Қазақстан Республикасының «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының талдау маңыздылығын анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 16:40, реферат

Краткое описание

«Бизнестің жол – 2020» бағдарламасы ( одан әрі - Бағдарлама ) Қазақстан Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген . Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы
1.1. Бағдарлама түсінігі, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары мен қаржыландыру көздері
2. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасының іске асырылуы
2.1. Бағдарлама бағыттары бойынша жасалынған жұмыстар және олрдың нәтижелері
3. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docx

— 33.96 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

            Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

                              ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ

                                   «Менеджмент» кафедрасы

 

 

 

         РЕФЕРАТ

                        тақырыбы:

«Қазақстан Республикасының  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының  талдау маңыздылығын анықтау»

 

 

 

 

                                                         Орындаған: Жүрербек Г.Б., МЖБ-31 тобы                                               

                                                          Тексерген: т.ғ.к., и.о. доцент Әуезова Қ.Т.

 

                                                     

 

 

 

                                               Астана – 2013

Жоспар:

Кіріспе

 

Негізгі бөлім

  1. Қазақстан Республикасының «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы
    1. Бағдарлама түсінігі, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары мен қаржыландыру көздері
  2. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасының іске асырылуы
    1. Бағдарлама бағыттары бойынша жасалынған жұмыстар және олрдың нәтижелері
  3. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Бизнестің жол  – 2020» бағдарламасы ( одан әрі - Бағдарлама ) Қазақстан Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген . Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.

       Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

     Бағдарлама  екі кезеңмен жүзеге асырылатын  болады:

  • 1- ші кезең - 2010 - 2014 жылдар аралығында. 
    Яғни, 2010 жыл Бағдарлама міндеттемелерінің шешілуі: жаңа бизнес- бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты үш бағыт бойынша іске асырылатын пилотты жыл болып табылады. 2011–2014 жж . міндеттемелердің шешілуі жаңа бағдарламаларды қолдау , шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады .
  • 2- ші кезең – 2015 - 2020 жылдар аралығында жаңа бағдарламаларды қолдау , шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.

«Бизнес жол картасы – 2020» бағдарламасына әлеуетті қатысушылар  үшін экономиканың басым секторлары :

1.  Агро өнеркәсіп кешені ;

2. кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер * ;

3. жеңіл өнеркәсіп және жиһаз шығару ;

4. құрылыс материал дары мен металл емес өзге минералды өнімдер өндіру ;

5. металлургия, металл  өңдеу , машина жасау ;

6. өзге өнеркәсіп секторлары ( оның ішінде өзге дайын өнімдер шығару ; электр мен жабдықтау , газ , бу беру және ауа сорғызу ; су жинау, өңдеу және тарату ; канализация жүйесі ; қалдықтарды жинау , өңдеу және тазарту , қалдықтарды іске жарату ; қалдықтарды жою саласында қайта культивация лау );

7. көлік және қойма қызметі ;

8. туризм;

9. ақпарат және байланыс ;

10. кәсіби, ғылыми және техни калық қызмет ;

11. білім;

12. денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер ;

13. өнер , көңіл көтеру және демалыс ;

14. қызметтің өзге түрлерін ( компьютер лерді , жеке пайдалану заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу жұмысын ) ұсыну.

      Бағдарламаның іске асырылуының бағыттары:

1. жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;

2. кәсіпкерлік секторды  сауықтыру;

3. өнімді шетке шығаруға  бағдарланған өндірістерді қолдау сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бағдарламаның іске асырылуының бірінші бағыты аясындағы мемлекеттік қолдау мынадай әрекеттерден :

1) жобаларды іске асыру  үшін Банк кредиттері бойынша  пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;

2) жобаларды іске асыруға бағытталған банк кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

3) өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту;

4) бизнесті жүргізуде  сервистік қолдау көрсету;

5) кадр дайындау, жастар  тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын құру (компонент 2011 жылдан бастап енгізіледі) сияқты қызметтен тұрады.

