AutoCAD жүйесінде «Сурет салу» құрал-саймандар тақтасымен танысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 16:11, лекция

Краткое описание

Білімділік мақсаты: АutoCAD жүйесінің мүмкіндіктерімен таныстыру; кесінділерді, координат нүктелерін енгізу тәсілдері, шеңберлер, доғалар, төртбұрыштар, көпбұрыштар салуды үйрету;
Тәрбиелік мақсаты: Шығармашылыдыққа, ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық мақсаты: АutoCAD жүйесімен жұмыс жасау дағдысын дамыту;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Вложенные файлы: 1 файл

AutoCAD жүйесінде.doc

— 184.50 Кб (Скачать файл)

«AutoCAD жүйесінде «Сурет салу» құрал-саймандар тақтасымен танысу».

Сабақтың тақырыбы: «AutoCAD жүйесінде «Сурет салу» құрал-саймандар тақтасымен танысу»

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік мақсаты: АutoCAD жүйесінің мүмкіндіктерімен таныстыру; кесінділерді, координат нүктелерін енгізу тәсілдері, шеңберлер, доғалар, төртбұрыштар, көпбұрыштар салуды үйрету;

Тәрбиелік мақсаты: Шығармашылыдыққа, ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу;

Дамытушылық мақсаты: АutoCAD жүйесімен жұмыс жасау дағдысын дамыту;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сынтұрғысынан ойлау стратегиясының элементтері.

Сабақтың көрнекілігі: проектор, презентация, ДК

Жүру барысы 
Ұйымдастыру бөлімі. 
Оқушылармен амандасы, тексеру, топқа бөлу және сабақтың барысымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру. 
БББ стратегиясы бойынша кестемен жұмыс. 
АutoCAD жүйесі туралы не білеміз?

Білемін Білгім келеді Білгенім

Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою. 
1. Суретте көрсетілген АutoCAD жүйесінің тересе элементтерін анықта

2. Тақтада ілінген суреттерді өз орнымен орналастыру керек.

3. АutoCAD жүйесінде қолданылатын функцияналдық пернелердің қызметін атап шық.

Жаңа материалды түсіндіру

Жаңа тақырыпты электронды призентация арқылы түсіндіру. Оқушылардың қолына материалдар таратылады. 
«Сурет салу» құрал саймандар тақтасы терезенің сол жағында орналасқан.

