Кітап және кітапхана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 10:10, реферат

Краткое описание

Кез келген мәдениеттілік дәрежесінің өлшеуіші секілді анықтауыш сөздер бар. Мәселен, алмандар (немістер) «халықтың мәдени деңгейін су мен сабынды пайдалану мөлшерімен есептеуге болады» дейді екен. Өздерінің тарихи даму ерекшелігіне сәйкес әрбір ұлт мәдениеттілік дегеннің баламасын түрліше пайымдауы табиғи нәрсе. Ал ғасырлар бойында білімге шөліркеген қазақ ұлтының қасиет тұтар ең үлкен қазынасы –кітап, кітапхана десек, ағат кетпейміз.
Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізі болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Кітап және кітапхана.doc

— 34.50 Кб (Скачать файл)

Кітап және кітапхана

Кітапханалық сабақ

Кез келген мәдениеттілік  дәрежесінің өлшеуіші секілді анықтауыш  сөздер бар. Мәселен, алмандар (немістер) «халықтың мәдени деңгейін су мен сабынды пайдалану мөлшерімен есептеуге болады» дейді екен. Өздерінің тарихи даму ерекшелігіне сәйкес әрбір ұлт мәдениеттілік дегеннің баламасын түрліше пайымдауы табиғи нәрсе. Ал ғасырлар бойында білімге шөліркеген қазақ ұлтының қасиет тұтар ең үлкен қазынасы –кітап, кітапхана десек, ағат кетпейміз.

Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізі болып табылады.

Жаңа мыңжылдықта кітапханалардың  қайта жанданып, өзгеруінің арқасында  мәдени мекемелер арасында жоғары дәрежеге ие болады.

Егемендігімізге қол жеткізіп, мемлекет болып қалыптасу жылдарымыз, ақпараттық технологияның қатты дамып, әлем мәдениеттерінің бір-біріне әсерінің күшейген заманы.

Есігіміз әлемге айқара ашылып, жақсы, жаман ақпаратты халқымыздың  құлағы есітіп, көзімен көріп, оқып алып әр адамның өзінше қабылдағанынан, қоғамға оның қандай әсері болып тұр. Ол үлкен сұрақ. Бұл да жаңа-жаңа тәй-тәйлап қаз тұра бастаған мемлекетімізге үлкен сын еді.

Қаталап, шөлдеп келе жатқан адамды бірден суға қоя берсең өліп кетуі мүмкін. Бұрынғыдай цензура жоқ. Қара халық  осы деңгейді білсе де жеткілікті – деп артығын қырқып, шығартпай қоятын. Дәуірлеген «Демократия». Бірақ бабалар өсиетіне қарасақ «Заманың түлкі болса, тазы болып шап» - депті.

Қазақ деген текті халық, сонау  ежелден кең – байтақ жерді  ұстап, өзінің том-том кітапқа жететін, өзге елдер ғибрат алып, өнеге тұтатындай дәстүрі бар, сөз өнерін пір тұтқан батыр, намысты халықпыз. Ұл-қызын мәпелеп өсіріп, тең көрген. Туа бітті ұлын ұлағатты, қызын инабатты болуға баулыған қазағымыздың бекзаттығы кешегі күнге дейін, Қадыр ақын жазғандай абақтысы болмаған. Барлық істі сөзбен шешкен. Бабаларымыздың басы компьютер,кеуделері алтын, шежірелерді жүрегінде ұстап, суырып салып айта берген. Адамды абақтыға жаппай, ұрып-соқпай, жанына уытты сөз тауып, тезге салып отырған халық тілінің соншалықты бай, құдыреттілігі, қазақ халқының даналығы, ұлылығының белгісі.

