Екіншілік иммунотапшылық. ЖИТС. АИТС- инфекциясы. Морфологиялық сипаттамасы. Айырша бездің акциденталды және жасқа байланысты инволюцияс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 18:33, реферат

Краткое описание

АИТВ - адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы, ХХ ғасырдың 80-жылдарының басынан бастап танымал. АИТВ ағзаға түскен кезде біздің аурудан және жұқпадан қорғайтын иммундық жүйені бұзады. Уақыт өте келе АИТВ-мен жұққаннан адам жиі ауыратын болады. ЖИТС диагнозы (жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) жұқпаланғаннан кейін әдетте бірнеше жыл өткесін қойылады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Иммунитет тапшы синдромдар
2. Салдарлық иммундефицитті синдромдар
3. Жүре болатын иммунитет тапшылығы синдромының морфологиялық сипаттамасы
4. АИВ морфологиялық сипаттамасы
5. Айырша без.
6. Айырша бездің акциденталды және жасқа байланысты инволюциясы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Керішбай М.2кр.8-такырып,реферат.docx

— 56.70 Кб (Скачать файл)

Қазақстан  Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі

Оңтүстік  Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика академиясы

 

Морфологиялық пәндер кафедрасы

Патологиялық  анатомия пәні

 

  Реферат

 

       Тақырыбы: Екіншілік иммунотапшылық. ЖИТС. АИТС- инфекциясы. Морфологиялық сипаттамасы. Айырша бездің  акциденталды және жасқа байланысты инволюциясы.

 

           

                                                                   Орындаған: Керішбай М.

                                                               Тобы: 202 «А» МІК                                                                     

                                                     Қабылдаған:Қожамкулова П.Р.

 

 

                                  Шымкент 2013 ж.

                                     Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Иммунитет тапшы  синдромдар

2. Салдарлық  иммундефицитті синдромдар

3. Жүре болатын иммунитет тапшылығы синдромының морфологиялық сипаттамасы

4. АИВ  морфологиялық сипаттамасы

5. Айырша без.

6. Айырша  бездің  акциденталды және жасқа байланысты инволюциясы

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иммундефицитті  синдромдар

     Иммунитет тапшы синдромдар иммундық жүйе қызметінің жеткіліксіздігі өз шегіне жеткендігінің бейнесі.Олар иммундық жүйе жете қалыптаспағандықтан  дамитын біріншілік  иммунитеттің тұқымқуалайтын және тума тапшылығы синдромдары мен аурудан  немесе емнен дамитын салдарлық,яғни иммунитеттің жүре болатын тапшылығы синдромдарына бөлінеді.

Салдарлық  иммундефицитті синдромдар

    Салдарлық  иммундефицитті синдромдардың біріншілік синдромдардан айырмашылығы  олар аурулар мен әртүрлі емнің зардабы ретінде дамып, көбінесе ересек адамдарда кездеседі.

     Иммунды жүйе жеткіліксіздігіне себеп болатын аурулардың ішінде,бүгінгі таңда дүние жүзінің көптеген елдерінде бел алып отырған арнаулы вирус қоздыратын дербес ауру  жүре болатын иммунитет тапшылығы синдромының орны ерекше.Иммундық жүйенің салдарлық жеткіліксіздігін ЖИТС тен басқа да инфекциялар,лейкоздар,қатерлі лимфомалар,тимома,саркаидоз жиі дамытады.Бұл аурулардағы гуморальдық және жасушалық иммунитет жеткіліксіздігіне В және Т лимфоциттер популяциялары мен оларждың ізшарларының да ақауы себеп болады.

      Иммундық жүйенің салдарлық жеткіліксіздігі себептерінің ішінде сәулелік ем,картикостероидтарды,иммундепрессанттарды, антилимфоциттік сарысуды қолдану,тимэктомия,көкірек қуысындағы лимфалық өзекті кәріздеу, т.б. шаралардың маңызы зор.Қандай да ауруды емдегенде дамыған иммундық жүйе жеткіліксіздігі терапия патологиясы деп саналады.