Кесінділерді салу

Ол үшін пернетақтадан Кесінді ОТРЕЗОК (LINE) командасын енгіземіз. Берілген команданы тышқан бағыттаушысы арқылы Сурет салу Рисование (Draw) мәзірінен, немесе Сурет салу Рисование (Draw) құрал – саймандар панелінен басқышы арқылы шақыруға болады. 
AutoCAD жүйесінің командалық жолында алғашқы қойылатын сауалнама 
Бірінші нүкте: 
(Specify first point:) 
Бірінші нүктені көрсеткеннен кейін AutoCAD келесі сұрауларды шығарады: 
Келесі нүкте немесе Алып тастау [Отменить]: 
(Specify next point or [Undo]:) 
Сауалнамалардың бір бөлігі тік шақшада жазылған. Бұл келесі нүктелерді (кесіндінің шекті нүктесін) экранда сілтеу керектігін көрсетеді немесе опцияларды таңдау (яғни, келесі команда қадамының нұсқасын таңдау). Опция ретінде AutoCAD Алып тастау-Отменить (Undo) командасын ұсынады. Ол кесіндінің бастапқы берілген нүктесін алып тастайды. Опцияны қолдану үшін, командалық жолда пернетақтаның көмегімен жоғарғы немесе төменгі регистрдағы пернесін басу керек.Егер опцияның атауларындағы кейбір бөлігі жазба әріптерімен ерекшеленген болса (берілген жағдайда О (U) әріпі), онда пернетақтада опцияның осы бөлігін ғана енгізу жеткілікті, немесе оны жоғарғы немесе төменгі регистр (яғни О (U) немесе о (u)) арқылы және тағы да пернесінің көмегімен істеуге болады. Қолданушы кез келген енгізуді пернесі арқылы аяқтауға үйренген. 
Егер сіз Алып тастау Отменить (Undo) опциясын таңдасаңыз, онда AutoCAD алдыңғы нүктені алып тастап, қайтадан басқасын енгізуді сұрайды. Егер сіз тышқанның көмегімен көмегімен келесі нүктені экранда көрсетсеңіз, онда экранда бірінші нүктеден екіншісіне жүргізілген кесінді пайда болады. Бірақ онымен Кесінді ОТРЕЗОК (LINE) командасы аяқталмайды, келесі сұрау болады: 
Келесі нүкте немесе Алып тастау [Отменить]: 
(Specify next point or [Undo]:) 
Бұл сұрау бір командамен кезекпен бірнеше кесінді сызып, экранда сынық жол жасауға болатынын көрсетеді. Экранда үшінші нүктені көрсетіңіз.Мұнда келесі сұрау былай болады: 
Келесі нүкте немесе [Замкнуть/Отменить]: 
(Specify next point or [Close/Undo]:) 
Мұнда Отменить (Undo) опциясына қосымша Замкнуть (Close) опциясы пайда болады. Егер бірнеше опциялар болса, онда «/» таңбасымен бөлінеді. Пернетақтада жоғарғы немесе төменгі регистрде 3 (С) енгізгенде, және пернесін басқанда AutoCAD кесінді сызады, ол алдыңғы кесіндінің соңынан біріншінің басына жүргізілген. 
Егер үздіксіз кесінді сызбай, тек ОТРЕЗОК (LINE) командасын аяқтағыңыз келсе, онда пернесін басыңыз, ол әрқашан циклдік операциялардың соңын білдіреді. Әрине, пернесін екінші нүктені енгізгеннен кейін де басуға болады. Онда үшінші кесінді салынбай және ОТРЕЗОК (LINE) командасы аяқталып, ал командалық жолда AutoCAD жүйесінде кез келген команданың дұрыс аяқталуын білдіретін Команда: (Command:) жолы шығады. 
ОТРЕЗОК (LINE) командасынан шығудың тағы бір тәсілі бар. Графикалық экранда тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы, сонда бағыттаушының орнында контекстік мәзір пайда болады. Контексттік мәзір — бұл жұмыстың келесі қадамын таңдауға көмектесетін, қолайлы құрал-сайман. Ол кез келген уақытта тышқанның оң жақ батырмасын басқанда шығады. Контекстті мәзірдің мәні орындалып жатқан командаға байланысты. 
Сонымен, ОТРЕЗОК (LINE) командасы арқылы бір немесе бірнеше бірінен соң бірі орналасқан кесінділер салуға болады. Команданы пернесінің немесе Замыкание Сlose опциясын енгізумен тоқтатуға болады.

