Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2015 в 07:38, реферат
Жай, қарапайым кооперациялық шаруашылық. Мұнда капиталист – кәсiпорын иесi – бiр түрлi жұмысты орындайтын көп адамдарды өзiнiң бақылауында бiрлестiрiп, жұмыс жасатқызады, ол бiр адамның шамасы келмейтiн жұмысты орындауға мүмкiндiк тудырады.
Мануфактуралық шаруашылық. Бұл Батыс Еуропа елдерiнде ХҮІІ ғасырдың ортасынан ХҮІІІ ғасырдың екiншi жартысына дейiн орын алды. Бұл да еңбек кооперациясы, бiрақ мұнда заттың, өнiмнiң элементтерi өндiрiледi еңбек бөлiнiсi арқылы. Әрбір жұмысшылар тобы ақырғы өнiмнiң тек бiр ғана бөлшегiн жасайды (мәшиненiң тек дөңгелектерiн, моторын, тағы басқа) өндiрiс, еңбек мамандырылады, ол олардың тиiмдiлiгiн жоғарлатады.
1. Монополияның мәнi, түсiнiгi және оның түрлерi.
2. Монополияға қарсы – зандар және экономиканы реттеу.
а) Монополияға қарсы саясат
б) Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай.
4. Капитализмнiң жоғары сапалы сатысы
1. Монополияның мәнi, түсiнiгi және оның түрлерi.
2. Монополияға қарсы – зандар және экономиканы реттеу.
а) Монополияға қарсы саясат
б) Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай.
4. Капитализмнiң жоғары сапалы сатысы
Монополия – грек сөзiнен «монос»
– бiреу, жалғыз, «палео» – сатамын, яғни
жалғыз сатамын деген ұғымда.
Буржуазиялық қоғам екi сатылы
шаруашылық:
а) Еркiн бәсеке капитализмi,
бұл ХҮІІ – ХlХ ғасырлар арасы.
б) Монополистiк капитализмi,
бұл ХХ ғасырдың басынан осы уақыт iшiнде.
Жалпы капитализм өзiнiң даму
жолында шаруашылықтың үш кезеңiнен, түрiнен
өттi. Олар: а) жай, қарапайым кооперация;
б) мануфактуралық; в) мәшинелендiрiлген
фабрика.
Жай, қарапайым кооперациялық
шаруашылық. Мұнда капиталист – кәсiпорын
иесi – бiр түрлi жұмысты орындайтын көп
адамдарды өзiнiң бақылауында бiрлестiрiп,
жұмыс жасатқызады, ол бiр адамның шамасы
келмейтiн жұмысты орындауға мүмкiндiк
тудырады.
Мануфактуралық шаруашылық.
Бұл Батыс Еуропа елдерiнде ХҮІІ ғасырдың
ортасынан ХҮІІІ ғасырдың екiншi жартысына
дейiн орын алды. Бұл да еңбек кооперациясы,
бiрақ мұнда заттың, өнiмнiң элементтерi
өндiрiледi еңбек бөлiнiсi арқылы. Әрбір
жұмысшылар тобы ақырғы өнiмнiң тек бiр
ғана бөлшегiн жасайды (мәшиненiң тек дөңгелектерiн,
моторын, тағы басқа) өндiрiс, еңбек мамандырылады,
ол олардың тиiмдiлiгiн жоғарлатады.
«Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама - қарсы түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi ол өнiмге бағаларды белгiлейдi. Баға мен пайда бәсекелестерден жоғары болып, қоғам және жеке топтар үшiн өте ауыр жағдай тудырады. Сфера және аймақ, кәсiпорындар арасындағы ресурстарды қайта бөлу механизмнi» тиiмдiлiгi бұзылады, экономикалық еркiндiк болмайды, тұтынушылар үшiн де. Тарихи кезеңде әр елдің экономикасына монополияның әр түрлері құрылды: Табиғи монополия және жасанды монополия. Қазақстан Республикасындағы табиғи монополияға жатады.
Монополияға қарсы
– зандар және экономиканы реттеу.
АҚШ – тың монополияға қарсы
заңдары барынша жетілдірілген деп есептелінеді,
оның бұрыннан келе жатқан тарихы бар.
Ол «үш китке», үш негізгі заңдар актілеріне
бағындырылған:
Шерман заңы (1890 жыл). Бұл заң
сауданы құпия монополияландыруға, бір
салада жалғыз үстемдік етуге, баға жөнінде
келісімге келуге тыйым салады.