  Иммундефицитті синдромдардың біріншілік тобында да, салдарлық тобында да іріңді инфекциялар мен асқынулы туберкулез,сепсис жиі байқалады.

     ЖИТС- аса қатерлі вирустық дерт.ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады. Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Көпшілік жағдайда ЖИТС-тен сексуалъдық белсенділігі басылмаған жастағы ерлер мен әйелдер зардап шегеді. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шалдығуы жиілей түсті. Осыдан 3—4 жыл бұрын АИВ жұқтырғандардың 70—75%-ы еркектер болса, бүгінде есірткі қолдану-ылардың саны күрт көбейіп, олар көпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатын болғандықтан, 6ұл науқасқа шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті (50%-дан). Мұндай жағдай балаларға ЖИТС жұқтыру қаупін күшейтіп отыр. Қазіргі таңда көптеген жұқпалы аурулар белең алып, халқымыздың денсаулығына зиянын тигізіп келеді. Мəселен, жас айырмашылығын талғамай, елімізге қауіпті дерт болып жабысқан – СПИД ауруы.

     Қауіпті ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы – СПИД) дерті қайдан бастау алғанына тоқталсақ, оның жұқтырылған белгісі алғаш рет 1981 жылы АҚШ-та тіркелген. Ал ЖИТС-ке шалдығудың соңғы сатысы ВИЧ инфекциясын 1983 жылы француз ғалымы Л.Монтанье ашты. ВИЧ инфекциясы көп жылдар бойы адам ағзасында өмір сүріп, оның алғашқы белгілері пайда болғанша басқа адамдарға жұғуы мүмкін. Бұл аурудың емі әлі табылған жоқ. Алайда ВИЧ инфекциясы тіркелген жандардың бойындағы ауруды біраз уақытқа созу үшін дәрі-дәрмектер болғанымен, оның құны қымбат. ЖИТС вирусы сау адамға мынандай үш негізгі жолдармен жұғады: 1) Жыныстық қатынас арқылы; 2) Адамның ауруы қаны арқылы (қан құю, ауру адамға пайдаланған шприцтер, т.б.) 3) ЖИТС ауруы жұққан анадан баласына ауысу арқылы. Бүгінгі таңда 16 миллионнан астам адам ғасыр дерті кесірінен көз жұмса, эпидемия белең алғалы бері 60 миллиондай адам осы вирусты жұқтырған екен. БҰҰ-ның берген дерегіне сүйенсек, ЖИТС әлемдік аумақта адам өлімінің себепкері ретінде төртінші орын алды, ал оның жұқпалы дерт екенін ескерсек, ертеңгі күні бүкіл адамзатқа қауіп болып төнері анық. Егер де 2001 жылға дейін дүниежүзінде күніне 8500 адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған болса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 1600 адам деп беріліп жүр. Қазақстанда осы дертке шалдыққандардың саны 2007 жылы наурызда 7709 адамға жеткен. Бұл — ресми мәлімет. Ал шын мәнінде, бұдан әлдеқайда көп. Дәрігерлердің жауапсыздығынан оңтүстік өңірдегі бей-күнә сәбилердің ВИЧ инфекциясын жұқтыруы, санының күн сайын артуы бәрімізді ойландырады. Ғасыр дертінің жас талғамайтыны, ең соңында ажал құрсауына алатыны бәрімізге сабақ болса екен. БҰҰ-ның есебі бойынша 15-24 аралығындағы жастардың 12 миллиондайы жыныстық қарым-қатынас арқылы ВИЧ инфекциясына шалдыққандар. Егер алдыңғы буын осы жабық тақырып аясында жастармен әңгіме өрбітсе, қатерлі дерттің алдын алар еді. Экономикасы дамыған Канада, Франция, Швеция сияқты елдерде осындай тақырыпта кеңінен ашық айтылғандықтан жасөспірімдер арасындағы жүктілік және жыныстық қатынастар арқылы берілетін түрлі жұқпалы аурулардың көрсеткіші азайған. Бірақ бірден-бір осы дертке шалдыққан жастарға көмек беретін де, арсыздықты тыятын да имандылық екенін ұғынуымыз керек. Өйткені, ислам дінінде некесі қиылмай жастардың жақындасуына тыйым салынады. Әрбір ұл-қыздарымыз ислам дінінің осындай тазалығын бойына сіңіріп, адал жолмен жүрсе, денсаулығымыз жақсы, отбасымыз берік болар еді.

