Екіншілік иммунотапшылық. ЖИТС. АИТС- инфекциясы. Морфологиялық сипаттамасы. Айырша бездің акциденталды және жасқа байланысты инволюцияс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 18:33, реферат

Краткое описание

АИТВ - адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы, ХХ ғасырдың 80-жылдарының басынан бастап танымал. АИТВ ағзаға түскен кезде біздің аурудан және жұқпадан қорғайтын иммундық жүйені бұзады. Уақыт өте келе АИТВ-мен жұққаннан адам жиі ауыратын болады. ЖИТС диагнозы (жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) жұқпаланғаннан кейін әдетте бірнеше жыл өткесін қойылады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Иммунитет тапшы синдромдар
2. Салдарлық иммундефицитті синдромдар
3. Жүре болатын иммунитет тапшылығы синдромының морфологиялық сипаттамасы
4. АИВ морфологиялық сипаттамасы
5. Айырша без.
6. Айырша бездің акциденталды және жасқа байланысты инволюциясы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Керішбай М.2кр.8-такырып,реферат.docx

— 56.70 Кб (Скачать файл)

Қоздырғыштың  берілу механизмі,  факторлары.

      Басты таралу механизмі -жанасу механизмі -жыныстық қатынас (гетеро және гомосексуальды) арқылы жанасу. Эпидемиологиялық қауіпті жыныстық қатынас -гомосексуальды қатынас. Берілу факторы шауқат.

      Парентеральды берілу механизмінің жүзеге асуы залалданған қанмен ластанған медициналық, тұрмыстық, жеке бас гигиенасы құралдары арқылы жүзеге асады. Берілу факторы ролін қаннан басқа да биологиялық материал атқаруы мүмкін (трансплантациялық кез - келген ағза).

     Вертикальды берілу механизмі екі жолмен жүзеге асады-интранатальды (ұрықтың босану жолдарынан өтуі барысында) және постнатальды (ана сүтімен қоректендіру кезінде). Бірінші берілу жолында берілу факторы қан, екіншісінде - ана сүті.

Аурудың патогенезі мен клиникалық көрінісі

     Қоздырғыштың ену қақпасы зақымдалған тері жамылғысы мен кілегей қабаты.   АИВ адам организмінде кез - келген жасушаға ене алады, бірақ қоздырғыштың ең көп жинақталатын жасушалары - лимфоциттер, соның ішінде Т 4 - хелперлер, Т8 -супрессорлар, макрофагтар және жүйке жасушалары т.с.с.  Бұл жасушаларға вирустың троптылығы олардың бетіндегі СД 4 рецепторларына байланысты. СД 4 рецепторларға жабысқан вирус агрессивті беткей құрылымдардың (gp 41, gp 120, gp 160) көмегімен жасуша ішіне еніп, суперкапсидтен босанған вирион геномы кері транскриптаза ферментінің көмегімен өзіндегі тұқым қуалаушылық ақпаратын жасуша ДНҚ- на көшіреді. Нәтижесінде қожайын лимфоциттері вирус РНК-н синтездейді. Вирустың патогендік салдарынан лимфоциттер бұзылысқа ұшырайды. Арнамалы қорғаныс жүйесі функциональдық мүмкіндігінен айырылып, қорғаныс факторлары төмендейді. Организм иммундық тапшылыққа ұшырап иммундық апат дамиды.Шартты патогенді флора белсенділендіріледі. Иммундық жүйе барлық қадағалау функциясынан айырылады. Соның салдарынан оппортунистік инфекция дамиды, ісік пайда болады, жүйке жүйесі бұзылыстарға ұшырайды.Аурудың клиникалық көрінісі алуан түрлі. Барлық клиникалық белгілердің негізінде иммундық тапшылық жатады. Патологиялық процесс ұзаққа созылады, ағзалар мен жүйелер зақымданады, орталық жүйке жүйесі зақымданады, қатерлі ісік дамиды.

АИВ - инфекцияның клиникалық жіктелісі В.И. Покровский 1989 ж.

I.саты -инкубация

II.саты - алғашқы клиникалық белгілер А.фазасы - жедел инфекция (мононуклеоз тәрізді синдром) Б.фазасы - симптомсыз (жасырын) В.фазасы - жайылған лимфаденопатия

III.сатысы - екіншілік инфекция А фазасы - дене салма ғының төмендеуі  10% дейін,тері мен кілегей қабаттары  ның саңырауқұлақты, бактериальды, вирусты зақымдал уы, белдеулік  лишай .