Координат нүктелерін енгізу тәсілдері

Бірінші тәсілі – кесіндінің шеткі нүктелерін тышқанның көмегімен көрсету. Бірақ нүктелерді бұлай енгізу дәл болмайды. Кең тараған тәсіл екінші тәсілі – координат нүктелерін пернетақтадан енгізу, мысалы: 65,113.24 
Бұл мысалда нүкте екі координатамен берілген:Х=65 мм, Y=113.24 мм. Пернетақтада енгізгенде үтір белгісі Х пен У координаталарын бөлу үшін, ал нүкте санның бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін бөлу үшін қолданылады. Координаттарды енгізу барысында координаталар бас нүктесін 0,0 қайдан таңдау керек. Көп жағдайларда бұл нүкте графикалық экранның сол жақ бұрышында болады (бірақ, жұмыс барысында сурет бойынша 0,0 нүктесі кез келген жерде орналасады, сызбаның көрінбейтін аймағында орналасу мүмкін). 
Нүктелерді енгізудің үшінші тәсілі — бұл декарттық координаталарға қатысты пернетақтадан енгізу, мысалы: @50,25 
Бұл жазу бойынша, соңғы нүктенің алдыңғы нүктеге қатысты берілетінін («@» таңбасы анықтайтын), Х осі бойынша +50 мм қозғалуын (яғни оңға қарай 50 мм) және Y осі бойынша +25 мм (яғни 25 мм жоғары қарай) қозғалысын білдіреді. Мұнда үтір координаталарды бөліп тұратын белгі. Енгізілген сандар бүтін және заттық, оң, нольдік және теріс болуы мүмкін. 
Төртінші тәсіл — поляр координаталарына қатысты пернетақтадан енгізу, мысалы:@33.5<45 
Бұл тәсілде үтірдің орнына «<» белгісі қолданылады. Берілген мысалда нүкте алдыңғы нүктеге қатысты беріледі, олардың ара қашықтығы жазықтықта 33,5 мм-ге тең, бірақ алдыңғы нүктеден соңғы нүкте 45 градус жасап, оң бағытпен абсцисса осі арқылы орналасады (бұрыш сағат тіліне қарсы «+»-пен, ал сағат тілімен бағыттас «-»-пен өлшенеді). Ара қашықтық міндетті түрде оң санға, ал бұрыш кез келген мәнге ие бола береді. 
Бесінші тәсіл — бұл объектілік байланыс функцияларының көмегі арқылы көрсету. Объектілік байланыс функцияларына Стандартная (Standard) панелінің топталған басқышы арқылы немесе Объектная привязка (Object Snap) панелі арқылы кіруге болады. Топталған басқыш (групповая кнопка), бұл оң жақ шетінде қара түсті үшбұрышы бар басқыш. Егер бұл басқышты тышқанның сол жақ батырмасымен басып тұрса, онда бұған кіретін құрал-саймандар жинағы ашылады.

Жұмыс кеңістігінің өзгеру түрлері

Қажетті элементтерді қарастыру үшін суреттермен жұмыс істегенде әрқашан қарау терезесін өзгерту керек болады. Бұл мақсатта графикалық экранды айналдыруға вертикаль және горизонталь сызғыштар болады, сонымен қатар Стандартная (Standard) құрал-саймандар панелінде Панорамирование в реальном времени (Pan Realtime) басқышы және оң жағында — Зумирование в реальном времени (Zoom Realtime) басқышы орналасқан. 
- Панорамирование в реальном времени басқышы 
Панорамирования басқышы ПАН (PAN) командасын шақырады, егер оның басқышын басатын болсақ, онда графикалық экрандағы тышқанның бағыттаушысы алақан тәріздес белгіге өзгереді. Енді тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, бағыттаушыны қажетті жерге орналастыру керек. Бағыттаушымен бірге түгелімен сурет қозғалатын болады. Панорамирование аяқталғанда, AutoCAD жүйесінің келесі сілтемесін қолдануға болады: 
Командадан шығу үшін Контексттік мәзірде тышқанның оң жағын басу арқылы шығаруға болады немесе ESC немесе ENTER . 
(Press ESC or ENTER to exit, or right-click to display shortcut menu.) 
- Зумирование в реальном времени басқышы 
Зумирования в реальном времени басқышы суреттің орналасу центрін өзгертпей, масштабын өзгертуге мүмкіндік береді. Зумирование басқышын басқанда бағыттаушымыздың түрі лупа тәріздес белгіге өзгереді. Тышқанның сол жағын баса отырып, суретті жоғары немесе төмен өзгертеміз. Егер жоғары қарай тартатын болсақ, онда бейнеміз үлкееді, ал төменге тартсақ – кішірееді. Зумирование командасынан шығу үшін панорамирование командасындағы сияқты , пернелерін немесе тышқанның оң жақ батырмасын басамыз. 
Зумирование в реальном времени басқышының оң жағында ПОКАЗАТЬ (ZOOM) команда нұсқалары бар, топталған басқыштар орналасқан (яғни оң жағында кішкене үшбұрыштары бар). 
Бұл топталған басқыштар төмендегідей қызмет атқарады:

- Показать Предыдущий басқышы 
Предыдущий (Previous) басқышы алдыңғы терезені алуға мүмкіндік береді. Алдыңғы терезеге қайта оралу бірнеше рет орындалуы мүмкін.

