Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 19:45, курсовая работа
Ел Президентінің 1997 жылғы 11 қазанда «Қазақстан - 2030» деп аталатын алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы – деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Біздің елімізбен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет» деп ерекше атап кетті.
Кіріспе...................................................................................................3-4
1 Кедейшілік – макроэкономикалық маңызды мәселесі..............5-15
1.1 Кедейлік туралы теориялар..........................................................5-7
1.2Кедейшілікке негізгі макроэкономикалық талдау....................7-15
2 Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары...........................16-26
2.1 Қазақстанда кедейшіліктің бүгінгі күнгі ахуалы...................16-23
2.2 Қазақстандағы кедейшілікпен жоқшылықты
болдырмауға қарсы іс-шаралар................................................23-26
Қорытынды.........................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................28
Жоспар
Кіріспе.......................
1 Кедейшілік – макроэкономикалық маңызды мәселесі..............5-15
1.1 Кедейлік туралы теориялар.....................
1.2Кедейшілікке негізгі
2 Қазақстанда кедейшілікпен күресу
жолдары.......................
2.1 Қазақстанда кедейшіліктің бүгінгі күнгі ахуалы...................16-23
2.2 Қазақстандағы кедейшілікпен жоқшылықты
болдырмауға қарсы
іс-шаралар....................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................
КІРІСПЕ
Ел Президентінің
1997 жылғы 11 қазанда «Қазақстан - 2030»
деп аталатын алдағы даму
Елбасының демократиялық ел билеудің дәстүрлеріне жүгініп, реформаны ойдағыдай өрге бастыру үшін жұртшылық пен әрбір азаматты іске жаппай жұмылуға шақыратын саяси бастаманы дер кезінде көтерді. Азаматтық қоғамымыздың кемелділігі де осынай сындарлы бастаманы қаншалықты ұйымшылдықпен қостағанын бүгінгі таңдағы іс - әрекеттер дәлелді айқындап беріп отыр.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі-кедейшілік сияқты өткір әлеуметтік проблемаларды шешу-мемлекет жұмысының басты бағыты. Бұл әл-ауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік денгейін жасапдұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі.
1998 жылы Қазақстанда
алғаш рет халықтың кедейшілік
индексі есептелді. Осы
«Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасын белгілегендегі басты мақсат – экономикамызды, соның нәтижесінде қасиетті халқымызды дүние жүзіне паш ету. Халықтың әл – аухатын жақсарту. Рухани және табиғи байлығымызды шашпай – төкпей, ұрпақтан – ұрпаққа аман – есен табыстау. 2030 жылы Қазақстанды «Қазақстан Барысына» айналдыру.
Қазақстан Республикасы үшін, Қазақстан
халқының әрбір азаматтары
Осының салдарынан экономиканы жоспарлау мәселесі туындады.
«Қазақстан - 2030» - дан кейін қамтылған мәселелері мен қабылданған шешімдерінің және жоспарлау мерзімінің ұзақтығы жағынан үлкен екінші құжат – ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары». Бұл құжатта Қазақстанның 2010 жылға дейінгі даму моделі анықталды. Оның мақсаты – ұзақ мерзімді тұрғыда бәсекеге қабілетті экономиканың негізін қалау делінді. Экономика саласындағы даму моделінде:
Кедейлік мәселесі әлемде тарихи дамудың әр кезеңде болған, боладыда. Өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, кедейлік, экономикалық өсу маңызды да өзара тығыз байланысты мәселелер.
Бүгінгі таңда кедейліктің таралу фактілері әлемде үлкен масштабтарға ие. 1,3 миллиардтан астам адам кедейліктің ең төменгі шегінде. Соңғы 30 жыл ішінде ең бай және ең кедей адамдар қатынасы 30:1 ден 61:1 дейін өсті. 20 пайыздық ең ауқатты адамдардың үлесі 70 пайыздан 85 пайызға өсті, ал ең кедей адамдардың үлесі 2 пайыздан 1,4 пайызға төмендеді.
1 Кедейшілік – макроэкономикалық маңызды мәселесі
1.1 Кедейлік туралы теориялар
Кедейлік – бұл халықтың белгілі бір топтары өмір сүру құқықтарын іске асыруға байланысты бірінші кезектегі физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыруда қиындық көретін, конституциямен бекітілген құқықтар мен бостандықтар шеңберінде қоғам өміріне толыққанды қатысу мүмкіндігінен айырылатын әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Кедейлік барлық әлеуметтік
мәселелердің ең әлеуметтісі. Экономикалық
статус пен табыс, әлеуметтік теңсіздік
пен стратификация, ұлттық байлықты
тарату мен халықтың өмір сүру деңгейі,
өмірлік қажеттіліктер мен
Кейдейлік мәселесі бір уақытта жеткілікті түрде зерттелген деп айтуға болады. Жақсы зерттелген кезеңі деп, біз революцияға дейінгі кезеңді, яғни ХХ ғасырдың 20 жылдардың бірінші бөлігін айтамыз. Себебі осы кезеңде кедейлік мәселесіне тура және жанама түрде, ондаған-мыңдаған зерттеулер арналды.