Б фазасы - салмақ жоғалуы 10% аса, 1 айдан астам уақытқа созылатын диарея, дене қызуының көтерілуі, туберкулез шектелген Капоши саркомасы, инфекциялық аурулар.

В фазасы - кахексия, жайылған инфекция, ОЖЖ зақымдалуы, жайылған Капоши саркомасы және т.б.

IV сатысы - терминальды.

Лабораториялық диагностикасы

     АИВ - инфекцияның лабораториялық диагностикасы зерттеу материалдарынан вирусты, оның антигендеріне, вирусқа қарсы түзілген қарсы денелерді және иммунокомпетентті клеткалардың мөлшері мен қатынасын анықтауға бағытталған.

    Провирус ДНҚ - н вирус геномының РНҚ -ң анықтау үшін полимеразды тізбекті реакция (ПТР, ПЦР) тәсілі қолданылады. Тәсіл жоғары сезімтал орындалуы көп еңбекті талап етеді, арнайы жабдықталған лабораторияда жүргізіледі

    АИВ —на түзілген қарсы денелерді анықтау үшін иммуноферментті талдау (ИФА) қолданылады.

Емдеу принциптері

        Нәтижелі емдеу тәсілі жоқ. Қолданылып жүрген ем түрлері:

  1. АИВ кері транскриптасына тосқауыл қою (азидотимидин, ретовир, ламивудин, зальцитанин, комбивир т.б.)
  2. протеазаға тосқауыл қою (индинавир, саквинавир, ритонавир)
  3. оппортунистік инфекцияны емдеу өмір бойына жүргізіледі, үлкен қаржы талап етіледі (бірнеше миллиондаған теңге).

     Иммундық жүйенің стимулдаушылары қолданылмайды. Олар инфекциялық процестің өршуін жылдамдата түседі.

    Профилактиканың басты міндеті — ЖИТС тасымалдаушыларды анықтап, жұғу арнасын сенімді түрде жауып тастау. Осы мақсатта көптеген елдерде мынадай шаралар жүргізіліп жатыр: халықтың (тұрғындардың) кейбір топтарын сөзсіз және жоспарлы түрде лабораториялық тексеруден өткізу; донорлык, қанды, сперманы, органдарды тексеру; гемофилиямен ауыратындарды, нашақорларды, гомосексуалистерді, жезөкшелерді тексеру; ауырғандарды арнайы ауруханаға жатқызу және емдеу; сенім телефондарын ұйымдастыру; ЖИТС-пен ауырғандарға консультация және көмек беретін комиссия жұмысын ұйымдастыру; диагностикалық орталықтар, кабинеттер ашу т. б. Тұрғындар арасында ЖИТС жөнінде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізудің ерекше маңызы бар. Әркім аурудың қалай тарайтынын, одан қалай сақтану қажет екенін жетік білуі тиіс. Англияда осы бағытта жүргізілетін жұмыстарға мемлекет жылына 20 млн фунт стерлинг қаржы жұмсайды. Жалпы халықты, әсіресе балалар мен жастарды өнегелілікке, дұрыс жыныстық қатынас жасауға тәрбиелеу мәселесін жолға қоймайынша, ЖИТС-пен күресу мүмкін емес. Жеке бас профилактикасы қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды. Оларға мыналар жатады:

— салауатты, әдепті өмір сүру;

— кездейсоқ  жыныстық қатынастан және гомосексуалист, жезөкшелермен жақындасудан сақ  болу (жыныстық партнер көп болған сайын ЖИТС жұқтыру қаупі арта түседі. Г. В. Сколубовичтін. (1989) айтуы  бойынша, «Жыныстық тәртіпсіздік, нашақорлық және жезөклелік — ЖИТС вирусын  жұқтыру кепілі»);

— стерильденбеген  немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа  да құрал-жабдықтарын пайдаланбау;

— әсіресе  терісі, шырышты қабаттары зақымданған  жағдайда бөтен біреудің қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай болу;

— презервативті дұрыс пайдалану (ол ЖИТС-тен қорғайды);

— қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда олардың АИВ-ке тексерілгеніне көз жеткізу (ол үшін қолданылған қанның сериялык нөмерін жазып алыңыз);

— маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;

— ЖИТС вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну.