Инфекция  көзі

     Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін. Жұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:

— жыныстық қатынас;

— вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар  жасаған кезде т. б. жағдайларда);

— анасынан нәрестеге жұғу арқылы.

     Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖИТС адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомосексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең қауіптісі — гомосексуальдық анальдық қатынас, өйткені партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. АҚШ-та ЖИТС-пен науқастанғандардың 70%-ына ауру осындай жолмен жұққан. Жұқтыру каупі активті және пассивті гомосексуалистерде бірдей дәрежеде болады. Қатерлі топқа жезөкшелер де жатады. Партнерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді. ЖИТС-пен науқастанушылық бел алған елдерден келген азаматтармен жыныстық катынаста болу әсіресе қауіпті. Жыныстық инфекциясы бар немесе бұрын ауырғандармен кездесу, етеккір кезінде жыныстық катынаста болу, садистік әдеті бар партнермен жақындасу ЖИТС жұқтыру каупін күшейте түседі.

     ЖИТС-тің вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өндеуден өткізбейді. Егерде ЖИТС-пен науқастанған немесе вирус тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының қалдығымен сау адамның ағзасына түседі. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен жұғады.

      Вирус адамға қан немесе қан құрамынан тұратын препараттар құйғанда да жұғуы мүмкін. Кейбір аурумен науқастанғанда, операция жасағанда, әйел босанғанда донор қанын құюға тура келеді. Егер донор ЖИТС-ке тексерілмеген болса, вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. ЖИТС жұғу мүмкіндігі бар қатерлі топқа гемофилиямен ауырғандар да жатады. Өйткені қан ұюы өте нашар болғандықтан, қан кетуін тоқтату үшін оларға жиі-жиі қан құйып отырады. АҚШ-та, Еуропада гемофилиямен ауырғандардың 40—63%-на АИВ қан құю арқылы жұққаны анықталған. Бірақ 1985 жылдан бері жоғары дамыған елдерде, 1987 жылдан бастап ТМД елдерінде донор қанына қатаң бақылау жүргізіле бастады. Мұндай тәртіп ЖИТС, В гепатит және басқа жұқпалы аурулардынң таралуына жол бермейді. Соған қарамастан Қазақстанда АИВ-тың 20%-ы емдеу-профилактикалық мекемелерде жұқтырылғаны тіркелген (ДДҰ мәліметі бойынша мұндай көрсеткіш 0,5%-ға тең). Экономикасы нашар дамыған елдерде ЖИТС-тің қан арқылы жұғу қаупі әлі де сақталып отыр.

