Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 14:45, реферат
Ісік (грекше blastoma) - тканьдердің патологиялық ұлғаюын айтады. Ісік өскіні клетканың шексіз ұлғаюынан, организмдегі басқа тканьдердің өсуімен үйлеспеуімен, соның салдарынан маңайындағы тканьдердің семуімен немесе бүлінуге ұшырауымен сипатталады.
Үй және ауыл шаруашылық малдарынан ісікке жиірек шалдығатыны - ит, жылқы, ірі қара, мысық, шошқа, тауық, қой мен ешкі.
Ісік кез келген органдар мен тканьдердегі клеткаларда пайда болады. Ісік түсі ісік тканьдерінің түріне және тамырлардың даму дәрежесіне байланысты.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ісік туралы жалпы түсінік
Ісік түрлері және оларға сипаттама
Ісіктің химиялық құрамы
Ісіктегі зат алмасу
Ісіктің этологиясы
Патогенез
Организмнің реактивтілігі және ісік процесі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жоспар
Кіріспе
Ісік (грекше blastoma) - тканьдердің патологиялық ұлғаюын айтады. Ісік өскіні клетканың шексіз ұлғаюынан, организмдегі басқа тканьдердің өсуімен үйлеспеуімен, соның салдарынан маңайындағы тканьдердің семуімен немесе бүлінуге ұшырауымен сипатталады.
Үй және ауыл шаруашылық малдарынан ісікке жиірек шалдығатыны - ит, жылқы, ірі қара, мысық, шошқа, тауық, қой мен ешкі.
Ісік кез келген органдар мен тканьдердегі клеткаларда пайда болады. Ісік түсі ісік тканьдерінің түріне және тамырлардың даму дәрежесіне байланысты.
Қатерлі ісік – бұл ісік өмірге қауіпті қасиеттерімен бағаланады. Сол себептен оны «қатерлі» деп атайды. Қатерлі ісік - қатерлі ісік жасушаларынан тұрады. Малдың қатерлі ісігі — жануарлардың жұқпалы ауруы. Ол өте жедел таралады, дер кезінде ем қолданбаса, ауырған мал 12 — 72 сағатта өледі.
Қатерсіз ісік - баяу өседі. Ол маңайындағы сау тканьдерді қыса және ығыстыра отырып өседі (экспансивтік өсу).
Сау тканьдерге қарағанда ісік тканьдерінде су, калий, холестерин көп, бірақ кальций мен темір аз болады. Ісікте бос амин қышқылының құрамы тұрақты болады. Ісік қауырт өскен кездегі ондағы глутамин мөлшері кемиді. Ісіктің өсуіне глутаминмен қоса аспарагиннің болуы да едәуір ықпал етеді. Ісікте метионин, цистин және тирозин деңгейі біршама кеміп, аргинин, гистидин және лизин деңгейі артады.
Ісіктің пайда болуына әр түрлі факторлар (биологиялық, химиялық, вирустар) әсер етуі мүмкін. Ісік өскіні организм ерекшелігіне де байланысты. Ісік көбінесе ересек жастағыларда, қарын және өкпе рагы - еркектерге, жыныс органдарының рагы - әйелдерде көбірек болады.Ісіктің пайда болуына және өтуіне регуляторлық функцияның бұзылуы (нерв жүйесі мен эндокринді без) ықпал ететіндігі анықталды. Ісік өскінінде тұқым қуалағыштықтың да әсері болуы мүмкін, оның қаншалықты дәрежеде екендігі анықталған жоқ.
Ісік туралы жалпы түсінік
Ісік (грекше blastoma) бластомалар мен неоплазмалар - жаңа өскіндер деп, тканьдердің патологиялық ұлғаюын айтады. Ол органоидтық құрылысымен, әдеттегі нормадан ауытқушылығымен, біршама оқшаулануымен, химиялық құрамының, зат алмасуының және антигендік қасиеттерінің өзгешелігімен сипатталады.
Ісік өскіні негізінен
алғанда клетканың шексіз ұлғаюынан,
организмдегі басқа тканьдердің
өсуімен үйлеспеуімен, соның салдарынан
маңайындағы тканьдердің
Үй және ауыл шаруашылық малдарынан ісікке жиірек шалдығатыны - ит, жылқы, ірі қара, мысық, шошқа, тауық, қой мен ешкі.