      Кез-келген азамат АИВ-инфекциясының жұққан-жұқпағандығын анықтау үшін Алматыда, Астанада, еліміздің басқа да ірі қалалары мен облыс орталықтарында ашылған лабораторияларға барып тексерілуіне болады.

 Қазақстанда ЖИТС-пен күресу жұмыстарын ұйымдастыру

      Қазақстанда осы қауіпті ауруға қарсы күрес жүргізу мақсатымен мамандандырылған жаңа қызмет жүйесі құрылды. Оның құрамына республикалық, облыстық, қалалық ЖИТС-ке қарсы күресу және аурудың алдын алу орталықтары, диагностикалық лабораториялар мен анонимдік кабинеттер кіреді. Осындай қызмет жүйесінің күнделікті жұмысын Республикалық ЖИТС-тен сақтандыру комитеті басқарады. Бұл комитеттің ең басты мақсаты — ЖИТС вирусын жұқтырған адамды табу, оны тексеру және емдеуді жоспарлы түрде ұйымдастыру. Жоғарыда аталған ЖИТС орталықтары ұйымдастырушы, тәсілдеуші және емдеуші мекемелер ретінде жұмыс атқарады. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жөнінде жұмыс жүргізетін 20 орталық және 80 лаборатория бар. Олардың жұмыс бағыттары мынадай:

1. Вирус  жұғу мүмкіндігі бар «қатерлі  топтарға» (группы риска) жататын  адамдарды тексеріп, вирус жүққан  адамдарды дер кезінде тауып  отыру;

2. Ауру  ошағын анықтап, дәрігерлік бақылауға  алып, вирустың әрмен қарай тарауына, яғни басқа адамдарға жұғуына  мүмкіндік бермеу жұмыстарын  ұйымдастыру.

       Қазақстан Республикасында 5 жылдың ішінде (1987—1991) 4 млн 870 мың адам арнайы тексеруден өтті. Екіқабат әйелдерді тексеру және өз атын жарияламай тексерілу жұмыстары кең түрде жүргізілуде. Әрбір облыс орталығыңда осындай тексеру жүргізетін арнайы кабинет жабдықталған және одан 6ұл індет туралы жан-жақты ақыл-кеңес алуға болады. «ЖИТС (СПИД) ауруының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңында (1994) ЖИТС ауруымен күресу күрделі, кешенді мәселе деп танылған. Оны шешуге Денсаулық министрлігімен қатар басқа да министрліктер (Қаржы, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Ішкі, Сыртқы істер т. б.) қатысады, олардың жұмысын ҚР Министрлер Кабинеті жанынан құрылған Үйлестіру кеңесі басқарады. Қазақстан Республикасында тұратын не ұзақ мерзімге жұмыс атқаруға келген әрбір шет ел азаматы Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығын сақтау туралы» заңына сәйкес ЖИТС вирусының жүққан-жұқпағандығын анықтау үшін медициналық куәлендіруден (тексерістен) өтуі тиіс. ЖИТС-пен ауырған не вирусын тасымалдаушы шет ел азаматтары Республика аумағынан шығарылып жіберіледі, ал еліміздің азаматтары емделуге, кешендік тексерістерден өтуге міндетті. Оларды қызметтен, жұмыстан, бизнестен, заңға қайшы келмейтін іс-әрекеттің қай түрінен болмасын шеттетуге болмайды. Тек медицина, фармацевтика, тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлері (мысалы, шаштаразшы т. б.) жұмысын ауыстыруы қажет. Олар үшін ЖИТС-пен ауыру, вирус тасымалдаушы болу — кәсіби ауру болып табылады, сондықтан біраз жеңілдіктер жасау жайы қарастырылған. Мәселен, бір мерзімдік ақша төлеу тәрізді. Оның үстіне ЖИТС-пен сырқаттанушылармен, вирус тасымалдаушылармен тікелей жұмыс істейтін медицина және ғылыми қызметкерлер жұмыстының зияндылығы үшін қосымша, ақылы 24 күндік демалыс және негізгі жалақысының 60%-на дейін үстем ақы алуға құқылы. ЖИТС вирусын тасымалдаушылар қан (басқа да органдар мен тканьдер) беретін донор бола алмайды. Әдейі және біле тұра басқа азаматтарға ЖИТС вирусын жұқтырушы, клиникалық, лабораториялық тексерілуден қашқақтаушы, өз жұмысын салақ атқару нәтижесінде ЖИТС вирусымен сау адамдардың зарарлануына себепкер болушы, нақты кісінің ЖИТС-пен ауыратындығын не оның вирусын тасымалдаушы екендігін рұқсатсыз жариялаушы азаматтар мен мамандар заңға сәйкес жауапқа тартылады. Қорыта айтқанда, әдепті өмір сүріп, отбасы бірлігі берік болса, арақ-шарап ішіп, наша тартудан, кездейсоқ жыныстық жақындасудан аулақ болса, әрбір адам өзін-өзі ЖИТС-тен қорғай алады.