Шеңберлер

Шеңберлерді салу КРУГ (CIRCLE) командасы арқылы орындалады. Бұл команданы Рисование (Draw) панелінен немесе Рисование (Draw) мәзірінен таңдап алуға болады. Рисование (Draw) мәзірінде Круг (Circle) командасы алты пункттен тұрады: 
- Шеңбер КРУГ (CIRCLE) командасының басқышы. 
Команданы шақырған AutoCAD мынадай сұраныс береді: 
Шеңбердің центрі немесе [ЗТ/2Т/ККР (кас кас радиус)]: 
(Specify center point for circle or [3P/2P/Ttr (tan tan radius)]:) 
Егер сіз берілген сұранысқа жауап ретінде нүкте салсақ, ол шеңбердің центрі болады, келесі сұраныс беріледі: 
Шеңбердің радиусы немесе [Диаметрі]: 
(Specify radius of circle or [Diameter]:) 
Шеңбердің радиусын береміз. Радиусты нүкте арқылы да беруге болады (яғни, шеңбер центрінен нүктеге дейінгі арақашықтық өлшеніп, радиус ретінде алынады). Егер Диаметр(Diameter) опциясын таңдағымыз келсе, онда Д (D) таңбасын енгіземіз. Онда диаметрді енгізуге сұраныс беріледі: 
Шеңбердің диаметрі: 
(Specify diameter of circle:) 
Диаметрдің мәнін сан немесе нүкте арқылы беруге болады (яғни берілген шеңбер центрінен берілген нүктеге дейін диаметрді сызады). Егер шеңбер центрінің орнына ЗТ (ЗР) опциясын таңдайтын болсақ, онда AutoCAD шеңберді үш нүктемен салады. Сұраныстар бірінен соң бірі кезекпен үшеуі берілгенде экранда шеңбер пайда болады. 
Егер 2Т (2Р) опциясын таңдасақ, онда тек екі нүктемен ғана шеңбердің диаметрі салынады. AutoCAD жүйесі мынадай сұраныстар береді: 
Шеңбер диаметрінің бірінші нүктесі: 
(Specify firs! end point of circle’s diameter:) 
Шеңбер диаметрінің екінші нүктесі: 
(Specify second end point of circle’s diameter:) 
ККР (Ttr) опциясы екі объектіні байланыстыратын шеңбер сызады. Бұған байланысты жүйенің опциялар мен сұраныстар өзгереді. 
Объектіден жанаманың бірінші нүктесін беру: 
(Specify point on object for first tangent of circle:) Второй запрос: 
Объектіден жанаманың екінші нүктесін беру: 
(Specify point on object for second tangent of circle:) 
Үшінші сұраныс: 
Шеңбердің радиусы: 
(Specify radius of circle:) 
Радиусты сан мәндерімен немесе екі нүкте арқылы беруге болады, осы нүктелердің арақашықтығы радиустың шамасын береді. 
Берілген радиусқа қатысты екі объектіні байланыстыратын шеңбер салудың бірнеше нұсқасы бар. Мүмкін болатын жағдайлары ішінен AutoCAD жүйесі объектіге жанасатын нүктелерді таңдайды. 
Рисование (Draw) мәзірінің Круг (Circle) пунктінде 3 жанасу нүктелері (3 точки касания) (Tan, Tan, Tan) болатын бөлімі бар. 
- Жанама Касательная (Tangent) объектілік байланыс функцияларының басқышы.. 
Касательная (Tangent) жанама функциясы – жанама жүргізуге өте ыңғайлы функцияның бірі. 
Келесі мысалға назар аударайық. Шеңберге кесінді арқылы жанама жүргізу. ОТРЕЗОК (LINE) командасын шақырамыз.Бірінші нүктен енгіземіз. Екінші нүктге сұраныс бергеннен кейін Касательная (Tangent) функциясының басқышын басамыз, содан соң шеңберді нұсқаймыз ( 2.39сурет).Жанамамыз жүргізіледі. Тағы бір мысал келтірейік. Екі шеңбер берілген. Осы екеуін жанап өтетін кесінді сызу керек.. 
ОТРЕЗОК (LINE) командасын шақырамыз. Кесіндінің нүктелерін шеңберлерден белгілейміз де Касательная (Tangent) функциясын қолданамыз. Екі нүкте арқылы жанама жүргізіледі. Шеңберлердің центрлерін қосуға болады. Ол үшін Центр (Center) байлам объектілік функциясын қолданамыз… 
- Центр (Center) байлам объектілік функциясының басқышы. 
Бұл функция арқылы біз шеңберлердің центрлерін қосатын кесінді аламыз. Егер шеңбер центріне қатысты нүкте алғымыз келсе, тышқан бағыттаушысын шеңбердің кез келген сызығына қойып, сол арқылы нүкте аламыз. 
Сонымен бірге шеңбердің төрт ерекше нүктесі бар, олар – жоғарғы, төменгі және сол жақ, оң жақ. Бұл нүктелерді квандранттар деп атайды және бұларға байланысты Квадрант(Quadrant) функциясы қолданылады. 
- Квадрант функциясы.