      ЖИТС вирусының үшінші жұғу жолы — анасынан нәрестеге жұғуы. Ауырған немесе АИВ жүққан әйел-дерден туған балалардың 4/5-не вирус осындай жолмен жұққаны белгілі болды. Егер де анасы нашақор немесе жезөкше болса нәрестеге вирус жұғу қаупі бірнеше есе артады. Вирус нәрестеге қалыпты босану кезінде, баланы операция жасап алғанда және жүктілік кезінде жұғуы мүмкін. ЖИТС-тің нәрестеге науқас анасының емшек сүті арқылы жұғу оқиғалары да белгілі. ЖИТС-ке байланысты мәселелер баспасөз беттерінде тұрақты түрде көтеріліп отырғанына қарамастан, бұл проблемаға зор көңіл бөлу қажет. АИВ инфекциясымен күресуде ДДҰ «Әдепсіздік нәтижесіңде өзінді өлімге апарма!» деген ұранға сүйенеді. Егерде сілекейден, көз жасы сұйығынан вирус табылса, оның жұғу мүмкіндігі қандай деген сауалға келсек, мұндай жолмен жұғу бүгінгі күнге дейін еш жерде кездескен емес. Вирус қанмен жұғатын болғандықтан емделу қауіпті емес пе? Бұл сұраққа да теріс жауап беруге болады. Өйткені осы уақытқа дейін мұндай жолмен ЖИТС жұғу оқиғасы болған емес. АИВ-тің шаңмен, ауалы-тамшылы, фекальды-оральды (ауыз қуысы арқылы) жолмен жұқпайтыны толық анықталған. Яғни адамдар сүйіскенде, сөйлескенде, түшкіргенде, жөтелгенде, қол алысқанда, ортақ дәретхананы, ваннаны, душты, бассейнді пайда-анғанда, сондай-ақ тағамдар мен ыдыстар арқылы ЖИТС вирусы жұкпайды. Сырт киімдерді алмастырып кигенде, тіпті бір төсекте жатып ұйықтаған кезде де ЖИТС вирусының жұғу қаупі жоқ. Қан сорғыш және басқа жәндіктер (маса, бит, кене, бүрге, шыбын, тарақан, қандала т. б.) арқылы жұғу жолдары да анықталмаған. Мысық, кой, жылқы, маймылдарда қоздырғышы АИВ-ке үқсас иммундық тапшылық болатынына карамастан, үй және жабайы жануарлардан ЖИТС жұғу жайлары кездеспеген.

       ЖИТС жұғудан қалай сақтанады? Әртүрлі инфекциялардан сақтанудың ең тиімді тәсілі — вакцина егу. Алайда вакцина дайындау бағытында тыңғылықты зерттеулер жүргізіліп жатса да, ондай профилактикалық препарат алу әзірше қолдан келмей отыр. ЖИТС-пен науқастанудан сақтанудың маңызды шаралары мыналар:

— әлеуметтік, халықаралық, мемлекеттік шаралар;

— жеке басты қорғауға бағытталған шаралар.

      АИВ - инфекция (адам иммунодефициті вирусы) -антропонозды, қоздырғышы әр түрлі механизмдермен берілетін, иммундық жүйенің ауыр зақымдалуымен жүре пайда болған иммундық тапшылық дамып өліммен аяқталатын жүқпалы ауру.

     Аурудың клиникалық маңызы иммундық жүйенің ауыр зақымдалуының салдарынан өліммен аяқталуына, нәтижелі емдеу шараларының болмауына байланысты. Эпидемиологиялық маңызы қарқынды таралуына, індетке қарсы нәтижелі шаралардың болмауына, арнайы қарсы шараның болмауына байланысты.

     ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылық синдромы – бұл адамның иммунды жүйесінің инфекцияның кез келген түріне қарсы тұруға қабілетсіз, АИВ-инфекциясының соңғы сатысы. Тіпті ең жеңіл деген кез- келген инфекция кісі өліміне әкелуге қабілетті.

АИВ –  жұқпасы 3 сатыда өтеді:

      1 – саты . Виремияның бастапқы  сатысы.

Вирус қанға түсіп, 10 – 20 тәулікте оның деңгейі  ең жоғары шыңына жетеді. Бұл саты вирусқа  қарсы антиденелер пайда болғанынша сақталады.

2 –  саты . Симптомдарсыз саты.

10-15 жылға  дейін АИВ – ын жұқтырған  адамда симптомдар байқалмауы  мүмкін.  Ал организмнің қорғаныстық  күштері вирустың өсуін тежеп  отырады. Т жендет жасушаларының  саны артады.