      ЖИТС – адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болатын ауру. Иммундық тапшылық әсері салдарынан бір немесе бірнеше қауіпті аурулар дамуы мүмкін (пневмония, туберкулез, рак және т.б.), бұл аурулармен адам ағзасы күресе алмайды.

    АИТВ - ЖИТС-ның басты себебі болып табылатын індет. Егер жұқпаланған адамның қаны, шәуеті, қынап сұйықтары немесе ана сүті дені сау адамның қанына (инъекция, дене жарасы арқылы) немесе сілемейлі қабыншақтарына түссе, жұқпалану мүмкін. Тұрмыстық жағдайда жұғу мүмкін емес. Жұқпа жұқтырылған күнінен бастап ағзада өзінің бұзушылық жұмысын атқарады, иммундық жүйенің жасушаларын жаулап алады. ЖИТС диагнозы осы жасушалардың 80 пайызының  бұзылуын білдіреді.

    АИТВ жұқпасын емдеуге арналған дәрі-дәрмек әлі ойластырылып табылмаған. Бірақ бүгінгі таңда науқастың өмір сапасын жақсартуы және өмірінің ұзақтығына әсер ететін дәрі-дәрмек бар. 

Вирустың  берілуі 

АИТВ  ағзаның барлық биологиялық сұйықтықтарында  пайда болады. Бірақ, зарарлануға  қажетті қоздыруыштың керекті саны тек қанда, шәуетте, қынапта, лимфада және ананың сүтінде (ананың сүті тек нәрестелер үшін ғана қауіпті – олардың асқазандарында АҚТБ-ны өлтіретін асқазан қышқылы өнделмейді) болуы мүмкін. Індет адамның қан және лимфоток арқылы тікелей қауіпті биосұйықтықтыраның, сонымен бірге зақымдалған шырыш қабыршақтарына (бұл шырыштылардың сіңу қызметіне негізделеді) түсуі жолымен де болады. Егер АҚТБ-жұқпасының қаны басқа адамның қаңы жүріп тұрған ашық жарасына түскенде жұқпаның әсері болмайды.

     АИТВ – тұрақсыз вирус – ағзадан тыс ортада, қанның (шәует және қынаптың) кебуінде өледі. Індет тұрмыстық жолмен берілмейді. АИТВ 56 С градусынан жоғары жағдайында лезде өледі.

     Бірақ, тамыр арқылы инъекцияларда вирустың таратылуының дәрежесі өте жоғары – 95 %-ге дейін. Инемен шаншуда медперсоналға АҚТБ-ның жұғуы жолдары да тіркелген. Бұндай жағдайда, АҚТБ таратылуы жолдарының алдын алу мақсатында (пайыз үлестеріне дейін) дәрігерлерге жоғары белсенді антиретровирустік терапияның төрт апталық курстары тағайындалады. Химиопрофилактика, сондай-ақ жұқпалану қатеріне тәуелді өзге адамдарға тағайындалады. Химиотерапия вирустың ықтимал таратылуынан кейін 72 сағаттан аспай тағайындалады.

     Нашақорлардың бірнеше рет инелер мен шприцтерді пайдалану АҚТБ-ның таратылуына әкеліп соғады. Оның алдын алу үшін арнайы қайырымдылық орындары құрылады, онда ақысыз негізде қолданылған шприцтер орнына таза шприцтер беріледі. Сонымен бірге жас нашақорлар жыныстық белсенді, қорғалмаған жыныстық қатынастарға жие түседі, бұл вирустың таратылуына қосымша жол ашады.