Доғалар

Доға — бұл шеңбердің бір бөлігі. Оны жүргізу үшін ДУГА (ARC) командасы қолданылады. Бұл команданы пернетақтадан, Рисование (Draw) құрал-саймандар панелінен немесе Дуга (Arc) пункті он бөлімнен құралған Рисование (Draw) мәзірінен шақыруымызға болады. 
- Доға (ARC) командасының басқышы: 
Команданың жалпы нұсқасын қарастырайық: Доға (ARC) командасының алғашқы сұранысы: 
Доғаның алғашқы нүктесі немесе [Центр]: 
(Specify start point of arc or [CEnter]:) 
Алғашқы нүктесін береміз немесе Центр (Cеnter) опциясын таңдаймыз. 
Нүктені енгізгеннен кейін, жүйе келесідей сұраныс береді: 
Доғаның екінші нүктесі немесе [Центр/Конец]: 
(Specify second point of arc or [CEnter/ENd]:) 
Екінші нүктені енгізгеннен кейін келесідей сұранысты көреміз:: 
Доғаның соңғы нүктесі: 
(Specify end point of arc:) 
Нәтижесінде үш нүктеден құралған доға шығады. Екінші нүктені енгізбей, оның орнына Центр (Cеnter) опциясын таңдауымызға болады, онда жүйе келесідей сұраныс береді: 
Доға центрі: 
(Specify center point of arc:) 
Центрін бергеннен кейін келесідей сұраныс беріледі: 
Доғаның соңғы нүктесі немесе [Угол/Длина хорды]: 
(Specify end point of arc or [Angle/chord Length]:) 
Егер доғаның соңғы нүктесін көрсетсе онда жүйе алғашқы нүкте мен центрі арқылы доғаның радиусын шығарады. 
Доға жүргізудің тағы да екі нұсқасы бар, олар:Бұрыш Угол (Angle) және Хорда ұзындығы Длина хорды (chord Length). Бұрыш Угол (Angle) опциясын таңдауда мынадай сұраныс беріледі: 
Центрлік бұрыш: 
(Specify included angle:) 
Бұрыш белгі арқылы немесе пернетақтадан немесе тышқан бағыттаушысы арқылы енгізілуі мүмкін. 
Ал, егер де Бұрыш Угол (Angle) опциясының орнына Хорда ұзындығы Длина хорды (chord Length) опциясын таңдасақ, онда келесідей сұраныс беріледі: 
Хорда ұзындығы: 
(Specify length of chord:) 
Хорда ұзындығы санмен белгімен, немесе нүкте арқылы беріледі. Ұзындық белгісі доғаның жүргізілу бағытына қатысты болады.

