Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 21:44, реферат
Халықаралық экономика тауарлардың халықаралық айырбасы, өндіріс факторлардың қозғалысы және мемлекеттің халықаралық саясатын қалыптастыру саласындағы әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері қарым-қатынасының заңдылықтарын зерттейтін нарықтық экономика теориясының бөлігі.
Халықаралық пәніне кіретін:
шаруашылықты ұйымдастыру нарықтың жүйесінің халықаралық масштабында дамуының заңдылықтары;
халықаралық айналымдағы тауарлармен өндіріс факторларының ұсыныс пен сұраныстың қалыптасуының заңдлықтары;
ашық ұлттық экономикаға анализ жасау құралдары;
1.1.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА ПӘНІ
Халықаралық
экономика тауарлардың халықаралық айырбасы,
өндіріс факторлардың қозғалысы және
мемлекеттің халықаралық саясатын қалыптастыру
саласындағы әр түрлі мемлекеттердің
шаруашылық субъектілері қарым-қатынасының
заңдылықтарын зерттейтін нарықтық экономика
теориясының бөлігі.
Халықаралық пәніне кіретін:
Әртүрлі ұлттық экономикалардың жиынтығы
тауарлар, қызмет көрсету және факторларының
қозғалысымен сипатталады. Осының негізінде
мемлекеттер арасында халықаралық экономикалық
қатынастар, яғни әртүрлі елдер арасында
шаруашылық байланыстар пайда болады.
Халықаралық
экономикалық қатынастар - дүниежүзілік
шаруашылығындағы мемлекеттермен олардың
байлықтың құрылымдары және жекелеген
кәсіпорындар арасындағы қарама-қарсы
сипаттағы экономикалық қатынастар кешенінен
тұрады.
Халықаралық экономиканың нысандары:
1. халықаралық еңбек бөлінісі.
2. тауарлар мен қызметтердің халықаралық
саудасы.
3. капитал мен шетел инвестицияларының
халықаралық қозғалысы.
4. жұмыс күшінің халықаралық миграциясы.
5. халықаралық валюта-қаржылық және несиелік
қарым-қатынастар
Халықаралық
экономика тарихи және саяси
– экономикалық категория
Халықаралық экономика халықаралық микроэкономика
және халықаралық макроэкономика болып
екіге бөлінеді.
Халықаралық микроэкономика –
елдер арасындағы нақты тауарлар мен өндіріс
факторларының қозғалысы жәәне сонымен
қатар олардың нарықтық сипаттамаларының
заңдылықтарын зерттейтін халықаралық
экономика теориясының бөлігі.
1.3.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНЫҢ СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әлемдік
шаруашылықтың негізгі
1. Ұлттық нарықта тауарлар қозғалысы экономикалық
факторларымен, яғни
елдің кәсіпорындарының арасындағы өндірістік
байланыстарымен
анықталса, тауарлардың әлемдік нарығына
бөлек елдердің сыртқы
экономикалық саясаты үлкен әсер етеді.
2. Ұлттық шекаралар арасындағы тауар қозғалысы
шектеулі болғандықтан
бөлек елдерде өндірілетін кейбір тауарлар
әлемдік тауарлар айналымына
түседі.
3. Әлемдік нарықта ерекше баға жүйесі
бар, яғни әлемдік бағалар.
Ішкі
нарық – бұл жасалған мәмілелер мемлекеттік
биліктің өкілетті органдарымен реттелетін
және сатуға арналған тауарлар ел ішінде
сатылатын ұлттық нарық.
Ұлттық
нарық – бұл ішкі нарық және шетелге
бағытталған сауда айналымының бөлігі.
Халықаралық
нарық – шетел нарықтарымен тікелей
байланыстағы ұлттық нарықтардың бөлігі.
Мұнда бір елдің шаруашылық субъектілері
басқа елдерде әріптестерді іздеп, тауарлар
мен қызмет көрсету саудасын жасай алады.
Әлемдік
нарық – халықаралық еңбек бөлінісі
мен басқа да өндіріс факторларына негізделген
елдер арасындағы тұрақты тауар –ақша
қатынастары аумағы.
Әлемдік шаруашылық өзін өзі реттеу жүйе
болғандықтан, ішкі тепе – теңдікті сақтау
және өзін өзі дамытуға қабілеттілігі
бар механизмге ие. Бұл механизм әлемдік
масштабтағы экономикалық процесстерді
реттеу нысандары мен әдістерінің жиынтығы
және өндіріс ресурстарының өндірісін,
айырбасын жәнетұтынуын, экономикалық
дамудың сапалық көрсеткіштері мен динамизмді
анықтайтын ұйымдастыру –құқықтық негіздері
болып табылады.
1.2.ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазіргі
уақыттағы дүниежүзілік шаруашылық
нарықтық экономикалық объективті заңдылықтарына
бағынатын үлкен экономикалық жүйе, сонымен
қатар бір-бірімен тығыз байланыстағы
ұлттық экономикалық бірлестігі.
