Балалардағы қант диабетінің морфологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2015 в 20:12, реферат

Краткое описание

Балаларда ең жиі кездесетін эндокриндік ауру қант диабеті болып табылады. Ол инсулиннің панкреатикалық және панкреатикалық емес жетіспеушілігінен туындайды, барлық зат алмасу бұзылыстарымен, әсіресе, көмірсу мен май алмасуының бұзылысымен көрінеді. Барлық жастағы балалар ауырады, бірақ көбінесе, мектепке дейінгі, препубертатты және пубертатты кезеңдегі балалар ауырып жатады.

Содержание

І. КІРІСПЕ.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
А) Балалардағы қант диабетінің морфологиялық ерекшеліктері.
Ә) Мориак синдромы.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.

Вложенные файлы: 1 файл

мориак синдромы.doc

— 51.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

                                                           ЖОСПАРЫ.

І. КІРІСПЕ.

            ІІ.  НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

                     А) Балалардағы қант диабетінің  морфологиялық ерекшеліктері.

                     Ә) Мориак синдромы.

 ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қант диабеті – қандағы қанның жоғарылауымен көрінетін патологиялық жағдай, ол генетикалық және сыртқы факторлар әсерінен дамып, көз, бүйрек, тамырлар, жүйке жүйесі жағынан ауыр асқынулар дамытуы мүмкін.

Балалардағы қант диабеті.

Балаларда ең жиі кездесетін эндокриндік ауру қант диабеті болып табылады. Ол инсулиннің панкреатикалық және панкреатикалық емес жетіспеушілігінен туындайды, барлық зат алмасу бұзылыстарымен, әсіресе, көмірсу мен май алмасуының бұзылысымен көрінеді. Барлық жастағы балалар ауырады, бірақ көбінесе, мектепке дейінгі, препубертатты және пубертатты кезеңдегі балалар ауырып жатады.

Қант диабетінің этиологиясы.

Қант диабеті этиологиясы әлі толық анықталмаған. Балаларда қант диабетінің пайда болуы көбінесе, инфекциялық аурулардан (эпидемиялық паротит, желшешек, тұмау, баспа, скарлатина және т.б.) кейін болады. Жедел және ұзақ уақыттағы сихикалық жарақат, физикалық жарақат, әсіресе, бас пен іш аймағының жарақаты, көмірсу мен майға бай дұрыс емес тамақтану – барлығы ұйқы безінің жасырын жетіспеушілігіне алып келеді. Соңғы уақыттарда тұқымқуалаушылықтың да маңызы өте зор екені ғалымдармен дәлелденген.

Қант диабеті клиникасы.

Аурудың бастамасы баяу басталуы мүмкін, жасырын түрде, кейде өте айқын, тез дамитын симптомдармен көрінеді, әдетте, бұл балаларды әр түрлі диагнозбен ауруханаға әкеліп жатады. Аурудың алғашқы белгілері болып қатты шөлдеу, ауыз қуысының құрғауы, жиі көп мөлшерде несеп шығару, түнгі немесе күндізгі несепті ұстай алмау табылады. Кейінірек жақсы немесе жоғарылаған тәбетте салмақ тастау, жалпы әлсіздік, бас ауруы, тез шаршағыштық байқалады. Терінің қышуы және басқа да тері өзгерістері(пиодермия, фурункулез, экзема)балаларда салыстырмалы түрде сирек болады. 

Балалардағы қант диабетінің әр түрлі ағзаларға әсері алуан түрлі:

Ас қорыту мүшелері жағынан келесі өзгерістер байқалуы мүмкін: тілі құрғақ, ал қызыл түсті, бүртіктері тегістелген, гингивит, тістердің үдемелі кариесі. Ұзақ уақыт ауырған балалардың бауыры ұлғайған, тығыз, кейде ауырсыну болады. Кейбір балаларда диспепсиялық бұзылыстар болады.  Жүрек тондары тынықтау, кейде жүрек ұшында систолалық шу естіледі, пульсі жұмсақ, лабильді, артериялық қысымы төмендеген. ЭКГда миокард өзгерістерінің белгілері көрінеді.

