AutoCAD жүйесінде «Сурет салу» құрал-саймандар тақтасымен танысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 16:11, лекция

Краткое описание

Білімділік мақсаты: АutoCAD жүйесінің мүмкіндіктерімен таныстыру; кесінділерді, координат нүктелерін енгізу тәсілдері, шеңберлер, доғалар, төртбұрыштар, көпбұрыштар салуды үйрету;
Тәрбиелік мақсаты: Шығармашылыдыққа, ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық мақсаты: АutoCAD жүйесімен жұмыс жасау дағдысын дамыту;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Вложенные файлы: 1 файл

AutoCAD жүйесінде.doc

— 184.50 Кб (Скачать файл)

Сақина 
Сақина КОЛЬЦО (DONUT) командасы арқылы салынады.команданы пернетақтаның көмегімен, немесе Рисование (Draw) мәзіріндегі Кольцо (Donut) пунктінен алуымызға болады. Бірінші сұраныс: 
Сақинаның ішкі диаметрі : 
(Specify inside diameter ofdonut  
Ішкі диаметр санмен немесе екі нүкте арқылы берілуі мүмкін. 
Екінші сұраныс: 
Сақинаның сыртқы диаметрі : 
(Specify outside diameter ofdonut  
Диаметрлерін енгізгеннен кейін, жүйе сақинаның центрін көрсету үшін келесідей сұраныс береді: 
Сақинаның центрі немесе : 
(Specify center of donut or  
Командададан шығу үшін пернесін немесе тышқанның оң жағын басамыз.