3 –  саты . Иммундық тежелу сатысы.

CD4 корецепторы бар жасушалар азаяды. АИВ сүйек кемігіндегі, айырша бездегі аналық жасушаларды бүліндіреді.

 

Клиникалық  көріністері

1 –  саты. Дерттің сероконверсиясы –  бұл АИВ – ын жұқтырғаннан  кейін 2-4 апталарда байқалады.  Кейде 6 апта өткен кезде   немесе вирусты жұқтыра салысымен  басталуы мүмкін. Бұл шамамен  1-2 аптаға созылады. 

Көрінетін клиникалық белгілер: дене температурасының көтерілуі, бастың ауруы, тері бөртпелері, лимфа түйіндерінің үлкеюі , жүрек  айну, құсу, іштің өтуі байқалады. Кейде  ауыз қуысымен жыныс ағзаларында  жаралар пайда болады.  Бұл  кездегі белгілер тұмаудың белгілеріне  ұқсас болады.

2 –  саты. Симптомдарсыз саты. Сероконверсиядан  кейін, вирустың саны азаяды. Лимфоцит CD4 және CD8 қалыпты мөлшерде болады. Бұл саты бірнеше жылға созылуы  мүмкін.

3 –  саты. Генерализацияланған лимфоаденопатия.  Лимфа түйіндері ісінген. Бұл  3-4 айға созылуы мүмкін.

4 –  саты. Симптомдары көрінетін саты. Бұл сатыда ЖИТС – на тән  белгілер пайда бола бастайды. Атап айтқанда, шартты – патогенді  инфекциялар көбейеді. Бұл кезеңді  ЖИТС – ның продромальды кезеңі  деп те атайды. 

5 –  саты. ЖИТС – күрделі иммундық  тапшылықпен сипатталады. Әр түрлі  рактар пайда бола бастайды. Бұл  сатыда CD4 T-жасушаларының саны азайған (1мм3 200 жасушадан)

6 –  саты. Кейбір науқастарда ЖИТС  өте баяу дамиды. Бұл науқастар  nonprogressors деп аталады. 

 

Этиологиясы.

      Қоздырғышы – 1984-85 жылдары анықталған. 1987 жылы Қазақстанда АИВ-жұқпасының алғашқы жағдайы тіркелді.  Қоздырғыш РНК - ды ретровирустар туыстығына жататын адам иммунодефициті вирусы (АИВ). Вирустың үш серотипі бар, АИВ 1, II, III. Эпидемиологиялық маңыздылары АИВ - 1 және АИВ -2.

    АИВ вирионы дөңгелек, диаметрі 100-140 нм нуклеокапсид пен суперкапсидтен тұратын құрылым. Нуклеокапсидте екі тізбекті РНК талшығы және кері транскриптаза мен ревертаза орналасқан.

    Ауру адам немесе вирус тасымалдаушы.  Залалданған адам алғашқы апталардан бастап өмірінің ақырына дейін қауіптілігін жоймайды.

Инфекция  көзі

    Инфекция көзінен вирус барлық биологиялық бөлінділермен бөлінеді. Бөлінділердегі вирустың залалдау дозасы жоғарылары қан, шауқат, қынап бөліндісі, ана сүті. Басқа бөлінділердің (зәр, тер, нәжіс, сілекей т.б.) эпидемиологиялық маңызы жоқ. Залалданған адам ұзақ уақыт бойына (бірнеше жылға дейін) инфекция көзі ретінде танылмайды. Сондықтан бұл вирус тасымалдаушылар қоғам үшін үлкен қауіп тудырады.

Информация о работе Екіншілік иммунотапшылық. ЖИТС. АИТС- инфекциясы. Морфологиялық сипаттамасы. Айырша бездің акциденталды және жасқа байланысты инволюцияс