1920-1980 жылдары 70 жылдың
ағымында кедейлік мәселесі аз
зерттелді, оны ешкім
Социалды-дарвиндік және
социалды-теңестірімділік әдіс-
Ресейде де, Еуропада да кедейлік мәселесіне қызығу ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Еуропада оның екі әдіс-амалын жақтаушылар байқалды:
Социалды-дарвиндік бағыттың өкілдері (Г.Спенсер, Ф.Гиддинг, Ж.Ирудон) теңсіздікті және одан шығатын кедейлікті тек дұрыс, сонымен қатар қоғамға пайдалы деп санайды. Олар теңсіздікте тұтас қоғамның және жеке тұлғаның дамуын көреді. Олардың концепциясы тіршілік үшін күрес және әлеуметтік теңсіздік болмай қоймайтындығы принципіне негізделеді.
Социалды-теңестірімділік бағыттың өкілдері немесе элитарлы (француз тілінен egaliste, egalite – теңдік) әдіс-амалдар бағытының өкілдері, керісінше теңсіздік пен кедейліктің дұрыс еместігін көріп, оныфмен күресу керектігін айтты. Жалпылама теңдік концепциясын француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо мен Якобин Бабефпен жасады. Олардың ойынша, кедейлік жалпылама теңдік пен қоғамдық меншік орнағанда жойылады.
Статистика-социологиялық бағыт.
ХІХ ғасырдың ІІ екінші жартысында
статистика-социологиялық
Олардың идеялары мен зерттеу әдіс-тәсілдері ХХ ғасырға дейін АҚШ пен Еуропа елдерінің осы мәселені зерттеушілеріне үлкен әсер етті.
Ресейде кедейлікті зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жүзеге асырыла бастады. Оны бірінші болып зерттегендер қатарына В.Орлов, В.Яковенко мен А.Петровскийді және басқаларды жатқыза аламыз.
Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде халықтың кедейлік деңгейін төмендету жөніндегі шараларды іске асыру мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы аса маңызды бағыттардың біріне айналып отыр.
Кедейлердің жағдайын жақсартуға тікелей немесе жанама түрде байланысты басқа да мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру барысында белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Жан басына шаққанда орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен Қазақстан халқының үлесі осындай бағдарламалар іске асырыла бастаған кездегі 31,8%-дан 2001 жылы 28,4%-ға дейін төмендеді.
Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын көрсеткіштердің оң сипатты серпініне қарамастан елде кедейлік деңгейі әлі де болса елеулі күйінде қалып отыр.
Кедейліктің өсуіне түрткі болатын негізгі экономикалық және әлеуметтік жағдайлар сақталуда, олардың қатарына төмендегі криетрийлерді жатқыза аламыз:
Еңбек етуге қабілетті азаматтар үлесінің ұлғаюы есебінен кедейліктің әлеуметтік құрылымы өзгеріске ұшырауда.
Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздегі кедейлік мәселесін жоюдың бірден-бір жолы ретінде әр жылдарға арналған кедейлікті азайту жөніндегі бағдарламалар әзірлеп, осы бағдарламаға сәйкес іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда.
Осы бағдарламаларда көзделген кедейлікті азайтудың негізгі жолдары халықтың кедейлікке ұшырау себептерінің сан қырлы сипатын ескереді және халықаралық тәжірибенің негізінде оны азайту жөніндегі тиісті көзқарастарды қамтиды, бұл тәжірибе кедейлік проблемаларын шешуді:
Бағдарламаларда 1995 жылғы наурызда Копенгаген қаласында қабылданған «БҰҰ-ның кедейлікті жою жөніндегі 10 жылдығы» әлеуметтік даму жөніндегі Дүниежүзілік Саммит Декларациясының, сондай-ақ халықаралық Еңбек Ұйымының еңбек, жұмыспен қамту, гендерлік теңдік саласындағы конвенцияларының ережелері ескерілген.
Сонымен қатар, Бағдарламалар
қоршаған ортаның халықтың тұрмыс деңгейіне
әсерін, кедейліктің өңірлік
1.2 Кедейшілікке негізгі макроэкономикалық талдау
Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік дамуы, іске асырылатын экономикалық даму үлгісіне тәуелсіз, белгілі бір себептерге қарай (эконо-микалық, демографиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялык және т.б.) қоғамнан "тысқары" қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге, киінуге, бос уақыт өткізуге және т.б.) тіпті ең төменгі деңгейде ұстауға шамалары келмейтіндер де жатады. Оңдай адамдарды кедей деп атайды.
Кедейшілік ұғымына және сараптауға қолданылатын дәстүрлі қалыптасқан абсолютті және салыстырмалы тәсілдер ең алдымен адамның табыстарын немесе оның тұтыну деңгейін қарайды. Адам егер организмнің физиологиялық мұқтаждарынан туындайтын деңгейде өз қажеттіліктері мен ең төменгі әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ете алмаса, онда мұндай тұрмыс жағдайларын "абсолютті кедейшілік" деп атайды, ал "салыстырмалы кедейшілік" кезінде қоғамда ең, көп тараған стандарттарға сай өмір сүруге материалдық мумкіндіктері жоқ адамдарды жатқызады (1.1.1. кесте). Одан басқа, кедейшілік адамдардың тұтынуға қажет деңгейі туралы пікірлерінің негізінде бағалануы мұмкін, осындай жағдайда олар өздерін кедеймін деп санамайды. Бұл жағдайда әңгіме "субъективті кедейшілік" туралы қозғалады.
Информация о работе Кедейшілік – макроэкономикалық маңызды мәселесі