Штрихтар

КШТРИХ (ВНАТСН) командасы суреттің тұйықталған аймақтарын штрихтау үшін қолданылады, бұл команданы Рисование (Draw) құрал-саймандар панелінің Штриховка (Hatch) басқышы арқылы немесе Рисование (Draw) мәзіріндегі Штрихование (Hatch) пунктінен шығаруға болады. 
- КШТРИХ (ВНАТСН) командасының басқышы 
КШТРИХ (ВНАТСН) командасы бұл контур ішінде нүктені көрсету арқылы, сонымен қатар объект таңдау арқылы сызықтармен шектеліп тұйықталған аймақтарды штрихтауға мүмкіндік береді. Ол контурды автоматты түрде анықтайды. Команда екі қосымшалы Штриховка по контуру(Boundary Hatch) диалогтык терезесін шақырады. 
Қосымшаның сол жақ бөлігі штрихтың параметрлерін, ал оң жағы – штрихтар арқылы толтырылған аймақ. Тип (Type) жолы штрихтардың үлгілерін таңдауды ұсынады: 
• Стандартты/Стандартный (Predefined) 
• Сызықтың типі бойынша/По типу линии (User defined) 
• Қолданбалы/Пользовательский (Custom) 
Жүйе стандартты штрихтардың кеңейтілген тобын ұсынады. Штрихты тізімдегі атаудан немесе визуалды алуға болады. Визуалды таңдау «…» символын басу арқылы шығады, осыдан кейін төрт бөлімнен тұратын Палитра образцов штриховки (Hatch Pattern Palette) диалогтык терезесі ашылады. ANSI және ISO бөлімдері жүйенің берілген версиясымен бірге қойылған ANSI және ISO стандартты штрихтарының үлгілерін құрайды. Другие стандартные (Other Predefined) бөлімі алдыңғы екі бөлімге кірмейтін үлгілерден тұрады. 
Төртінші Пользовательские (Custom) бөлімінде қолданушы арқылы жасалған үлгілер болады. 
Басқа стандартты штрихтардың тізімінде Solid деп аталатын штрих орналасқан. Үлгінің аты Штриховка по контуру (Boundary Hatch) терезесінде Структура (Swatch) жолында көрсетіледі. 
Ескерту 
Қолданылатын контур(Solid) тұйықталған болуы тиіс. Егер бірден бірнеше контур салынатын болса, олар бір-бірімен қиылыспауы керек. 
Егер Тип (Type) жолында По типу линии (User defined) опциясы таңдалса, онда үлгі сызықтың ағымдағы типін, бұрышы мен сызықтар арасындағы ара қашықтық (поле Интервал (Spacing)) арқылы құрылады. 
Тышқан арқылы керекті үлгідегі штрихталған пиктограмманы таңдаймыз және OK батырмасын шертеміз. Сонымен қатар иілу бұрышы мен эталонды бейнеге қатысты штрихтың масштабын беруімізге болады. Масштабты өсірген сайын, штрих сызықтар арасындағы қашықтық өседі, ал кішірейткен сайын кішірееді. 
Егер ISO бөлімінен штрихтың стандартты үлгісі алынса, онда қалыңдықты Толщина пера по ISO: (ISO Pen Width:) жолы арқылы беруге болады. Относительно пространства листа (Relative to Paper Space) жалаушасымен тек бет кеңістігінде жұмыс жасауға болады. 
Бөлімшенің оң жақ бөлігінің Основные (Quick) көмегімен контурдың параметрлері берілуі тиіс. Указание точек (Pick Points) басқышы циклде аймақтың ішкі нүктелерін көрсетуге мүмкіндік береді. Циклден пернесін басу арқылы іске асады. 
Выбор объектов (Select Objects) басқышы қиылысқан жерлері штрихталған аймақты беретін объектілерді көрсетуге мүмкіндік береді. Барлық штрихталған контурлар нүктелер арқылы берілген әдістер комбинациясымен және объектілерді таңдау арқылы алынуы мүмкін. 
Исключение островков (Remove Islands) басқышы көптеген объектілерді таңдауда, шығып қалған аралықтарды алып тастауға мүмкіндік береді. 
Просмотр набора (View Selections) басқышы қандай штрихтау аймақтары таңдалғанын көру үшін Штриховка по контуру (Boundary Hatch) терезесінен уақытша шығуға мүмкіндік береді. Копирование свойств (Inherit Properties) басқышы істелген штрихтың параметрлерін жаңа объектілерге көшіреді. Кейбір штрихтардың түрлерінде Крест-накрест (Double)жалаушасы қолданылады, олар штрихтау басында аймақты қарапайым түрде толтырады, содан соң алдыңғы тәсілден 90 градус бұрылыспен, негізгі үлгіні қайталайды. Связь с контуром (Composition) жолы үлкен қызмет атқарады. Ол штрихтың ассоциативтік құрамын береді немесе алып тастайды. 
Егер штрих ассоциативті болса, онда ол сыртқы контурмен байланысады. Бұл жағдайда контурдың өзгерісінен штрих автоматты түрде саналады. 
Келесі штрих құрамының келтіру деңгейі Дополнительные (Advanced) бөлімшесі арқылы іске асады. Егер штрихтау аймақтарын көрсетуде бір-біріне қойылған объектілер болса, онда Стиль обнаружения островков (Island Detection Style) анықтау қажет. Нормальный (Normal) стилінде мүмкін болатын штрихтау зоналары сыртқы зонадан ішкі қозғалысына байланысты ретімен орналасады. Внешний (Outer) стилінде тек сыртқы бөлік қана штрихталады, ал ішкі бөлігі алып тасталады. Игнорирующий (Ignore) стилінде барлық бөлігі, барлық ішкі зоналар да штрихталады. 
Егер штрихталған контур бірікпеген объект болса, онда Сохранение контуров (Retain Boundaries) режимін пайдаланамыз. Бұл режимде контур полилиния түрінде, немесе белгілі бір аймақ түрінде сақталуы мүмкін. Аралықтарды табатын алгоритм (Поток (Flood) и Падение лучей (Ray Casting) әдістері). 
Егер контур Указание точек (Pick Points) басқышы арқылы алынса, жүйе көрсеткен нәтиже ұнамауы мүмкін, олай болса контурды таңдап алатын объектілерді ғана қосымша көрсетуге болады. Бұл Набор контуров (Boundary Set) жолындағы Новый (New) басқышы арқылы іске асады. 
Контурдың параметрлерін беріп, оны құрағаннан кейін, нәтижесін қарап алған жөн, ол үшін Штриховка по контуру (Boundary Hatch) диалогтық терезесінің сол жақ бұрышында орналасқан Просмотр (Preview) басқышына барамыз. Штрихқа қажетті масштаб таңдап алу оңай емес. Егер масштаб кішкентай болса, онда штрихтар саны өте көп болады да, штрихымыз үлкен болып шығады. Егер масштаб үлкен болса, онда штрихтар саны өте аз болып кетуі мүмкін. 
Егер штрихты оны құрайтын кесінділерге қою керек болса, онда РАСЧЛЕНИТЬ (EXPLODE) командасын қолданамыз. Бұл команданы қолданғанда штрихтаудың ассоциативтігі жойылады.