ПОЛИЛИНИИ

Полилиния — бір-бірімен байланысқан бір немесе бірнеше түзулер мен доға сегменттерден тұратын сызықтар. Олар бүтін бір сызық ретінде қарастырылады. 
- ПЛИНИЯ (PLINE) командасының басқышы 
Полилинияны сызу үшін ПЛИНИЯ (PLINE) командасы қолданылады, оны пернетақтадан енгізуге, немесе Рисование (Draw) құрал-саймандар панеліндегі Полилиния (Polyline) басқышы көмегімен немесе Рисование (Draw) мәзіріндегі Полилиния (Polyline) пунктін пайдаланамыз. 
Команданың алғашқы сұранысы: 
Алғашқы нүкте: 
(Specify start point:) 
Полилинияның алғашқы нүктесін береміз. Келесі сұраныс алдыңғыға қарағанда қиынырақ: 
Ағымдағы полилинияның көлденеңі 0.0000 болады.Келесі нүкте немесе [Дуга/Замкнуть /Полуширина/длИна/Отменить/Ширина]: 
(Current line-width is 0.0000 Next point or [Arc/Close/Halfwdth/Length/Undo/Width]:) 
Полилиния — нолдік емес көлденеңге ие болатын объектілердің бірі. Алдыңғы полилинияға берілген көлденең сақталып, келесі полилинияға беріледі.Сондықтан жүйе бізге келесі мәліметті береді: 
Ағымдағы полилинияның көлденеңі Текущая ширина полилинии (Current line-width), егер оны ауыстырмасақ, жүйе жаңа полилиния сызады. 
Егер осы кезде нүктені көрсетсек, ол сызықтың екінші нүктесі болады. Жүйе қайтадан алдыңғы сұранысты қайталайды: 
Келесі нүкте немесе [Дуга/Замкнуть/Полуширина/длИна/Отменить/Ширина]: 
(Next point or [Arc/Close/Halfwidth/Length/'Undo/Width]:) 
Міне осылай түзу сызықты сегменттерден құралған полилиниялар мен сынық сызықтардың төбесі болатын бірнеше нүктелерді кезекпен енгізуімізге болады. Нүктелерді енгізуден басқа, келесі опцияларды таңдауымызға болады: 
• Жабу — Замкнуть (Close) — Полилинияны жабатын тағы бір түзусызықты бөлікті енгіземіз; 
• Ені — Ширина (Width) — полилинияның келесі бір бөлігін беру үшін енін беру (әрбір полилиния сегментінің өзінің ені болады); көлденең полилинияның төбелері жатқан осьтердің екі жағына да бірдей таралып орналасады; 
• Жартыені — Полуширина (Halfwidth) — енді жартыен арқылы беру, яғни берілетін ен 10-ға тең болса, онда жартыенді 5 деп береміз); 
• Ұзындық — Длина (Length) — берілген ұзындық пен алдыңғы бөліктің жалғасы болатын сегментті құрастыру, ұзындықты санмен немесе нүктемен беруге болады; 
• Болдырмау — Отменить (Undo) — ПЛИНИЯ (PLINE) командасындағы соңғы операцияны болдырмау; 
• Доға — Дуга (Arc) — полилинияның доғалық сегменттерін салуға көшетін режим; 
Доғаларды салу режиміне көшу үшін жүйе келесі таңдауларды ұсынады: 
Доғаның соңғы нүктелері немесе Конечная точка дуги или [Угол/Центр/Замкнуть/Направление/Полуширина/Линейный Радиус/Вторая/Отменить/Ширина]
(Specify endpoint of arc or [Angle/CEnter/CLose/Direction/Halfwidth/Line/Rndius/Second pt/Undo/Width]:) 
Нүктені енгізгеннен кейін, жүйе полилинияның алдыңғы бөлігіне байланыстырып доғалық сегмент сызады. 
Басқа да қолданылатын операциялары төмендегідей: 
• Бұрыш — Угол (Angle) — доғалық сегмент үшін центрлік бұрыштың шамасын енгізу; 
• Центр (Center) — доғалық сегмент үшін центрлік нүктені енгізу; 
• Жабу — Замкнуть (Close) — доғалық сегмент көмегімен полилинияны жабу; 
• Бағыттауыш -Направление (Direction) — доғалық сегментті құрау үшін бағытын енгізу; 
• Жартыен -Полуширина (Halfwidth) — келесі сегмент үшін жартыенді енгізу; 
• Түзусызықты — Линейный (Line) — түзусызықты сегменттерді салу режиміне көшу; 