Жүйке жүйесі жағынан бас ауруларынан бөлек қозғыштық, эмоцияның жоғарылауы, әлсіздік, есте сақтаудың төмендеуі. Перифериялық жүйке жүйесі бұзылыстары ауру сезімімен, әсіресе, аяқтарда, сіңірлік рефлекстердің әлсіреуі мен төмендеуі. Балаларда көру жүйесі жағынан аккомодация бұзылысы, рефракцияның өзгерісі (жақыннан көргіштік немесе алыстан көргіштік), көз алмасының гипотониясы, диабеттік катаракта мен диабеттік ретинит дамиды.

Аталған белгілер қант диабетіне тән болғанымен, аурудың ең басты симптомдары көмірсу мен басқа зат алмасудың бұзылыстары - гликозурия, гипергликемия, қандағы кетондық денелердің көп болуы мен ацидоз.

Дені сау балада тәулігіне несеппен бірге 1 г қантқа дейін шығады, оны қарапайым әдестермен анықтау мүмкін емес. Қант диабеті кезінде несепте қант пайда болады(гликозурия). Тәуліктік несепте бірнеше граммға дейін қант болуы мүмкін (120— 150). Оның бөлінуі де әр текті болғандықтан, қант диабетіне күдік болса, несептегі қантты бірнеше рет тексеру керек.

Дені сау балада қандағы қант  мөлшері 0,8 - 1,2 г/л. Ауру балаларда ашқарындағы қандағы қант мөлшері 2,3—3,0 г/л дейін барады, ал коматозды және прекоматозды жағдайларда 9—10 г/л дейін барады.

Дені сау балада қандағы кетондық денелер мөлшері 0,05тен 0,01—0,12 г/л-ге дейін болады. Қант диабеті бар балаларда кетондық денелер мөлшері артып, ацидоз дамиды. 

Қант диабетінің балалардағы негізгі ерекшелігі аурудың ауыр түрлерінің басымдығы мен олардың өршімелі болуы. Жыныстық жетілу кезінде процесс стабилизацияланады.

Қант диабетінің асқынулары.

Ауру ерте анықталып, дұрыс емделген жағдайда ешқандай асқынулар байқалмайды. Ем дұрыс жүргізілмеген жағдайда ауру ауыр формаға айналып, бірқатар асқынулар пайда болады. Оларға бойдың өсуінің айқын тежелуі, жыныстық дұрыс жетілмеу, катаракта, бүйрек қызметінің бұзылысы, бауыр циррозы.

Алайда, қант диабетінің ең ауыр асқынуы диабеттік немесе гипогликемиялық кома болып табылады. Ол жиі инсулиннің жеткіліксіз мөлшерінен немесе тамақтану тәртібінің бұзылуынан (көмірсу мен майларды шектен тыс қабылдау) дамиды.

Мориак синдромы (Mauriac syndrom, 1930) – балалардағы қант диабетінің ауыр асқынуы. Ол жиі кетоацидоз бен гипогликемиялық жағдаймен көрінетін ұзақ уақыт қант диабетінің декомпенсациясынан дамиды.

Клиникалық көрінісі.

Бұл синдромға бойдың өсуінің және жыныстық жетілудің тежелуі, бауырдың ұлғаюы, жиі матронизм мен остеопороз тән. Олар инфантильді көрінеді, тері асты шел қабатының біртексіз жиналуымен байқалатын семіздік болады, ол мойын мен іш аймағында болады. Кейде стриялар байқалады. Балаларда өзіне тән сипаты болады: ұрттарында май жиналған дөңгелек пішінді бет, үлкен іш аймағы, бауырдың үлкеюі(гепатомегалия). Ауыр жағдайларда бауыр кіндікке дейін үлкейеді, тығыз, беті тегіс, жиегі үшкірленген, пальпациясы ауырсынусыз.

 

 

 

 

 

                        

                                     Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. А.И.Струков, В.В.Серов.     «Патологиялық анатомия» ,    Ақтөбе-2010 жыл;

2. Ә. Нұрмұхамбетұлы. «Патофизиология» ,  Алматы-2007 жыл;

3. Интернет сайттары: www.wikipedia.ru; www.medicalplanet.com;  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Балалардағы қант диабетінің морфологиялық ерекшеліктері