СПЛАЙНДАР

СПЛАЙН (SPLINE) командасы сплайн сызуға мүмкіндік береді, ол – берілген нүктелер арқылы өтетін және алғашқы, соңғы нүктелерінде жанаманың мүмкіндіктерін қанағаттандыратын тегіс сызық. Команданы пернетақта арқылы, Рисование (Draw) құрал-саймандар панеліндегі Сплайн (Spline) басқышы көмегімен немесе Рисование (Draw) мәзіріндегі Сплайн (Spline) пункті арқылы шақыруға болады. 
- СПЛАЙН (SPLINE) командасының басқышы 
Команданың алғашқы сұранысы: 
Бірінші нүкте немесе/Первая точка или [Объект]: 
(Specify first point or [Object]:)Егер сіз нүктені көрсетсеңіз, онда сұраныс былай беріледі: 
Келесі нүкте/Следующая точка: 
(Specify next point:) 
Екінші нүктені енгізгеннен кейін келесі нүктелерді беруге немесе Замкнуть(Close) опциясы көмегімен шығуға болады немесе допускті енгізуге болады: 
Келесі нүкте немесе/Следующая точка или [Замкнуть/Допуск] : 
(Specify next point or [Close/Fit Tolerance!  
пернесін басып жанаманың бастапқы бұрышының сұранысына көшпей, нүктені әрі қарай бере беруге болады. 
Алғашқы нүктедегі жанама/Касательная в начальной точке: 
(Specify start tangent:) 
Егер тұйықталған сплайн құрылса (сәйкес опцияны таңдауда), онда жанамаға сұраныс өзгереді: 
Жанаманың бағыты/Направление касательной: 
(Specify tangent:)Бұрыш сан мәнімен немесе тышқанның көмегімен беріледі. 
Егер пернесін бассақ, онда бастапқы нүктеде сызықты салу үшін шектеулі мүмкіндіктер қолданылмайды. Егер сплайн жабылмаған болса, (яғни Замкнуть (Close) опциясы қолданылмаған болса), онда ақырғы нүктедегі жанаманың бағытын көрсететін сұраныс беріледі: Ақырғы нүктедегі жанама/Касательная в конечной точке: 
(Specify end tangent:) 
Егер сплайнның бірінші нүктесінің орнына Объект (Object) опциясын таңдасақ, онда жүйе бұрын Сплайн (Spline) опциясы арқылы полилиниядан сплайнға құралған режимге ауысады және келесі сұранысты ұсынады: 
Сплайнды құрау үшін объектіні таңдаңыз/Выберите объекты для преобразования в сплайны… Объектілерді таңдаңыз/Выберите объекты: 
(Select objects to convert to splines… Select objects:) 
Объектіні (полилинияларды) таңдағаннан кейін, олар полилиниядан сплайнға құралады.

Сабақты бекіту.

Ақпаратты толықтыру. 
Қолдарына қағаз беріледі. Ол қағазда өтілген тақырыптар бойынша мәліметтерді толықтыру керек.

Құрылғылардың атауы мен қызыметін көрсет 
Кесінді салу үшін қандай әрекеттер орындалады? 
Түзіу сызық сызу үшін қандай әрекет орындалады?

Компьютерді пайдаланып, АutoCAD жүйесінде фигуралар сызу 
Тапсырмалар:


Салыстырмалы декарт координаталарын пайдаланып көрсетілген жазық фигураларды сызыңдар

2

Салыстырмалы декарт координаталарын пайдаланып көрсетілген <span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-family: 'Arial', 'Arial'; font-size: 12pt; color


Информация о работе AutoCAD жүйесінде «Сурет салу» құрал-саймандар тақтасымен танысу