Екінші  бағыт аясында –кәсіпкерлік секторын жақсарту – мынадай қолдау көрсетіледі:

1) Борышкердің Банктерден  бұрын алған кредиті (мақұлдау  кезінде) және жоба мақұлданғаннан  кейін туындайтын бір кредит желісі аясындағы жаңа берешегінің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;

2) Борышкерге өсімпұлын  есептеместен бюджет алдындағы  (мекеме ұстап қалатын жеке  табыс салығынан бөлек) салық  берешегін өтеу мерзімін кейінге шегеру;

3) кәсіпорындарды қаржы-экономикалық жағынан сауықтыру жоспары аясында жақсарту, оның ішінде Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешектері бойынша да өзге іс-шаралар.

Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімдерін сыртқы нарыққа шығаратын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған .

Мемлекеттік қолдау Банктерден бұрын алынған кредиттер бойынша  пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.

Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау дегеніміз жаңа жобаларды іске асырушы немесе жаңа жобаларды іске асыруды, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған жобаларды қолдауды жоспарлап жүрген кәсіпкерлерге жеңілдік көмек көрсетілуін қарастыратын шаралар кешені. Егер кәсіпкер осы анықтамаларға сай келетін болса, онда ол мынадай:

  • кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау*;
  • кредит бойынша ішінара кепілдік беру *;
  • өндірістік (индустриал дық ) инфра құрылымды дамыту ;
  • бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсетілу ;
  • кадр дайындауға , жастар іс-тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (2011 жылдан бастап ) сияқты көмек түрлеріне қол жеткізе алады.

«Жол картасы  » аясындағы субсидия дегеніміз бұл бюджеттен өтеусіз негізде берілетін несие бойынша сыйақының бөлігі . Субсидиялау Банк тердің жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген жаңа кредиттері бойынша , сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған қолданыстағы жобалар бойынша жүзеге асырылатын болады .

Жаңа кредиттерге Банктерден жаңа инвестициялық жобаларды, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған жобаларды іске асыру үшін 2010 жылғы 1-қаңтардан бастап берілген кредиттер де жатады .

Жаңа жобалар бойынша  субсидиялау мерзімі 1 ( бір ) жылдан 3 ( үш ) жылға дейін , кейіннен 10 ( он ) жылға дейін ұзартылуы мүмкін .

Бір Кәсіпкер үшін субсидияланатын кредит сомасы бір жоба шеңберінде 3 млрд теңгеден аспауы тиіс . Бұл жерде кредит сомасы, Кәсіпкермен үлестес тұлғалар/ компаниялардың кредиті бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Егер кредиттің/Кәсіпкердің жеке жобасына берілген негізгі қарыз бойынша берешегінің жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден асып кетсе, Кәсіпкер субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауды 3 млрд. теңгелік бір жобасына ғана алуға құқылы.

2010 жылы жылдық номиналды  ставкасы 12%-дан аспайтын кредиттерге  субсидия бөлінеді, оның 7% -дан аспайтындай  мөлшерін Кәсіпкер төлейді, ал 5%-н мемлекет өтейді. Кредит бойынша  сыйақының жылдық номиналды ставкасы 12%-дан төмен болған жағдайда, 5%-ын мемлекет өтейді, ал айырмашылығын Кәсіпкер төлейді.

Кәсіпкер сыйақының жылдық номиналды ставкасын 12%-ға дейін  төмендету жөнінде Банкпен келіскен жағдайда ғана 2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап жылдығы 12%-дан жоғары мөлшерлеме бойынша  берілген қолданыстағы кредиттер үшін субсидия алуына болады.

Банк субсидиялау кезінде  кредитке байланысты ешқандай комисси  я , алым және/немесе өзге төлемдер өндіріп  алмайды. Тек :

  • кредиттеу шарттарының Кәсіпкердің бастамашылығымен өзгеруіне байланысты ;
  • кәсіпкердің кредит міндеттемелерін бұзу себебіне байланысты өндіріліп алынатын комиссия , алымдар және/немесе өзге төлемдерден басқа.