Клейтон заңы (1914 ж) - өткізу
саласындағы шектеу іс - әрекеттеріне,
баға алалаушылығына ( барлық жағдайда
емес, тек күнделікті бәсекенің ерекшелігіне
байланысты), бірігудің кейбір түрлеріне
тыйым салды.
Робинсон – Пэтмэн заңы (1936
ж) – баға алалаушылығы «баға қайшысы»
тағы басқа сауда саласындағы істерді
шектеуге тыйым салады.
1950 жылы Клейтон заңына Селлер-
Кефовер түзетуші қабылданды, заңсыз бірігу
ұғымы пысықталды. Активистерді сатып
алу арқылы бірігуге тыйым салынды. Егер
Клейтон заңымен ірі фирмалардың көнбеу
бірігуіне кедергі қойылса, Селлер – Кефовер
түзетуді тікелей бірігуді шектейді.
1950 жылы Клейтон заңына
Селлер- Кефовер түзетуші қабылданды,
заңсыз бірігу ұғымы пысықталды. Активистерді
сатып алу арқылы бірігуге тыйым салынды.
Егер Клейтон заңымен ірі фирмалардың
көнбеу бірігуіне кедергі қойылса, Селлер
– Кефовер түзетуді тікелей бірігуді
шектейді.
Монополияға қарсы заңдарды
жүзеге асрушы мемлекеттік қызметтер
екі принципті басшылыққа ала алады. Біріншіден,
заңды қатал сақтап отыру, екіншіден «парасаттылық
принципін» ұстау. Өйткені көп жағдайларды
трестерге қарсы заңдардың (мысалы Шерман
заңы) ресми жалпы түрде жазылғаны сонша,
АҚШ федеральдық соты осы заңның қолдану
сферасына іс істемекші болған қандай
да болсын келісімге келуші екі жақты
жатқыза алады. Сондықтан «Парасаттылық
принципі» бойынша тек жөнсіз, ақылға
сыймайтын сауданы шектеулер ғана Шерман
заңының қолдану сферасына жатады. Мемлекет
қиратушы монополизм қаупі мен бәсекені
шектеу қаупінің ( мемлекеттің қандай
да болсын араласуы, тіпті бәсекені қолдау
мақсатымен, әрбір бәсекелестік мүмкіндіктерді
шектеуге әкеліп соғады) арасындағы жіңішке
соқпақ жолда өзін тең ұстауға тиісті.
Монополияға қарсы істер өндірушілердің
( тұтынушылардың) бір тобына басқа топтардың
есебінен барынша жеңілдік жасаудың орнына
бәсекені қолдау керек.
Монополиялану фактісін анықтау
үшін монополияға қарсы реттеу математикалық
құралдарды және жалпы Э. Чемберлиннің.
Дж.Робинсонның, В.Паретонның тағы басқа
экономистердің жетілмеген бәсеке концепциясының
барлық теориялық аппаратын кеңінен пайдалануды
көздейді. Өкіметтің атқарушы ұйымдары
монополистік шектеулерді болдырмау үшін
тек қана «жазалау» емес, оның алдын алатын
жұмыстарды да жүргізеді. Мысалы, Әділет
министрлігі трестерге қарсы заңдар, компаниялардың
бірін-бірі жұтып қоюы, қосылуы туралы
келісімдердің параметрлері бар анықтама
материалдар басып шығарады. Мысалы, бір
немесе бірнеше кәсіпорындардың рыноктағы
басымдылығы фактісі туралы қорытындыға
негіз болатын белгілер мынандай: бір
кәсіпорын үшін – 33%, үшеуі үшін – 50%, бесеуі
үшін – 66,6%. Айта кететін жай, трестерге
қарсы заңдар «Үлкен бизнестің» ірі корпорацияларына
қарсы бағытталмаған, өйткені бір компанияның
мөлшері оған монополия деп қарауға негіз
бола алмайды. Монополияға қарсы заңдар
тиімді бәсекені бұзатын шектелген іс
тәжірибеге қарсы бағытталған. Егер рыноктық
экономикада уағыздалатын қосымша шығындар
мен қосымша пайданы салыстыру принципі
қолданылса, онда мынаны айтуға: монополияға
қарсы реттеуге байланысты болатын шығындар,
қанша дегенмен рыноктың экономикадағы
монополистік тенденцияларды шектеуге
әкелетін айырмашылықтардан төмен болады.
Монополияға қарсы саясат
Ірі монополдық бірлестіктердің
рынокты түгелдей өздеріне бағындыру
іс-әрекеттері шағын және орта кәсіпкерлердің,
жалпы қарапайым адамдардың наразылықтарын
туындырады. Бұл жағдай мемлекеттің экономикаға
араласуын талап етті. АҚШ- та, Батыс мемлекеттері
монополияға қарсы аңдарды қабылдап, оның
рынокты монополияландыруына тоқтау қойыла
бастады.