Өзінің дамуымен қалыптасуы барысында
дүниежүзілік шаруашылқ ұзақ та қиын жол
өтті.кейбір зертеушілер дүниежүзілік
шаруашылық жүйе ретінде қарастырып, оның
пайда болуын Рим империясы дәуіріне жатқызады
басқа зерттеушілер дүниежүзілік шаруашылық
XV-XVI ғ.ғ.ашылған географиялық жаңалықтар
кезеңінен бастайды. Осы жаңалықтардан
арқасында елдер араснда асыл тастармен,
металлдармен, құлдармен халықаралық
сауда жедел дами бастады.Бірақ бұл кезеңдердегі
дүниежүзілік шаруашлық едәуір шектеулі
болған.
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылық XIX ғасырдың
соңындағы өндірістік төңкеріліс кейін
капитализмнің монополиялық сатыға ұласуы
барысында пайда болады.
Көптеген қарама-қайшылықтарды және көпжоспарлы
тенденциялрды сақтай отырып, XXI ғасырға
бағытталған дүниежүзілік шаруашылық
XX ғасырдың ортасындағы дүниежүзілік
шаруашылыққа қарағанда неғұрлым тұтас
өзара байланысқан және динамикалық сипатқа
ие.
XX ғасырда дүниежүзілік шаруашылықта
тұрақсыздық орын алды. Бұл көптеген империалистік
экономикасы дамыған және дамушы елдер
арасындағы өткір қарама-қайшылықтардың
әсерінен болған.
XX ғасырдың ортасында дүниежүзілік шаруашылық
әлемдік капиталистік және әлемдік социалистік
болып екіге бөлінді. Халықаралық экономикалық
қатынастар жүйесінде капиталистік шаруашылық
басым позицияларда болды. 60 жылдардан
бастап дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне
дамушы елдер де кіре бастады. 70 жылдар
ортасында оңтүстік-шығыс азияның жаңа
индустриалды елдері және латын америка
елдері едәуір жетістіктерге қол жеткізе
алды.
КСРО-ның ыдырауынан кейін және шығыс
европаның революциялық өзгерістердің
нәтижесінде дүниежүзілік шаруашылық
тұтас құрылымдық сипаттарға ие болды.
Қазіргі әлемдік шаруашылық –бұл нарықтың
объективті заңдарына бағынатын, бір-біріне
тәуелді және тығыз қарым-қатынастағы
ұлттық экономикалар жиынтығы. Әлемдік
экономика мен онң ұлттық шаруашылықтары
дамуында бірнеше кезеңдерді айырады.
Қазіргі әлемдік шаруашылық дамуын үш
негізгі кезеңге бөлуге болады:
Бірінші
кезең. XX ғ. 20-50 жылдары, әлемдік шаруашылық
дамуындағы кризистік құбылыстармен сипатталады:
бірінші дүниежүзілік соғыс және ресейдегі
қазан революциясы. 1917 жылы көтеріліскапитализмге
альтернатива құрды. КСРО-ның құрған экономикалық
блокадасы батыс елдерімен бұрынғы қатынастарды
шалғастыруға мүмкіндік бермеді.20 ж.аяғы
мен 30 ж.бағындағы экономикалық тапшылық
(Ұлы депрессия) дамыған елдердегі өндірістің
төмендеуіне әсер етті. Ұлы депрессия.
1929-1932 ж. ж. АҚШ-та жалпы өнім 28%; өндіріс
44,2%; Францияда 11% және 25%; Германияда 15,8%
және 40,8%; Британияда 5,1% және 11,4%-ға төмендеді.
Экономикалық тапшылық әлемдік шаруашылықтағы
экспорттың жалпы төмендеуіне әкеліп
соқты, өндірістің ұлттық сфераларының
мәнін күшейтті.
Екінші
кезең. XX ғ. 50-80 жылдар. Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін социалистік шаруашылық
құрылуымен байланысты әлемдік экономиканың
жаңа даму кезеңі басталды. Әлемдік шаруашылық
екіге бөлінді: капиталистік және социалистік
шаруашылық. Әлемдік социалистік шаруашылықтың
жабық болғанына қарамастан социалистік
және капиталистік елдердің экономикалық
қажеттіліктері сыртқы экономикалық қатынастарды
жалғастыруға мәжбүр етті. Олар тек қана
материалдық техникалық мәнде болды. Қарым
– қатынас күрделі және қарама – қайшы
сипатта болды. 60 ж. колониалды жүйе құлдырағаннан
кейін, көптеген дамушы елдер пайда болды.
Әлемдік шаруашылық дамуының екінші кезеңі
кәсіпкерлік капиталдың әлемдік капиталистік
экономикада шығарудың қарқынды өсу жағдайында
өтті.
Үшінші
кезең. XX ғ-дың 90 –шы жылдарынан бастап
қазіргі уақытқа дейін. Өткен жүзжылдықтың
соңғы он жылын әлемдік экономиканың дамуының
жаңа кезеңінің басы деуге болады. Социалистік
жүйенің құлдырауы, постсоциалистік елдердің
құрылуына әкеліп соқты. Олар қазір дамудың
өтпелі кезеңін өтіп жатыр, экономикалық,
әлеуметтік және саяси қатынастарды қайта
қалпына келтіруде. Өзінің принциптері
мен механизмдері бар нарықтық экономиканың
қалыптасу процессі өтпелі кезеңнің жалпы
заңдылығы болып табылады.