Қалыпты тканьдерден ісіктің өзгешелігі өз клеткасының формасы мен көлемі, тканьдердің құрылымы, химиялық құрамы, зат алмасуы бойынша ерекшеленеді, сондықтан мұны ткань атепиясы деп аталатын ұғымға біріктіреді. Ткань атепиясының дәрежесіне қарай ісікті : қатерлі және қатерсіз деп бөледі.
Ісік кез келген органдар мен тканьдердегі клеткаларда пайда болады. Кез келген фактордың ықпалынан (оның кейбіреуінің табиғаты айқындалмаған) қалыпты клетканың қайтымсыз ісікке айналуы мүмкін. Ісік өскінін беретін клеткаларды ісік жұрнағы ретінде қарастырады. Ісіктің өсуі тез немесе баяу болуы мүмкін. Олардың кейбіреуі белгілі бір мөлшерге жетіп, өсуін баяулатады. Қатерлі ісік өте тез өседі, ондағы клеткалардың көбеюі мал өлген кезде тоқталады.
Ісік өскінінің екі формасы бар : экспансиялық және инфильтрациялық. Экспансиялық өскін - ісік маңайындағы тканьдерді ығыстырады. Олардың аралық шегі, кейде капсуласы айқын көрінеді, сондықтан оны сылып тастау оңай. Экспансиялық өскін қатерсіз жетілген ісікке айналады. Инфильтарциялық өскін - ісік ткань маңайындағы клеткалар аралығында ұлғайып, қан әне лимфа тамырларының саңылауларына енеді де, қан мен лимфа арқылы организмнің көптеген учаскелеріне таралып, метастазға айналады, сөйтіп жүдетуге - кахексияға ұшыратады. Инфильтрациялық өскін катерлі ісікке душар етеді.
Ісік клеткаларының іргелес тканьдерге ену механизмі әлі күнге толық анықталған жоқ. Бұған ісік клеткаларының амеба тәрізді қозғалысы ықпал етеді деген пікір бар. Ісік клеткалары гиалуронидазаны өндіретіні де белгілі, ол гиалурон қышқылын гидролиздейді.
Ісіктің сырт көрінісі алуан түрлі. Олар дөңгелек, ұзынша, саңырауқұлақ тәріздес және ағаш тәріздес формада, ал беті тегіс, бұдырлы болуы мүмкін.
Ісік түсі ісік тканьдерінің түріне және тамырлардың даму дәрежесіне байланысты.
Ісік консистенциялы ісік клеткасының түріне, стромалардың (ісіктің дәнекер тканьді тірегі), тамырлардың, сондай-ақ екінші реттік дистрофиялық процестерге қарай өзгереді.
Жаңа өскін өте кішкене болуы да(микроскоппен байқалатын), тым үлкен болуыда мүмкін. Сиырдың аналық клеткасында салмағы бірнеше килограммға жететін ісік болғандығы туралы дерек бар. Кейде ісіктің диаметрі бірнеше сантиметрге және салмағы бірнеше килограммға дейін жеетеді.
Көп жағдайда ісік бір органда түйін түрінде (уницентрлік өскін) өседі, кейде ісік ошағы бірден бірнеше органдарда пайда болады (мультицентрлік өскін).
Ісік атауларын белгілегенде ісік тканіне "ома" жалғауын жалғайды. Мәселен, талшықты дәнекер ткань ісігі - фиброма, бұлшық еттікі - миома, майлы тканьдікі - липома, нерв тканьдері - нерврома, т.б. деп аталады.