• Радиус (Radius) — доғалық сегмент үшін радиусты енгізу; 
• Екінші -Вторая (Second pt) — үш нүкте бойынша доғалық сегмент тұрғызу үшін екінші нүктені енгізу; 
• Болдырмау-Отменить (Undo) — соңғы әрекетті болдырмау; 
• Ені-Ширина (Width) — келесі сегмент үшін енін енгізу. 
Доғалық сегменттерді сызу жолдары ДУГА (ARC) командасындағы доғаларды құрастыру арқылы іске асады. Кез келген уақытта түзусызықты сегменттерді құрастыру режимінен доғалық сегменттерді сызу режиміне көшуге болады және керісінше. Және кез келген уақытта келесі полилинияның сегменті үшін жаңа жартыен немесе енді беруге болады. 
Полилиниялардың ерекшеліктері: 
• полилиния өшіру немесе өңдеу операциялары үшін қолайлы объект (мысалы, параллель сызықтарды сызғанда); 
• полилиния сызбада сызықтарды қалыңдатып сызғанда қолайлы; 
• графикалық эффекттер үшін полилиниялардың сегменттерінің түрлі ендері (бағыттаушыларды құрастыру және т.с.с.). 
Полилиния өте қиын объект болып табылады. Алайда, ол кез келген уақытта өзін құрайтын кесінділер мен доғалардан құралуы мүмкін. Оны Редактирование панеліндегі РАСЧЛЕНИТЬ (EXPLODE) командасы арқылы немесе Редакт (Modify) мәзіріндегі Расчленить (Explode)пунктінен орындауға болады. 
- РАСЧЛЕНИТЬ (EXPLODE) командасының басқышы. 
Алынған кесінділер мен доғалар нольдік емес енге ие болмағандықтан расчленение кезінде көлденең жөніндегі ақпарат жоғалады. 
Жүйеде алдыңғы байланысқан кесінділер мен доғалардан полилиния жасауға мүмкіндік болады. Мысалы, кесінділер тек ОТРЕЗОК (LINE) командасымен сызылған болса, онда олар байланыс жағдайын қанағаттандырады және олардан полилиния құрастыруға болады. Ол үшін Редактирование-2 (Modify II) құрал-саймандар панеліндегі ПОЛРЕД (PEDIT) командасы қолданылады және Редакт (Modify) мәзіріндегі — Полилиния (Polyline) пункті алынады. 
ПОЛРЕД (PED1T) командасының бірінші сұранысы: 
Полилинияны көрсетіңіз: 
(Select polyline:) 
- ПОЛРЕД (PEDIT) командасының басқышы 
Байланысатын алғашқы кесіндіні көрсетіңіз. Жүйе берілген объектінің полилиния еместігін айқындайды да, келесі сұранысты ұсынады: 
Таңдалған объект – полилиния емес. Оны полилиния ету керек пе? : 
(Object selected is not a polyline Do you want to turn it into one ?  
пернесін басамыз немесе Д (Y) енгіземіз, сонда таңдалған кесінді бір сегменттен полилинияға өзгереді және басқа да кесінділерді жалғауға дайын болады. Әрі қарай келесі сұраныс беріледі: 
Опцияны беріңіз /Задайте опцию: 
[Замкнуть/Добавить/Ширина/Вершина/СГладить/СПлайн/Убрать сглаживание /Типлин/ Отменить]: 
(Enter an option [Close/Join/Widfh/Edit vertex/Fit/Spline/Decurve/ Llype gen/Undo]:) 
Егер кесінді жалғау керек болса, Д (J) енгіземіз. Келесі сұраныс циклді қайталанады: 
Объекттерді таңдаңыз/Выберите объекты: 
(Select objects:) 
Кесінділерді көрсетеміз де, пернесі арқылы объектілерді таңдауды аяқтаймыз.Жүйе полилинияға сегменттерді қосады да, келесідей мәлімет береді: 
Полилинияға 3 сегмент жалғанды. (3 segments added to polyline) 
Әрі қарай жүйе сұранысты қайталайды. 
Опцияны беріңіз / Задайте опцию 
[Замкнуть/Добавить/Ширина/Вершина/СГладить/СПлайн/Убрать сглаживние/Типлин/Отменить]: (Enter an option [Close/Join/Width/Edit vertex/Fit/Spline/Decnrve/Ely ре gen/Undo]:), оған жауап ретінде пернесін басу арқылы, ПОЛРЕД (PEDIT) командасын аяқтаймыз..