     Әртүрлі көздер бойынша қорғалмаған жыныстық қатынастарында берілетін АҚТБ-ның таратылуы туралы мәліметтері өзгеше. Таратылуы қатері көбінесе қатынас типінен (қынаптық анустық, ауызбен) және серіктес рөліне (кіргізуші тарап/қабылдаушы тарап) қатысты болады. Сондай – ақ, анадан балаға тараудың тіке жолдары болуы мүмкін. Жоғары белсенді антиретровирустік терапия арқылы оның алды алуда, вирустің тіке таратылуының қатері 1,2%-ға дейін төмендетіледі.

     Вирустың өзге биологиялық сұйықтықтарда сілекейде, көз жасында болуы өте төмен; сілекей, көз жасы, тері арқылы таратылу туралы ақпарат жоқ. Ананың сүтімен тамақтандыру жұқпаны тарату себебі болуы мүмкін, өйткені ананың сүтінде АҚТБ болады, сондықтан АҚТБ-мен ауыратын аналарға балаларын кеудесімен тамақтандырудан бас тарту қажет.  АҚТБ қан сорғыш масалар және басқа құрт-құмырсқалар, ауа, қол алысу, сүйісу (кез-келген), ыдыс-аяқ, киімдер, ваннаны, дәретхананы, жүзу бассейнің пайдалану және т.б.арқылы таратылмайды.

АИТВ  диагностикасы. АИТВ-ға тестілеудің  түрлері. 

     Қоздырғышты арнайы тест жүргізу арқылы табуға болады. Тест үрдісінің қорытындысы антиденені табу арқылы, қоздырғыштың ағзаға өтуі арқылы қалыптасады.

      Бірінші тест - иммунндық-ферменттік талдау (ИФТ). Бұл-диагностиканың кеңінен тараған әдісі болып табылады. Жұқпадан 3 ай кейін ағзаға түскеннен соң, адам ағзасында иммуноферментті талдауды анықтай алатын антиденелер саны жинақталады. Теріс расталмаған нәтиже жұқпаға антиденелер жетілдірілмеген немесе ЖИТС-ның терминалды деңгейінде, яғни қан құрамында жұқпа өте көп болғандықтан CD-4 антиденелер жоқ дегенді білдіреді. Егер сіз теріс расталмаған нәтижеңізге көз жеткізгіңіз келсе, онда сізге 3 айдан кейін ИФТ өтудің маңызы бар.

Теріс расталмаған нәтиже негізінен жұқпалы, аутоиммундық, онкологиялық және т.б. күрделі  аурулары бар науқастарды, сонымен  қатар жүктілік кезінде тексерген  кезінде анықталады.Сондықтан кез  келген оң нәтижені міндетті түрде  өте сезімтал тест – иммуноблотта тексереді. Иммуноблот ИФТ-ның оң нәтижесінен  кейін оң нәтиженің 99,9% растайды –  бұл кез келген медициналық тест үшін максималды нақтылық. Екінші тест – иммуноблот (ИБ). Бұл тест АИТВ-ға спецификалық антиденелердің барын анықтайды. Нәтиже оң, теріс және сенімсіз (немесе анықталған) бола алады.

       Анықталмаған нәтиже адамның қан құрамында АИТВ бар, бірақ ағзаның антиденелер спектрі толық жетілдірілмегендігін білдіреді. Ережеге сәйкес сенімсіз нәтиже алғаннан 1-3-6 ай өткеннен кейін ерітіндіде бірінен соң бірі антиденелер және АИТВ пайда болады. Бұндай жағдайда сенімсіз нәтижелер АИТВ-жұқпасының бастапқы кезеңінің куәсі болып табылады. Иммуноблоттың анықталмаған нәтижесі адамның АИТВ-ны жұқтырмағандығын, бірақ оның ағзасында АИТВ антиденелеріне ұқсас денелер барын білдіреді. ИБ-ның белгіленбеген нәтижесінде науқас дәрігер-инфекционисттың қарауында болады және 1,3 және 6 айдан кейін қайта тексерістен өтеді. Үшінші тест – полимеразды цепті реакция (ПЦР). Ол жұқпаның РНК және ДНК анықтау үшін қолданылады. ПЦР келесілер үшін қолданылады:

- «Терезе  кезеңінде» және иммуноблоттың  нәтижесі түсініксіз болған кезде  АИТВ-ның бар немесе жоғын анықтау  үшін;

Информация о работе Екіншілік иммунотапшылық. ЖИТС. АИТС- инфекциясы. Морфологиялық сипаттамасы. Айырша бездің акциденталды және жасқа байланысты инволюцияс