Америка Құрама Штатында экономиканы
монополяландыруға қарсы бірінші заң
– «Акт Шермана» , 1890 жылы қабылданған.
Ол тресттер, бірлестіктер, егер штаттардың
арасындағы саудаға кедергі келтірсе,
оны заңсыз деп санады. «Акт Клейтона»
(1914 жыл) арам, алдама саудаға тыйым салған.
Қазіргі уақытта барлық мемлекеттерде
осындай монополияға қарсы заңдар қолданған.
Сол арқылы олардың іс-әрекеттеріне шек
қойылған. Мемлекет монополияның іс-әрекетіне
мына бағыттарда араласады, бақылау жүргізеді:
а) Мемлекет жоғарғы деңгейде
салық салу арқасында монополияның пайдасының
көлемін азайтады. Соның нәтижесінде әлеуметтік
жағдайға тигізетін тиімсіздігін әлсіретеді.
б) Инфляцияны басу және жоғарғы
деңгейде шоғырланған салалардың бағаларына
қысым жасау үшін бағаға бақылау қойылады.
в) Монополияның бірлестіктердің
мемлекет меншігінде болуы. Мысалы, телефон
байланысы. Сумен табиғи газбен, элетрокүшімен
жабдықтау, темір жол монополдың кәсіпорындар
болса, тиімділігі жоғары болады.
г) Мемлекеттік экономикалық
реттеу бағаға, өндірістің көлеміне, фирмалардың
реттелетін салаларға кіруін, одан шығуын
бақылауға мүмкіндік тудырады. Бұл бақылау
болады коммуналдық кәсіпорындарда, көлікте,
қаржы рынокта. Бұл құрал-жабдық мемлекет
меншігінде болса да, ол бақылау жүргізеді.
д) Монополияның іс-әрекетін
мемлекет реттейді, монополияға қарсы
саясат арқылы. Бұл саясат, әсіресе. Жоғары
деңгейде шоғырланған салаларға қарсы
қолданылады. Монополияға арнайы заң және
ережелер шығарылады, мемлекеттік тапсырманың
үлесін ұлғайтады. Эскпорттың және импорттың
тауарлардың түріне, көлеміне бақылау,
шек қояды. Ақша айналымы, несие, салық
саясаты жүргізеді.
Жалпы мемлекеттік реттеудің
екі формасы болады: экономикалық және
әлеуметтік.
Экономикалық реттеудің сферасында
қамтылады бағаға, тауардың түрлеріне,
типтеріне, фирмалардың салаларға кіру
және шығу жағдайларына бақылау жүргізу.
Әлеуметтік реттеу қамтиды
– суды және ауаны тазарту бағдарламасы,
ядролық энергетиканың, дәрілердің, көліктің,
ойыншықтың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету.
Қазақстан Республикасындағы
монополиялық жағдай.
Қазақстан Республикасы нарықтық
экономикада дамығандықтан, монополиялық
бәсекелестік жетілмеген экономикалық
күрес кездеседі. Қазақстан нарығында
ірі монополистерге АҚ «АТКЕ», АГПО «Суканалы»,
ГКП «Алматы горгаз», «АПК», АО «Алматы
аэропорты», ААҚ «Қазақтелеком», ЖАҚ «Эйр
Қаз.», «Қазақойл».
2002 жылы Антимонополиялық комитеттің
шешімімен бюджеттің кіріс бөлігіне мемлекеттік
тәртіпті бұзғаны үшін және монополиямен
айналысып, антимонополиялық заң бағаларын
бұзғаны үшін төленген айыппұл 115422595,7
теңге, оның 63032352,6 теңгесі бюджетке түсті.
Бұны ұлғайту үшін заңға өзгерістер енгізу
керек. «Сауда құралдарын жасау зауыты»
мен жеке «Азап» кәсіпорындары электр
энергиясын аз беріп және жоғары бағамен
сатқанына байланысты комитет антимонополиялық
заңды қолдана отырып, олардың іс-әрекетін
қарап, оларға тоқтатылған өндіріс, экономикалық
шығындар, жұмыскерлердің төленбеген
жалақысын қайтаруды бүйырды. Ал «ЗапКаз
энерго» кәсіпорны электрэнергиясын заңда
көрсетілген тарифтерден жоғары бағамен
сатқан. Баға дискриминациясы мен антимонополиялық
зақды бұзу «Қазақстан әуе жолы» компаниясында
кездесті.Онда шетелдік азаматтарға әуе
билеттері қазақстандықтарға қарағанда
бірнеше есе жоғарылап сатылған. Қазақстан
Республикасындағы ең үлкен монополиялық
қылмыс 1999жылдың наурыз айында болды.