Кәсіпкер жобаның жалпы іске асырылу құнының 15%-нан төмен болмайтын деңгейде өз қаражатымен (ақшалай) немесе 25%- нан кем болмайтын мөлшерде мүлік түрінде жобаның іске асырылуына қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

Субсидия  беру механизмі мынадай кезеңдерден тұрады :

  1. Кәсіпкер жаңа кредит алу үшін немесе қолданыстағы кредит бойынша субсидия алу ниеті туралы және де субсиди ялау мақұлданған жағдайда кредит сыйақысының мөлшерлемесін төмендету туралы банкке өтініш жасайды ;
  2. Банк кредит беру / кредит сыйақысының мөлшерлемесін төмендету туралы оң шешім шығарған жағдайда, Кәсіпкер жергілікті деңгейдегі жергілікті атқару органына ( ЖАО ) яғни Үйлестірушіге ( Әкімдік жанындағы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ) өтініш етеді;
  3. ЖАО барлық құжат пен ақпаратты алған кезден бастап 10 ( он ) жұмыс күні ішінде жобаны Аймақтық үйлестіру кеңесінің ( АҮК ) қарастыруына шығарады.
  4. АҮК субсиди ялаудың мүмкіндігі ( мүмкін еместігі ) туралы шешім қабылдайды, сосын АҮК отырысы өткізілген күннен бастап, 2 ( екі ) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделінеді , және хаттамада жобасы мақұлданбаған жекелеген Кәсіпкерлердің қатыстырылмау себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс ;
  5. ЖАО АҮК хаттамасы әзірленгеннен кейін мақұлданған жобалар тізбесін 2 ( екі ) жұмыс күні ішінде :

- Қазақстан Республикасы  Экономикалық даму және сауда  министрлігіне – ЭДС М -ге ( мақұлданған жобалардың Бағдарламаның критерийлеріне сәйкестігін тексеру үшін );

- Банк терге және «Даму» Қорына ( Кәсіпкермен Субсиди ялау шартын жасасу жөніндегі дайындық іс-шараларын өткізу үшін) жібереді ;

  1. ЭДСМ АҮК хаттамасы мен Кәсіпкерлер бойынша ( мақұлданған / бас тартылған ) құжаттар пакетін алған соң жекелеген жобаларды бекітеді я болмаса оларды құптамайды және қабылданған шешімді ЖАО назарларына жеткізеді ;
  2. Жергілікті деңгейдегі ЖАО Кәсіпкер жобасының бекітілгені жайлы ЭДСМ-нен хат алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде барлық Кәсіпкерлерді қабылданған шешім туралы хабардар етеді;
  3. Банк Кәсіпкер жобасының бекітілгені жайлы ЭДСМ-нен хат алғаннан кейін Банк пен Кәсіпкер және «Даму» қоры арасында үшжақты субсидиялау Шарты жасалынады;
  4. Жергілікті деңгейдегі ЖАО ЭДСМ-нен келісім хатын алған соң «Даму» Қорына 2010 жылы Бағдарламаны іске асыру үшін бөлінген қаражаттың 30%-ы мөлшеріндегі соманы аударады. Одан кейінгі аударымдар төлемдердің келісілген кестесі бойынша жүзеге асырылады;
  5. Банк бекітілген субсидиялау Шарттары бойынша субсидия сомасын аудару үшін «Даму» Қорына жаңа есеп шот ашады. Банк «Даму» Қорының жаңа есеп шотынан субсидия сомасын есептен шығарып отырады;
  6. Субсидиялауға қарастырылған қаражатты «Даму» Қоры Банктегі жаңа есеп шотқа тоқсан сайын алдын ала төлем түрінде келер тоқсан басталғанға дейін аударып отырады;
  7. Кәсіпкер субсидияланбайтын сыйақының бөлігін Банкке банктік қарыз Шартында көрсетілген кестеге сәйкес төлеп отырады;
  8. Кәсіпкер сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін төлеген соң Банк Кәсіпкердің субсидияланатын сыйақы ставкасының бөлігін жабу үшін «Даму» Қорының жаңа есеп шотынан субсидияланатын соманы есептен шығарады.
  9. Егер Кәсіпкер өзінің кредиті бойынша төлемдерін, оның ішінде субсидияланбайтын сыйақы ставкасының бөлігін төлеуді кешіктірсе, Банк «Даму» Қорының жаңа есеп шотынан Кәсіпкер қарызын төлегенге дейін қаражат алмайды, және бұл туралы «Даму» Қорын құлағдар етеді (субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданбаған жағдайда).