Еліміздің осы қасиеттерін, сөзіміздің басында айтылған тасқын ақпараттар арасынан әлем ақпараттарының озы мен  өрнектеп халқымызға бұл күндері  жан-кештілікпен қызмет жасап отырған  біздің кітапханаларымыз Латын-американдық жазушы Борхес «Ваше представление о рае» - деген сұраққа «Это – библиотека» - деп жауап беріпті. Шын мәнінде жазушы дұрыс баға берген, кітапханаларымыз өзінің дәстүрлі жұмыс түрлерінің үстіне төмендегідей қызметтермен байыта түсіп, халқымызға еңбек жасауда:

Егеменді Қазақстанның ілгерілеушілік саясатына, мемлекетіміздің  нығайа түсуіне Қазақстанды мекендеген бүкіл ұлттардың мәдениетінің өркендеп өсуіне, тілдерінің дамуына, ұлтаралық  татулықты орнықтыра түсуге, қазақтың арғы мұрасын насихаттауға, орыстанған  ұрпағымызға тоқтау салуға, дәстүрлі мәдениетімізді бүкіл әлем мәдениетінің озық үлгілерімен өрнектеп жаңғыртуға, оқырмандарымыздың қоғамдық санасының, рухани ахуалының қалыптасуына, ұрпақ тәрбиесіне, білімділігінің артуына, ұлт мүддесін үйлестіретін тарихи жазбалармен жұмыста, ғылыми және әдеби айналымдағы құнды кітаптарды жинастыруда,  кітапханалардағы бай мұраларды халыққа жүйелі, кәсіби түрде жеткізуде;

«Елдестірмек – елшіден» дегендей еліміздегі елшіліктермен мәдени, әдеби байланыстардың жандануына. Мемлекет тарапынан берілетін қаржыдан басқа,  қаржы көздерін табу мақсатындағы өзге елдер мен өз еліміздің бай кәсіпкерлерін еліміздің көркейіп, нығайтуына бірлесе қызмет жасауға баулуда т.б.

Кітапхананың атқарып отырған қызметі ұшан-теңіз. Бұл жұмыстар өте күрделі істер және бір күндік шаруа емес, әрі баяулықтыда ұнатпайтын игі істер. Елімізде кітапханаларға күніне мыңдаған оқырмандар келіп, өздерінің біліктілігін арттыру мақсатынла түрлі кітаптар, мерзімді басылымдар, басқа да ақпараттық құжаттар алып отырады. Олардың баспасөз шығармагалына деген сұранымдарымен талап –тілектері, оқыған кітаптарды түсіну қаблеттері мен кітапханалық-библиографиялық білім дәрежелері әр деңгейде екіндігін кітапхана мамандары еркін айыра біледі.

Осы себепті, кітапханаларымыздың  қазіргі кезеңдегі орнына ресми  статусын байланыстырып, тек бір  жақты қарап баға беру орынсызден түсінетін.

Ал, кітапханаларымыздың  бүгінгі күн талабына сай болуы, біріншіден, тұрақты және жігерлі  ізденушіліктің арқасында жұмысты табысты түрде қамтамасыз ету болса, екіншіден, тиянақты, шындық және жедел түрде ақпарат беру мақсатында, пайдаланушыларды қанағаттандыруден есептейтін.

Себебі, қазіргі заманның кітапханалар жүйесі – бұл тек  мәдени –демалу мекеме ғана болмай әрі іскерлік ақпарат орталығы болу керек. Бірақта, осы түсінікті сөзді біле тұра кейбір «демократияшылдар»: Неге? ақпараттық қызмет бірінші орында тұрады», - деген сауалдар айтып жүргені бәрімізге мәлім.

Осы тұрғыда, менің түсүнуінше, бүгінгі нарықтық демократиялық жедел даму жүйесінде ақпаратсыз экономиканың, ғылымнң, білімнің дамуы, нәтижелі саясаттың болуы, тіпті ақпаратсыз өмір жоқ екендігін мойындай білуіміз керек. Өйткені, ақпаратсыз үйрене білу, ақпаратсыз жұмыс істей дегеніміз – бұл бір білмегендіміске жатады. Бұған бір ғана мысал. Қазіргі пайдаланушылардың мақсаты, кітапханадан тек библиографиялық әдебиеттер тізімін алу ғана емес, керісінше сұрақтарына тиісті әрі тиянақты түрде дұрыс жауап алу болып есептеледі.

Сондықтан, ілгерлі уақытта кітапханаларымыздың беделін арттыру, әрі дамыған 50 мемлекеттің кітапханалар қатарына ену, бәсекелестілікке қабілеттілігін жетілдіру мақсатында кітапханалық-библиографиялық қызметте кездесетін өзекті әрі күнделі мәселелерді аналитикалық тану мен болжам, әлеуметтік зерттеу мен талдау, басқа да мүмкіндігі бар жолдар арқылы шешілуде.


Информация о работе Кітап және кітапхана