Төртбұрыштар

Төртбұрыштарды сызу Төртбұрыш ПРЯМОУГ (RECTANG) командасы арқылы орындалады. Команданы пернетақтадан енгізуге, немесе Рисование (Draw) панеліндегі Прямоуг (Rectang) басқышы көмегімен немесе Рисование (Draw) мәзіріндегі Прямоугольник (Rectangle) пункті арқылы шақыруға болады.. 
- Төртбұрыш ПРЯМОУГ (RECTANG) командасының басқышы 
Команданың алғашқы сұранысы: 
Бірінші бұрыш немесе [Фаска/Уровень/Сопряжение/Высота/Ширина]: 
(Specify first comer point or [Chamfer/Elevation/Fillet/Thickness/Width]:) 
Егер нүкте енгізсек, ол төртбұрыштың алғашқы бұрышы болады, келесі нүкте сұраныс бойынша бұл бұрышқа қарама-қарсы орналасады. Енгізілген алғашқы екі нүкте арқылы төрбұрыштың диагоналі жүргізіледі. 
Төртбұрыш ПРЯМОУГ (RECTANG) командасы сұраныстарының мүмкін болатын опциялары: 
• Фаска (Chamfer) — төртбұрыштың әрбір бұрышынан алынатын фасканың ұзындықтарын беру; 
• Қосу/Сопряжение (Fillet) — төртбұрыштардың бұрыштарын қосу арқылы радиусын беру; 
• Деңгей/Уровень (Elevation) — үшөлшемді кеңістік бойынша төртбұрышты салу үшін деңгейді енгізу. (см. гл. 9), 
• Биіктік/Высота (Thickness) — Үшөлшемді кеңістікте төртбұрышты құрастыру үшін биіктікті енгізу; (см. гл. 9); 
• Ені/Ширина (Width) — Төртбұрыштың сызықтарының енін беру;. 
Жұмыс кезінде Төртбұрыш ПРЯМОУГ (RECTANG) командасына келесідей опцияларды беруге болады, мысалы: 
Ағымдағы режимдер: Фаска= 15.0000 х 10.0000 Деңгей =100.0000 Биіктік =45.0000 
(Current rectangle modes: Chamfer = 15.0000 x 10.0000 Elevation=100.0000 Thickness=45.0000) 
немесе ағымдағы режимдер: беттестіру=22.0000 
(Current rectangle modes: Fillet=22.0000)

Көпбұрыштар

Көпбұрыштар МН-УГОЛ (POLYGON) командасы не бір жақтың нүктелері арқылы, не шеңбердің центрі және радиусы арқылы дұрыс көпбұрыштар сызады. Команданы Рисование (Draw) панеліндегі Көпбұрыш Многоугольник (Polygon) басқышы арқылы немесе Рисование (Draw) мәзіріндегі Многоугольник (Polygon) пункті арқылы шақыруымызға болады. 
- Көпбұрыш МН-УГОЛ (POLYGON) командасының басқышы 
Көпбұрыш МН-УГОЛ (POLYGON) командасының алғашқы сүранысы: 
Жақ саны : 
(Enter number of sides  
Жақ санын береміз (жақшада әртүрлі сандар беріледі). 
Келесі сұраныс: 
Көпбұрыштың центрін көрсетіңіз немесе [Сторона]: 
(Specify center of polygon or [Edge]:) 
С (Е) опциясын таңдасақ онда жүйе көпбұрыш жақтарының ақырғы екі нүктесін сұрайды, осы бойынша көпбұрыш сызады. Егер опцияның орнына нүктені көрсетсек, онда жүйе көпбұрыштың өлшемін сұрайды: 
Орналастыру опциясын көрсетіңіз [Шеңбердің ішінде салынған/шеңбердің сыртынан салынған] : 
(Enter an option [Inscribed in circle/Circumscribed about circle]  
При ответе В (I) болған жағдайда көпбұрыш шеңбердің ішіне салынады, ал О (С) болғанда — шеңбердің сыртында салынады. Енді көпбұрыштың радиусын беру керек. Ол үшін: 
Шеңбер радиусы: 
(Specify radius of circle:)

Информация о работе AutoCAD жүйесінде «Сурет салу» құрал-саймандар тақтасымен танысу