Ашық акционерлік қоғам Қазақстан Республикасында
«Жастық тепло энерго» 1997 жылы антимонополиялық
комитетке келіп түскен. Көптеген жерлерде
кездескен үлкен қылмыс орын алды. Ол мемлекеттік
мекемелердің өз қызметтері үшін көп көлемдегі
ақша алуы болды. Сонымен бірге «Аптеба»
кәсіпорнының тарифтерін көтеріп, салық
жасырын, заңсыз 5252724,3 тенге табыс түсіргендігі
анықталды. Ірі момнополиялық кәсіпорындарға
жататын «KEGOC», «Қазақтелеком» және «Қазақойл»
компаниялары өздерінің айналыс операциялары
туралы міндетті есеп береді. Олар еңбекақы
мен амортизациялық төлемдерге жұмсалатын
шығындар мөлшерін ұлғайтып, құжаттарда
нақты мәліметтерді дұрыс көрсетпегендіктен
қызмет көрсетілімдеріне бағаны жоғарылатады.
Антимонополиялық заңдар мен арнайы комитет
болуына қарамастан қазіргі кезде көптеген
қылмыстар жасалып жатыр.
Монополия бәсекелікті
жоймайды, тек тәсілдерін өзгертеді. Жетілген
бәсекенің барлық даусыз жақсы жатарымен
қатар оның елеулі кемшіліктері бар. Рыноктық
процестерді дайындықсыз жүруі шаруашылық
өмірдің кейбір салаларының монополиялануына
әкеліп соғады. «Өзімен өзі болған» жетілген
бәсеке жетілмеген бәсекеге айналады.
Монополия, жоғарыда атап өткендей, бағаға
деген белгілі бір билікті білдіреді.
Ал бұл билік әр түрлі алғы шарттарға негізделуі
мүмкін, салалық өндірістің басым бөлігін
басып алу (капитал мен өндірістің шоғырлануы
мен орталануы) рынокты және баға деңгейін
бөлу, жасанды тапшылықтар жасау тағы
басқа құпия және ашық келісімдер жасау.
Трестерге қарсы заңдар зиянды іс тәжірибені
шектеп экономиканың тиімділігін арттыруға
бағытталған.
Қазiргi уақытта бәсеке күресi
дүниежүзiлiк нарықта айрықша шиеленесуде.
Мысалы, АҚШ-пен Жапония арасы. Монополизмді
бәсекелiк күрестiң жаңа әдiстерi пайда
болуда. Монополизмге дейiн бағалық бәсеке
болды, яғни бәсекелiктiң бағасынан гөрi
төмен баға қою арқылы бағаны түсiрiп, оны
нарықтан ағыстыру. Бұл монополизм уақытында
сирек болатын құбылыс. Ендi монополиялар
тәуекелдiгiнен бағаны өзгерткеннен гөрi
өндiрiстiк қуаттардың өнiм шығаруын азайтып,не
көбейтiп амал қолданылады. Тiптi дағдарыстар
кезiнде де бағалар бiршама тұрақты күйiнде
қалады да, экономикалық өрлеулер кезеңiнде
артады.
Монополия экономикалық тұрғыдан
өзінің үстемдігін монополиялық бағада
монополиялық пайдада жүзеге асырады.
Монополиялардың қолына орасан
зор күш-қуат жинақталу арқасында, олар
ішкі салалық бәсекені тежей алады және
өз өніміне қойылатын баға жөнінде нарыққа
белгілі бір шекке дейін өз дегенін орындаттыра
алады.
Пайдаланған әдебиеттер.
1. «Государство и бизнес» 3-ші
кітап, 2 бөлім, Алматы, 2002 ж. Мамыров Н.К,
Саханова А.Н, Ахметов Ш.С
2. «Экономика Казахстана» Каз.,»
1997 ж. С. Г. Майдыров.
3. «Экономическая теория»
М.,» 1999 ж. А. С. Буланова.
4. «Микроэкономика» 1997 ж. Н.
А. Фроловой.
5.«Экономика» 1999 ж. С. Фишер,
Дорнбуш Шмаленди.
6. Қазақстан экономикасын басқару
негіздері. Оқу құралы Бердалиев К.Б., Алматы:
Экономика, 2001. – 45-67 беттер.
Информация о работе Монополияның мәнi, түсiнiгi және оның түрлерi