеу  үшін жүргізіледі.

- Кейінгі талдау (ретроперспективалық,  тарихи) – кәсіпорын қызметінің нәтижесіне баға беру үшін жүргізіледі.

Перспективалық және ретроперспективалық  талдаулар бір-бірімен тығыз байланысты. Ретроперспективалық талдаусыз  перспективалық талдау жүргізу мүмкін емес. Өткен кезеңдерде кол жеткізілген  жетістіктерді талдау кәсіпорын  қызметінің тенденциясын, заңдылықтарын, пайдаланылмаған мүмкіндіктерді анықтауға  мүмкіндік береді. Ал олар болашақта  экономикалық көрсеткіштер деңгейін негіздеу үшін қажет.

Өз кезегінде ретроперспективалық  талдау оперативті және қорытынды талдау болып бөлінеді. Оперативті талдау шаруашылық іс-әрекеті жүзеге асырылғаннан кейін немесе қысқа уақыт аралығында нақты жағдай өзгергеннен кейін  бірден жүргізіледі. Оның мақсаты – кемшіліктерді жылдам анықтап, оны өзгертуге ықпал ету.

Қорытынды талдау есепті мерзім үшін (ай, тоқсан, жыл) жүргізіледі. Оның құндылығы талдаудың есепті мәліметтерге сүйеніп кешенді және жан-жақты  жүргізілуінде.

Перспективалық талдау уақытына байланысты қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді талдау бір жылға дейінгі мерзімді , ал ұзақ мерзімді талдау – бір жылдан үзақ мерзімді қамтиды. Қысқа мерзімді талдау кәсіпорынның тактикалық, ол ұзақ мерзімді  - стратегиялық саясатын қалыптастыру үшін пайдаланылады. Бұл жерде екінші түрінің маңызы зор, себебі егер кәсіпорынның стратегиялық дамуы дұрыс айқындалса, тактикалық шешімдер қабылдау жеңіл болады.

3. Объектілерді зерттеу әдістемесі бойынша:

- Сандық талдау (факторлық)  – бұл экономикалық құбылыстардың  түрлі факторлар әсерінен өзгерісін  сандық анықтау әдістемесі.

- Сапалық талдау –  бұл зерттелетін құбылыстар мен  үрдістердің салыстырмалы сапалық  сипаттамалары мен сараптамалық  бағалауларға негізделген зерттеу  әдістемесі.

- Экспресс-талдау – белгілі  бір экономикалық құбылыстарға  тән ерекше белгілерге негізделе отырып, кәсіпорын экономикасына баға беру әдістемесі.

- Маржиналдық талдау –  бұл сату көлемі, өзіндік құн  мен пайда арасындағы себеп-салдарлық  байланысқа негізделіп және шығындарды  тұрақты мен айнымалыға бөле  отырып, бизнестегі басқарушылық  шешімдердің тиімділігін бағалау  мен негіздеу әдістемесі.

- Экономикалық-математикалық  талдау – бұл экономикалық-математикалық  үлгілеу негізінде қолда бар  ресурстарды барынша ұтымды пайдалану  жолымен экономикалық міндеттердің  оңтайлы нұсқасын анықтау әдістемесі.

- Фундаментальдік талдау  – бұл зерттелетін құбылыстың  мәнін күрделі математикалық  не басқа есептеулер көмегімен  терең, кешенді зерттеу әдістемесі.

4. Талдау субъектілері  бойынша:

- Ішкі талдау – бұл  кәсіпорынның өз ішінде өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметтерді  шұғыл, қысқа және ұзақ мерзімді  басқару үшін жүргізілетін талдау.

- Сыртқы талдау – қаржылық  және статистикалық есеп беру  мәліметтері негізінде банктер,  қаржы органдары, акционерлар  мен инвесторлар жүргізетін талдау.

5. Бағдарлама мазмұны  бойынша: 

- Кешенді талдау - кәсіпорын  қызметіне толық, жан-жақты жүргізілген  талдау.

- Тақырыптық талдау –  нақты сәтте ең басты мәселе  болып табылатын қызмет  аясын жеке талдау.

6. Ауқымы бойынша:

- Фирмаішілік талдау – тек зерттелетін кәсіпорын мен оның құрылымдық бірліктерінің қызметін талдау.