Қаржы агенті:

  • субсидияланатын кредиттің мақсатсыз пайдаланылуы ;
  • Кәсіпкердің Банктік қарыз шартына сәйкес төлем кестесіне сай Банк алдындағы төлемдерін төлеу жөніндегі міндеттемелерін 3 ( үш ) ай бойы орындамау фактілері анықталған жағдайда, Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтататуға құқығы бар .

С убсиди ялауды тоқтату Кәсіпкер Банк алдындағы кредитін мерзімінен бұрын және толығымен өтеген жағдайда тоқтатылады, сондай - ақ, ЖАО немесе «Даму» қоры берген өтініш/хабарлама негізінде ЭДСМ - мен келісілген АҮК шешіміне сай тоқтатылады.

Кепілдік беру ішінара  болып табылады және кепілдік шарты  кредит сомасының 50% аспауы шарт , яғни бір Өтініш берушіге 1,5 млрд те ң ге ден аспайтындай болуы қажет . Қор кепілдігін беру Өтініш берушінің кредит шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуының қамтамасыз етілуі жөнінде Қор , Банк және Өтініш беруші арасында үшжақты Кепілдік шартын жасасу арқылы жүзеге асырылады. « Жаңа бизнес бастамаларды қолдау » атты Бағдарламаның бірінші бағыты аясында Банктер беретін кредит бойынша ішінара кепілдік берудің басты шарттарына мыналар жатады :

1. Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін және өндірісті жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған жобалар бойынша жаңа кредиттер сегменті ;

2. Кепілдік берілетін  кредит сомасы – Кәсіпкердің  жекелеген әр Жобасы үшін 3 млрд  те ң ге ден аспауға тиіс. Бұл жерде кредит сомасы, Кәсіпкермен  үлестес тұлғалар/ компаниялардың  кредиті бойынша берешегі есепке  алынбай есептеледі. Егер кредиттің/Кәсіпкердің жеке Жобасына берілген негізгі қарыз бойынша берешегінің жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден асып кетсе, Кәсіпкер ішінара кепілдендіру түріндегі мемлекеттік қолдауды 3 млрд. теңгелік бір Жобасына ғана алуға құқылы.

3. Кепілдік беру мерзімі 10 жылдан аспауы тиіс;

4. Өз қаражатымен қатысу  – Кәсіпкер жобаның жалпы іске  асырылу құнының 15%-нан төмен  емес мөлшерде ақшалай немесе 25%-нан кем болмайтын мөлшерде  мүлік түрінде жобаның іске асырылуына қатысуын қамтамасыз етуі тиіс;

5.Кепілдік мөлшері кредит  сомасының 50% аспауы тиіс.

Қазақстан Республик асы  Үкіметінің 31.12.2008 ж . № 1344 Қаулысына  сәйкес мониторинг жүргізілуі тиіс ірі  салық төлеушілер Тізбесіне енгізілген минералды шикізаттарды өңдеумен айналысатын металлурги я сектор ы кәсіпорындарының Жобаларына; акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін Жобаларға; субсидияланатын ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуді көздейтін Жобаларға қаржы ұйымдары беретін кредиттерге кепілдік берілмейді.

Бағдарламаға қатысу үшін Кәсіпкер өз қызметін Бағдарламада анықталған экономика секторларының бірінде жүзеге асыруы тиіс. Жобаларды Аймақтық үйлестіру кеңесі қарастырған кезде әрбір аймақ үшін экономиканың басым секторларына және жергілікті даму бағдарламаларына сәйкес, аймақ үшін мейлінше маңызды болып табылатын жобаларға артықшылық берілетін болады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының талдау маңыздылығын анықтау