Ісік түрлері және оларға сипаттама
Қатерлі ісік – бұл ісік өмірге қауіпті қасиеттерімен бағаланады. Сол себептен оны «қатерлі» деп атайды. Қатерлі ісік - қатерлі ісік жасушаларынан тұрады. Қатерлі ісік жиі обырмен шатастырылады. Oл жасушалардың ретсіз бөлінуімен сипатталады, және де басқа ағзаларға, жиі тіндерге метастаз берумен сипатталады. Бұл ауру генетикалық бұзылу салдарының пролиферация және дифференцирацияның бұзылуы болып табылады. Қатерлі ісікті емдеуге бағытталған ем шаралар және дәрі-дәрмектер осы күнге дейін толығымен шешілмеген жұмбақ. Қатерлі ісік қалыпты жасуша қатерлі трансформация нәтижесінде пайда болады, ол бақылаусыз көбейеді, апоптозға қабілеттілігін жоғалтады. Қатерлі трансформация бір немесе бірнеше мутация кесірінен пайда болады, жасушалардың шекарасы анықталмаған жағдайда апоптоз механизімі бұзылуына алып келеді. Егер де ағзаның иммундық жүйесі мұндай трансформацияны анықтамаса, ісік ары қарай өсіп сонында метастаз береді. Метастаздар барлық ағзалар мен тіндерде пайда болуы мүмкін. Өте жиі метастаз сүйекте, мида, бауырда және өкпеде пайда болады. Және де жасушалардың бақылаусыз бөлінуі қатерсіз ісікке алып келуі мүмкін. Қатерлі ісік қатерсіз ісіктен ерекшелігі метастаз қалыптастырмауы болады, басқа ағзаларға енбейді және ағзаға қатерсіз. Бірақ та қатерсіз ісік жиі қатерлі ісікке ауысады. Қатерлі ісіктің қорытынды диагнозын гистологиялық тінді зерттеуден кейін патоморфолог қояды. Диагноздан кейін операциялық ем, химиотерапия, сәулелі терапия тағайындалады. Медицина ғылымы дамуына байланысты әр ісікке спецификалық ем тағайындалады. Емсіз қатерлі ісік леталді ағымға дейін прогрессиялайды. Ісіктің көбісі емге берілмейді, бірақ та оның емі ісік түріне, таралуына, және кезеңіне байланысты. Көптеген ісіктердін пайда болуы қоршаған орта факторы әсеріне байланысты: түтін, ионды сәулелердің әсері, ултракүлгін сәулелердің әсері және кейбір вирустар. Қатерлі ісіктің көптеген түрлері белгілі, олар орналасқан ағзаға байланысты классификацияланады. Біріншілікті ісік жасушасы обыр трансформациясына ұшырайды, сонымен қоса клиникалық белгілері науқаста айқын көрінеді.
Малдың қатерлі ісігі — жануарлардың жұқпалы ауруы. Ол өте жедел таралады, дер кезінде ем қолданбаса, ауырған мал 12 — 72 сағатта өледі. Ауру қоздырғышы — анаэробты микроб. Ол организмге жарақаттанған тері, кілегейлі қабық арқылы еніп, улы токсин шығарады. Әсіресе, бұл ауру тарттыру, мүйіз бен құйрықты кесу, дәрі егу, тазалық сақтау ережелерін бұзудан болады. Ауруға шалдыққан малдың дене қызуы көтеріледі, тері астындағы тіндер ісініп іріңдейді. Ауру малдың тынысы тарылады, жүрек соғысы нашарлайды. Емі: ісінген жерді тіліп, жиналған газ бен сұйықты шығару. Тері астына, венаға антибиотиктер (пенициллин, стрептомицин) жіберу.
Қатерлі ісіктердің аталуы өзгеше болады. Мәселен, эпителий тканьдерінің қатерлі ісігі - рак (грекше carcinoma, латынша cancer), дәнекер тканьдерде - саркома деп аталады. Қатерлі ісіктердің қалыпты тканьдерден бірқатар қасиеті мен ерекшелігі бар. Оның басты ерекшелігі - шексіз инфильтрациялық өскінінде. Бұл өскін маңайындағы сау тканьдерге жайылып, оны бүлдіреді. Қатерлі ісіктер тез өседі: бірақ тым үлкеймейді, өйткені өршіген кахексия мен уланудан организм тез өледі. Сонымен қоса қатерлі ісікке ресцидив пен метастаза тән қасиет.
Эпителиалдық ұлпа қатерлі ісіктері
Карцинома немесе рак - эпителиалдық ұлпа өсіп жетілмеген жасушаларының қатерлі ісігі. Рак ісігі әртүрлі пішінді: айналасындағы ұлпамен біріккен түйінді саңырауқұлақ тәрізді немесе жайылған инфильтраттар болып келеді. Карцинома түсі ақшыл-сары, сүрғылт-қызыл. Осы ісіктің пішіні, өсу жылдамдығы мен қатерлік деңгейі строма дамуына байланысты.