- Фирмааралық талдау –  екі не одан көп кәсіпорындардың  қызмет нәтижелерін салыстыра  отырып талдау.

7. Функционалдық  белгісі бойынша:

- Әлеуметтік-экономикалық  талдау – әлеуметтік және экономикалық  үрдістердің байланыстарын, олардың  шаруашылық қызметі нәтижесіне  әсерін оқиды.

- Экономикалық-статистикалық  талдау – статистикалық органдар  жаппай қоғамдық құбылыстардың  сипатын кәсіпорын, сала, аймақ  деңгейінде оқу үшін жүргізетін  талдауы.

- Экономикалық-экологиялық  талдау – табиғатты қорғау  органдары, кәсіпорынның экономикалық  бөлімі қоршаған ортаны сақтаумен  байланысты экологиялық және  экономикалық үрдістердің барысын  зерттеу мақсатымен жүргізетін  талдауы.

- Маркетингтік талдау  – кәсіпорынның маркетингтік  бөлімі кәсіпорынның әрекет етуінің  сыртқы ортасын (шикізат пен  дайын өнімді өткізу нарығы, өнімнің  бәсеке қабілеттілігі, сұраныс  пен ұсыныс, тәуекел, баға саясаты,  маркетинг стратегиясы) зерттеу  үшін жүргізетін талдауы.

- Инвестициялық талдау  – инвестициялық жобалар мен  шешімдердің экономикалық тиімділігін  негіздеу үшін жүргізілетін талдау.

Жоғарыда айтылғандарды  қорытындылай келе, экономикалық талдаудың  түрлерінің жіктелуін келесідей (кесте 1.2-кесте) бейнелеуге болады. 

 

 

 Кесте. Экономикалық талдау түрлерінің жіктелуі 

 

Жіктеу белгісі

Талдау түрлері

Функционалдық бағыты

-         Қаржылық

-         Басқарушылық

-         Әлеуметтік-экономикалық

-         Экономикалық-статистикалық

-         Экономикалық-экологиялық

-         Маркетингтік

-         Инвестициялық

Салалық белгісі

-         Салалық

-         Салааралық

Қамтитын уақыты

-         Перспективалық

-         Ретроперспективалық

Зерттеу әдістемесі

-         Сандық

-         Сапалық

-         Экспресс-талдау

-         Маржиналдық

-         Экономикалық-математикалық

-         Фундаментальдық

Талдау субъектісі

-         Ішкі

-         Сыртқы

Бағдарлама мазмұны

-         Кешенді

-         Тақырыптық

Қамту ауқымы

-         Фирмаішілік

-         Фирмааралық 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өндіру немесе сатып алу шешімін негіздеу.     

Өндірістік  бөлімшелердің басшылығы – өздерінде  өндіру немесе өнімнің барлығын немесе жекелеген бөліктерін сырттан сатып  алу проблемасымен жиі қақтығысады. Бұл алымдық операцияларды (сборочных операций) талап ететін барлық өндіріске тән жалпы мәселе. Осы мәселені шешу үшін бұл мәселеге релеванттық болып табылатын шығындар мен табыстардың барлық элементтерін анықтау қажет. 

Өндіру

Қымбат  тұратын жабдыққа деген қажеттілік 

Бөлшектерді немесе бөліктерді өндірудің өзгермелі шығыны

Жөндеудің және жабдыққа техникалық қызмет көрсетудің шығыны

Сатып алу

Бөлшектердің, тораптың (узел) немесе жартылай дайындалған  өнімдердің сатып алу бағасы 

Жалдау  ақысы немесе босатылған өндірістік қуатты пайдаланудан алынған басқа да түсім

Жабдықтан таратылған (яғни, қолданыстан алынған) құны


 
  
    

Бұл сұрақтарға дүрыс жауап беру үшін еркін өндірістік қуаттың, білікті  жұмысшылардың, технологияның, жабдықтаушылармен  ұзақ мерзімді байланыстың болуы  сияқты көптеген сапалық (маңызды) факторларды ескеру қажет. Және де еркін (бос) өндірістік қуаттың бар болуы шешуші кезеңге кірсе де, бұл салада оны пайдалану аса тиімді болып саналмайды.


Информация о работе Кәсіпорындардың шаруашылық қызметін кешенді экономикалық талдаудың әдісі мен әдістемесі