Егер де строма әлсіз дамыса, онда медуллярлық немесе ми тәрізді рак деп аталады. Бүл ісік тез өседі және метастаздар ерте байқалады.
Егерде ісікте паренхима басым болса, онда скирр немесе фиброзды рак деп аталады. Оған тән қасиеттер: баяу өсу және метастаздар кеш байқалады. Рактың паренхимасы мен стромасы бірдей көлемдей сәйкес болса, онда қарапайым немесе солидты рак деп аталады.
Рак ісіктері лимфогендік метастаздар береді. Рактің түріне қарай жіктеледі:
1. Жалпақ жасушалы түлеуші
2. Жалпақ жасушалы түлемеуші
3. безді
4. пигментті
5. базалиома
Гистопрепарат: Жалпақ жасушалы түлеуші рагі (канкроид)
Жиі осы ісік тері мен кілегейлі қабықта кездеседі, өсуі баяу, (тамыр тәрізді, түсті қырық қабаққа үқсас) метастаздарды кем береді, түсі сұрғылт ақ. Ісікте қан құйылымдар мен гиперемия болуы мүмкін. Кесіндісінде ісікте тамыр тармақтары ақшылт түйін тәрізді, маржанға үқсас, содан маржанды рак деп аталады.
Микроскоппен қарағанда,
ісік көптеген эпителиалдық жасушалар
инфильтраты көп дәнекер
61- сурет. Жалпақ жасушалы түлеуші рагі (канкроид)
Гистоструктура (х240) гематоксилин-эозинмен бояу; а – түлеуші орталық («рак мәрмәрі»)
Жалпақ жасушалы түлемеуші рак
Жалпақ жасушалы түлемеуші рак лезде өсуімен және метастаз беруімен сипатталады.
Макроскопиялық осындай ісік ақшыл-сүр түйін тәрізді, саусақпен басқанда ұғітіледі. Кілегейлі қабат рак кезінде қалыңдайды, қырындысы көп, борпылдақ, жағылтқыш.
Микроскопиялық ісік
стромасының әлсіз дамығаны
62- сурет. Жалпақ жасушалы түлемеуші тері рагі
Гистопрепарат: Аденокарцинома немесе безді рак
Бүл ісік мүшелер эпителийінен өсіп шығады, өсуі баяу, метастаздар береді.
Микроскоппен қарағанда, ұлпа өскіні безді түтіктер тәрізді және дәнекер ұлпамен қоршалған. Түтіктер бағыты мен қалыңдығы алуан түрлі. Аденокарцинома жиі кілегей бөледі. Қасындағы қоршаған ұлпаға кіріп өседі.
63- сурет. Карын аденокарциномасы
А - макропрепарат: 1 – сақталған кілегейлі қабық; 2 – ісік өскіні; Б - гистоструктура. Гематоксилин-эозиноммен бояу (х240): строма талшық тәрізді /жасуша аралығында/; ісік жасушалары әртүрлі кілегей деңгейінде; бездің сақталған бұлшық еті, стрелкамен көрсетілді
Ісік стромасы жасуша инфильтраты көп борпылдақ немесе талшықты дәнекер ұлпадан құралған.
Қатерсіз ісік - баяу өседі. Ол маңайындағы сау тканьдерді қыса және ығыстыра отырып өседі (экспансивтік өсу). Баяу өскенімен ол едәуір мөлшерге жетуі мүмкін. Қатерсіз ісіктен метастаздар мен рецидивтер болмайды. Ол кахексия тудырмайды. Алайда қатерсіз ісік те зақымдау дәрежесіне қарай организмге қолайсыз әсер етуі мүмкін.
Эпителиалдық қатерсіз ісіктер
Эпителиалдық ұлпадан дамыған ісіктер жиі органоидтық немесе фибриоэпителиадық деп аталады.
Қатерсіз ісіктер жетілген эпителиалдық ұлпадан тұрады. Оған жататындар: папиллолар мен аденомалар.
Информация о работе Организмнің реактивтілігі және ісік процесі